Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет13/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49

Эптон Синклер

(1878-196)
Американ жазушысы. Оңтүстіктің азаматтық соғста жеңілуінің нәтижесінде кедеиленген ақсүйек отбасыда дүниеге келді. 15жасында өзінің алғашқы әңгімесін содан - соң өлеңдерін, новеллаларын, повестері жариялады. Оның туындылары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Оның алғашқы романы - «Мидас патша» (1901). Содан кейін «Хоген ханзада» пьесасы, «Артур Стерлинтің күнделігі» (1903) пайда болды. Кейінірек «үлкен бизнеске әлеуметтік сын» астана (1907) романы шықты. 1906 жылы Синклердің шығармашылық кемелдігіннің белгісі болып табылатын, бірінші кезекте өз заманына тікелей үн қатқан алғашқы «Джунгли»атты романы шықты.еңбектің сұмдықтарын талдау арқылы жазушы американ жұмысшыларының жалпылама жағдайын, олардың өмір сүру жағдайларын, шеберлермен, қожайындармен қарым-қатынастарын жолдағысы келді.

Романда басты жұмысшыларға, бірінші кезекте Юргисқа беріледі. Юргис - жазушыдағы дараланған және де сонымен бірге өзінде көптеген жұмысшыларға тән белгілері бар жаңа оброз. Литвалы эмигрант Юрис өзі секілді эмигранттармен бірге Америкаға үлкен үмітпен келген болатын. Олар ауқатты өмір жайында, бақыт жайында ойлады ал олар ол жерде өмір сүру жолындағы рухани күреске, жалғандықпен сатқындыққа таң болды. Кітап хаһармандарының тағдыры өзінің қайратымен таң қалдырады.

«Көмір Каролі» (1917) американ кеншілері туралы кітап. Оның қаһарманы - буржуазиалық ортадан шыққан жұмысшылардан соцализм идеяларын бойына сіңірген адам.Материалдардың едәуір бөлігін жазушы Колорадодан жинады, мұнда ол өмір жазушылардың 1913-1914 жылғы әйгілі ереуілі кезінде үш рет болған болатын. Синклердің өзі соңғы сөзінде атап көрсеткендей «романда өмір сүру жағдайлары мен автор осы кезеңде бақылаған оқиғалары шынайы көрсетілген» Каhармандардың бәрі дерлік - өмірде болған адамдар, сондықтан әрбір эпизод өмірден алынып қана қоймай, сонымен бірге жіктік болып табылады. Синклер социалистер қатарына оралады. Оның шапқылаулары мен ауытқулары осы жылдары «Джимми Хиггинс» (1919) романында көрініс тапқан. Джимми Хиггинс қарапайым жұмысшы, ұзақ уақытбойы ақиқат кімнің жағында екендігін және кімді қолдау керектігін шеше алмайды. Интернационализмді қорғап жүрмін деп ойлап жүріп ол неміс ұлтшылдарымен байланысады, ол олардың артында шпиондар әрекет етеді және де солардың құрған торына түсіп қала жаздайды.

Жазушы өз қаһарманының образын дамуда суреттейді. Біздің көз алдымызда Джимми Хиггинс өмірлік практиканың ықпалымен өз көзқарастарын, өзінің өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Осы тұрғыдан алғанда романның соңғы тараулары ерекше көрнекі болып келеді.

«100%. Патриоттық өмірбаян» (1920) романында шпион әрі арандатушы Питер Гиджаның айқын образын жасайды. Оның психологиясын ішінен ашып көрсете отырып, осы «Жүз поездің американдықтың» лас әрекеттері жайында әңгімелей отырып, жазушы сонымен бірге Америкадағы жұмысшы қозғалысы ұшырап жатқан аяусыз қуғындаулар жайлы баяндайды.

Сакко мен Ванцеттиге қарсы әйгілі сот процесіне Синклер «Бостон» (1928) романын арнады. Жазушы американдық реакцияның жұмысшы қозғалысына қатысқаны үшін екі адамды қалай өлтіргендігін айтып беруде батылдық танытты.

«Мұнай» (1947) романында капиталистік монополиялардың жыртқыштық саясаты мен мұнайшы жұмысшылардың ауыр жағдайы жарық көрген.



Сергей Александрович Есенин

(1895-1925)
Орыс ақыны Сергей Есенин Рязань губерниясының Константиново селосында шаруа отбасында дүниеге келді. 1912 жылы Мәскеуге аттанады. 1914 жылдан бастап Мәскеу журналдарында оның өлеңдері жариялана бастайды. 1915 жылдың наурызында ол Петроградқа қоныс аударады. Оның талантын бірден бағалаған А.Блокпен танысады.

Бұл уақытта Есениннің ақындық әлемі табиғат туған рязандық деревнияда өткізген балалық шағының суреттерімен шектелген болатын. Ертедегі Есениннің көптеген өлеңдері табиғат өмірімен үздіксіз байланыс сезіміне толы. («Әндетіп тудым мен көкке оранып. Таңдар мені жазғытұрғы кемпірқосаққа бөледі»). Қоршаған дүние құбылыстарының ұдайы сезімдік - нақтылы бейнесі болып табылатын оның ақындық образдары әлемді осылайша қабылдаумен байланысты.


Күлімсіреді ұйқыдағы қайыңдар,

Тарамдалды жібектей бұрымдар,

Сыбдырлайды жасыл сырғалар.
Табиғат өмірін қабылдау Есенинді халықтың жыр дәстүрімен де, XIX ғасырының классикалық жыр дәстүрімен де тығыз байланыстырылады. Өзінің жыр образдылығымен оны сол кезде діни символына өзіне тарта бастады. Есениннің 1916 жылы шыққан алғашқы өлеңдер кітабының «Радуница» деген атауы діни күнтізбеден алынған болатын.

Есениннің ертедегі дастандарына («Евпатші Коловрат туралы жыр», «Марфа Посадница») сарындарының белгілі бір стилизациясына қарамастан орыстың қазіргі заманғы тарихында жаңадан бір нәрсенің туындап келе жатқандығы сезімі жарып шығады. Бұдан кейінгі жылдары ақынның құдайшылық көңіл - күйлері күшейе түсті. «Кабактық Мәскеу» (1921-1924) циклы – рухани құлдыраудың, терең шығармашылық дағдарыстың көрінісі. Осы кезеңнің кейбір өлеңдері құлдырауды, дүниеге деген Құдайшыл - пессимистік көзқарасты, сотқарлық пен бұзаұылықты жырлауды білдіретін «есениншілдік» терминнің пайда болуына түрткі болды.

1924-1925 жылдары Есенин «Ресей мен революция хақында», «Кеңестік Русь», «Кетіп бара жатқан Русь», «Әйелге хат», «Анадан хат», «Жауап», «Стансылар» дастанын жазады. Олардың көпшілігінде ол ішкі сезімді, сезім мен табиғат поэзиясын сергектікпен бере алатын нәзік лирик ретінде көрінеді.

Есениннің шығармашылығында ерекше орынды үлкен әрі шабытқа толы махаббат хақындағы «Парсы сарындары» (1924-1925) атты өлеңдер циклы оқылып жатыр. Ол күні бүгінге дейін қарама - қайшылыққа толы, екі ұдайы күйінде қалуда («Қара адам» дастаны, 1925 ж. Өлер алдындағы жазбалары)

«Марияның кілттері» (1918) мақаласындағы Есениннің аңыз-әпсанаға қызығушылығының әсері байқалады, символизм мен имажинизмнің де ықпалы байқалады. 1919 жылдан бастап Есенин – имажинистер тобының мүшесі, бірақ кейінірек имажинизмнен іргесін аулақ салады. Аяқталмай қалған «Сөз өрнектері» атты кітабындағы «Өнер тұрмысы» (1921) үзіндісі Есениннің көзқарастарының дамып отырғандығы туралы білдіреді.

1922-1923 ж.ж. Есенин Германия, Франция, Бельгия, Италия, АҚШ елдерінде ұзақ сапарда болады. Ақынның АҚШ туралы әсерлерін бейнелейтін, оның «Темір Миргород» атты очеркі қызықты.

Орыс поэзиясының тарихында XX ғасыр басындағы жаңа шаруа ақындарының бүкіл тобының ішінде Есениннің шығармашылығы анағұрлым терең із қалдырды. Осынау ортада шығармашылығын бастай отырып, содан соң оның шеңберінен шыға отырып, Есенин әдебиет тарихында алғашқы орындардың бірін иеленді, ең ірі ақындардың бірі болды және орыстың жыр мәдениетінің дамуына едәуір ықпалын тигізді.

Лион Фейхтвангер

(1884-1958)
Көрнекті неміс жазушысы - романтисті. Ауқатты отбасында дүниеге келді. Мюнхен және Берлин университеттерінде филологиялық білімін алды. Журналистикамен, театр сынымен шұғылданды. 1944 жылы Француздың қарсыласу майданының жас қаһарман қызы туралы – «Симона» романын жазды. Билік басына Гитлер келгеннен кейін Германиядан кетіп Францияда тұрды. 1939-1940 жылдары ұсталып, арнайы жерге қоныстандырылды. Ол жерден әрең дегенде қашып құтылып АҚШ-на кетеді де сонда қмірінің соңғы жылдарын өткізеді.

Фейхтвангердің неміс әдебиетінің тарихындағы орны оң, алдымен оның романдарымен айқындалады. Оның шығармашылығының негізгі проблематикасы – іс әрекет пен философиялық пайымдаудың баламасы – алғаш рет. «Томас Вендт» драммалық романында айқындалды. Осы тақырыпты Фейхтвангер «Еврей Зюсс» (1920-1922) және «Ұсқынсыз герцогиния» (1923) романдарында тарихи өткен шаққа ауыстырды.

1930 жылы кейінірек «Күту залы», деп аталатын трилогиясының бірінші бөлімін құраған – «Табыс» романы мен «Оппенгейм отбасы» және «Қуғындау» атты өзге де романдары пайда болды. «Табыстың» кейіпкері Тюверлен пулеметқа қарағанда баспасөздің күшіне көбірек сенеді; білімдерді, ақиқатты таратуды ол революциялық зорлық-зомбылыққа қарағанда әділдікке қол жеткізудің анағұрлым сенімді тәсілі деп есептейді. «Оппенгейм отбасында» буржуазиялық гуманизмнің күйреуін бейнелей отырып, «Қуғындау» романында Фейхтвангер өзінің саяси күрестен принципті түрдегі оқшаулануын сыни тұрғыда қайта қарайды.

Өткір антифашистік көңіл - күй «Шалған Нерон» (1936) романына тән. Мұнда гитлерлік топтың билікке келуі, оның қанды терроры мен абыройдан жүрдай болып күйремей қоймайтындығы сатиралық, породиялық сарында бейнеленген. «Ағайынды Лаутензактар» (1943) романында шынайы тарихи тұлғалар әрекет етеді және фашистік төңкеріс қарсыңындағы Германиядағы оқиғалар бейнеленеді.

«Жүзімдіктегі түлкілер» (1947) романында «ескі тәртіптегі» Франция бейнеленген, және де сахнаға Людовик XVI мен Мария Антуанеттадан басқа Бомарше мен Б.Франклин естіліп жатқан найзағай гүрілімен қатты толқыған XVIII-XIX ғасырлар шегіндегі феодалдық Испания көрсетілген.

«Әумесердің даналығы, немесе Жан-Жак Руссоның өлімі мен қайта жаңғыруы» романы Фейхтвангердің шығармашылығында көптен бері пісіп жетілген, өнердің жаңғыртушы рөлі, оның қоғамның дамуындағы рухани қызметі туралы ойды қорытындылайды.

Фейхтвангер XXғасырдың 30-шы жылдарында Г.Манн, Б.Франк және т.б. бет бұрған романның жаңа тарихи типін жасады. Фейхтвангердің тарихи романы екі көріністен тұрады. Оның тарихи тұрғыдан алшақ ортада өрістейтін шынайы - тұрмыстың көрінісі өзінің арғы жағында замандауилықты білдіретін екінші көріністі жасырып тұрады.

Ғабдулла Тоқай

(1886-1913)
Татардың халық ақыны, публицисті. Жаңа реалистік татар әдебиеті мен татардың қазіргі заманғы әдеби тілінің негізін қалаушы. Қушлауш атты татар ауылында молданың отбасында дүниеге келді. Ата - анасынан ерте айырылып жетімдіктің барлық тауқыметін көріп өсті. 1895 жылы Оралда тұрды, медреседе оқыды және орыс сыныбына барып жүрді.

1902 жылдан бастап өлеңдер жаза бастады. Гахеттер мен журналдарда қызмет атқарды, мұнда ол өзінің өлеңдерін, публицистикалық мақалалары мен фельетондарын бастырды. Оның ертеректегі шығармашылығында діни - реформаторлық идеологияның таңбасы болды, алайда ол кейінірек бостандық үшін күреске қатысты өз көзқарасын айқын етіп анықтап алды. («Бостандық хақында»,1905; «Зиянкестерге», 1906; «Мемлекеттік дума», 1906).

1907 ж. А.Тоқай Қазанға қоныс аударады. Мұнда ол алдыңғы қатарлы татар зиялыларының ортасына кіреді. «Эльислах» атты демократияшыл жастар газетінде қызмет атқарады. («Реформа», 1905-1909), «Яшын» («Жасын») атты Қазандағы алғашқы сатиралық журналды басып шығара бастады, 1910 жылдан бастап «Ялт-Йолт» журналында жұмыс істеді.

Оның сатирасы патша үкіметіне, ұлтшыл буржуазияға, діни басшылыққа, мұсылман фанатизміне деген жек көрушілікке толы. («Кетпейміз!», 1907: «Ұлтшылдар», 1908: «Иман», 1908: «Ауыл жырлары», 1909 өлеңдері, «Пішен базар немесе Жаңа Қисықбас», 1908 дастаны). Тоқайдың поэзиясында патша өкіметі мен капиталистік қанаудың езгісінде тұншығып жатқан еңбекшілердің реалистік бейнелері айрықша ықыласпен бейнеленген.

Гуманист жазушы Тоқай әйелдерді қорғап үн көтерді.(«Татар қыздырына») 1906; Әйелдердің бостандығы ,1909ж және т.б («о,бұл махабат!», 1906; «Егерде сен болғанда»1907, «Махаббат»1908 және т.б ) зазал формасында жазылған. Бұл ескі форманы Тоңқай жаңа мазмұнға тастырды.

1910жылы Тоқай балаларға арналған өлеңдер прозалық туындыларын жазды. («Балаларға»,1910, «еңбеке үндеу»,1911 «Көңілді беттер»,1910; «Шурам» дастаны 1907; «сулы» баладасы,1908).

Өзінің аудармаларында Тоңай татар оқырмандарына Пушкиннің Лермонтовтың, Майковтың, Плещеевтың, Полоннскийдің, Кольцовтың Никитеннің, А.Н Толстойдың поэзиясын жеткізді.

Абдулла Қадыри

(1894-1938)
Өзбек жазушысы, өзбектің көркем прозасының негізін қалаушылардың бірі. Ташкенте бағбанның отбасында дүниеге келеді. Екі - үш жыл ескі әдіспен оқытылатын мектепте оқып шықты. Содан соң байдың қолында жалданып жұмысқа тұрды. Қожайыны оның зор қабілеттері бар екнндігін байқап, оны орыс түзем мектебіне оқуға берді. Абдулла жұмыс істеуді, әрі оқыды. 1915-1917 жылдары медіреседе оқыды, мұнда ол араб және парсы тілдерін үйренді.

1913 жылдардан бастап А.Қадыри «Садой - Туркистон»; «Самарқанд» «Ойна» газеттерінде қызмет атқарды. 1914жылы «Содам Туркистон» газетінде оның «Жаңа мешіт пен мектеп» мақалалары жарық көрді.

Баспаға 1915 жылдан бастап шыға бастады. («Бақытсыз күйеу жігіт» рысалы). «Азғыдаған» деп аталатвн алғашқы әңгімесі өзбек тұрмысына арналған. Оның шығармаларында жадизм идеяларының ықпалы анық байқалады 1919 жылы ол «Озиқ ишлар» газетінің редакторы болады. «Руста», «Иштирокиюн», «Қызыл байрақ», «Инқилоб» газеттері мен журналдарында, сатиралық «Муштум» журналында жұмыс істейді. Тілші ретінде ол Қадыри, Жұлқынбай, Қалван, Махсун, Таш-пулат, Авсар, Думбул деген бүркеніш аттарымен қол қойып жүрді. А.Қадыри орысша-өзбекше сөздікті құруға қатысты. Өзбек тіліне Н.В.Гогольдің «Үйлену тойын», А.П.Чеховтың «Шие бағын» және т.б. аударды.

Оның ескіліктің қалдықтарына қарсы бағытталған сатиралық әңгімелері, фельетондары табысты болды. («Залым Ташпулат не дейді?», «Қалвақ Махсумның жазба кітабынан», 1927-1928 және т.б.). «Өткен күндер» (1923-1924) және «Мехрабтағы сарышаян» (1929) романдарында А.Қадыри XIX ғасырдың ортасындағы өзбек халқының қиын өмірін суреттейді. Соңғы повесі «Абид - Кетмень»(1935) ұжымдастыруға арналған.

1937 ж А.Қадыри қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы өлім жазасына кесілді. «Өткен күндерде» халық тақырыбы жекелеген қаһармандар-кедейлер немесе еңбекші халықтың тұрмыс көріністері арқылы ашылды және XIXғасырдың 40-шы жылдарының негізгі әлеуметтік жанжалы-төменгі еңбекші тап пен билеуші тап арасындағы жанжал әлі де болса терең ашылмаған.

Атабектің образы - өзбек әдебиетіндегі жаңа құбылыс. Ол ауқатты отбасынан шыққан жаңа ойдың адамы және де бұл жалғыз ілікті қаһарман емес. Жазушы оны достарының ортасында, өзінің сүйікті қызы Кумушпен бірге адамдар арасындағы жаңа, әділ қарым - қатынаста суреттейді.

Кумуш - айшықты дараланған образ. Ол жақсы тәрбие алған, оқымысты, ақылды қыз. Қарапайымдылықпен пәктік, сыртқы сұлулықпен үйлесе отырып Кумушқа ерекше сүйкімділікті беріп тұрады. Ол таза ниетті, шын берілген, шын сүйуші қыз.

«Мехрабтағы сарышаянда» басты қаһарман - езілген халық, Сондықтан ортадағы жанжал-еңбекші халықтың күресі.

Раноның образы – өзіне халықтың мінез - құлқының ең тамаша қасиеттерін жинақтаған Ануарға деген махаббаты Раноның барша сұлулыққа, жарқындыққа деген ұмтылмасынан ажырағысыз ұғынылуы мүмкін. Ол үшін Ануар – ең алдымен жаны таза, әділ, ер жүрек аадм, әлсіхдердің қорғаны.

Ануар - өз махаббаты үшін, күші тең емес күресіне түсетін таза, батыл әрі ақылды адам. Ол үшін махаббатсыз және сенімсіз өмір мүмкін емес. өзінің сүйгеніне деген романтикалық қатынасы мен шексіз ынтықтығы бойынша шығыс аңыздарының әйгілі қаһармандары Фарход пен Мәжнүнге жақындай түседі,

Жазушы өзбек халқының өмірінің, тұрмыстық ұсақ түйектерінің дәлдігімен таң қалдыратын жанды бейнесін суреттейді.

Өзбек прозасы үшін қаһармандардың ішкі дүниесін бейнелеудің тәсілдері жаңалық болды. Жазушы терең психологиялық талдау береді, адамның ойы мен сезімін паш етеді. Ол адамдардың рухани жағынан қалай өзгертетінін, олардың елестерден бірте-бірте қалай арылатынын көрсетіп береді.



Эренст Хемингуэй

(1899-1961)
Американ жазушысы Чикаго маңында дәрігердің отбасында туды. 1917 жылдан бастап газетте жұмыс істейді де осы кезден бастап өзін журналистпін деп есептей бастайды. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Майданда санитар болады. Ауыр жараланып, 12 операцияны басынан өткізеді. Госпиталдан кейін қайтадан майданға аттанады.

1919 жылы Хемингуей Америкаға оралады, мұнда ол журналистикамен шұғылданады. 1920-1921 жылдары күн сайын шығатын Торонтолық газеттің жергілікті, ал 1922-1923 ж.ж. еуропалық тілшісі.

Журналистикалық практика жазушының қалыптасуына төтенше маңызды рол ойнайды. Соғыс, «жоғалған ұрпақтың» тағдыры, өмірдің шынайы құндылықтарын іздеу Хемингуейдің 20- шы жылдардағы шығармашылығының негізгі мазмұнын айқындалды. Оның алғашқы туындылары ол 1928 жылға дейін тұрған Парижде шығады.

Өзінің «Үш әңгіме мен он өлең» (1922) атты кітабын Хемингуей 1924 жылы Парижде 300 данамен шығады. «Қош бол қару» романында ол «жоғалған ұрпақ» жайлы жазады. Соғыс адамдардың бір- біріне деген көңілдерін суытады. ХХ ғ- ң 30- шы жылдарының соңында Хемингуей драматургияға қарай бет бұрады.

«Ие болу мен ие болмау» романы өтпелі туынды болды. Ол Хемингуей ірі заманауи проблемалар туралы алғашқы кітаптарының бірі болды. Ол дарашылдыққа деген басқа көзқарасты; осы күнге дейін Хемингуейдің жүріп келген жалғыздық жолынан бас тартуын білдіреді.

Гарри Морган тек өзіне ғана сүйенеді. Ол өзіне жеке өз күшіне ғана сенеді. Осы тұрғыдан алғанда ол Хемингуейдің өзге қаһармандарына ұқсайды. Алайда Гарри Морган мен олардың арасындағы едәуір айырмашылық сонда, «Ие болу мен ие болмау» романында дарашылдықтың күйреуі көрсетілген.

Кубалық анахистермен қақтығыста өлімисі болып жарияланған, содан соң жазалаудағы күзеттің қатері құтқарып алған Гарри Морган өзінің соңғы сөздерін айтады. «Адамның жалғыз өзі ештеңе істей алмайды екен. Енді адамның жалғыз қалғаны болмайды ...». Бәрібір адам жалғыз өзі ештемеге шамасы келмейді. Өліп бара жатқан Гарри Морганның бұл сөздері дарашылдық философияға айтылған айыптау үкімі болды.

Хемингуейдің «Бесінші колонна» атты пьесасы оның шығармашылығындағы ең биік жетістігі болды. «Ие болу мен ие болмау» секілді ол да жазушының шығармашылық эволюциясында маңызды орынды алып жатты. Пьесаның басты қаһарманы- американдық Филипп Роулинг. Оның жұмысы қиын әрі қауіпті. Шпиондар мен диверсанттарды аулай жүріп «бесінші колоннаның» тыңшыларымен күрес жүргізе отырып, ол өмірін үнемі тәуекелге байлады.

Испаниядағы азаматтық соғыс Хемингуейдің «Қырау кімге соғып тұр» (1940) романында көрініс тапты. Бұл жазушының ең қарама қайшылықты туындыларының бірі. Мұнда біз лирикалық қаһарманмен американдық антифашист Роберт Джорданмен кездесеміз. Роулинг секілді Джордан да испан халқының жағында франкошыларға қарсы шайқасады. Қолбасшылықтың тапсырмасын орындай отырып, Джордан испан партизандарымен бірге франкошыл әскерлердің тылындағы көпірді жаруы тиіс. Жарылысқа айындық, содан соң оны сәтті етіп жүзеге асыру үш тәулікті алады. Осынау уақыттың және оқиғаның шеңберге Джорданның ішкі монологтары, оның өмір жайлы естеліктері, испан партизандарының әңгімелері, қысқаша авторлық түсіндірушілер енгізілген.

«Өзенің арғы бетінде ағаштарды көлеңкесінде» атты романында (1950) жалғыз қаһарман, екнші дүние жүзілік соғыстан кейін Венецияда пайда болатын, американ әскерінің елу жастағы полковнигі Ричард Кэнтуэлл пайда болады. Оның өткен өмірі- әскердегі қызмет, екі соғысқа қатысу, жаралану, сәтсіз әскери мансап. Қазіргі өмірі- жас сұлу графиня Ренатаға деген махаббат.

«Шал мен теңіз повесін» (Бұл повесі 1952 жылы Хемингуей Нобель сыйлығы берілді) Хемингуейдің кітаптарына тән қайғылы жағдаймен аяқталмайды. Абден азаптаған, әлсіреген, алайда жеңілмеген Сантьяго аймаққа дейін жетіп барады. Оны бала күтіп алады. Бала шалға олар балықты бірлесіп аулайтындығын ол одан көп нәрсені үйрену керектігін айтады.

Повестің қаһарманы Саньяго шал, біз онымен танысқанымызда ол үнемі сәтсіздікке кезігіп жүреді. Шалды үнемі өкшелен жүретін сәтсіздіктің символына оның қайығының клең қапшықтардан шамалаған, талқандалған полыктің туын еске түсіретін желкені айналады. Алайда Хемингуей Сантьягоның қарттығын атап көрсете отырып, шалда «Жеңілмейтін адамның көңілді көздері» бар екндігіне назар аударады. Мне осы тұста баланың Сантьягоға жолаған ілтипаты, нәзік қамқорлығы жайында айтылады.

Хемингуей қайтыс болғаннан кейін оның тағы да екі кітабы жарияланады. Бұл жазушының соғысты, сол жақта кездескен адамдарын еске алатын «Әрқашанда сенімен болатын мейрам» (1964) атты кітабымен қандайда бір шамада ойда өмірбаян болып табылатын «Мұхиттағы аралдар» (1970) атты роман. Мұнда Антиль аралдарының бірінде тұратын және соғыс кезінде фашист сүңгуір қайықтармен күреске қатысқан суреші Том Хадсон әрекет етеді

Джон Стейнбек

(1902- 1968)
Американ жазушысы. Салинаста туған. Оның әкесі қазынашы, анасы - мұғалім болды. Стэнфорд университетінің биологиялық факультетінде оқыды. Ауыл шаруашылығының жұмысшысы, тілші болды.

Д. Стейнбектің- «Құдай тостағаны» (1929), «Жұмақ жайылымдары» (1932), «Білмейтін құдайға», (1933) атты туындылары табысты болмады. Осы кітаптарында, сондай- ақ «Тортилья Флэт кварталы» (1935), «Күмәнді нәтижемен айқаста» (1936) атты романдарында Стейнбек жырақта қалғандардың етектегі адамдардың тағдырлары жайында, шыдамдары таусылған ереуілшілер жайында жазады. Автордың тарапынан пьеса мен киносценарийге айналдырылған «Тышқандар мен адамдар саңында» (1937) повесі оған алғашқы табысты алып берді. Оның қаһармандары- бизнес қоғамында ешкімге қажет әрқашан да биологиялық әрі әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адам қызықтырады.

Оған нағыз атақ- даңқ «Ашу ыза шақтары» (1939) атты романынан кейін келді. Бұл кітапта ол едейленіп жатқан американдық фермерлердің қайраты бейнеледі, үлкен жалпылаушы күштің бейнесін салды. Джаудтардың фермерлік отбасы, өздерінің ата бабалары туған жерінен қуылады да жұмыс пен нан іздеп Құрам Штаттарды шарлап кете барады. Джоудтар шығыстан батысқа- Колифорнияның берекелі жерлеріне қарай ағылған өздері секілді қоныс аударушылардың аралап үлкен ағымына қосылады. Алайда олар осы «берекелі жерлерге» жеткен

сыздыққа кезігеді.

Гарленд пен Нористің дәстүрлерін жалғастыра отырып, Стейнбек қаһармандары қарапайым адамдар болып табылады. Өз бойында халықтың оптимизмін, оның жарқын болашаққа деген сенімін жинақтаған, әрі сол халықтан шыққан қайсар да мейірімді әйел ананың тамаша образы есте қалады. «Біз халықпыз Том, біз тірі адамбыз. Бізді құрта алмайды. Біз халықпыз өмір сүре береміз, байлар өмір сүреді ол өледі, олардың балалары да болмағыр. Ал біз болсақ Том.... бізге шек жоқ. Сен мұйайма Том әлі – ақ мүлдем басқа күндер келеді!» дейді ол өз ұлына.

Том Джоудтың образы да бұдан кем емес әсер қалдырады. Бұл таза еңбекқор адам өз өмірі үшін жүруге мәжбүр.

Екінші дүние жүзілік соғыв жылдарында Стейнбек фашистермен күрес тақырыбына арналған бірнеше туынды жазды. Олардың қатарына Норвегиядағы Қарсыласу Қозғалысы жайында айтатын. «Ай батто» (1942) повесі жатады. Стейнбектің «Бомбаларды төменге қарай» (1942) аты екінші кітабы американ ұшқыштары жайлы әңгімелейді. Алайда бұл туындылар «Ашу- ыза шақтарын» ерекшелендіріп тұратын көркем қасиеттерден ада.

Антуан де Сент- Экзюпери

(1900- 1944)
Француз жазушысы Антуан де Сент- Энзюпери Лионда ақ сүйек отбасында дүниеге келді. Балалық шағынан бастап әдебиетке, өнерге және техникаға қызығып өсті.

Сент - Энзюперидің шығармашылығы әр алуан. Оның кітаптары романтика рухына бөленген, және де жазылғандардың бәрінің артында автордың романтикалық болған өмірі тұр.

Табиғатынан жан - жақта дарынды Сент - Энзюпери әдебиетпен құмарта шұғылданды, суреті жақсы салды, скрипкада ойнады. Бәрінен де бұрын оны ұшқыш мамандығы көбірек қызықтырды. Париждің өнер академиясының сәулет бөліміндегі оқуын тастап кетіп Сент - экзюпери 1971 жылы жолғыш авлацияның екінші полкіне кіреді. Бұл авиацияның жас кезеңі болатың. Оның пионері Сент - экзюпери көрнекті ұшқыш батыр жаңа әуе жолдарын алинавлациялық приборларды ойлап тапты. Ол бірнеше рет күрделі жағдайларға түсті өмірі бірнеше рет қыл үстінде тұрды, кейде күрделі жарақаттармен аяқталған әуе апаттарын басынан кешірді алайда ол сүйікті ісіне қайта оралып жатты. Ұшқыш кәсібі жердің үстінде қалықтап жүрудің ғажайып сезімін, соған күрделі техника мен ұшы - қиыры жоқ кеңістіктің бағынышты екндігінің мақтаныш сезімін беріп тұрды ал өрлеу жолында үнемі тәуекелге бел буу өмірдің шынайы құндылығы туралы өткір сезімді туғызды. Байлық мансап тағышарлық тоқтық туралы ұйымдарда ұсақ әрі болмашы болып көрінеді. Адам осы үшін туа ма? Бұлттардың үстіне көтеріле отырып не туралы ойлағандарын, нені көріп нені сезінгендерін жазшы адамдарға жеткізуге тырысты Мен үшін ұшу мен жазу - екеуі де бірдей. Ең бастысы әрекет ету бастысы өзіңді табу. Авиатор мен жазшы бірге түседі; екеуі де бірдей әлемді тең дәрежедетаниды. Ұшақ бұл әлем мен өзіңді танудың құралы. Шақуды емес көре білуді үйрену керек. Шазу бұл енді салдар деді бірде Сент экзюпери

Сент экзюперидің кітаптары («Ұшқыш» 1926 «Оңтүстік патшалық» 1929 «Түнгі ұшу» 1931 «Адамдар ғаламшары» 1939 «Кішкентаи ханзада» ертегісі 1934) бұл адамдарға қажет қызықты бірақ күрделі де қауіпті ұшқыш кәсібі туралы кейде қаһарлы әрі сұлу болатын табиғатпен бетпе-бет келетін ержүрек адамдардың ұшқыштардың қатаң бірақ сенімді достығы туралы көңілді толықтыратын әңгімелер

Оның алғашқы романы «Оңтустік паиталық» ұшқыштар туралы әңгімелейді; әрекеттің адамдары ретінде олар тоғышарлық енжарлыққа қарама-қарсы қойылған.

1931жылы «Түнгі ұшу» романы үшін Сент Экзюпери «Фемина» сыилығын алды. 1939 жылы «Адамдар ғаламшары» кітабы француз академиясы романының үлкен сыилығына лаиық болды.

«Кішкентай ханша» атты аллегориялық ертегісі билеген қоғамның беибастықтарына ащы сатира Мұнда таза адами қатынастардың әдемілігінің орнығуымен үйлесіп жатады.

Жазушының бүкіл шығармашылығы нәзік бірақ берік байланыстарға адамдарды біріктіретін туыстық дәнекерлеріне айтылған жыр болатын

Жазушының кітаптары бұл адамның шынайы мақсаты туралы және адамдар арасындағы рухани байланыстар жайлы ой толғаныстар мен «Адамдар ғаламшары» замандастарыма сендер бір ғаламшардың жердің тұрғындарысындар, бір кеменің жолаушысыңдар деп айту үшін құмаршылық пен жаздым. Адам болу бұл өзіңді тек өзің үшін ғана емес барлығы үшін жауапты екнедігіңдәі сезіну; адам «адамзаттың тағдыры үшін жауапты себебі олар соның да еңбегіне тәуелді ғой»

Капитан Сент Экзюперидің өлімі де оның өмірі секілді батырдыың өлімі болды. Ол францияны басқыншыларынан азат етуден үш апта бұрын 1944жылы 31шілдеде шайқаста қаза тапты Сент Экзюперидің ұшағы хабар ошарсыз кетті бәлкім оны фашистік жойғыш ұшақ атып түсіріп ол теңізге құлаған болар.



Альбер Камю

(1913-1960)
Француз жазушысы және философы. Алжирде дүниеге келген. Жұмысшының ұлы . Орандағы философиялық факультетті бітірді

Гитлерлік басқыншылық жылдарында А Намю қарсыласу қозғалысына қатысты партизандар үшін тыңшылық ақпараттарды жинады астыртын баспасөзде жариаланып жүрді. («Неміс досқа хат», 1943-1944, және т.б). Ол коммунистермен жақындаса түседі және 1945 жылы астыртын жағдайда шыққан «Комба» («Күрес») газетіні бас редакторы болады. Алайда соғыс жылдары Еуропадағы қайғылы оқиғалардың ықпалы мен экзиетенциалдық философияға бет бұрады, «Сизиф туралы аңыз» деп аталатын эесесінде (1942) әлемнің абсурдтығын тұжырымдайды. Өз тұжырымдамасын негіздеу үшін Камюді Бостоевскийдің шығармашылығы оның «Жындар» романы қызықтырады.

Осы кезеңнің аса елеулі көркем туындылары- «Калигула» (1944, 1945 жылы қойылды, басты рольде Филипп трагедиясы, «Бөтен» (1944) повесінде мағынасыз өлім үшін өлім жазасына кесілген қызметкер үкім орындалатын түнге қарағанда рухани еркіндікке ие болады: қаһарманның бәріне селқос және моральға ашықтан- ашық жат іштей мағынасыздығы шіркеу мен буржуазиялық соттың екіжүзділігіне қарама- қарсы қойылған.

Соғыс жылдары Оранда бола отырып, Камю «Оба» (1947) атты роман - аңызын жазуды бастайды. Анониді жылнамашының әңгімесі түрінде жазылған Камюдің осынау озық туындысында, мағынасыз өмірімен күресудің қағидасы бәрінен айқын көрсетілген. Тілінің түсініктілігі мен реалистік байқағыштығы бұл туындының философиялық астарын жасырып тұрады. «Оба - бұл өмір....»- дейді роман қаһармандарының бірі. Автордың өзі болса обының қазіргі замандағы нақтылы - тарихи аспектісін атап көрсете отырып, былай дейді. «Обалыаның мазмұны еуропалық қарсыласудың нацизмге қарсы күрес». Алайда Камюдың аңыз жазуға құмалы. Г.Мелвиллдың «Моби Дин» және Ф.Кафканың «Поцес» секілді роман аңыздарға қызығуы, авторды әңгімені абстрактілі - символикалық астарға ауыстыруына алып келді. Осыған байланысты Камю былай деп жазды: «Мен обының көмегімен өзіміз азап көрген тұншығу (буыну) жағдайын, біз өмір сүрген қауіптілік пен қуғында жүрудің ақуалын бергім келеді. Сонымен бірге мен осы түсіндірмені бүкіл тіршілікке таратуым келеді».

Камюдің өзге де туындылары аллегориялы. «Әділеттілер» (1950) драмасы мен «Патшалыққа қуылу» (1957) әңгімесінде сюжеттердің шындыққа жуықтығы арқылы «абсурдты дүниенің» және өзінің жеке дара жалғыздығынан адамдарға қарай жарып шығуға ұмтылған «Бүлік шығарған» тұлғаның сол баяғы философиялық категориялары мен мұндалап тұрады.

Жазушының соңғы туындыларынан «Құлау» (1956) повесі ерекшеленіп тұрады.

Камюдың шығармашылығы Нобель сыйлығына ие болды (1957).

Кейінірек дағдарыс кезеңде, Камю жеке туындыларды жазбай қояды. У.Фолкнедің «Моняге әйел бойыншренвием» (1957) романы мен Ф.М. Достаевскийдің «Жындар» (1959) романын сахнаға арнап қайта өңдеумен шұғылданады.

Камю ХХ ғ- ғы ықпалды француз жазушыларының бірі болып қала береді. Философиялық повесть, роман, трагедия жанрларын дамыта отырып, ол батыс зиялыларының сана- сезімінің ерекшеліктерін көрсетті. Камю олар үшін әдеби кумир болып қала береді.

Джанни Родари

(1920- 1980)
Итальяндық балалар жазушысы. Оменьяда туылды. Қарсыласу қозғалысына қатысушы. Бірнеше жыл бойы скрипкада ойнауды үйренді, музыкант болғысы келді. Сондай - ақ суретші де болғысы келді: қаламмен сызуды және маймен сурет салуды ұнатты.

Журналист болып жұмыс істеді, газеттер мен журналдарға мақалалар жазды.

Жас кезінде мектеп мұгалімі болды. Жазушының өзі мойындағандай, ол «балаларға әртүрлі күлдіргі әңгімелер айтты. Бұл әңгімелердің ешқандай да мағынасы болмады, бұлар қаншама абсурдты болған сайын, балалар соншама көп күлді».

1948 жылдан бастап «Унита» газетінде қазіргі заманғы еңбекші Италиядағы балалар өмірінсуретейтін өлеңдерін бастырып отырды.

Родаридің көптеген өлеңдерінің формасы итальяндық балалар фольклорына жақын тұрады: «Фиастроке»- күлдіргі тақпақ, санамақ, бесік жыры және т.б.

Алғашқы және кейінгі жинақтарында («Аспандағы және жердегі өлеңдері» (1960), «Өлеңдер поезды» және т.б. Родаридің дарынының өзіндік ерекшелігі, үйреншікті және шағын құбылыстарда әлемнің күрделілігі мен маңыздылығын аша білу өнері байқала түсті.

Родаридің поэзиясы албырт әзіл мен әуезділікті әлеуметтік сатира мен бүкіл әлем балалары үшін жарқын болашаққа деген сенімді үилесіреді.

Родаридің прозасында К.Коллодидің «Пиноккьоның басынан кешкен оқиғалары» дәстүрінде жазылған «Чипполиноның басынан кешкендері» (1951) атты ертегі повесі ерекшеленеді. Чипполино- бала- пияз кедейлерді қорғай жүріп және езгілеушілермен күресе жүріп ершеге елінде саяхаттап жүреді. Осының негізінде Родаридың өзге де ертегі - повестері, соның ішінде көркем «Телефонда айтылатын ертегілер» (1962), «Рим әңгімелері» жазылған.

Родаридің өлкңдерінің ең тамаша аудармаларын С.Я.Маршак жасады.


Қайсын Кулиев

(1917- 1982)
Таудың арасында туған ақынның дауысы өзен суына ұқсап сылдырлап тұрады, бұлақтың суындай тұнық болады деседі. Қайсын Кулиев Кабордин - Балқар тауларында туды, мұнда күні бүгінге дейін оның дауысы халық арасында жаңғырық болып шырқап тұрады. Кабордин - Балқарда Кайсын Кулиевтың өлеңдерін жатқа білмейтін адам жоқ дейді.

Кайсын Кулиевтың балалық шағы Жоғарғы Үегем ауылында өткен. Мұнда жатардың шыңы қыстада, жазда да қар жамылып жатады. Табиғаттың – осынау тамаша көріністері мен туған өлкенің нышандары оның өлеңдеріне енді. Сондықтан табандылық пен қайраттылық тақырыьы - оның өлеңдерінің негізгі сарыны. Шығыстың класикалық әдебиетінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, ақын қос ьармақты шумақтарды құрастырды.

- Олар: «Ана» (1968), «Өмір және ой талғау» (өлеңдер жинағы, 1975). Кайсын Кулиев - Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер. Анри Бербюс секілді ол да соғыстың не екенін көрді. Өзінің алғашқы өлеңдерін ол майданда жазады. Өзінің соғыстағы алғашқы күнін еске ала отырып, ол «Соғыс кімге қажет, не үшін?» деп жар алады. Соғыстың сұмдықтары, оның қасіреттері, дұшпанға деген өшпенділік оның көзін ашады, ақынның дүниеге көзқарасын байыта түседі.

Қ.Кулиевтың поэзиясының басты тебіренісі - шаттыққа толы дүниетаным. («Таудағы қос дауыс», «Нан мен раушан гүл», «Қаншар мен раушан гүл» және т.б). Оның туындыларының тақырыптамасы алуан түрлі. Айырықша сұлулық, қуаныш пен мақтаныш Қ.Кулиевтің поэзиясын тау шыңдары секілді безендіріп тұрады.

Туған жерін, ұлттың, халықтың - бұл сыртқы экзотикалық бояма емес. Ақынның өзі бұл туралы пікірталас тудыратындай етіп «Мен жырламаймын, қағазға жазамын, қалалық туғанның пальтосын өлшеп киемін» деген. Ақын- этнограф емес, оның міндеті- халықтың рухани мәнін беру. Ал ол күрделі және де кавказдық тұрмыс, мінез - құлық, тіл туралы шартты түсініктерге қарама- қайшы келеді.
Болмайды таулықтардың тілі шұбар болар қатал

Сөздерінде қулық жоқ, қарапайым болар.

Асау ат секілді қорқа ма деп көпірден

Қорқамын мен бір сөзді қосуға


Кездейсоқ түрде қысым жасамай - ақ, қамыламай - ақ аттың образы шыға келеді, алайда онда ұяттың дүниетанымның шынайлығын сезінесің. Міне осының арнасында Қ.Кулиевке тән бірқалыпты сарындар, мәселен қайсарлық, табандылық тақырыптары дамиды. Оның көтеген өлеңдерінің атауы керағарлықтарға негізделген, мәселен «Нан мен кітап», «Қанпияр , мен раушан гүл». Бұл қарама- қарсы қою емес, бұл өмірдің эналектикалым күрделілігін білдірген. Раетная солдаттан өзге кім әлемді бағалай алады, кім болашақтың өскіндерін қорғай алады! Балаларға деген махаббат пен нәзік сезім - Қ. Кулиев поэзиясының үйлесімді және тұрақты сарыны.

Адалдық пен ашықтық балкар ақынның талантының ерекше қасиетіне айналды. Ержүрек жауынгер ала сезімтал жүрекке, өзгелердің уайым қайғысын бөлісе алатын қабілетке ие, сыздатататын, оқ екілді, тесіп өтетін жолдар міне сонда ғана пайда болады.



Джеймс Олдридж

(1918- 1976)
Джеймс Олдридж - жазушы- реалист, публист, бейбітшілік жолындағы белсенді күрескер. Олдридждің шығармашылығында қазіргі заманның әлеуметтік - саяси, және моральдық - женкологиялық жанжалдарын көркем талдау прогрессивтік көзқарас тұрғысынан жүргізілді. Олдридж Австралияда туды, Мельбурндағы коммерциялық колледжде оқыды. 1938 жылы ол Лондонға келеді. Жазушының дуниетанымы 30- шы жылдары экономикалық дағдарыстың салдары, қоғамдық - саяси және фашизмге қарсы күрестердің өрлеуі тұсында қалыптасы. Әдеби қызметін «Дейли скетч» газетінің редакциясында бастай отырып, Олдридж жұмысын 40- шы жылдары тілші ретінде жалғастырады. Ол прогрессивті күштердің реакция мен фашизмге қарсы күресін қолдай отырып суранаың, Американың, Азияның, Африканың көптеген елдерінде болды. 1945 жылы ол Берлин үшін шайқастардың куәсі болды. Майдандық репортаждар мен очертердің авторы болып табылды. Д. Олдридждің алғашқы романдары - «Абройдың ісі» (1942) және «Теңіз бүркіті» (1944), «Көптеген адамдар туралы» очерктері (1946) жазушының фашизмге қарсы ұстанымын бейнелейді.

Д. Олдридждің соғыстан кейінгі шығармашылығы саяси проблематиканың дауымен және тереңделуіменсипатталады. «Олпломат» романы (1949). Дүние жүзілік Бейбітшілік Кеңесінің алтын медаліне ие болды (1953). Бұл романның жалғасы «Адамдар мен қару» 1974 жылы шықты. Психологиялық әңгіме формасында «Аңшы» (1950) романы жазылған. 50-60-шы жылдардың романдары – «Шөлдегі көкжиектің қаһармандары» (1954), «Оның өлгенін қаламаймын» (1957). «Соңғы қуғындалған» (1961) – ұлт - азаттық күрес тақырыбына арналған. Қазіргі заманның көкейтесті проблемаларын қоюда оларда характерді ашудың психологиялық тереңдігімен үйлесіп жатады. «Елмен тұтқындалған (1962) және «Үлкен ойын» (1966) романдары кірген. «Бөтен жердің баласы» диалогиясында алуан түрлі әлеуметтік жүйелері бар мемлекеттердің бір - бірімен бейбіт өмір сүру қажеттілігі тұжырымдалады. Бұл романдарда қазіргі заманғы адамның шынайы батылдығының мәні айқындалады.

Олдридж әдеби сыншы ретінде де танылды. Принциптері оның өзінің жеке көркем шығармашылығының іс-тәжірибесінде жүзеге асырылатын мақалаларының маңызы үлкен.

Қаһармандық тақырып, адамның моральдық төзімділігін нығайту Олдриджтің әңгімелерінде жыр болып айтылады. «Осы тұрғыдан алғанда «Соңғы дюйм» әңгімесі өзгеше болып табылады. Әңгіменің қаһармандары – ұшқыш Бен мен оның он жасар ұлы Деви өте ауыр жағдайға тап болады: су астында суретке түсіру кезінде Бенге акула тап береді; ауыр жарақат алған, көп қанын жоғалтқан, ол жоғалуға әрең дегенде жетеді, алайда ұшаққа жетуге, бұған қоса оны жүргізуге Беннің шамасы жоқ. Барлық ауыртпалықтар баланың мойнына түседі. Деви әкесіне көмек береді, өмірінде алғаш рет штурвалға отырып ұшақты қондырады. Әкесіне жасқаншақ бала болып көрінген Деви, қиын-қыстау жағдайда күш-жігер, батылдық, тапқырлық танытады.



Мұстай Кәрім

(1919 жылы туған)
Башқұрт ақыны Мұстай Кәрім (шын есімі-Мұстафа Сафич Каримов) Башқұртстанның Чишми ауданындағы Клюшево ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысының ардагері. Майданда өлеңдер мен дастандардың үш кітабын жазды. Отан қорғаушы башқұрт жігіттерінің образдары «Желтоқсандағы жыр» (1942) және «Өлмесбай» (1942-1944) дастандарында толықтай бейнеленген. Оның шығармашылығы башқұрт поэзиясының дамуында ерекше орынды алады.

Адам - оның шығармашылығының басты қаһарманы. Адам «Кеңістіктің бұтағын ұстап тұрады, сондықтан бәрі соған бағынышты. Ақынның бүкіл рөлі – адамда адамилықты өсіріп шығаруда, адамдарға өмір алауын беруде - деп білді Кәрім. Өлеңдерінің бірінде кезбе жыршыға тән образды байқаймыз:

Жолаушы кетті. Бірақ үйлерде жанған оттар қалдырды ол.

Ошақтарда емес, жүректерде қалдырды ол оттрады.

Болса да ол өзі жалғыз, қаншама от, қаншама жарық қалдырды!
Алайда гуманизм – мейрімділік пен зұлымдықты енжар қабылдау емес. Бұл мүлдем олай емес! Егер де ақын мәңгі жас болса – бұлай болмауы да мүмкін емес!- онда М.Кәрімдегі майдангер жауынгердің жастығы, оны зұлымдыққа мейірімділікті қорғай отырып қарсы тұруға итермелейді.

М.Кәрімнің пьесаларының сюжеттері алуан түрлі, олардағы көріністер әртүрлі уақыттарда болады, шынайы оқиғалармен қатар аңызға айналған оқиғалар да беріледі. Алайда пьесаларын проблематикасының өткірлігі мен көкейтестілігі біріктіреді. М.Карімнің драматургиялық түпкі ойларында оның шығармашылық көкжиегінің ауқымдылығы сезіліп тұрады. Отансүйгіштік, халқына жан-тәнімен берілу суретшінің драматургиясында орталық орында тұр. Башұрт халқының ұлттық батыры Салауат Юлаев образы - халқының азаттығы үшін күресуші, отанын шын сүйетін қаһарманның образы ретінде «Салауат» трагидиясында ашылған.

Башқұрттың ұлттық топырағында өсіп - өнген М.Карім шығармашылығы әр алуан кеңістіктерден соққан лептердің бәріне де ашық..Ол өз халқының әдебиетті «Шығыс поэзиясының түсін, мас қылатын хош иісін, байсалды даналығын. Батыс поэзиясының ащы өмір шындығын ревалюциялық үнін, белсенді санасын қабылдағанын» қалайды. М.Кәрімнің лирикасы жылы лебіз туғызады.

«Сағыныш» өлеңі әсерлі үндеулерге толы: «Арман жайлы менің ақ тұман ішінде қазір не бар? Аннаның тілі... мен сенсіз қандай мұңлымын!» Автор өзін баурап алған сезімді тереңнен беруге тырыса отырып, әсерлі қайталанушылар тәсілін шебер пайдаланады: Мен сенсіз қандай мұңлымын! Сендерді қатты сағындым! »

Автор туған өлкесіндегі ыстық сезімі жайлы айтып отыр, алайда ол туралы терең ой кешеді:Ақманай өзені туралы емес, ана тілі туралы айтып отыр. Өлеңнің лирикалық сюжеті – автордың отанын ұмытқандағы айтатын қарығысы. Бұл шығыс поэзиясы үшін дәстүрлі сюжет.

Расул Ғамзатов

(1923-2003)
Расул Ғамзатов - Дағыстандық әйгілі ақын, бүкіл жер жүзі Дағыстанды соның арқасында танылды. Халық ақыны Ғамзат Цадасының отбасында туды. 1945-1950жылдары Мәскеудегі әдебиет инситутында оқыды. Өлеңдерді 1937 жылдан бастап басылып шыға бастады. Өлеңдерінің алғашқы жинағы –« Жалынды махаббат пен жанға батар өшпенділік» 1943жылы шықты.

«Менің жерім», Біздің таулар (1947), Таулықтың отаны (1950),Үлкен аға туралы сөз (1952), Дағыстан көктемі (1955), Жүрегім менің тауда (1959), Биіктегі жұлдыздар (1962) атты жинақтарында, Менің туған жылым (1950), Таулық қыз (1958) дастандарында Р.Ғамзатов өз отанының өмірін, таулықтардың психологиясындағы өзгерістерді, халықтар достығы бейнеленіледі. Ол жастардың ескі дәстүрге қарсыласуын, олардың сүю құқығы, әйелдердің махаббат үшін күресін көрсетеді. Ғамзатовтың лирикалық қаһарманы - орасан зор рухани қуатты бар,ержүрек әрі пәк адам.

Кейнірек Ғамзатов – «Менің Дағыстаным», «Сүйемін сені менің кішкентай халқым», «Тырналар» (1968), Цадастан (өлеңдер жинағы,1975) атты өлеңдер мен дастандар жазды.

«Туған тіл» өлеңі ақының келбетін дәл анықтайды. «Менің тілімнің әлемдік мінбелерден дыбысы шықпаса да, ол маған қымбат, сондықтанда ол ұлы».

Сатиралық талантқа да, лирикалық талантқа да ие болған Расул Ғамзатов өмірдегі кері құбылыстарды сынға алып,жаңа әлемнің жастығын қуаттады. Ол онымен таулықтардың көне өмірін(оны сөзі бойынша «жалқау, қауқарсыз» болған)салыстыруға мүмкіндік алды.

Кейіпкерлерге осылай етіп көрсетуге автордың өзі арқа сүйеген халық позициясының дәстүрлері ғана емес, сонымен бірге, (яғни Р.Ғамзатов)өзі де бірнеше рет жарияланған романтикалық өнерге деген ыстық ықыласы да себепші.

Бұрынғы әдеби дәстүрлердегі әйгілі образдар оның тарапынан батыл түрде жаңғыртылып отырды. Ақын алыстағы дәуірдің тұрмыстық ұсақ түрлерін егжей - тегжейлі сипаттаумен таңқалдыра отырып, өткеннің бейнесі еркін, ауқымды түрде, көп өлшемде қайта жаңғыртуға тырысты. Ол қиялдардардың ұшқырлығын шектемейді, әңгіменің тарихи мәтіні ойдан шығарылған жағдайлардан да тұрады, алайда олар дәірдің шынайы мазмұнын тереңірек ашу мақсатымен ендіріледі.

Ғамзатовтың кітаптарында біз оның туған Дағыстанның жаңарған келбетін көреміз - асфальтталған жолдар, ауылдардағы электр, су бекеттері. Оның бүкіл шығармашылығы-туған өлкеге арналған, шабытқа толы жыр.

Әдебиетші кәсібінің «құпиясы»-«халқымен бірге болуда». Алайда үлкен тақырыпқа жанасу арқылы ғана ұлыға айналуға болады. Халықтың өмірі күрделі, сондықтан оны бүкіл күрделігінде мейрімділікті қолдай отырып, зұлымдықпен күресе беру керек: Көтемді жырлай отырып, егістен арам шөптер мен тастарды алып таста. «Ақының биік борышы-«Әкемен әңгіме»дастаның тақырыбы (1953). Дастанда Ғамзат Цадастың сөзімен, ең бастысы халықты тану екендігін туралы ой айтылады: «Сенің санаң-халықта, байлығыңда халықта».

Р.Ғамзатовтың бейнелі сөзімен айтқанда,халық шығармашылығынан безу - диірменді ең жоқ жерде салумен бірдей. Өзінің мақалаларымен сөйлеген сөздерінде ол халық шығармашылығына деген құрметті болу керек екендігін, өнердің халықтың дәстүрлеріне арқа сүйеу қажеттігін атап көрсетті. Ол той - мерекелерде айтылған сөздердің, биік жырларының, қысқаша нақыл өлеңдер мен жазбалардың халықтың жырларын зерттеді. Ғамзатовтың философиялық тақырыптар шешілетін көптеген туындылар диалог түрінде құрылған.Бұлда фальклорлық дәстүр.

Ғамзатовтың айрықша таланты туралы оның өзіне ғана тән өмірді қабылдаған балаусалығы, адамдармен туған өлкенің табиғатын айшықты етіп суреттей білуі күмандандырады.

Ғамзатовөзінің туған авар тіліне Пушкинің, Лермонтовтың, Маяновекийдің және т.б шығармаларын аударды.



Шыңғыс Айтматов

(1928-2008)
Қырғыздың жазушысы, аудармашысы, қоғам қайраткері, Шыңғыс Айтматов Қырғыстанның Киров ауданы Шекер ауылында туды. Оның әкесі Тұрақұл Айтматов орыс - түзем мектебін бітірген білімді адам болған, кейнірек қуғын - сүргінгінің құрбаны болған. Шыңғыс алдымен орыс мектебінде содан соң қырғыз мектебінде оқыды. Зооветеринар техникумы мен Қырғыздың ауылшаруашылық инситутын бітірді. 3жыл 300 техник болып жұмыс істеді. Мәскеуде жазушылар одағын жоғары әдеби курсын тәмандады.(1956-1958)

«Литературный Киргистан» журналының бас редекторы, «Правда» газетінің тілшісі, Қырғыстаның киноматогрофистер және жазушылар одағының төрағасы - оның игі істерінің толық емес тізімі міне осы, бұл тізімді әрине жалғастыра беруге болады.

Айтматов орыс жане қырғыз тілдерінде жазды. Ш.Айтматовтың алғашқы әнгімесі - «Газетші Зуйдос» (1952). Ол сондай-ақ әңгімелердің, очеріктер мен повестердің авторы. «Әшім» (1953), «Қиын өткел», «Бетпе-бет» (1957), «Біз әрі қарай барамыз» (1957), «Қарсыластар» (1954) және т.б

«Жамиля», «Түйе көз», «Жер ана», «Хош бол Гүлсары!», повестерінде Шығыс Айтматов жүректі мейрімділікке, қуанышқа, махаббатқа алып баратын жолдарды бақылауға талпына отырып, нәзік жан тебіреністерін психологилық тұрғыдан талдауға бет бұрады.

«Түйе көз» повестінің қаһарманы адамгершіліктің үстемдігін сезімінен өзінің дұшпанына былай дейді: Сен мынаны есте сақтауың тиіс, ешкімнің ешкімгеде ойлауға, қалауға, армандауға тиым салуыңа қақың жоқ.»

Оның алғашқы «Жәмиля» (1958) атты повесі, көне әдет - ғұрыптарға қасқая қарсы тұрып, қзінің бақытты болу құқығынтұжырымдай отырып, өз махаббатына қарай батыл қадам басатын жас әйел қақында. Бұл шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. «Жәмиля» француз тіліне аударған Луи Арагон оны махаббат жайлы ең тамаша повес деп атады.

«Жамиля» повесі шетелде де кеңінен бекерге кеңінен танымал болған жоқ. Қаһарманның образы шаттыққа толы, өмірге құштар, әсерлі жұмыстан қайтқанымызда, ол арықтардан секіріп өтіп,аулаға жай ғана кірмей жүгіріп кіретін. Кіре салаенелерін бірінен соңы бірін сүйетін. Жамиля сонымен бірге ән айтуды ұнататын, ол үнемі қандайда бір әндерді айтып жүретін. Автордың шеберлігі психологиялық тұрғыдан қызықты және көңілге қонымды образды жасауда ғана емес, сонымен бірге өнегелік қарама - қайшылықтардың халық өміріндегі қоғамдық өзгерістермен өзара байланысын тұжырымдауда да білінді. Айтматовтың повесінде еркіндік сүйгіш характері, рухани өрлеуге ұмтыла отырып, патрихалдық соқыр нанымдардан азат болып жатқан әлуметтік жағдайлардың өзінен тірек табады.

Адалдықпен махаббат тақырыбына Айтматов өзінің «Қызыл орамалды бәйтерегім» атты повесін арнады. «Жер ана» (1963) повесінің қаһарманы Толғанай образда едәуір әрі типтік. Ол үлкен өмірді кешті, онда үлкен қуанышта, үлкен қайғыда болды.Үш ұлымен жұбайы соғыстан оралмады. Толғанай өзі туралы егістікпен сұқбат құра отырып баяндайды. Ол осы жермен, шаруа еңбегімен байланысты, жердің өзіде ана, тек оның балаларыда шығындары да көп.

«Қош бол Гүлсара!» (1966) фольклор - мақалдар мен мәтелдер, халық жоқтаулары кеңінен қолданылған. «Өзінің ақ ботасынан айырылған Аруананың жоқтаған жылауы» бүкіл повестің он бойы арқылы өтіп отырады. Халық жоқтауының рухында автор тарапынан Танабайдың Гүлсарына жоқтап жылауы жасалған. Халықтың өмірдің құбылыстары жайлы түсінігі тұрғысынан алғандағы салыстырулар ерекше.

Ш.Айтманов сондай - ақ «Алғашқы мұғалім» (1962), «Құс жолы», «Ақ кеме» (1970), «Ерте ұшқан тырналар», «Ақ жауын» туындыларын және «Ғасырдан да ұзақ күн», «Шаңғырақ». Осы туындылардың барлығы дерлік қазақ тіліне аударылған және олар қазақ оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген.



Габриель Гарсиа Маркес

(1828 – 2005 )
Колумбиялық жазушы Габриель Гарена Маркес Нобель сыйлығының иегері болып табылады. Оның шығармашылық мұрасы оншалықты үлкен емес бар болғаны бірнеше романдардан, повесер мен әңгімелерден тұрады. Алайда ол өз туындыларында ол барлығын қамтушы мән проблемаларын көтерді. Сондықтан олар бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Габриель Гарсиа Маркес Колумбиядағы Арака – така қаласында туды. Оның тәрбиесінде үлкен рөлді атасы мен әжесі атқарады. Оның атасы әскери адам болды. Қорғаушы болуды армандап, болашақ жазушы университетке оқуға түседі. Алайда оны журналист мамандығы қызықтырады, сөйтіп ол газетке жаза бастады. Осы уақытта ол әдеби қызметпен де шұғылдана бастайды.

Ол «Эль Эспентадор» газетіне қызметке тұрады да тілші ретінде Еуропаға аттандырылады. Бұл сапар Маркс үшін үлкен мектепке айналады. Ол Еуропаның өмірімен танысады, оны өз елінің өмірімен дәстүрлерімен және әдет – ғұрыптарымен салыстырады. Жазушыға бәрінен де бұрын Париж бен Париждіктердің өмірі ұнайды. Газет жабылғаннан кейін Парижге қоныс аударады,мұнда «Жайсыз сағат» романымен жұмыс істейді.

Өзінің келесі «Полковникке ешкім хат жазбайды» (1961) атты туындысында ол өзінің атасы жайлы әңгімелейді. Бала кезінде Габриель өз атасының соғыс оқиғалары туралы әңгімелерін жиі тыңдайтын. Олар Габриельге ұзақ уақыт бойы тыныштық бермей, оның қиялына күшті әсер етті.

«Полковникке ешкім хат жазбайды» повесінде және «Жайсыз сағат» романында Маркес елдің саяси тарихындағы азаматтық соғыс, зорлық – зомбылық тақырыптарын көтереді.

Сондай - ақ «Үзілген жапырақ» (1955) повесінде жазушының қызығатын саласы анықталады. Атап айтсақ ол – ұлттың тарихи және қазіргі заманғы тағдырындағы болмысы және де сондай - ақ ойдан шығарылған Макондо елді мекенінің және оның негізін қалаушылардың оның туындыларының көпшілігінен өтетін алғашқы Буэндиалардың образы пайда болды.

«Грандешешейді жерлеу» (1962) атты әңгімелер жинағында Маркестің шығармашылық мәнерінің өзіндік ерекшелігі барынша толыққанды берілген. «Жалғыздықтың жүз жылы» (1968) роман – эпопеясында дамытылған халықтық әпсаналық фантастика элементтері пайда болды.

Колумбия мен бүкіл Латын Америкасының аңызға айналдырған тарихы жасалған бұл роман Маркестің шығармашылығында ерекше орынды алады. Оны 40 жасында аяқтап болып Маркес әйгілі болады. Романда әлемнен жырақта қалған елде мекендегі оқиға жайлы айтылады. Қоршаған дүние жайлы білімдерді алу мүмкіндіктерінен айырылған ауылдықтар мәндік қана емес, сонымен бірге рухани жалғыздықты да сезінеді. Олар күнделікті істерімен шұғылдана жүріп ештемеге де қызықпайды.

Романдағы оқиға Макондо елді мекенінде өрбиді. Романның басты қаһарманы – Хосе Арнадио Буэндиа. Маркес күнделікті ауыр жұмысты орындауға мәжбүр болған жеткіншектің әсерлі де шынайы күйзелісін жеткізеді.

Маркес өзінің романында ортаға тұлғаны қояды, «болмыс» ұғымын, жекелеген тұлғаның өмір сүруі ұғымымен амастырады. Адамды бөтен әрі қорқынышты әлемде жалғыз сезінуінен қорғап тұратын күнделікті күйбең тіршіліктері, ар - ождандары, үрей – қорқынышары бар адамның өмір сүруінің жалғыздығын ол философиялық категорияға көтереді.

Қоғаммен толықтай бірігіп кетуді де тындауға болады, өзінде қалғандарына қарама – қарсы қоя отырып, өзіңмен - өзің болуыңа да болады. Маркестің қоғамдағы қатынастар еркіндігі – адам үшін ауыр жүк деген ойы осыдан келіп шығады.

Этикалық проблемаларға бет бұра отырып (олар жазушыны үнемі қызықтырып келген еді) ол «Ашықтан ашық қылмыс» романын жазады, мұның философиялық және өнегелік мазмұны, абстрактілі тұжырымдамаға бағытталған. Раманның негізгі жағдайы шынайылығымен ерекшелене отырып, адамды оның болмысының шынайы жағдайларымен байланысында қарастырады. Романның гуманистік мазмұны – мейірімділік пен шығармашыл еңбек идеялын көрсетуде. Адамдарға бір - бірлерін түсіну қиын, бірақ өзара түсіністік қажет.

Маркестің философиялық және көркем туындыларының әлемдік әдебиетке үлкен ықпалы болды. Ол бірнеше ондаған жылдар бойы ойлаудың шебері болды.

Олжас Сүлейменов

(1936 жылы туған)
Қазақ ақыны. Қазақтың политехникалық институтының геологиялық факультетін (1959) және Мәскеудегі М.Горкий атындағы әдебиет институтын тәмамдаған. (1961). Өлеңдері 1959 жылдан бастап басылып келеді

О.Сүлейменов орыс тілінде де қазақ тілінде де тамаша жазады. Ақынды Еуропа мен Азияны жалғап тұрған көпір деп есептейді.

1961 жылы ол өзінің Ю. Гагариннің ғарышқа ұшуына арнаған. «Жер, адамға тағзым ет!» атты поэмасын жариялады

О.Сүлейменов - «Арғымақтар» (1961), «Күнді түндер» (1962) жылы, (1967), «Лайдан жасалған кітап» (1969) атты өлең жинақтарының және «Ақ өзендер үстінде» (1970) аты прозаның авторы.

О. Сүлейменовтың шығармашылығы қазақтың ауызша және жазбаша поэмасының дәстүрлері мен тығыз байланысты. Ол туған халқының көне және бүгінгі шығыстың өміріне, қазіргі заманғы жастардың тағдырына жиі үңіледі.

О.Сүлейменовке жыр ассоциацияларының ауқымының кеңдігі мен күрделілігі, философиялық пен публицистикалық, эмоционалдық ширығу, ырғақты ізденістер тән.

О.Сүлейменовтың ценари бойынша «Атамекен» (1966)» Көгілдір маршрут» (1968) көркем фильмдер қойылды.

О.Сүлейменовтың бірқатар филологиялық жұмыстары «Игор жасағы туралы жырға» арналған.

Сонымен бірге Кеңес билігі тұсында ол іріп - шіріп жүйені сынға алудан қамықпады, үнемі ақиқат үшін күресумен болды, мұнысымен ол халқымыздың ыстық ықыласына бөленді. Халыққа шынайы жақын туындылары үшін ол қуғынға ұшырады. Алайда бұл ақынның шабытын ауыздықтай алмады

«Азия» кітабы шыққаннан кейін О.Сүлейменов туралы бүкіл әлемдік бұқаралық ақппарат құралдары айта, жаза бастады, соның арқасында ақын бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Осы туындыда Батыс пен Шығысты, славяндар мен түркілерге салыстыру беріледі. Ақынның әсіресе Шоқан Уалихановтың өлімі, миллиондаған құрбандар туралы сөзі қатты шықты. 1989 жылы «Азия» қайта басылып шықты. Ақынды ХХ ғасырдағы Шығыстың жұлдызы деп атай бастады.



Эркин Вахидов

(1936 жылы туған)
Э. Вахидов поэзиясының басты тебіренісі – ержүрек еркіндік пен адами тұлғаның биік қадір - қасиетінің тұжырымдалуы. Э.Вахидовтың поэзиясы өзінің лирикалық шарқындығыныңбүкіл күш - қуатымен өзіне халық пен қоғамның рухани өміріне алып барар жол салды. Бұл жерде осынау ұғымның - ақын ұғымынан ерекше екендігін атап өтуіміз керек. Оның поэзиясы милиондаған адамдардың игілігі болып табылады. Э. Вохидов ең танымал, сүйікті әрі қадір тұтылатын ақын және көркем атмосфераның шарықтау шыңдарының бірі болып табылады.

Эркин Вохидович Вохидов 1936 жылы Ферғана облысының Алты – Арық ауданында дүниеге келді. 1960 жылы Ташкент Мемлекеттік университетінің филология факультетінің тәмамдады. Ғафур Ғулом бөлімінің меңгерушісі болды.

Эркин Вохидовтың өлеңдері мен поэмалары қысқа уақыт ішінде оқырмандар арасында кеңінен танымал болды. Ақын оннан астам жинақ шығарды. Бұл жинақтарға өміріміздің ең маңызды оқиғаларына арналған оқиғаларына арналған өлеңдер мен поэмалар енді.- олар «Тәңсәрі лебі» (1961), «Сіздерге арнадым жырларымды» (1962) және т.б.

Эркин Вохидов драматургия саласында да жұмысістейді. Оның қазіргі заман тақырыбына арналған «Алтын қабырға» (1970) атты комедиясы республика театрларының сакхналарында және одан тыс елдерде үлкен табыспен қойылуда

Эркин Вохидов көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Оның осы саладағы ірі еңбектері Сергей Есениннің өлеңдер жинағы мен Гетенің «Фаустың» аударуы болды. Олардың әрқайсысы жеке кітап болып шықты.

Эркин Вохидовтың өлеңдерімен поэмалары орыс және өзге тілдерге аударылды.» Шатырда жазылған поэма», «Шам - шырақ» және «Шаңғырық» атты туындылары ақынның шығармашылығында ерекше орында тұр.

Э.Вохидовтың лирикасы аса мейірбан адами сезімдерді, асқақтаған достық пен махаббатты паш етуші; оның су секілді жылдам ағып өте шығатындығына, басқа түскен кез – келген тауқыметтің қасіретіне көзқарасын айту. Салыстырулардың, образдардың, метафоралардың, барлық сөз амалдарының тізбегі туған әрі түсінікті өмірден алынған.

Отанға деген махаббат Э.Вохидов үшін – оның бүкіл поэзиясының ең қуатты көздерінің бірі болып табылады. Оның өзінің туған өлкесі – теңдесі жоқ өзбекстан, оның сыпайы да тартымды табиғаты тірі тіршілік иесі секілді терең толқыған махабатпен жырланады. Оның қиялдағыдай емес, қимыл-әрекетте көрсетілуі мүмкін емес.

Оның өлеңдері – ақынның шарықтау мен құлдилаудан тұратын өмірінің жылнамасы.

Э.Вохидовтың лирикасы – бұл адамның ішкі жан дүниесінің ахуалын еске түсіретін жекелеген өлеңдерден құралған өзіндік бір ерекше философия. Бұл стихияның қаһарманы - ақынның өзі. Оның ортасында адамдардың өнегелілік және эстетикалыққа жеттіліктері мен бірге адамдар драмасы сезімдердің байлығы тұр.

Ақынның лирикалық таланты әсіресе қалың тоғайлары мен шексіз көміліп жатқан жазықтары бар табиғат бейнелерінде терең әрі жан-жақты ашыла түседі.

Ол Ташкент МУ-нің филология факультетінде ақын жүрген кезінде ол әдеби үйірмелердің мүшесі болды. Оның өзі атап көрсеткендей Ғайратий, Міртемір бастаған жыр алыптарының ортасы ақын шеберлігінің дамуына игіықпалын тигізді.

«Жалбарыну», «Шандардың бас көтеруі» туындылары әсіресе оның «Алтын қабырға» комедиясы идеялық – философиялық көзқарас тұрғысынан алып озық шығармалар болып табылады

Эркин Вохидовтың өлеңдерінің жинағы: «Таң сәрі лебі» (1961), «Арнадым сіздерге жырларымды» (1962), «Жүрек пен ақыл» (1963), «Күн шығыс» (1963), «Менің жұлдызым» (1964), «Жаңғырық» (1965), «Лирика» (1966), «Жастық шақтың диуанны» (1969), «Шамшырақ» (1970), «Шатырда жазылған поэма».



Абдулла Орипов

(1941жылы туған)
Абдулла Орипов Өзбекстан қаһарманы жоғары атағына ие. Ол 1941 мамырда Қашқария облысының Хосон ауданы, Некуз қыстағында дүниеге келген. Оның әкесі төрт ұл мен төрт қызды өсірген көп отбасының отағасы болды. Анасы Карвонқызы Пурди мейірімді, еңбекқор әйел болатын.

Абдулла Орипов орта мектепті алтын медальмен бітіріп, Ташкент МУ – нің журналистика факультетіне оқуғатүседі. (1958). Оның шығармашылығының алғашқы жауһарлары – «Өмір», «Тамаша күндер әлі алда», «Сенен тұрмын алыста», «Түн бойы жел тұрды тынбастан» жастар арасында бірден әйгілі болды. Оның алғашқы жинағы – «Кішкентай жұлдыз» шыққанда, ақынның есімі көпшілікке мәлім болды. Осыдан кейін оның «Апа», «Менің жаным», «Өзбекстан», «Таңырқау», «Бетпе-бет», атты жинақтары бірінен соң біріжарық көре бастады. Қазір ақынның өлеңдерінің он томдық жинағы шығарылуда.



Оның көптеген өлеңдері өзге тілдерге аударылған. «Жұмаққа алып барар жол» атты драмалық поэмасы - орыс тіліне аударылуда. Данте Алигьерридің» Құдай комедиясын» аударуға ақын табысының тағы да бір кепілі болып табылады. Орипов сондай - ақ М.Байджиевтің «Катакомбаларсда», «Әрбір үйде мейрам», өлеңдерін А.С.Пушкиннің, Н.Никрасовтың, Н.Ванцаровтың өлеңдерін аударды.

НАҚЫЛ СӨЗДЕР
АҚША


Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет