Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет5/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Даниэль Дефо

(1660 - 1731)
Дүние жүзіне «Робинзон Крузо» романының авторы ретінде әйгілі. Романда сипатталған оқиғаның шынайы негізі бар. Дефо «Робинзон Крузо» романын, 1713 жылы ағылшын журналдарының бірінде журналист Ричард Стиллдің адам тұрмайтын аралда төрт жыл тұрған матрос Алксандр Селькирк туралы мақаласын оқығаннан кейін жазуды ұйғарды.

«Афина Меркурий» газетінде бірнеше саяси памфлет 1701-1707 жылдары басылып шығарылған. Таза қанды ағылшын помфлеті оны бүкіл Англияға мәжһүр етті.

Памфлекті Вильгельм ІІІ - ші ақын (ақсүйектер оны тақтағы жат елдік деп атады) авторды марапаттады. Лондондық Ситидің қайраткерлері оны өздерінің туысы әрі ортақ мүдделерін лордтардың қол сұғуынан қорғаушысын көрді.

Дефоның «Десентерлерді жазалаудың қысқа жолы» аты памфлеті авторға үкіметің наразылығын туғызды. (Вильгельм бұл уақытта қайтыс болған еді), ол ресми ағылшын шіркеуінің үстінен күлген сатирикті жазалауды жөн деп санады. (Дефо пуритандық болды). Жазушы астыртын жағдайға өтті. Билік оған іздеу жариялады.

Әрине, Дефо көп ұзамай табылып түрмеге қамалды, содан соң бұғауланып масқаралайтын бағанға байланды. Жазушы «Масқара бағанға гимнмен» жауап берді, оның «масқарасы» зор жеңіс болды.

Королева Аннаның министрі Роберт Харли Дефоның талантты қаламын өз мақсаттарына жету үшін пайдалануды ұйғарды. Жазушы босатылды. Оған өзінің «Француз істерінің толуы» атты өз газетін шығаруға рұқсат берді.(Англия бұл уақытта Франциямен бәсекелесіп жатқан болатын. Дефо өз ұстанымының тәуелсіздігі көрінісін ғана сақтай отырып, сонда да бала үкіметте адал қызмет еті, одан ол материалдық көмекте алып тұрды. (әрине жанын қинамастан).

«Робинзон Крузо» романы буржуазиялық ағартушылық идеясының өзіндік энциклопедиясына айналды. Еңбек пен оптемизм шабытына тола ол әлемдік әдебиетке тек ересектерге ғана емес балаларға да әйгілі кітап ретінде енді. Ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және де көптеген еліктеулерді туғызды.

Кітаптың басқы беті көрсетіп тұрғандай, жазбаның авторы әдебиетші емес, теңізші болды, сондықтан кез - келген поэтикалық нәзік тұстар оған тән емес еді. Әңгіме сипаттамаларында барынша қатал әрі жұтаңдау болуы тиіс болды, әйтпегенде оқырмандар өтірікші бірден танитын еді. Дефо осы авторлық бағдарламаға өте мұқият қарайды. Оның жазу стилі өте қатаң, дәлме - дәл, әрі ақындық баямалардан аулақ.

Робинзон сезіммен айта алмайды, оған сезімге қатысты бір нәрсені айту керек болса, ол оған дәрменсіз болып қалады: «Мен өзімнің жан дүниемнің қаншалықты толқулы екенін сипаттап беруге қабілетсізбін» немесе «оның маған тигізген әсірін сипаттап беру мүмкін емес: бір сөзбен айтқанда автор сезімдер қиялында жасап шығуды, сол оқырманның өзіне қалдырады».

Дефо заманындағы идеялар тұрғысындағы Робинзонның қызметшісі әрі досы болып қалған жабайы – бала Жұманың образы өте қызықты. Жұма – бұл Робинзонның сөзімен айтқанда «табиғаттың перзенті», өркениет мектебінен Робинзонның басшылығымен өтті.

Робинзонда заттарға деген сергек те нық сенімді көзқарас бар. Ол үмітсіздікке берілмейді. Оның барлық ойлары оны жағдаяттар тастаған барлық қиын ахуалдардан шығуды іздеуге келіп тоғысады және де ол ондай шығатын жолды тауып, шағын жатады да рухтың қуанышымен рахатына бөленіп жатады.

Дефоның кітабы әлем кітаптарының арасындағы ең сергек, ең өмірді сүйгіш кітап болар. Оны балалардың өте қатты жақсы көрері бекер емес. Балалар әрқашан да оптимистер. Олар жолы болмайтындарды мүлдем ұнатпайды. Олар өздерінің қаһармандарының жеңіске жетеді ғой, бәрі де қуаныш пен бақытқа бөленеді ғой деген шарты болған жағдайда ғана олардың бастарына түскен қауіп-қатерлерді мұқият бақылап отырады.

Дефоның романдары («Молль Фландерс», «Капитан Сингльтон», «Полковник Шахтың хикаясы» және т.б.) да өзіндік робинзониалар болып табылады, мен ондағы оқшауланған индивид, жалғыз адам дұшпандық ниеттегі адамдар ортасында, қоғамға тап болады. Бұл романдардың қаһармандары қылмыстық әлемнің адамдары.: Маль Фландерс ұры әрі жезөкше әйел, капитан Сингльтон – теңіз қарақшысы, полковник Жак ұры. Бірақ бұлардың бәрі де соңында игілікке қол жеткізеді. Джек полковник болады, Мооль Фландерс – ауқатты әрі мейірімді ханымға айналады. Сингльтон болса, өзіне жетерліктей ақшаны тапқаннан кейін қарақшылық кәсібін қойып, ізгі ниетті, әдепті азаматқа айналады.

Джонатан Свирт

(1667 – 1745 )
Көрнекті ағылшын жазушысы Джонатан Свирттің «Гулливердің саясаты» атты туындысы әлемдік әдебиеттегі ең басты орында тұр. Романның басты қаһарманы Лимепутия еліне алыптардан – Бробдингнегу, Лапуте, Глаббдобрибу еліне, сондай - ақ ізгілікті жылқылардың еліне саяхаттайды. «Гулливердің саяхаты» төрт бөлімнен тұрады.

Гипербола және метаморфаза секілді тәсілдерді пайдалана отырып жазушы өз заманында болып жатқан теріс құбылыстарды келемеждейді. Гулливер өз заманының ішкі жан дүниесі таза, отанын сүйетін шынайы өкілі болды.

Свиерт үлкен өмірлік мектепті бай ақсүйек әрі дипломат Темплдің үйінде өтті. Темплдің жанында жеке хатшы ретінде бола отырып, оның ортасының адамдарымен, дипломаттармен және саясаткерлермен кездесе отырып, Свифт өз қожайынының саяси және мәдени мүдделерімен өмір сүрді, сондықтан оған кейде құпия дипломатияның перденің ар жағындағы механизмдері ашылып тұрды, бұл әрине оның саяси танымын кеңейтіп сонымен бірге мемлекеттік өмірдің ресми жағына деген сенімсіздігін күшейтті.

Джонатан Свифт өзінің қожайынын қолдан «Кітаптар шайқасы» деген өткір ойлы памфлет жазды. Памфлет баспада 1704 жылы Темплдың қазасынан кейін пайда болды, алайда ол тізімде көзінің тірісінде - ақ болды. Памфлеттің сюжеті мынадай: Кітапханада кітаптар шайқасы шықты. Ричард Бентли (Темплдың қарсыласы) сөрелердегі барлық жақсы орындарда жаңа авторларға беріп, ежелгілерді қараңғы, тар жерлерге тығып тастайды. Қапаланған ежелгі авторлар көтеріліске шықты. Үлкен шаң көтерілді.

Шайқас шынайы әскери шайқастардың бүкіл формасы бойынша жүріп жатты. Атты әскерлерде Галар мен Пиндар атқыштарға Аристотеь мен Платон қолбасшылық етті. Инженерлік бөлімге Евклид қолбасшылық етті. Данқ құдайы Олимп құдайларын шақырады. Ежелгілерге Темпл көмектеседі.

Қарама - қарсы лагерьде - Сын. Ол жауыз әрі зұлым, себебі оның ата - анасы менмендік пен надандық. Оның көптеген ұрпақтары бар, бұл – Ұятсыздық, Даурықпа, Педантизм Топастық, Доңғайлық. Оларға Бентли мен Уотон көмектеседі. Жаппай шайқастар жекпе - жектермен алмасады. Гомер Перрален жеке - жеке шықса, Аристотель Беконмен шығады жене т.с.с. Ежелгілер жеңеді. Бентли мен Уотон өздерінің қарсыластарының найзаларымен түйреп өлтіреді.

«Бөшке туралы ертегі» атты полифлет - өзі мен өзінің шығармасының үстінен, екінші жағынан полифлеттің қаһармандарының, әкеліп мұралығы тентек балаларының араздығы бар ақымақ тарихтың жалпы айтқанда бәрінің үстінен мысқылдап күлу. Ал егерде “әке” – бұл християндар құдайы екендігі, ал мұралықтың - християн дінінің өзі екендігін ескерсек, онда «Өсиет» - қасиетті жазба Інжіл болып шығады.

1969 жылы Вильям Темпл өледі. Свит шағын ғана эрланд деревнясында прихот алады. (онда діни факультеттің дипломы болды, ол діни құрметпен қызметкер болған) алайда баспасөзде тамаша сатираларын және полифлеттерімен шыға отырып, ол өзіне лезде ауқымды тыңдаушыны жинап алады да саяси күреске кіріседі.

«Гулливердің саяхаты» романындығы Свирттің қаһарманы жүріп хирург, кеме дәрігері, қатардағы ағылшын атақ дәрежесіз қарапайым адам Гулливердің күй талғамайтын сөйлемшелерінде сыннан өткен адамзат тағдыры жайлы күлкілі әрі көңілсіз ой талғамдарым өз ішінде адамзат қоғамының және қолданыста жүрген формаларына және де керек болса парасатты негіздегі қоғамдық қатынастарды құра алуда. Бүкіл адамзатқа өзіндік бір жасырын мағынадағы сатирадан тұрады. Алыптар каролі (оның артында Свирттің өзі тұрған Гулливердің оған әскери техника саласындағы ең соңғы жаңалықтар жайлы айтып бергенде өте қатты үрейленіп келеді.

Свирттің кітабы оның барлық королдерге қарсы болғандығы білдіреді. Ол осы тақырыпқа жақындаса болғаны оның табиғатына тән бүкіл сарназым сыртқа атқылап шығады. Ергежейлілер королін оның бөдендері ең ұлы император, ғаламның қуанышымен қорқынышы патшалардың патшасы өзінің табанымен әлемнің ортасында тіреліп тұратын ал басымен күнге тиіп тұратын адамзаттың ұлығы деп ұлықтайды.

Бірінші кітапта ергежейлілер еліне жасалған саясат кесенесінің мәні - бар халықтарға ұқсас, барлық халықтарға тән қасиеті барша адамдардағыдай дәл сондай қоғамдық институттары бар халық ол ергежейлілердің болуында болды. Сондықтан барлық талаптарда барлық мекемелерде барлық қазынада соншама күллі, соншама ергежейлі болмашы ғана.

Гулливер алыптар арасында көрсетілген екінші кітапта енді оның өзі өте кішкентай әрі өте кішкентай әрі болмашы ғана болып көрінеді. Ол шыбындар мен шайқасқа түседі, оны құрбақа үркітеді, жас бола әзілмен оны сүйекке тығып қояды, ол бір тостаған батып кете жаздайды және т.с.с. “Ұлы және кіші ұғымдары салыстырмалы ұғымдардың мәні ” – деп ой қаратады автор.

Шихангездің басты мақсаты – адамдардың көзін ашу және оларды жақсы ету, олардың ақыл парасаттар олардың өзге елдерге қатысты не бере алатындығына байланысты жаман мысалдар мен де, жақсы мысалдармен де жетілдіре түсу.

Романна көрініп тұрғандай, Свиерттің арманы еркіндікпен барлық адамдар мен жеке тұлғаның игілігі үшін парасатты еңбек болып табылады. Өзге ағартушыларға қарағанда Свиерт адамды өз табиғатында мирімділікке бейім деп есептеді. Мейрімділік күшейіп келіп, бекуі тиіс. Оған алып барар жол әділетсіздікпен күресу арқылы өтеді.



Расин

(1639-1699)
Расин Ферте – Милоне қаласында, шенеуніктер отбасында дүниеге келді. Бала күннен бастап поэзияға қызықты. Діни тәрбиемен классикалық білім алды.

660 жылы Людовик XIV үйленуіне байланысты ол “Сена Нимфолары” атты сарайға тән мадақ өлең жазады, осыдан соң оның сарай мен корольдік зейнет ақыға қолы жетті. Осыдан соң Ралин Парижде ақын ретінде белгілі болды.

Ралиннің өте көптеген туындылары ежелгі дүниенің антикалық дәуірі тақырыбында жазылған. “Федра” (1667), “Эсфирь” (1689), “Аталида” (1689) “Андромаха” секілді туындылары идеялық көзқарас тұрғысынан жазылған.

Бұдан басқа ол өзгеде жанрларда да жемісті етіп жазды. “Франция”, “Баязет”, “Италия” поэма мен трагедия жанрында жазылған. Мұнда тарихи тақырыптар шебер түрде берілген. “Баязет” трагедиясы түрін сұлтанының Роксанаға деген махаббатын сипаттайды. Әрине трагедияда ойдан шығарылған образдармен оқиғалар көп. Интригаларды, иллюзиялармен драмаларды сипаттау жағынан трагедия шығармашылықтың тамаша үлгісі болып табылады. Орға жығар құмарлықтың, дүниеден баз кешудің қаһармандық құлшынысын жеңіп кетуін федраның өз ішінде басу әрекеті драмада орсан зор ғаламдық трагедия ретінде көрсетілді.Трагедия расиндік дүниеден бас кешу мұратының дағдарысқа ұшырауын көрсетеді де өз ішінде бүкіл көне әлемдік тәртіптің дағдарысын күні бұрын сездіріп тұрғандай болады.

Расиннің өмірлік ақиқатымен поэзиясының қарапайымдылығы, оның тарапынан бейнеленген құмарлықтардың өте тереңдігі сара маңындағыларды бұдан бұрында шошытты. Алайда драматургтың өміріндегі көңілсіз оқиға нақ сол “Федра” трагедиясымен байланысты. Кординал Мазаринидің жақын туыстары бастаған ақсүйектер тобы оны қорлағысы келіп, арсыз, өсек - аяң таратушы ақын Прадонды сол тақырыпта пьеса жазуға және Расинмен сайысқа түсуге көндіреді.

Театрдағы орындар осы жөн тарапынан алдын ала сатып алынып, Прадоның пьсасы көрсетіліп жатқан кезде көрермендермен толтырылды, ал Расиннің “Федрасы” қойылған өзге жерлері ол бос болып тұрды. Мұндай лас, дөрекі қылық драматургті мазаққа қалдырды. Сондықтан ол театрды ұзақ уақытқа тастап кетті.

Он екі жылдан соң де Монтенон ханымның өтініші бойынша, осы ханымның қамқорлығындағы Сен - Сир монастырының тәрбиеленуші қыздарының әуесқой спектакілі үшін “Эсфир” трагедиясын жазып берді. Пьесада корольдің тақуа құрбысы талап еткендей, махаббат қарама-қайшылығы болмады. 1691 жылы Расин өзінің “Афалия” атты ең соңғы трагедиясын жазды да театрдан бір жола кетті.

Гомер, Еврипид және өзгеде көптеген антикалық авторлар даңқын асырған Гектор мен Андромах жайлы көне грек аңызы кейінгі буын суретшілерінің назарын өзіне бірнеше рет аудартты. Француздар Гектор мен Андромахинің жас баласы Астианакс туралы поэтикалық аңызда көне римдіктер троялық Энейдің есімін өздерінің тарихына қалай бейімдесе солай бейімдеді.

“Андромаха” трагедиясында өрлетті Астианакстың тағдыры аз толғандырады, сондықтан ол бұл жерге соған бола келген жоқ. Орсеттің бар ойы Гермионда оны ол бір кездері сүйді, онымен өз тағдырын қосқысы келді, оны ол қазір де өлердей жақсы. Қазір ол оны Эпирден Астианакс бала болып алып жасырын түрде алып кеткісі бар. Мұнымен ол Пиррге қаншама жақсылық жасайды десеңізші! Оны қаншама уайыммен ауыртпалықтарда арылтады десеңізші! Мұның бәрін аңқылдаған Орест қайдан білсін.

“Федра” трагедиясы тұлғаның адамгершілік қасиетінің азғындау бейнесін аша түседі. Драматург жарықтың сәулесін жан күйзелісіне, адамның санасында парызбен оның субьективті құмарлығы, ықыласпен рұқсат етілгенннің арсындағы үйлесім бұзылып жатқанда оның бойынан өткізіп жатқан жан түршігерлік апатқа қарай дәл бағыттайды.

Трагедия Ипполит пен оның тәрбиешісі Тераменнің сұхбатымен ашылады. Олардың әңгімесіне көрермен Федраның өзінің өгей баласын жек көретінін, оны қыр соңынан қалмай аңдып жүретінін біледі. Алайда Федраның Ипполитті сүйетіні, сондықтан оны өкшелеп аңдып жүргендігі анықталады. Сол кезде не үшін Иппалит емес Тезит келді оған? Сіз сол уақытта қайда болдыңыз нәзік келбет үшін мен нені бермес едім?-дейді ол таң қалған жас боз балаға.

О құдай! не деген сөз бұл? Ұмыттыңызба сіз,

Тезейдің маған әке екенін, өзіңіздің жұбайыңыз екенін?- деп жар салады Иппалит. Қу әйел кейін шегінді оның жаман нәрсе айтатын ойы шақ еді ғой сондықтан ақылды Иппалит оның қулығын дұрыс қабылдаған сияқты. Иә, иә ол оның сөздеріне теріс мағына берді, сондықтан өзінің ұятты ұйғарымы үшін ұялуда. Алайда Федрада, Иппалитте бірін - бірі дұрыс түсінгендіктеріне көздері жетіп отыр.

“Британик” трагедиясында – Неронның дәуірі оның патшалығының алғашқы кезеңі келтірілген ол кезде ол өзінің табиғатындағы жиіркенішті қасиеттердің бәрін байқамаған еді, өзінің рим тағында отырған аздаған жыл ішіндегі көптеген зұлымдықтарды әлі жасамаған еді. (б.з.д.54-68жж).

Өзінің жағдайы, билік тақ үшін анасы Ариппинаға қарыздар болғандықтан оған дейін аса жоғары құрмет көрсетіп келген Нерон оған деген көз қарасын бірден өзгертті. Одан қашқақтап, жалғыз өзі басқаруды жөн көрді. Агриппина уайымдай бастайды. Билік ол үшін бәріненде қымбат еді. Баласын билікке келтіре отырып, ол оны әр қашанда бағынышты ретінде көргісі келді, оның атымен басқарғысы келді. Нерон бұған оны белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік берді.

“Баязет” трагедиясында шиеленісті қақтығыстар, эгойзм, қатігіз әдеттер, сарайдағы ағыл - тегіл ысырапкершілік бейнеленді. Баязетке көптен бері сұлтан Амурат үрейлі көзбен қарап келеді. Одан билікті тартып алуға қабілеті бар бір бауырын өлтіріп тынды. Тағыда екі бауыры бар оның бірі Ибрагим, балалық мінез құлықпен қалып кетті. Сондықтан ол оған қауіпті емес, алайда Баязет жас, қайсар, әрі ақылды. Ол Амуратқа қауіпті. Сондықтан өзінің әйелі Роксанаға жаушы арқылы Баязетті өлтіру туралы құпия жібереді. Кейіпкерлердің екі типі өзімшіл, өктемшіл нәпсінің қаһармандарымен адамгершілік парыз, қаһармандары арасындағы қарама - қайшылық.

Жас Баязет адал шыншыл, текті қыз Аталидаға деген нәзік махаббатына өте берік. Оны Аталидада сүйеді. Бірақ Роксана олардың махаббаты жайлы білмейді. Оған жас келбетті князь сүйкеледі. Ол оны өлтіруге қимайды. Егерде ол оның Роксананы сүйе алса ше! Онда ол Баязетті таққа бірақ отырғызар еді ғой. Ол Баязетті өзінің жанына жиі шақырады. Жас жігіт қарапайым, сондықтан оның алдында ұялады. Сұлтан әйелінің құмарназдық қиалы барған сайын өрши түседі. Сарай төңкерісінің жоспарын жасап жатқан ұлы уәзір Аномед, Баязетті Роксананың құмарын қолдауға көндіреді. Жас жігітке өзін оған құмарланып тұрған сияқты көрсетудің де қажеті жоқ, есі кеткен Роксана оның болмашы ғана наздарының өзін махаббат ретінде қабылдайды.

“Аталия” трагедиясында оның ақындық фонтазиясының әлемі ажарсыз, көркем бейнелер әлемі де ажарсыз. Трагедиямен танысып болғаннан кейін ойға келетіні – ол ақынның ішкі жан дүниесінде өте қиын болғандығы туралы сезім.

Аталияға түсінде Иостың бейнесі келді. Ол өзінің немерелерінің бірі құтқарылғанын білмейді, сондықтан ол алаңдаулы. Иерусамихрамына кіре отырып (ол жерге кіруге оған тиым салынған), ол Иосты көреді бала шынайы бала екен. Аталия ең соңында жеңілед: оны өзінің қол астындағылары өлтіреді:Иоас Иудей тағына отырып патша болады.

«Аталия», «Эсфир» секілді діни - іншілдік ән айтуды орындаған хормен сүйемелденді.



Франсуа Мари Вольтер.

(1694-1778)
Замандастары Дени Дидро, Руссо, Мабли өз заманының жарқын шығармашыл өкілдері болып табылады жәнеде олар Вольтермен тығыз шығармашыл байланыста болды. Жазушы, философ, тарихшы, әдебиеттанушы, сыншы, Прижде дүниеге келді. Әкесі заңгер мамандығына дайындады алайда Вольтерді әдебиет қызықтырды өзінің шығармашыл жасын сатиралық туындылардан бастады. Жас Вольтердің лирикасымен қала эпикуреилік сарындарға ғана жолы болған жоқ. Сонымен бірге регентке қарсы саяси шабуылдардан да тұрды. Осы үшін Вольтер Бастилияға қамалды. 1717жылы түрмеге қамалып, ол Генриге IV туралы поэмамен “Эдет” трагедиясын жазады.

Людовик XV оған камергер лауазымын беріп, сарай тарихнамашысы етіп тағайындады. Вольтерді Француз акодемиясының мүшесі етіп сайлады. “Ағартушылық абелютизмді” жақтаушы, сарайға жақындау арқылы ол Францияның қоғамдық өміріне ықпал етуге тырысты. Алайда ол сәтсіздікке ұшырады. Версальды тастап шығып ол алдымен Фридрих ІІ – нің сарайына содан соң Швейцарияға аттанды. Тек өзінің Франциямен

Швейцария шекарасындағы қателігі Фернеде ғана өзін тәуелсіз сезінді. Осы уақыттан бастап оның қызметінің ең соңғы әрі ең жемісті кезеңі басталды. 1758 жылы Вольтер өзінің “кандидат немесе оптимизм атты ең тамаша повесін жазда («Оптимизм» дегеніміз не?) өкінішке орай бұл шындығында бәріде шамалы болып тұрған кезде, бәріде жақсы деп тұжырымдауға тырысу, дейді Кандид. Руссоның көзқарастарына байланысты пікірталас осы кезеңге жататын “Ақ көңіл” атты философиялық повестің мазмұнын құрайды. Вольтер энцклопедйядан белсенді қарым - қатынаста болды, мұнда ол тарих, философия және мораль мәселелері бойынша жазды.

“Эдин” сахнада қойылғаннан кейін Вольтердің есімі көпшілікке мәлім болды. Содан кейін ол 3 жыл бойы Англяда тұрды. Ол сол жерде ағылшын әдебиетшілерімен тығыз байланыста болды. Оның жазған туындылары “Эдип” (1717), “Зайра”(1732), “Маламед”(1740), “Меропа” (1743), “Цуарьдің өлімі” “Лига поэмасы” (1719), “Геприада” (1728), “Ормандық қыз” (1735), “Адасқан ұл” (1736), “Нанина” (1749) комедиялары, “Задигі” атты философиялық повесі (1748), “Людовик XIV ғасыры ” (1751), “Философиялық сөздік”, “Микромегас” “Ақ көңіл”, (1767). Өзінің шығармашыл өмірінде ол 52 драматургиялық шығарма жазды. Вольтер көзі тірісінде бүкіл Еуропаға мәлім болған болатын. Өз уақытында онымен ешкімде теңесе алмаған еді. Оның пьессалары бүкіл еуропа сахналарын шарлап кетті. Вольтер театрдан адамдарды тәрбиелеудің құдіретті күшін көрді. Трагедия ол үшін - “ізгіліктің мектебі” болды.

Вольтер Англияда 3 жыл тұрды. Ол көп жұмыс істейді, ағылшынның материалистік философиясын, әдебиетін оқып зерттейді, елдің ғылыми ойының жетістіктерімен танысты. Әсіресе оған филосо материалист Лонк пен ғалым Ньютонның шығармалары күшті әсер етті.

Өзінің “Адасқан ұл” атты камедиясын талдай отырып Вольтер былай деп жазды: Біз мұнда салмақтылық пен әзілдің, күлдіргі мен қайғысының араласып кеткенін коремі, адам өмірі де осылайша ала - құла: біркелкі оқиға жиі түрде қарама - қарсылықтарды тудырады.

Вольтер «Генриада» атты этикалық поэманың авторы болып табылады. Тегінде осы жалғыз туындыны жасай отырып,ол өзінің алдына екі міндет қойды: Вергилий, Тассо, Камоэнс Гомерге еліктеп жасағандары секілді Францияға оның өзіне лайықты ұлттық эпосын беру, сонымен бірге ақыл - парасатты дәріптеу, фанатизмді де соққы беру, елде діни төзімділікті орнатқан, діни соғыстардың өртін сөндірген Кәміл патшаны фанатиктің қолынан қаза тапқан азап шегуші королді жырлау.

Вольтер Жанна дАри образына (бейнесіне) терең сүйіспеншілікпен қарады. Өзінің “Генриадасында” ол оны “батыл амазанка”, “ағылшындарды масқаралаушы” деп атайды. “Халықтардың әдет ғұрыптары мен рухани дүниесі туралы тәжірибе” атты шығармасында ол Жанна Дари туралы “икк визи торлар мен ғалымдар өздерінің үрейлі қатігездігімен отқа байлаған қайсар қыз” ретінде жазады.

Ормандық қыз Вольтердің шіркеуге қарсы бағытталған ең батыл шығармасы болды. Сирдедю Шотле Маркизаның әрекетімен поэма тағышарлардан берік және ұзаққа жасырылды. Парламент тарапынан оның “философиялық хаттары өртелуге айыпталғаннан кейін, оның өзі де сол жерде жасырынуға мәжбүр болды. Олар Лондонда ағылшын ұлты туралы хаттар” деген атаумен басылып шықты. Бұл жердегі басты ой алдынғы қатарлы және еркін ағылшындық қоғамдық тәртіптерді абсолюттік Фрацияға қарсы қою.

Маркизаның кожалығында Вольтер 1745 жылға дейін тұрды. Содан соң Парижге қайтып оралды.

Оның ең әйгілі пьессаларының бірі - «Фанатизм немесе Моломет пайғамбар» -деп аталады, мұнда бәріде дін мен шіркеудің қатысу рөліне әшкерелеуге бағындырылған. Францияның бірінші министірі, қартайған шал жайлы сұхбаттасуы және қайтпас - қайсар реакционер Кординал Фари нысанның бірнеше жерінде «жетілмеген жерлерін» көре отырып, автордан өз туындысын әбден жетілдіруді өтініп пьессаны қоюға рұхсат бермеді.

Вольтердің драматургиялық шығармашылығы қарама -қайшылықтардан ада емес еді: бір жағынан классицизм дәстүрінде саяси республикалық трагедияларды құру болса, («Бруно», «Цезардың өлімі» және т.б.) екінші жағынан - адам құқықтарын феодалдық - христиандық догмалардан қорғау болды.(«Зайра», «Альзира» және т.б.)

Антикалық идеалдың ықпалымен, Вольтердің трагедияларында парыз бен сезім, адамилық пен батырлық үйлесім тапқан батырдың образы пайда болады. («Мерона», «Орест» және т.б.)

Адамдар Айға қонған біздің заманымызда, екі жүз жылдан астам жыл бұрын жазылған ғарыштық сапар тақырыбының өзі ғылыми алдын - ала болжау ретінде көрінеді. Алайда повестің міндеті мүлдем басқа. Макромегасты жасай отырып, Вольтер ғылыми фантастика туралы аз ойлайды. Ағартушылық утопия адамның парасатын ұлықтау, Р.Денарттың «тума идеялар» теориясымен пікірталас болды.

84 жасында Вольтер орасан зор жоспарлар құру, және де онда жас жігіт сенімі, күш - қуат мол болды. Ол өзінің ең соңғы «Иринь» атты трагедиясында болды. Актерлер сахнаға Вольтердің лавр гүл тәжі кигізілген мәрмәр мүсінін алып шықты, көрермендер ақынның құрметіне ду қол шапалақ ұрды.

1778 жылы ол Парижге келді, мұнда ол аса зор құрметпен қарсы алынды. Ол осында қайтыс болды.



Жан-Жак Руссо

(1712-1778)
Француз философы, жазушысы, композиторы Жан - Жак Руссо Женевада дүниеге келді. 16 жасында ол Гуринде пайда болды. 1748 жылдан бастап, Парижде тұрды. Шығармашылықпен кеш айналыса бастады. 1745ж «Наварра королевасы» атты опера балетінің қойылымынан кейін, ол көпшілікке әйгілі болады, бұл оның бұдан былайғы шығармашылығына ынталандырды. Оның шығармалары: «Лиссабондағы жер сілкінісі», «Трактаттар» (1762), «Эмиль», «Теңсіздіктің шығуы туралы» (1755), «Юлия», «Саяси келісім» (1762) және т.б. Бұлардың бәрі саяси және философиялық рухта жазылды. Руссо өз замандасы Вольтермен тығыз шығармашылық байланыста болды, керек болса, онымен бірге қос авторлықта шығармалар жазды. Әрдайым қуғын - сүргін көрген Руссо «Мен қай жерге барсам да, барлық жерде қуғын - сүргінге ұшырап отырдым» - деп жазды. Оның бірнеше шығармасы отқа өртелді. Қуғын - сүргінге қарамастан, ол өзінің шығармашылығымен әдебиет ескерткіші ретінде биікке котерілді.

Жас Руссо содан соң Туринге дінге жаңадан өткендерге арналғандарға арналған панаға тап болады. Тәжірибесіз бала қаңғыбастар мен азыққа бола өз дінін жиі алмастырып тұратын қара ниеттердің арасына тап болды. Олардан діни қызметкерлерде артық болмады. Панада болған бір ай Руссоның кальвинизмнен бас тартумен аяқталды. Бұдан кейін Руссо Иерусалимен келген бір арген - мандридке хатшы әрі аудармашы ретінде қызметке тұрды. Грек тақуасы «Құдай қабірін қалпына келтіруге» садақа жинады. Алайда ол алаяқ болып шықты. Монактан кетіп, Руссо қалалар мен ауылдарды аралап шықты.

Ол 29 жаста. Ол әлі де болса өзінің тағдырында жазылғанын әлі білмейді. Ол музыканы сүйді, сондықтан өзін тек сода ғана толық етіп көрсетемін деп ойлайды. Парижге ол өзінің ойлап тапқан музыкалық жүйесін алып келеді. Академия оны мақұлдағанмен , жүйе қолданылмай қалады. Шатырда тұрып , нан мен суды азық ете отырып, Руссо театрға арнап «Сыпайы муза» операсын, «Нарцисс» атты комедияны жазады, алайда олар табысты болмайды.

Руссо Вольтермен де Д.Аламбермен де, керек болса өз ұстазы әрі досы Дидромен де Д.Аламбердің энциклопедияда басылып шығарылған «Женева» атты мақаласына бола ұрсысып қалады. Д.Аламбер қалада театрды ашуға мүмкіндік бермеген. Женевалықтардың көлгірлігіне жүйлікті. Руссо оларды қорғап 1758 жылы мақалаға шымбайға бататын хатпен жауап береді. Ол театрды халықты аздырудың құралы деп есептеп оны жоққа шығарады. Ағартушылар мұнымен де, жалпы Руссоның адамзат қоғамы үшін өркениеттің қауіптілігі туралы теориясымен де келіспеді.

Оның ең басты көркем туындысы «Жаңа Элойра» романы (1761) сентиментализмнің әдеби бағытының бастамасы болды. Бұл прозадағы лирика, махаббат әуені, жалынға толы сезімдер поэзиясы, табиғат пен оның сұлулығының алдында бас ию болды. Мұндайды әдебиет ешқашан білген емес. Наполеон Әулие Елена аралында тұрып «Жаңа Элойзаны» оқыған, Лас Кази өзінің «Мемориалында» жазғандай. Ол пайымдаудың шеберлігін, күш - қуатын, стиль мен жекелеген айтылымдардың сұлулығын атап көрсете отырып жиі кідірді. Алайда Наполеон жазушымен келіспеді. Жан - Жак Руссо әсірелеп жіберген - ол сезімнің қаталдығын суреттейді. Махаббат, қайғыны емес, қуанышты әкелуі тиіс. Бірақ роман жалынға толы толқытады, тебірентеді. XIX ғасырдың реалистік романы Русссоның жаңалығын пайдаланды. Нәзік ойлы психолог Стендаль «Жаңа Элойза» авторының мектебінен шыққан.

«Қоғамдық келісім туралы» троктат француз революциясының тарихында үлкен рөль ойнайды. (Робесньер Руссоны қатты қадірлеушілердің бірі болды. Ол оның саяси бағдарламасын өмірге енгізгісі келді). Трактатта (1762) халықтың дербестігінің басты қағидалары, халықтың озбыр билікті құл атуға деген құқығы білдірілген, жалпыға ортақ теңдікке негізделген демократиялық республиканың құрылымы жасалған. Ауқаттылырдың билігімен ымыраға келуге үзілді -кесілді қарсы бола отырып, көптеген ағартушылардың ағартушы монархияның болу мүмкіндігі туралы қиялдар құптамады.

Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы» атты романы (1762) өз ішіне философиялық - педагогикалық троктатпен романды біріктірген, бұл ағартушылық дәуіріне тән еді. Тәрбие мәселелері әлеуметтік зұлымдықты түбірімен жоюға тырысқан ағартушылардың ең маңызды мүдделерінің шеңберіне кірді. Міне енді Эмиль - «Қиялдағы тәрбиеленуші» жас баланың, содан соң жеткіншектің, ересек еркектің моделі ісбеттес, «ұстаз» - өзінде тәрбие жолында еңбек етуге қажетті жасты, денсаулықты, білімді және барлық талаптарды қарастырып, «мұғалім» - Руссоның өзі.

«Эмиль» романын жариялағаннан кейін Руссоның өмірінде ең ауыр күндер басталды. 1762 жылы 9 шілдеде Париж парламенті кітапты өртеп, оның авторын тұтқындауды қаулы етті. «Эмиль» мен «Қоғамдық келісім» Руссоның отаны Женевада да отқа тасталды.

Руссоның ең соңғы өзі туралы ашықтан - ашық әрі шыншыл жазылған кітабы - «Тәубеге» (1770) деп аталады. Сол заман үшін жаңалық болып табылатын, психологиялық нюанстарының байлығы бойынша Руссоның «Тәубесі» рухани өмірдің, адами қадір - қасиеттің құндылығын биікке көтереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет