Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет11/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49

Бернард Шоу

(1856-1950)
Ағылшын жазушысы Джордж Бернард Шоу Дублинде сауда қызметерінің отбасында дүниеге келген. Оның анасы музыкадан сабақ берді және ол таланты әнші еді. Үйде араздық үстем құрып тұрды балаларға ұқыптылық пен қарамады. Бірақ есесіне музыка мен жасөспірім құмарта тыңдаған зерделі әңгімелерден кеңділігін байқалмады.

Бала 15жасқа келгенде анасы үйін тастап Лондонға нәпақа табуға кетеді. Болашақ жазушы осылайша орта білім алмастан жер мәселелері мен айналысатын кеңсеге ұсақ қызметкер болып жұмысқа орналасады.

Өзінің орасан зор танымына Шоу өз бетімен қол жкткізеді. Оған университетте оқудың сәті түседі.Орта мектеп өзінің оқытудағы охоластикалық әдісімен денеге қолданылатын жазаларымен және де құрғақ жатаулары мен оның санасында ең ауыр есептеулерді қолдандырды.

Шоудың баспасөздегі алғашқы мақаласы дінге қарсы болды. 1875 жылы Дублин қаласына Нью - Иортен әигілі екі уағызшы евангелист келді. Шоу оларға қарсы Дублиндік Паблик опиньон газетінде сенсациалық табысқа ие болған өткірмақаламен шықты.

1876 жылы 20 жастағы Шоу Лондонға кетеді Ол телефон компаниясында жұмыс табады оның бұдан былайғы өмірлік мақсаты әдеби шығармашылық болады. Ол тыиын - тебен тауып жүреді, нашар тамақтанады, жыртық аяқ киім киіп жүреді, бірақ романдарды бірінен соң бірін жаза береді де оларды баспаларға сәтсіз түрде жібере береді, Кейінірек ол, оның романдарын 60 баспа қайтарғандарын айтқан.

1884 жылы Шоу ерлі зайыпты Уэббтармен бірге «Фабиан қоғамы » деп аталатын ұйымды құрып ,оның жолында насихатшысы болды. Бұл өзіне Карфаген көсемі Ганнибалға жайбарақат күтіп, асықпастан соңында оған батыл соққа берген рим қолбасшысы Фабия Кунктатордың (Шайбасар) есімін алған социал – реформистік ұйым болатын.

Романдарда Шоудың шығармашылық әдісінің өзегі – матындалған идеологиялық ұстанымдарды қулатудың тәсімі ретіндегі парадоксы (тосын пікір) айқындалып шықты. Ол Ибсеннің шығармашылығын жаңа драманың үлгісі ретінде насихаттады.(«Ибсенизм квинтессенциясы сыни этюді)»

Қазіргі заманғы идеялар драмасын құрушы Шоу пікірталас - нысаны тұжырымдады. Оның орталығында - қоғамдың өнегеліліктің өткір проблемаларын қоятын пікірлердің, қарама – қарсы иделогиялардың ңақтығысы жатыр. Шоудың ұнатқан өмірді сергек, елестерсіз қабылдайтын реалистер.

Өзінің алғашқы пьесаларын Шоу «Жағамсыз пьесалар» деп аталатын циклге біріктірді. Осы атаудың өзінен ол буржуазиялық қоғамға батыл қарсы тұрды . Бұл циклға – «Тұл ердің үйінде» (1885) , «Миссис Уорреннің мамандығы» (1894) және «Әйелдерге сүйкімді еркек» (1893) атты үш пьеса енді.

Бірақ, «Тұл ердің үйінде» пьесасы жағымды кейіпкердің пьеса. Бастапқы ой бойынша Сортарнусқа антогонист болуы тиіс Тренч ондай болмайды. Ақсүйек әулетін ұрпағы ол бастапқыда дербестіктің бір шама елесімен жүреді, тіпті бланшқа өзінің адал табыстарына өмір сүруді ұсынады. Алайда ол көп ұзамай осынау адал табыстардың шыққан жері сортарыусытың лашықтары екенін біледі. Олар Тренч апайдың жерінде салынған сондықтан оның жерден алынатын ренталлашықтардың тұрғындары сол жердегі кедейлерден алынады .

Келесі цикл – «Ұнамды пьесалар» оған «Қару мен адам» (1894), «Кандида» (1895), «Тағдыр таңдауы» (1895) және «Тірі болсаң көреміз» пьессалары енді. «Ұнамды пьесалар» астыртын мысқылға толы, себебі біз жеткілікті дәрежедегі батыл сынды кездестіреміз .

«Қару мен адам » (Бізде ол кішкентай шоколадты салдап атауымен белгілі) пьесасындағы оқыға Болгарияда 1886 жылғы Болгар – серп соғысы кезінде болады. Пьесада жеткіліксіз түрде көрсетілген соғыс көріністері мағынасыз қатыгездің тұғысқан халықтар – Болгарлармен серттердің бірін – бірі қыру сезімін туғызады .

«Ұнамды пьесалар» циклындағы Напален І арналған өзге пьесада («Тағдырдың таңдауы») жау Напаленның басқыншылық әрекетін мысқылмен сүреттейді де оның сөзімен Британ имперализмімен оның демагогиялық тәсілдеріне өте жаман сыпаттама береді .

Келесі цикл - «Пуритандарға арналған үш пьеса» «Ібілістің шәкірті» пьесасында Шоудың жағымды кейімкерінің қызықты эволюциясын көреміз. Онда мін шін әнінде екі жағымды кейіпкер бар: Бірі – пастор Антонын Аандерсон болса, екіншісі діншіл пурытанда, «Ібілістің шәкірті» деп атап кеткен жау жүрек бүлікші – Ричард Деджен . Бұл циклдың өзге пьесалары – «Цезар мен Клеопатра», «Капитан Бранбауынтын үндеуі» «Пикмалион» (1913) сөйлеу мәдениетімен жалпылаша рухани даму проблемаларын қақтығысқа нел – отырып, қарапайым халықтан шыққан Элизаның оны бепіл жаргон сөздерінен арылтқан сырттай қарағанда зиялы, тіпті ақсұйек келбетті фонетика профессоры Хиччинстен адамгершілігі жоғары екендігін анықтайды .

«Жүректер жаралатын үй» (1913-1919) атты пьесада Чеховтың ықпалы мен жазылған, оны өзінің сөзімен айтқанда «Орыс тақырыбындағы ағылшындық фантазияда». Шоу билеуші топтардың зиянкестігін, олардың рухани құндылықтарды жоғалтуын мінез құлықтың дарақылығын жоюын әшкерелейді .1925 жылы Шоуға Нобель сыйлығы тапсырылды. Сахнаға бірден енбестен, Шоудың драматургыясы бірте - бірте көпшілікке танымал болып ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте орталық құбылыстардың біріне айналды .

Оскар Уайльд.

(1854-1900)
Дублин қаласында дәрігер отбасында дүниеге келді. Ол Оксфорд университетінде оқиды. Раскинин дәрістерін баяндамаларын тыңдады. 1887 жылы ол өлеңдер жинағын жазды. Оның ұстазы Эмиль Золя болды Ол оның дәстүрлерін зерттеді әрі жалғастырды. Оның шығармалары адамдар өмірі жайлы. Ол өмірде өзінің дұрыс жолын таңдады .

Оның кейбір туындылары мыналар: «Жалғандық өнерінің құлдырауы» (Трактат - 1889), «Бетперделер ақықаты» (Трактат - 1889), «Лорд Артур Севилдың қылмыстары» (Әнгіме), «Жұмбақсыз серсенке» (әнгіме), «Дорян Грейтың портреті» (роман – 1891), «Бақытты ханзада» (ертегі), «Жас карол» (ертегі), «Жұлдызды бала» (ертегі) , «Саламея» (драма - 1893), «Веерледи Уиндермир» (драма) , «Болмашы әйел» (драма) .

Өзінің эстетикалық көзқарастарын Уайльд «Жалғандық өнерінің құлдырауы» (1889), «Каламуш қарындасы және у» (1889), «Бетперделер ақықаты» (1889) секіді мақалаларымен трактаттарында берген .

«Жалғандық өнерінің құлдырауы» трактаты Золяның өткір пікірталас туғызған «Жермынал» романының себебінен жазылған .

О. Уайльдтың кейбір әнгімелері (Лорд Артур Севилдың қылмыстары, «Мистер Энның портреті», «Жұмбақсыз сфинис») оларда соншама кенесін болмағанда реализмге және моралға қарсы теориялардың көрінісі іспеттес болар еді. Мәселен «Лорд Артур Севилдың қылмыстарында бірнеше шіркениетті қылмыстарды жасаған, алайда сүйкімді де тартымды, тамаша атағалы болып қала берген» жас ақсүйек жігіттің хикаясы баяндалған .

1891 жылы О.Уайльд өткір қайшылықталы шығармасы - «Дорян Грейдың портреті» романын жазады. Онда салмайтын жастың шақпен әдемілік үшін ібіліске иманын сатқан адас туралы готикалық романдардың ықпалы сезіледі .

Сол жылы Уайльд ертегілер циклын жарып шығады. («Бақытты ханзада», «Раушан гул мен бұлбұл», «Анардан тұрғызылған үйшік», «Жұлдызды бала»). Мәнерлі поэтикалық форма оларда маңызды гуманистік мазмұнмен үйлесіп жатады. Уайльд адам үшін маңыздысы мейрімділік пе әлде әдемілік пе – міне сыны анықтауға тырысады. Барлық ертегілердегі жауап біреу ғана – мейірімділік, адамдарға қызмет ету әдеміліктен анағұрлым жоғары әрі маңызды болып табылады.

1881 жылы Уайльдтың өлеңдерінің алғашқы шынағы шықты, мұнда ол өзін форманың үлкен шебері ретінде көрсете білді. Өз өлендерінде ол бірқатар жанамасыз әсерлерді, қысқаша, алайда айқын суреттемелердің сериясын беруге тырысты.

Уайльдтың көпшілікке әйгілі бағыттың басшысы ретінде атағы Америкаға да жетеді, сондықтан ол сол жаққа ағылшын әдебиеті бойынша дәрістер оқуға, ал негізінде – «алтын» жастарды атетизмнің құпияларына қатыстыру үшін шақырылды .

«Лор Артур Севильдің» ескі тақырыбын, жағалыз қылмыс тақырыбын О. Уайльд бұл жерде жазбаша турде янағұрлым гуманистік тұрғыда шешеді: қылмыс адамның екінші мұқият жасырылған «менінде» міндетті түрде өз ізін қалдырады.

Романда, зұлымдықтың әдемілігін дәріптелі отырып, тамаша тосын пікірлерді бірінен – соң бірін жаудыратын отаір ойлы арсыз әрі мейрімсіз лорд Генри Уотсон әрекет етеді. Бозбала Дорианды бұзақылық жалға міне сол Г. Уотсон еліктіреді.

О. Уайльдтың анағұрлым декаденттік шығармалы оның «Саломея» атты драмасы (1893). Ол шығарманы әсемдігін айқын көрсету үшін француз тілінде ижазылды. Уайльд мұнда, патшадан орның билегені үшін сыйлық ретінде Иоканаан (Иаанн Креститель) пайғамбардың шабылған балын талап еткен иудей патшайымы Саломея туралы евангелиялық хикаяны пайдаланды

1895 жылы О. Уайльд азғындықта айыпталып сотқа тартылды да екі жыл бойы турмеге қамауға кесілді.

1897 жылы ол ауружан, сағы сынған адам болып шықты. Францияға қоныс аударып сонда үш жылдан кейін ешкім қарамай қойған қайыршылық жағдайда тәубеге келген күйінде қайтыс болды. Оның соңғы шығармалары «Түрмедегі тәубе» және «Рейдінг түрмесінің баладасы» (1898) атты дастаны болды. Мұнда О.Уайльд өзінің өткен өмірімен өзінің істегендерін ой елегінен өткізеді.




Артур Конан Дойл

(1859-1930)
Артур Конан Дойл ағылшын жазушысы, суретшінің баласы, білімі бойынша дәрігер, өзінің Шерлок Холмс жайлы детективті әңгімелері мен әйгілі болды. Ол талдағыш ақылы мен өткір әділеттілік сезімі бар осынау әуэзқой із керушіні ағылшындың ең сүйікті кейіпкері дәрежесіне дейін көтере алды. 1887 жылы оның Шерлок Холмс жайлы алғышқы повесі – «Қып - қызыл өндегі этют» шықты, содан - соң 20 жылдың ішінде оқырмандар асыға күтетін жаңа повестер -«Төртеудің белгісі» (1890), «Баскервил иті» (1901-1907), «Үрей алқабы» (1914-1915) және «Шерлок Холмстың басынан кешкен хикаялары» (1891-1892), «Шерлок Холмс жайлы естеліктер» (1892-1893) атты әйгілі әңгімелер жинағы пайда болды.

Бұлардың ішіндегі ең озығы ретінде «Баскервиль иті» повесін атауға болады. Мұнда детективтін романның шеберлігі романтикалық көркемдікпен және сирек кездесетін психологизммен үйлесіп жатады. Шерлок Холмс, ағылшын полициясына комектесседе, оның тұрпайы әдістерінен де, оның тікелей маң саттары болып табылатын - буржуазиялық тәртіп пен бапйлардың меншігін қорғаудан алыс турады. Ол шынайы адамгершілікті басшылыққа алады, сондықтан оның образында автор өзінің адам ақылы мен мейірімді жүректің күш қуатына деген сенімін көрсетеді. Холметың үнемі жанында жүретін серігі доктор Уотсонды ( әңгіме соның атынан жүргізіледі) Конан Дойль өмірдеректік белгілеріне бөлейді. Оның өзі де дәрігер болған, әрі ағылшын буржуазиясы соғысына қатысқан.

А.К.Дойлдың кейінрек Г. Уэллстың ғылымы фантастикасының ықпалымен жазылған ғылымы фантастикалық повестери де («Жоғалып кеткен әлем», «Уланған белбеу», «Маракот тұнғиығы») назарға лайық. Оларда талантты әрі таңғажайып ғалым, профессор Челенжердің образы қызықты ойластырылған

Конан Дойл сондай - ақ тарихи романдармен Напалеондық офицер – бригадир Жерар туралы әзіл оспаққа боялған әнгімелердіде жазды .

Өмірінің соңғы жылдарында жазушы модаға жаңадан енген спиритуалистик, мистикалық теорияларға беріліп жүрді, міне сондықтанда бұл оның кейінгі шығармашылығында өз ізін қалдырды .

Эрнест Сетон – Томпсон.

(1860-1846)
Канадалық жазушы, суретші – анималист табиғат зерттеушісі . Саут – Шилдста туған . 1879 жылы Торонто өнер коледжын тамамдады. 1896 жылға дейін, Парижбен Нью - Йоркте бейнелеу өнерін зерттеді. Саяхаттап, аңшылықпен айналысты. Негізінен жануарлар жайлы 40 шақты кітап жазды. Сетон Топсон көркем прозамен зоология бойынша ғылымы көпшілік кітаптарды жазды. («Жалғандық нұрдың өмірі» 1883 ж, «Гризмедің өмірбаяны» 1900ж, «Кұмыс реңді түлкінің өмірбаяны» 1909). Өзінің ең басты еңбегі ретінде ол 8 томдық «Жабайы хайуандардың әмірі» атты ғылымы еңбегін атайды (1925-1927). Бұл еңбек биология ғылымы үшін күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Сетон - Томпсон сондай - ақ Канаданың жергілікті тұрғындары – үндістермен эскимостардың фольклорына қызықты. Олардың аңыз әнгімелерін, жырларымен ертегілерін жыйнады. Бірнеше антологияны құрды. Ол өз кітаптарын өзі безендірді .

Өзінің «Жабайы жануарлар, мен оларды қалай білдім» (1898) атты кітабы жайлы Сетон Толепсон оның жаңа бағыттын негізін қалағандығын айтадыда «Мұнда алғаш рет жануарлардың мінез - құлықтарына шынайы түрде сыпаттама беремін» деп түсініктеме береді. Бұл кітап «Адамдар аулайтын тіршілік иелерінің өмірі» атты өзге кітабымен бірге оны көпшілікке танымал етті .

Ол бала кезінде - ақ ағаштан әр түрлі хайуандардың мүсіндерін жасаған. Ал зоология бойынша әр бір кітабына қалай қуанған десеңші. Содан соң оның өзі айгелі зоолог ғалым болды. Канаданың мемлекеттік натуралысты құрметті лауазымын иеленді . Оның ғылымы кітаптары ең жоғары марапатқа алтын медалға ие болды .

Алайда оған атақ данқыты өзге көркем жанрдағы кітаптары алып келді. Бұл кітаптар оны табиғат зерттеушісі ретінде емес дүниедегі барлық жануарларды шексіз сүйетін, олар тұралы бәрін білетін және әрбір оқырманды өзінің танымдарымен, өзінің махабатымен баурап алатын қарапайым адам ретінде танытқан кітаптар болды .

Сетон - Томпсон әр түрлі жануарлармен құстардың әдеттерін егіжей – тегжейм зерттеді. Ол қурлар мен бультерерлер, түлкілер мен койоттар, қояндар мен сары шылымшықтар жайлы жазғанда, оқырмандар болса «автор қандай байқағыш, ол табиғаттің қаншама жасырын сырларын біледі» деп таңырқап жатты. Ол өзінің басқа бір өмірінде бейнебір қарға да, түлкі де, когершін де, қонжық та болып корген секілді әнгемеледі. Ол өз кейіпкерлерінің өздерінен ұяларын қалай салатынын, ұрпақтарын қалай дүниеге алып келетінін, азыты қалай табынатынын, және мұндайда қандай ой - амалдар жасайтынын және өз дұшпандарын қалай алдайтынын бүге – шегесіне дейін білді.

Мұның өзі таңқаларлықтай емес еді: себебі ол ғалым еді ғой. Ол Канада ормандарының тұрғындарын ондаған жылдар бойы бақылады, таңнан таңға дейін биологиялық станциялар мен қорықтарда жоқ болып кетіп жүрді. Өзінің көргендерінің бәрін ол өзінің табиғат зерттеушісінің күнделігіне жазып отырды. Ол әңгімелерді жазуға тіріскенде шаубалары пайдаға асып жатты.

Бұл әнгімелерде зоолог үнемі сезіліп отырады. Сетон - Томпсонның қаһармандары бір біріне ұқсамайды - бұлар біресе алып сұр аю Уэб болса да, біресе «Корольдік Аномастика» деп аталып кеткен қарапайым мысық болсада біресе лорегісіз сары ит Вулли болса да, ақылды түлкі Данино болса да – олардың өмірі шамамен бірдей қалыптасады. Олардың бәрі дүниені таниды. Сепілт және сана - сезімімен онын тәртібіне ыңғайласады. Бәріде сол бірі тасілмен жасайды.

Дәлірегі, үш тәсілмен алдымен ата - бабаларының ғасырлар бойы жинақталған және де түйсікке айналған. Оларды өмірлік тәжірібелері қалыптаспағанша қауіптерден сақтандырып тұратын түйсікке жүгінеді. Содан соң ата - аналарынан, ересектерден үйрене бастайды. Әріне егер де желіккен аңшының оғы немесе күшті әрі тәжіребелі дұшпанымен кездесу оларды сәби кезінде жетім қалдырмаса. Және де орте ме кешке өз білімене, тәжірибесіне күшіне және ептілігіне ең бастысы - қауіп пен бәиспет қай жақтан келетінін білдіріп тұратын өзінің алтыншы сезіміне сүйенетін кез келеді.

Сонда олар үшін бәрі шешіледі. Өмір суру керек пе әлде өлу керек пе? Қалай өмір сүру керек? Ешкіме бағынбастан үйірдің басшысы болып кейде адамнын өзі де қол сұғуға сескенетін иелікті қауіптенбестен аралап жүру арқылы өмір сүру керек пе әлде бәрінен жасынырып үреймен, аштық азабымен, оқтан, у дан, қатігез әрі мейірімсіз дұшпаннан келетін өлімді тосумен өмір сүру керек пе?

Сетон – Томпсонға бүтіндей, ерекше қаһармандар ұнады. Ол даңқы шыққан, аңыздарға енген аңдар мен құстар жайлы әңгімеледі. Уэбтің дене күші - де күміс Таңбаша атты қарғаның данышпандығы да, Телеграф болмаған жазбаларды жеткізіп түрған көгершін Арноның ұшқырлыны осылайша аңызға айналды .

Сетон Томпсонда байсалды сұр аю туралы оқуға болады. өмірден саналы түрде кетті, себебі ол өзінен күш –қуат пен ерік – жігер кетіп бара жатқанын сезді, сондықтан қорлық коргісі келмеді.

Сетон Томпсон оқырмандарды өте күрделі нәрселер деп ойлануға мәжбур етеді. Оның қаһармандары шынында да адамдар секілді: олар да мінез - құлықтары бойынша бір – бірімен шығыса алмайды, кез келген мәжбүрлеу мен әділетсіздікті жек көреді, балаларына үйлеріне біреу қастық жасайтын болса жаужүрек болып кетеді, олар да мейірімді болғанға мейірімді болады. Олардың жағдайы мүлдем мүшкіл болып қалған жағдайда құпия түйсік оларды адамдардан қорған іздеуге итермелейді.

Робиндранат Тагор

( 1861-1941)
Үнді жазушысы әрі қоғамдық қайраткері. Ірі не иесінің отбасында дүниеге келді. Калькуттада оқыды, әдебиет бойынша дәрістерді Лондон университетінде тыңдады. Ол балалық шағынан бастап әдебиет пен онерге қызығын өсті.

1875 жылдан бастап «Генанкур »(«Білім өстіндері») және «Бхароти» («Тіл»), журналдарымен байланыс орнатты. Бұл басылымдарға 1877-1878 жылдары «Ақын хикаясы» атты дастаны, аяқталмаған «қайғыға ортақтасу» романының тараулары, «Қайыршы қыз» атты әңгімесі басылып шықты. Бұл әлі де болса жетілмеген, еліктеген шығармалар болды.

1878-1870 жылдары Тагор Англияда болды, мұнда ол әдебиетпен және музыкамен шұғылданды. Отанына оралып ол үндінің ұмттың әуендері мен Англияда естіген ирландтың халық әндерді үйлестірген «Данышпан Вальмини» (1881) атты музыкалық драмасын жазды. Сол кезде ол, алғаш рет өзінің пантеотік көңіл - күйге толып, Шеллидің музыкасы мен көне үнді әдебиетінің образдарының лебі сезіліп тұратын «Кешкі жырлар » ( 1882) атты, өмірді сүйетін коңіл күйге толы «Таңғы жырлар» (1883), «Бейнелер мен жырлар» (1884), «Диезалар мен бемалдар» (1886) атты өлендер жынағын жариялады. Өлеңдермен оскетизм мен дерексіз пайымдауды айыптайтын « Табығаттың берер жазасы » (1884) атты драмасы үндесіп жатыр.

90-шы жылдары Тагор өзінің ең тамаша әңгімелерін «Маноши», «Алтын қайық», «Ала - құла», «Әнімді жинау», «Түйіршіктер», «Қос қағым сәт» атты поэтикалық циклдарын жазады. Өлендердің едәуір бөлігі сондай - ақ ағылшын тіліндегі «Бағбан», «Тартулар» атты жинағына, «Раджа мен Рани», «Құрбандық», «Фитрагофа», «Малини» атты философиялық драмалар цыклына енді.

1890 жылы ол Еуропаға саяхатқа аттанды - Италияда, Францияда, Англияда болады. 1901 жылдан Цейлонды, Канаданы, Үндіқытай елдерін аралайды. Шеллідің, Браунның, Гетенің, Дантенің, Петрарнаның шығармашыларымен таныса отырып ол өзінің ақындық шеберлігін жетілдіре түседі. 1913 жылы «Қурбандық жырлары» («Гижанфисамі») атты өлендер жинағы үшін Тагорға Нобель сыйлығы беріледі.

Робиндранат Тагордың шығармашылығы Үндістанның отарлық қалғудан оянумен байланысты болды. Бұл ояну Үндістанның ХХ ғасырының ортасында әлемдік аренаға тәуелсіз, бейбіт және қарқынды дамушы дармава ретінде шығумен аяқталды.Ол өз елінде шинеодан тыс жерлерде тарихи өзгерістердің болатындығын өткір сезінде, өмірдегі өзгерістерге қуанды. Оның лирикалық қаһармандары әділеттілік үшін куресте тұлғаның дамуы мен жүзеге шығуының табиғи ынталандыруын көреді, әлемде болып жатқандардың бәріне шейі ол әлеуметтік болсын, мейлі табиғи болсын өздерінің қатыстылығын терең сезінеді.

Рабиндранат Тагордың поэмасы жаңа үнді лирикасының шыңын білдіреді.

Ромен Роллан

(1866-1944)
Француз жазушысы, қоғам қайраткері, музыка танушы - ғылым . Бургундтың Иламси қаласында нотариустың отбасында дүниеге келді. 1881 жылы отбасы Парижге көшіп келеді де Ролланда оқытын мүмкіндік пайда болады. Ол бала кезінен бастап педагог болуды армандады, әдебиет пен өнерге берілген болатын.Студенттік жылдарында олореге жазушыларының шығармаларымен танысады. Л.Н. Толстойдың шығармашылығын зерттейді.

1889 жылы Роллан Париждегі нормальды мектеп курсын үздік бітіріп шығады да Римге аттанады. Онда ол өнерді зерттеуді жалғастырады. 1891 жылы ол Парижге қайта оралады, ол төрт жылдан кейін еуропалық опера тарихи бойынша диссертация қорғайды. Бұдан кейінгі жылдары Сорбоннадағы Нормалды мектеп пен Сорбоннадағы оқытушылық қырыметпен қатар, Раллан уақыттың шығармашышыққа көбірек арнайы болмайды. Ол музыка жайлы көптеген мақала жазады,өзінің алғашқы драмалармен жұмыс істейді.

Ролланның ертегі драммалардың арасында «Сенім трагедиялары» атты цикл ерекшеленеді. Бұл циклға «Қасиетті Людовик» (1897) «Аэрт» (1888) «Уақыт келеді» (1903) пьессалары енеді.

«Сенім трагедияларында» Ролла өз идеалдарына деген шексіз сенім сезімі кернеген «өте қымбат» ерекше адамдарды көрсетуге тырысты. «Қасиетті Андровин» драммасында король Андовик – міне осындай адам. Драммадағы оқиға крест жорықтары кеңінен жатады, алайда мұндай орта ғасырларда реалистік тұрғыда қайта жаңғырту жоқ. Авторды кресшілердің діни миссиясын да қызықтырмайды. Оның мақсаты ерлікке – бастарын тіккен Аюдоаик пен оның жақтастарын (патшайым Маргарита, граф де Брев, темір ұлтасы Квентин,оның Барантера және т.б) опасыз, мансапқұмар, бос кеуде адамдарға қарсы қою.

Роллан «Ревю дар драматик» журналында белсенді қызмет атқарады. («Драмманың өнерге шолу») мұнда ол театр жайлы мақалалар жасып отырды. Мақалаларды 1903 жылы Роллан «Халық театры» деген атаумен жеке кітап етіп шығарды. Бұл кітап сондай – ақ «Идеализім зәрі»(1903) атты мақаласы Ролланның айрықша эстетикалық бағдарламасына айналды.

ХІХ ғасардың соңында Роллан Ұлы француз ревалюциясына арналған «Қасқырлар» «Дантон» (1899) « Сана сезімнің салтанатты құрауы» (1899), «Он төртінші шілде» (1901) және басқа бір кезеңде жазылған «Махаббат пен өлімнің ойыны» (1924), «Робесьвер» (1939), атты драмалар циклымен жұмыс істейді.

Циклдың алғашқы «Қасқырлар» атты драммасы әділеттілік және азаматтық парыз идеяларының қақтығысуында құрылған негізгі шапшалдың дерексіздігілек «Сенім трагеяларына» жақын тұрады. «Дантон» драммасында 1794 жылғы оқиғалар бейнеленген. Революция мунда аррационалды бейбірекет нарожердің жасап жариялауы ретінде ашып көрсетілген, сюжеттік қақтығыстардың ортасында революциясы дамуымен бірге келген әділетсіздіктер, қайраткерлер, құрбандықтар пайда болды.

«Бетховеннің өмірі» (1903) ұлы адамдардың өмірбаянының сериясының бастамасы болып табылады. Содан кейін «Микеланджелоның өмірі» (1906) «Полетойдың өмірі» (1911) сериялар шықты.

Роллан өткен роман мен өз заманының музыканттары туралы бірқалыпты еңбектер жазды. («Өткен заманның музыканттары»,1908; «Біздің заманымыздың музыканттары,» 1908; «Гендель», 1910 және т.б). Бетховенның шығармашылық өмірбаянын зерттеуге Роллан үнемі бет бұрып отырды.

10 жылдық «Жан - Кристоф» роман – экопеясы (1904 - 1917) Ролланға әлемдік даңты алып келген оның басты шығармасы. Ол ерекше бір «роман – ағымды» білдіреді: Францияда бір ғана қаһарманның өмірінің тарихын баянтайтын көп томдық роман жанырын осылайша атайды. Неміс музыкантыныңобырызында деекатизм мен күресте қалыптасатын «нағыз адам», шығармашылық данышпан туралы өз арманын жүзеге асырды.

Ерекше ойластырылған орасаң зор әңгіме шығарма үдерістің құпияларына бойлай отырып, қаһраманның рухани өмірбаяны мен ХХ ғ Еуропанның жергілікті публицистикаға қаныққан кең әлеуметтік көрінісін үйлестірді.

1913 жылы «Кола Брюньон» повесі жазылды (алғаш рет 1919 жылы жарияланды).Француз әдебиетінің көптеген шығармаларында пемимисттік көңіл күйі басым болған Соғыс алдындағы жағдайда жазылға бұл повест өзінің оптимизмімен таң қалдырды.

Повесте қым – қиғаш кезеңдегі мәдениетің, өнердің тағдыры «Ойлау мен әрекетің», шығармашыл тұлға мен халықтың өзара қарым – қатынасы проблемалар қойылады. Оқиға ХVІІ ғасырдың басында Бургундияда діни соғыстардың дүрбелең кезеңінде өрбиді. Повестің қаһарманы ағаш оюшы шебер табиғи артисттік дарыны бар төменгі топтардан шыққан халық рухының келбетті иікпейтін, күлдіргі, кез – келген қиын – қыстау кезеңдерде өлмес қайсарлық таныта алатын Кола Брюньон. Повестің еңбекті шығармашылық ретінде тұжырымдайды, еңбекші халықтың күш – қуаты мен оның белсенді тарихы әрекетке деген қабілетін дәріптейді.(«Шыда, шыдайгөр төс. Төс болып тұрғаныңша шыда. Балға болғаныңда ұрасың»)

Ролланның Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі негізгі көркем шығармасы - «Таңдаған жан» (1922 - 1933) романы. Романның қаһарманы Аннета Ривьер әйелдің жаңа тұпатын (типін) бейнелейді: ол өзінің жеке, өз алдына еңбек етуге және толық қанды азамат ретінде өмір сүруге деген құқығын қорғайды. «Аннета пен Сильвия» (1921), «Жаз» (1923) атты алғашқы кітаптарында Роллан Аннета Ривьердің «дауыл» уақытымен сәйкес келетін дербес өмірінің басталуын бейнелейді «Ана мен бала» (1926) кітабында Аннетаға соғыс оқиғаларының ықпалы көрсетілген. Роллан «Шөл Кристофердегідей» Францияны онда тұратын әртүрлі сословидегі бастары бірікпейтін адамдарды білдіретін «бір үйдің өмірін» бейнелейді. Шовенизім өрті бәрін дерлік шарпыған. Аннета «Соғыс пен бейбітшілік мәселелері жөнінде» ешқашанда бас қатырып көрген емес соғысқа дейін ол «өзінің дара қылығының тар қапасында қамалып қалған болатын». Германиядағы гитлерлік төңкерістің қарсаңында жазылып болған Рома азаматы фашизімнің қауіпінен сақтандырады.



Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет