Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев


“Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”



бет16/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49

Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”


Конфуций

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.


Марк Твен

Мен ертегі жазуға тырыстым, бірақ еш нәтиже шыға қаймады. Балаларыма жазған ертегілерімнің бірін көрсеттім. Олар: «Әке, сіз балаларды осыншалық ақымақ деп ойлайсыз ба?» деп қайтарып берді.


Габриэль Гарсиа Маркес

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы


Әзілхан Нұршайықов

Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат, 

Қазыбек би Келдібекұлы

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.


Ғабит Мүсірепов

Әкелі бала — жау жүрек.


Бұқар жырау Қалқаманұлы
Әдіс

Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз.


Конфуций

Ән

Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.


Ғабит Мүсірепов

Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі


Жамбыл Жабаев

Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.


Людвиг ван Бетховен

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.


Мұхтар Әуезов

Әр істің бір сәні бар. 
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.


Сәкен Сейфуллин
Әлсіз

Әлсіздерді ажал күтеді


Адольф Гитлер

Егер сен біреуді сүйіп, ал ол сені сүймесе, онда сенің махаббатың әлсіз және ол қасірет.


Карл Маркс

Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.


Махатма Ганди
Әділет

Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер.


Пифагор

Әділет тілесе, атаңның басып айыбын айт.


Мұхтар Әуезов
Әзіл

Әзіл тұз секілді, оны мөлшерімен салу керек


Пифагор

Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.


Рокфеллер Джон Дэвисон

Керенау ақылда әзілге орын жоқ.


Уильям Шекспир

Жарасымды әзіл - тереңдіктің белгісі.


Фёдор Михайлович Достоевский
Болашақ

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.


Ғабит Мүсірепов

Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз; болашақ - біздің мақсатымыз.


Блез Паскаль

Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.


Махатма Ганди

Бойыңызға болашақтың арман-мұраттарын дарытыңыз, оның өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді.


Михаил Евграфович Салтыков-Щедрин

Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы


Мигель де Сервантес

...Жас буынның болашағын, болашақта адам болуын ойласақ, оған жасынан еңбек тәрбиесін беруді ата-аналық борышымыз деп түсінуіміз керек.


Мәлік Ғабдуллин

Болашақ қазірден бастап қалану керек. Оны жоспар дейді. Онсыз бұл әлемде ештеңеде жақсы болмайды.


Георг Христофор Лихтенберг

Жастық шақ қазіргісін ғана ойласа, кемел жас бүгінгісін де, бұрынғысын да, болашағын да елеусіз қалдырмайды.


Фернандо де Рохас
Бүгін

Бүгін істей алатын істі, ертеңге қалдырма


Бенджамин Франклин

Мен бүгін шешуге болатын мәселені ертеңге қалдырғанды ұнатпаймын...


Ғабит Мүсірепов

Кеше мен бүгін - біздің амалдарымыз; болашақ - біздің мақсатымыз.


Блез Паскаль

Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ


Расул Ғамзатов

Бүгін аш болған қарын ертең тояр.


Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Білек

Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек...


Ғабит Мүсірепов
Билеуші



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет