“Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”
бет 17/49 Дата 23.10.2016 өлшемі 4,5 Mb. #25
“ Билеуш і – билеуші, ал бағынышты – бағынышты , әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”
Конфуций
Батыл
Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.
Конфуций
Батылдық- қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.
Марк Твен
Көңілді адамдар әдетте ең батыл адамдар, себебі майданда бірінші өледі.
Эрнест Миллер Хемингуэй
Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?
Махатма Ганди
Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.
Наполеон Бонапарт
Дени Дидро
Белгісіздік
Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.
Конфуций
Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып үйрену керек болмақ.
Сенека Луций Анней
Байлық
Мейірімді еркек тойғанша тамақ жеп , бай болуды мақсат тұтпайды. Ол істі көп тындырады, бірақ аз сөйлейді. Ізгі адамдармен әңгімелескенде ол өз кемшіліктерін өзгертеді.
Конфуций
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.
Абай Құнанбаев
Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Алғашқысы жақсы дүние болса, екіншісі сарқылмас байлық секілді
Наполеон Бонапарт
Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады
Әзілхан Нұршайықов
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.
Білге қаған
Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы — нан байлығы.
Ғабиден Мұстафин
Кім көпті біліп, көңіліне түйсе дәулеті артар, игілік оған жар болар, бейнеттен кетіп, зейнетке жетер.
Қадырғали Жалайыр
Денсаулық— байлықтан қымбат.
Джон Рей
Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық.
Эзоп
Байлық — қанағат пен еңбекте.
Ыбырай Алтынсарин
Еңбектің көзін тапқан ,
Байлықтың өзін табады.
Ыбырай Жақаев
Басшы
Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.
Конфуций
Кеме капитаны апатқа ұшырауға қалай жол бермесе, мемлекет басында отырған кез келген басшы дәл солай соғыстан бас тартуы тиіс.
Ги де Мопассан
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.
Білге қаған
Гүл
Әйел адам - гүлмен тең.
Абай Құнанбаев
Гипотеза
Гипотезаны ойдан шығармайды.
Исаак Ньютон
География
География – бұл тағдыр.
Наполеон Бонапарт
География – бұл тағдыр.
Наполеон Бонапарт
Ғалам
“ Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар”
Альберт Эйнштейн
Ғылым
Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.
Альберт Эйнштейн
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
Абай Құнанбаев
Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.
Исаак Ньютон
Алғашқы саяхатшыларды қызуғышылық тартса , келесі ізімен ғылым келеді.
Жак-Ив Кусто
Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым
Ибн Сина
Ғылым - капитан, іс-тәжірбие- жауынгерлер.
Леонардо да Винчи
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана , жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
Әбу Насыр Әл-Фараби
Достарыңызбен бөлісу: