Генрих Гейне
(1797-1856)
Неміс ақыны публицисті әрі сыншысы. Дюлсельдорфта қарапайым отбасында дүниеге келді. Білімді Бонн Гетинктен университеттерінде алды. Гекелдің дәрістерін тыңдады. ХІХ-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап баспа сөздерде туындылары шыға бастады. Осы жылдары жазылғандары «Жырлар кітабына» (1827) және прозалық туынды «Санернома беинелеріне» енді
«Жырлар кітабы» - «Жастықшақтың азабы» Лирикалық интермедия; «Отанға оралу», «Жастық шақтық» (екі бөлімнен тұрады), «Солтүстік теңіз» деп аталатын би бөлімінен тұрады.
Бұл лирикалық өлеңдердің жинағы, олардың арасында халықтық жыр стилінде жазылғандары басым. Өзге өлеңдері А. Пушкин мен С. Есениннің лирикасын еске түсіреді «Жырлар кітабы» саяси және қоғамдық бақытсыздыққа ұшыраған қарапайым замандастың көзі ашық тарихы. Ол махаббаттан, отбасынан үміт күтеді, бірақ мұнда да ол әлеуметтік теңсіздіктен жеке шегеді. «Жыр мен кітабының» өлеңіне әнді көрнекті сазгерлер жазды.
Гейненің «Сапарнама бейнелері» (4 – бөлімнен тұрады 1826 -1831) оның саяхатта жүріп көргендері мен естігендерін бейнелейді. Бұл сол уақыттағы Германия мен Еуропаға өткір ой мен шолу жасау. «Сапарнаша бейнелері» Гейненің әдеби мәнері қалыптасады. Біздің көз алдымызда қатып қалған, артта қалған «жеміссіз білімпаздығымен Германия тұрады. Парнаршілер құпия әрекет ететін Италия жан ашарлық сезіммен бейнеленген. «Сапарнаша бейнелерінде» ерекше рөлде Англияға арналған бөлімдер ойнайды.
1830 жылғы шілде төңкерісі Гейненің жеке тағдырын өзгертті. 1831 жылы ол Францияға кетіп, өмірінің соңына дейін саяси элигрант болып сонда қала береді. Осы уақыттан бастап ол өзінің ерекше парызы ретінде Франция мен Германия арасындағы идеялық ағайындық деп есептейді. Мұнда ол француздың саяси өмірдің хпонинасы мен талдауы басып табылатын өзінің «Франция істері» (1832) және «Мотеция» (1840 – 1847) атты шығармаларын жазды. «Франция суретшілері» атты очерктері мен «Франция сагенасы туралы» хаттарында Гейне өзін шебер көркем сыншы ретінде көрсетеді. Гейненің «Романтикалық мектеп» және «Германиядағы дін мен философия жайлы» атты шығармалары француздарға оның отанының өмірі мен мәдениетінтаныстырады.
Оны Фурьенің әсіресе Сен - Симонның адамзаттық жарқын болашағы туралы идеялары еліктірді.Бірақ утопияшылардарға қарағанда Гейне саяси күрестің кәміл сенген жақтаушысы болды.
Гейне отанынан жырақта жүргендігінен көп қуғынға ұшырау, отанға, туған тілге деген сағыныш сарына оның өлеңдерімен публийстикасында жиі шақырылады. 1844 жылы ол «Германия қысқы ертегі» атты дастанын жазады. Мұнда ол демократияның ең зұлым дұшпандары ретіндегі ұлтшылдық пен митаризмді масқаралайды.
1846 жылы Гейне ауыр науқастан төсек тартып жатып қалады. 1851 жылы Гейне өлеңдерінің кітабы «Роианаро» шығады. Бұл кітаптағы қайғы - мұң мен мысқыл жеке басты себептерінен және Еуропадан буржуазиялық демократияның ұзақ жылдардан бері күткен үміт - елесін жар қылған 1848 жыылғы төңкерістің сәтсіздіктерінен туындаған.
Виктор Гюго
(1802-1885)
Француз жазушысы Безансонда туған. Әдеби қызметін ерте бастаған. Он бес жасында оның өлеңдері Француз академиясының сыйлығына ие болады. Жиырма жасқа жетпей - ақ ол өлеңдерінің алғашқы жинағын шығарады. 1841 жылдан бастап Француз академиясының мүшесі. Наполеонның кезінде генералға дейін көтерілген француз армиясы офицерінің баласы. Қасиетті Людович мүшесінде оқыды. Мектепте оқып жүрген кезінде - ақ өзінің классицизм рухындағы арнау өлеңдері үшін әдеби байқауларда шарапатқа ие болып жүрді. Алғаш жыр жинағы – «Арнаулар мен әртүрлі өлеңдері» (1822). Алғашқы романдары – «Ган Исландық» (1823), сол кездегі көпшілікке таралған романдар рухында жазылған «Қорқыныштар сыры» және «Бюг Жаргаль» (1826), мұнда Гюго көтеріліске шыққан негірлердің көсемін қаһарандыққа бөлейді.
1825–1828 жылы «Шығыстың сарындар» жинағында жарияланған өлеңдерінде Гюго шығысқа үн қатады. Бұған оны романтиктерді баулап алған әсем экзотика ғана емес, сонымен бірге гректердің түріктерге қарсы ұлт - азаттық күресіне деген ортақтауда еліктірді.
Драманың ортасында ағылшын бртуазиялық ревалюцияның көсемі «Крамвел» (1827) тұр алайдак маңызды рөлді драма емес, демократиялық көңіл күйдегі рамантиктердің эстетикалық манисресі болған ондағы «Алғы сөзі» болды. Мұнда Гюго драматургиялық шығармашылықтың толық бастандығы үшін сөз ала отырып жаңа романтикалық драматургияның қағидаларын қорғады. Осы қағидалардың ноиемдік тұрғыдан жүзеге асырылуы оның драматургиясы болды. Гюгоның нағыз жеңісі эрани «қайшылығы болды. Бұл жаңа мектептің жеңісімен аяқталған «романтиктердің класиктермен әйгілі күресіне белгі болды. Өзінің драмаларында Гюго сахнаға жаңа қаһармандарды құқықсыз шеттетілген алайда жандары жайсан әрі текті жандарды шығарды («Марион Делори», «Кароль забавляетция», «Рюи Блаз»)
«Бургграфтар» драмаларының алғы сөзінде Гюго былай деп жазады: «Идея болып табылмайтын көріністі ионшілікке ешқашан да ұсынбау керек. Театр ойды топтың нанына айналдыруы тиіс. Гюго үлкен аудиторияның назарына ие болуға оның белгілі бір қорытындыға алып баруға тырысқандай болды. Өзіндік ерекшелігі бар шешендік әдістер, әртүрлі тарген философиялық шолулар міне осыдан келіп шығады.
Гюгоның алғашқы елеулі романы «Паринг құдай анасының соборы» ХVғ-ғы Паритдің өмірін қайта тірілтеді Собордың «Ымырт бейнесі» романда адамды ғасырлар бойы каталицизімнің қорқынышты символы ретінде көрінеді
Республиканы Екінші империяға айналдырған напомонға қарсы шыққан Гюго қуғынға ұшырады қуғында өткізген он тоғыз жылы Гюгоның шығармашылығының гүлденген кезеңі болды.
ХІХ-ғ-ң 60-шы жылдары Гюгоның жаңа тамаша романдарының пайда болған кезеңі болды. Олар «Шеттетілгендер», «Теңіз еңбекшілері» «Пүлік жүректі адам» бірінен соң бірі пайда болды. Әлеуметтік тақырыптың үні оларда барған сайын күштірек әрі табанды түрде шыға бастады
«Шеттетілгендер» романында Гюго Напомонның Ватерлоо түбіндегі құлауынан бастап 1832 жылы Шілде монарпиясына қарсы Парини көтерілісін басып жаншуға дейінгі кезеңдегі француз қоғамының әртүрлі топтарының өмірін беинелейді. Өз қаһармандары аш балалары үшін бөлке нан ұрлағаны үшін кадырға түскен жұмыссыз жігіт пен өз баласының өмірін құтқару үшін тәнін сатуға мәжбүр болған жас тігінші келіншектің тағдырлары жайлы айта отырып, Гюго қылмыс пен қайырымшылықтың қоғам жағдайының болмай қоймайтын салуары болып табылатындығын көрсетеді.
«Теңіз еңбекшілері» романының ортасында адамның табиғат күштерімен күресі тұр «Теңіз еңбекшілерінде Гюго ерекше формада пайдакүнем бртуаның қанаушы әрі косманалиттің жиркенішті келбетін көрсете отырып еңбек пен капиталдың арасындағы қарама қайшылықты өзіндік ерекше бір формада беинеледі
«Ғасырлар аңызы» (1859, 1877 және 1883 ж.ж үш серия болып шықты) тарихи аңыз әңгімелердің көлемді лиро - эпикалық жинағы. Мұнда Гюго антикалық және орта ғасырлық образдарды қайта тірілтеді. Адамзаттың біртіндеп даму бейнесін беруге тырыса отырып, Гюго оны қараңғылықтан жарыққа қарай жақтамайтын қозғалысы ретінде суреттеді. Ол отынның ұлы оқиғаларын жырға айналдыруға тырысады.
Суреттер ретінде өзінің дамуының соңғы кезеңінде Гюго «Қаһарлы жыл» деп аталатын өлеңдер жиынтығы мен «Тоқсан үшінші жыл» атты романын жазды «Қаһарлы жыл» жинағында Гюго, соғыс бастаған 1870 жылдың жазынан бастап Парижде әскери трибуналдардың мыңдаған адамды жендеттердің қолынан болатын тез өлімге немесе отарлардағы каторгадан болатын баяу өлімге қиған жаппай жағалау соттарын жүргізген 1871 жылдың жазына дейінгі кезеңде оның елінде не болғандығын ой елегінен өткізуге тырысты.
«Тоқсан үшінші жыл» Гюгоның француз халқына, француз әдебиетіне қалдырған өсиеті болды.
«Тоқсан үшінші жыл» -жазушының 1870 жылы франно - прусс соғысы мен 1871 жылғы Париж комунасы оқиғаларына берген тікелей бағасы деп есептеледі.
Романның негізі Гюгода 1866 жылдың басына қарай айқындалды. 1867 жылдың басында ол өзінің тілшілерінің біріне, өзінің «ең басты бастамасы» террор туралы роман болып табылатындығы туралы хабарлайды. Бірақ романың түпкі ойы Гюгода түпкілікті түрде франно-прусс соғысы мен Париж коммуналынан кейін қалыптасты.
Туындының алғашқы беттерінен бастап біз 1793 жылдың эпикалық-ауқымды ахуалына революциялық күрестің шарықтау шегіне жеткен кезеңіне шоламыз, Республика өз күштерін барынша пайдалана отырып ішкі және сыртқы жауларымен күреседі. Елдің солтүстігінде Вандейде контрреволюциялық биліктің оты лаулап жатты. Гюго роман сюжетінің негізіне революциялық Париждің осы көтеріліспен күресі эпизоттарының бірін алады. Революцияның «Ұлылығы мен адамгершілігін» контрреволюциямен аяусыз күрес жүргізіп жүрген, алайда сонымен бірге шынайы жанашырлық таныта алатын, шаруа әйел Флинардың балаларына әкелік қамқорлықтарын жасайтын «Қызыл бөрік» батальонының солдаттары көрсетеді.
Гюгоның өзге шығармашылығындағыдай «Тоқсан үшінші жыл» романында біз кездестіретін оптимистік үн, жазушының адамзаттың үдемелі қозғалысына деген (осы жолдағы қасыретті қарама -қайшылықтарға қарамастан) берік сенімде болуы осы күнге дейін тебірентпей қоймайды.
Александр Дюма
(1802-1870)
Француз жазушысы (Дюма әкесі) республикашыл генералдың баласы. Алдымен натариустың қолында Ширк болып, содан соң герцог Орманскидің (болашақ Француз королі Лун Филипптің) хатшысында жазғыш болып қызмет етті. 1830 жылғы Шілде революциясына қатынасты.
Әдеби қызметін драматург ретінде бастады. («Аңшылық пен Махаббат бадевилі 1825ж) Дюмаға табысты француздың алғашқы романтикалық драмаларының бірі болып табылатын оның «Генрих III ші және оның сарайы» атты драмасының қойылымы алып берді. Дюманың ең әйгілі пьесалары - «Антони»(1831ж), «Нель мұнарасы» (1832ж), «Кин» (1836ж). Оның драматургиялы - романтикалық театр тарихындағы елеулі құбылыс.
1835ж Дюманың алғашқы тарихи романы «Изабелл Бавареная» жарияланды. 40-шы жылдарда Париж газеттерінің фельстондары ретінде Дюманың атақты тарихи авантюралық романдары: «Үш ноян»(1844ж), «Жиырма жылдан кейін»(1845), «Винонт де Бражелон»(1848-1850)(бұлар басты қаһармандар. Атостың, Портостың, Арамис пен Д.Артаньянның ортақтығымен байланысты трилогияны құрайды); «Королева Марго» (1845), «Графиня Монеоро» (1846), Генрих Наварский туралы трилогия-«Қырық бес» (1847-1848) бірінен кейін бірі пайда болады. Өз заманынан алынған «Граф Монте Кристо» (1845-1846) атты шым - шытырыққы толы романы да өте қызықты.
Дюманың әдеби мұрасы орасан үлкен: романдар мен пьесалардан басқа ол естеліктерді, сапарнама очерктерін жазды. Бұлардың арасында қатерлерге толы, алайда Ресейге деген жылы лебіздегі,1858 жылғы Ресей сапарының сипаттамасы («Парижден Астраханьға») ерекшеленеді.
Дюма - коптеген өзге жанрлардағы (аспазшы кітабына дейінгі) туындылардың авторы. Ол көптеген қызметкерлерінің көмегін пайдаланды, алайда ең көрнекті туындыларды жолаудағы шешуші рол, әрине оның өзіне тиесілі.
Дюмада шым - шытырықтар романтикасы көбінесе көңіл жадырататын сипатқа ие. Көптеген туындыларда тарихи материалға еркін қарау орындалған. Маңызды тарихи оқиғаларға жиі түрде жанжалдар себепші болып жатады.
Дюманың ең тамаша романдарына қызықты мида дамитын көрініс, шатық өмірге деген белсенді көзқарас тән. Оның жігерге, батылдыққа, тапқырлыққа, сәттілікке толы қаһармандары кез-келген кедергілер мен шиеленістерді жеңіп, салтанат құрып жатады. Бұл Дюманың туындыларын көпшілікке барынша әйгілі етті.
Проспер Мериме
(1803-1870)
Француз жазушысы. 1845 жылдан бастап Француз академиясының мүшесі. Суретші отбасында дүниеге келген. Оның өзі де тамаша суретші және акварелші болды. XVIII ғасырлар ағартушыларының атеизмі мен иатериализмі рухында тәрбиеленді. Лицейде білімді құқық саласынан алды. Экзотикалық елдерге деген романтикалық қызығушылық Мерименің алғашқы шығармалары болып табылатын - «Клара Гасуль театры» (1825) атты пьесалар жинағында бағасын алды. Мерименнің екінші кітабы - «Гузло жинағы»(1827), илмериялық халық жырларының тақырыбына мистификация. Бомкан фольклорының ескерткіштерін зерттеу Меримеге халық шығармашылығына жақын туындыны жасауға және тіпті А.С.Пушкин мен А.Мицкевичті адастыруына мүмкіндік берді. Пушкин «Гузианың» бірнеше балладасын өзінің «Батыс славяндар жырына» бейімдеді.
Мериме Францияның өткен тарихына үңіледі. «Жанерия» (1828) драмалық хроникасында XIV ғасырдағы шаруалар көтерілісі жайлы, ал «Карл IX ның патшалық құруы» атты романында XVI ғасырдың екінші жартысындағы гугеноттар мен католиктердің күресі жайлы айтады. Романтиктердің тұлғаның тарихтағы рөліне деген көзқарасын жақтамастан Мериме негізгі қозғаушы күш қалың бұқара деп есептейді.
Кейінірек «Мозанка» жинағына кірген 20-шы жылдарындағы новеллаларды Мериме «Матео Фальконе», «Таманго» секілді өркениеттің бүлдіруші ықпалы тимеген күшті де заманының шындығы, екі жүзділік адамның биік адамгершілік қасиеттеріне қалай нұқсан келтіретінін көрсететін «Этрусекілін құшыра» атты Новеллада көрініс тапқан. Қоғамның ақшаға негізделген мағынасыздығы мен екі жүзділігі «Қосарланған қателікте» зәрлі мысқылмен көрсетілген. Буржуазиялы моральдың тұрпайылау, алайда оған қарағанда әділеттілеу адамгершілік нормалармен және дәстүрлермен қақтығысы - «Коломбыда» және «Каршенде» көрсетілген. 30- 40-шы жылдардың прозасы - навеллашы Мерименің шеберлігінің шыңы болып табылады.
1848 жылдан кейін Мерименің әдеби белсенділігі төмендеп кетті. 20-шы жылдың ішінде ол бар болғаны 3 пьеса және 3 новелла жазды.
Бұл жылдары Мерименнің орыс әдебиетіне деген қызығушылығы арта түсті. Ол Вяземскиймен, Тургеневпен танысты, орыс тілін үйрене бастады. Мериме Пушкинді («Қарғаның мәшкесі» және т.б.), Гогольді (Ревизор» және т.б.), Тургеневті француз тіліне аударды. Гоголь Тургенев, Пушкин туралы мақалаларында Мериме орыс әдебиетінің гүлденуін француз әдебиетінің жұтаңдануына қарсы қоя отырып, оны зор ынтамен насихаттады. Мериме орыс тарихы бойынша «аласапыран кезеңге», Степан Разиннің көтерілісіне, Богдан Хмельницкийдің қызметіне, Петр I нің қайта жаңартуларына арналған бірқатар еңбектер жазды.
Мериме хат түрінде көлемді өсиет қалдырады.(5000-нан астам хат) Мерименің сюжеттеріне пьесалар, сазды комедиялар (соның ішінде Ж.Визенің «Кармені») жазылды, ал кейінірек фильмдер де түсірілді.
Чарльз Динккенс
(1812-1870)
Малайдың немересі Шенеуніктің баласы Чарльз. Диккенс отбасындағы алты баланың екіншісі болды. Он екі жасынан бастап жалғыз өзі, уәкіс дайындайтын фабрикаға барып жұмысқа орналасады. Ол жерде ол көп тұрақтамады, алайда сол кезеңді азапты сынақ ретінде біржолата есінде сақтап қалды және де мұны ол балалардың да күніне он - он екі сағат жұмыс істегенінен емес, ең алдымен ол кішкентай. Диккенс зат белгі жапсырған банкілер болды. Бұл ол үшін кітаптарды, суреттер мен музыканы алмастырған мектеп болды. Әр жексенбі сайын ол түрмедегі әкесіне барып тұрды. Ол борыштары үшін қамалған болатын, ал оның бала - шағасы күн көріс қаражатынсыз қалған еді.
Әкесін көп ұзамай ол жерден шығарып алды, алайда отбасы үнемі апаттың шегінде, ал оның өзі (әкесі) болса, үнемі түрменің табалдырығында тұрды. Егер де баласы сол уақытта жазушы болмағанда ол сол түрмеге қайтадан түсер еді. Бірақ жазушы болмастан бұрын, Чарльз Деккенс он бес жасынан бастап адвокаттың кеңсесіне жазғыш болып жұмысқа орналасты. Біршама уақыттан кейін Стенограуяны зерттеп алып, алдымен орналасты. Міне осыдан бастап ол өз күшін журналитикада сынай бастады.
Деккенстің жас шағынан бері еріксіз түрде мұқият бақылап келген өмірдің ұсақ түйектері, көшедегі көріністер, жастары мен әл-ауқаты әртүрлі адамдар. Оның жазған шығармаларында ашық, есте қаларлықтай дәрежеде пайда болды. Қырағы баспагерлер мен редакторлар жас авторды бірден байқайды. Міне содан соң Чарльз Деккенс тапсырыс алады, алайда ол оны тапсырыс берушілер зиян көрмейтіндей етіп қайта өңдеп өзгертті.
«Пиквик клубының өлімінен кейінгі жазбаларының» алғашқы шығарылымдары («Пиквик клубы» жалғасы мен шағын брошюралармен басылып шыққан болатын) оқырмандардың ерекше назарына іліге қоймайды. Есесіне бесінші шығарылымда жарылыс болды да таралым көбейе берді: әңгімеде аңшылық хикаяларға ешқандай қатысы жоқ тұлға пайда болды, алайда оны таныды. Бұл бірден түсініп кете қоймайтын қарапайым Лондондыққа тән сөзбен сөйлейтін, өмірдің кез - келген сәтінде «Мысық тотықұсты тордан шығарып алып құйрығынан сүйрей жөнелгенде – ал кетсен кеттік» деп айтыпты. Деген секілді мүлдем ерекше әзілдері бар мистер Пиквиктің Сэм Уэллер атты қызметшісі болды.
Өмірге көзқарастың стилі ретіндегі пиквикизм жігерлі қолдауға ие болды. Роман, бұған дейін кітап әлемінде бұрын соңды болмаған табысқа кенелді. Ал Диккенс болса, әдебиетші ретінде танылып қана қоймай, оның пәтер жалғауға да (ол бұл кезде үйленіп те қойған еді), әкесін борыштық кіріптарлықтан құтқарып алуға да мүмкіндігі пайда болды.
Содан бастап өмірінің соңына дейін Диккенс үшін жұмыс істеудің стилі мен жылдамдығы өзгеріссіз қала берді. Бір еңбегі жұмыс үстінде болса, екіншісі журнал бетінде немесе жеке таралым болып басылып жатады, ал үшіншісі болса, жеке кітап болып шығып жатады. Алайда мұндай жылдамдыққа қол жеткізіп алмастан бұрын, ең болмағанда бір нәрсені аяқтап алу үшін кідіріс қажет болды. Ал жұмыстан бас тартпауға итермелейтін сол заманғы қағида бойынша қамын жасаған Диккенс болса, жаңа тапсырыстардың бәрін бірдей үш романнан қарыз болып қалды. Оның өзіне де борышкер болып қалудың қаупі төнді. Кәсіби жазушыда болатын табыспен бірге келетін шығынды да, оның ащысы мен тұщысын да ол басынан кешірді. Ол осылайша, бәріне танымал, бәрі жақсы көретін жазушының рөлін үздіксіз атқара отырып, зорығып дүниеден озды.
Бір баспаның өзге екі баспадан сатып алған «Оливер Твестің басынан кешкендері» атты романда Диккенс ақыр соңында аяқтап шықты. Роман 1837 жылы журналға басылып шыға бастады. Ол өзінен бұрынғы және бұған дейін де бүкіл дүние жүзіне әйгілі болып қалған «Панвик клубының өлгеннен кейінгі жазбалары» романының табысын бөлісті.
Өзінің «Николас Никльби» атты үшінші романында енді кедейлерге арналған пананы да, ұрылар ұясын да емес, жабық пансионды сипаттады. Диккенс қызмет еткен және оның тарапынан аты жасырын пансионды тауып алып жауап тастайтындай етіп сипаттады. Ал кейбір тарихшылардың пікірі бойынша бекер жауап тастаған, себебі Диккенс бәрі бір де пансионға кірмеген, ал бұл пансион болса, өзгелерінен жаман болмағаны түгілі олардан анағұрлым жақсы болғанға ұқсайды. Онда тіпті жерлеуге де ақшаны Диккенсте көрсетілгеннен де көбірек етіп, бүкіл рацион үшін ақша төлегендей етіп жұмсаған. Сондықтан - әсірелеп жіберу қара бояуды қоюлатып жіберумен бірдей. Есебіне Диккенс жер астында өлген балалар туралы жақ ашпастан балалар еңбегінің жаздайын қаншама көрсеткен.
Диккенс кемелденген шығармашылығына «тәрбиелік романға» жақындай түскен «Домби және баласы» (1848) және «Девид Копперфилд» (1850) атты екі романы жатады. Мұның біріншісінде Диккенс қатыгез меншік иесін көрсетеді, оның жан дүниесіндегі фирманың гүлденуіне деген ұмтылыс барлық адамгершілік сезімдерді ығыстырып шығарады. Екінші роман өмір деректік болып табылады, себебі ол өзінің бірқатар тұстарында Диккенстің өз өмірін еске түсіреді.
Тарас Шевченко
(1814-1861)
Тарас Григорьевич Шевченко – украин жазушысы. Оның «Тарас Бульба» атты әңгімесі бізге мектеп қабырғасынан белгілі.
«Егер мен өлсем, Украинада жерлеңдер»-деп өтінді жазушы.
Ол өз отанын өте қатты сүйді. Ол бостандықты мадақтай отырып, оның болашағына сенді.
«Кобзарь» жинағы үшін Шевченко Маңғышлақ түбегіне айдалды, ол жерде ол жауынгер болып қызмет етті.
«Кобзарь» - ақынның басты кітабы, міне осылай аталады, бұл оның бүкіл қасіретке толы өмірінің үні іспеттес. Ол кейінгі ұрпақты ар - намыс пен мейірімділікке, перзенттік парызға берік болуға үйреткен дана ұстаз болды. «Кобзарьдың» өлеңдері бүкіл халықтың рухани өрлеуі мен адамгершілік келбетінде көрініс тапты. Олар көбінесе оның әлеуметтік және ұлттық сана сезімінің деңгейін айқындай берді.
Шевченко поэзиясының шарықтау шыңы – адамзаттың ілгері болуының оның әл - ауқаты мен бақытының алғашқы әрі мызғымас алғы шарты – бостандыққа арналған гимн. «Еркіндік» сөзін ақын ең қымбат эпитеттермен айтады. Көптеген өлеңдердегі басым көңіл - күй жоғалған, бостандыққа деген сағыныш және соған, «қасиетті бостандыққа» қарай ұмтылу.
Оянғанда ақиқат, оянғанда еркіндік.
Сені енді о Ұлылық
Ұлықтайды мәңгіге
Жер бетіндегі бар халық
Тарас Шевченконың ұнатқан қаһарманы - туған өлкенің қорғаны, халық ақиқаты мен абыройын бойында жинақтаған, халық батыры, бүлікші - гайуамак запаралдық казак.
«Кавказда» да және үздік сатиралық жарқылмен, өткір оймен және еркін қиялмен жазылған «Түс» дастанының көркем образдарында да, «Делқұлының», «Неофиттердің», «Күпірдің» батыл өлең жолдарында да, «Архимед те, Галилейде..», «Қанды шинкарьлардың патшалары» сенімді өлеңдері мен өзге де жалынды өлең - ғибадаттарымен өлең - толғауларында және сәуегейлікке толы жыр жолдарында да халықтың мұң - зары буырқанып жатты, самодержавке билігі басып жаншыған қуатты күштердің жер астынан шыққан зор дүмпуі айқын сезіліп тұрады.
Кобзарьдың сөзі (Украина өз ақынын осылай атаған) күні бүгінге дейін баурап алатын сиқыр күшін жоғалтпай келеді. Мұны бәрі, осы сөздердің мәңгі жасайтын ойлардан және халықтың ақиқатында адамзаттың мәңгіге сөнбес үміттерін жан дүниесімен сезінуден туындағандықтан түсіндірілсе керек.
Салыстырмалы түрдегі бостандық ұзаққа бармады. 1847 жылы Украинаға бара жатқан жолда Тарас Шевченко тұтқындалды. Жандармдардың қолына оның жаңа өлеңдерінің қолжазбалық жинағы түсті.
Олардың қолдауының нәтижесінде Шевченко Бутаковтың әйгілі экспедициясына суретші лауазымына бекітілді, сондықтан ол аракідік жергілікті ауылдарға барып тұрды. Оның дала адамдарына деген ыстық лебізін білдіретін, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия аумағын мекендеген халықтардың адами сипаттарын, дәстүрлерін бояумен немесе қаламмен әсерлі етіп бейнелеген еңбектері міне сол кезде пайда болды.
Ақынға оның шығармашылық шыңдарынан әртүрлі уақыттар мен халықтар ашыла берді. «Кобзарьда» ұрпақтардың рухани қазынасы жинақталғандай, онда адамның, жеке бастың қасіретінің ар жағында жалпы адамзаттық қасірет жатыр.
Гюстав Флобер
(1821-1880)
Гюстав Флобер хирургтің Руан ауруханасының бас дәрігерінің отбасында дүниеге келді. Оның балалық шағы мен балдәурен кезеңі романтизмнің гүлденген шағына тұспа - тұс келді. Ол он бір жасынан бастап өлең шығаруға тырысты. 1840ж лицейді бітірісімен Парижде заң факультетіне оқуға түседі.
1848-1849 жылдары Флобер «Қасиетті Антонийдің азғырылуы» атты прозадағы философиялық драмалық дастанын жазды. Мұның соңғы нұсқасы 1822 жылы жазылды. Мұнда оның өзінің пантейістік- материалистік дүниетанымын, өзінің ғылыми білім әулетін діни мистика мен схоластикаға қарама - қарсы қоюға деген қажеттілігі жүзеге асты. Дастанда алғаш рет Флоберге тән білімдарлық байқалды. Көзқарасы бойынша атеист бола отырып, ол өзін мұнда теологияның қыр - сырын меңгерген білгір ретінде танытты.
Жас кезінеде Флобер Бретаньды жаяу көп аралады, Италияға, Пиреней түбегі мен Корсина аралына, Мысырға, Шығыстың өзге де елдері мен Гренияға саяхат жасады. Флобердің сапарнама естеліктері кейінірек оның шығармалар жинағына енді.
Оның хат түрінде жазылған (эпистолярлық) мұрасы - француз әдебиетінің қазынасы. Өз шығармашылығында Флобер орасан зор қайсарлығымен ерекшеленді. Үстелге кемелдікке деген аса зор құмарлықпен байланған ол ой мен сезімнің дәлдігіне бұрын соңды болмаған табандылықпен қол жеткізді. Анатоль Франс, Мапассан және М.Горький өздерін оның шәкіртіміз деп есептеді, ал Эмиль Золя мен ағайынды Гонкурлар өздерін оның ісін жалғастырушы ретінде есептеді.
Өмірге деген терең қанағаттанбаушылықтан туындайтын рухтың шаршауы Флобердің жастық шағына қарай айқын саяси мәнге-буржуазияға қарсы сипатқа ие болды. Флобер дүниетанымның трагедиялық қарама - қайшылығы сонда, ол мешанды жек көре отырып, өз заманда тек қана соны көреді және де буржуазиялық даму жолын жоққа шығара отырып, өзгенің шынайылығына сенбейді.
Шыңғыс саяхатынан 1850 жылы Флобер қатаң реалистік «Бовари ханым» романының терең ой елегінен өткізілген түркі ойын алып келді. Реалист ретінде ол бейнені нақты ете түсуге тырысады да, автордың интонациясы сезіліп тұратын әңгімеден бас тартады. Мәселен ол «Бовари ханымда» оқырман оның қайта жаңғыртқан өмірін «материалдық тұрғыдан» сезінуге мәжбүрлеу үшін стереоскопиялылық әсерге қол жеткізеді. «Бовари ханым» авторы - қоғамды зерттеуші. Флобердің объективтілігі - бұл байсалдылық емес, толық туралық. Оның өзі жасаған кейіпкерлеріне айналып, олармен қосыла уайым - қайғыға батқаны сонша, Эмма Боваридің улану көрінісін жасап жатқан кезде, онда улану мен құсу белгілері болған. Роман басылып шығысымен, оның авторына «сұлулық пен мейірімділікті жоқ қылып өмірдің қатыгез, қараңғы тұстарын бейнеледі» деген айыптаулар қарша борады. Алайда, романға ең болмағанда шағын ғана түзетулер енгізу туралы ақыл-кеңестерге Флобер «онда айыптауға тұрарлық ештеме де жоқ» деп жауап беріп отырды.
1861 жылы Флобер «Саламбо» романын жазуды аяқтады. Мұнда ол тарихи тақырыпқа бет бұрады. Автордың қиялы ғасырлар қойнауына сіңіп кеткен адамдардың үздіксіз құмарлықтары мен жабайы күш - қуатын бейнеледі.
1869 жылы оның «Сезімдерді тәрбиелеу» атты романы шықты . Басты қаһарман - романтикалық жас жігіт Фредерик Моро. Оның характерінде – келесін қосұдайылық бар: Оның өмірінің ең басты мазмұны - Арну ханымға деген асқан махаббаты - күнделікті лас қылықтардың өңезі мен мінезі тамаша үйлесіп жатады. Сондықтан ол күлкісіз, керек болса түнеріңкі фарстан (ерсі әзілден) әрі асып кете алмайды. «Сезімдерді тәрбиелеу» қазірде жаңа типтегі роман ретінде оқылады. Онымен идеялық – образдық тұрғыдан XX ғасыр үшін жаңашыл болып табылатын М.Горькийдің «Клим Самгиннің өмірі» атты романы тығыз үндесіп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |