Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет7/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49

Вашингтон Ирвинг

(1783 - 1859)
Вашингтон Ирвинг – шығармашылығының өз дәуірі үшін үлкен маңызы болған ірі американ романтигі. Оның басты қызметі оның өз отанының әдебиетіне новелла жанрын алғаш болып енгізуінде болып отыр. Бұл американдық ұлттық өнердің дамуында өте маңызды роль ойнады.

В.Ирвинг Америкаға қоныс аударған голландтық көтерме саудагердің баласы болды. Оның өмірдегі алғашқы қадамдары сауда мен құқықтануда жасалды. Алайда көп ұзамай В. Ирвинг Нью – Иорктың іскерлік өмірінен кетіп, өзін дипломатия мен әдебиетке арнады. Өз өмірінің едәуір бөлігін (шамамен 18 жыл) ол Лондон мен Мадридтегі елші міндетін атқара жүріп Еуропада өткізді.

Сондықтан оның новеллаларының, әңгімелер жинақтарының, очерктерінің жартысынан астамы Еуропаға, оның адамдарына, оның тарихына арналған. В. Ирвингтің озық шығармалары, оның Америкаға арнаған шығармалары болып табылады. В.Ирвингтің алғашқы туындысы «Сальмагунди» деп аталатын әзіл - оспақ альманахында (1808) . ал әлі де болса ағартушылық дәуірінің әдебиетімен байланыстың бар екендігі сезіліп тұрады. Монтельенің «Парсы хаттарына» еліктей отырып, В.Ирвинг ойдан шығарылған кейіпкер араб Мустафаның Америкаға жасаған саяхатын сипаттайды. Ол өзінің отанына жазған хаттарында американдықтардың әдет – ғұрыптары жайлы жазады. Мұстафа конгресалендерді әшкерейлейді, ол американдық сайлауларды «қуыршақтар комедиясы» деп атайды. «Нью – Иорк тарихында» (1809) діни фанатизмді, американдық куритондардың қатігез ғұрыптарын айыптайтын беттер аз емес. В. Ирвингтің алғашқы төл туындысы оның «Эскиздер кітабы» атты әңгімелер мен очерктерінің жинағы болып табылады (1819). Ирвингтің аңыздар мен әпсапарларды жинақтаушы, фермерлердің, теңізшілер мен қалалықтардың әдет - ғұрыптарының білгірі ретінде даңқы шықты. («Рип Ван Винкль» «ұйықтайтын орынның аңызы» және т.б.) Ирвингтің американдық новеллаларында фантастика шынайы өмірмен ғажайып түрде үйлесіп тұрады, шынайы қоғамдық қатынастарды талдауда әрқашан да әзіл-оспақ араласып жанады.

ХІХ ғасырдың басындағы еуропалық романтиктер секілді Ирвинг те капиталистік прогрестің еңбекшілер бұқарасына дұшпандығы туралы айтады, ол американдық суреткерлердің алғашқылардың бірі болып «Саяхатшы әңгімелерінде» (1824) жер бетіне жүздеген еңбекшіні алудың таратып жіберетін жаңа буржуазиялық тәртіптің қаһарманы - өсімқордың бейнесін жасайды.

Ол өзінің «Сайтан мен Там Уокер» және «Вильфрет Вебер» немесе «Алтын түстер» секілді новеллаларында пайда күнемдік пен қор жинаушылыққа деген құмарлықты өте қатты сынға алады.

Вашингтон Ирвинг әдебиетке халық ертегілері, батырлық аңыздар, аңыз - әңгімелер, саяси анекдоттар әлемін енгізу жасында көп ірі жемісті еңбек етті. Американдық жазушылардың өзінен кейінгі буынына ол өзінің гуманизмін, адамгершілік ар – намысы аяққа тапталған кедейге мейлі ол ақ нәсілді болсын, мейлі үндіс немесе негр болсын, зор көңілмен жан ашырлық сезіммен қарауды өсиет етіп кетті.



Фредерик Стендаль

(1783 – 1842 )
Француздың ұлы жазушысы романисті Стендаль (шын есімі Лари Мари Бе Иль) Гренобльде дүниеге келді. Адвокаттың ұлы 7 жасында анасынан айырылады. Еркін ойлаушы, әрі ағартушыларды өте қатты қастерлеуші атасының үйінде өсті. Жеткіншек шағында энциклопедияшылардың шығармаларымен танысты, мектеп қабырғасында математикаға механикаға және әдеби шығармашылыққа құмартты. Әскери қызметке орналасты. Напалеонның итальяндық жорығына қатысты, 1806 – 1819 жылдар аралығында әскери интендант ретінде Германия, Австрия, Польша жерлерін басып өтті. Борофина шайқасының. Мәскеудің өртке орануының, француз әскерлерінің ресейден қашуының куәгері болды. Напалеон құлағаннан кейін Италияға кетеді, карбонарийлердің көсемдерімен танысады, Дж Байронмен кездесіп жүрді, италян романтиктерінің; «ымарастырылушы» атты журналымен қарым – қатынас орнатады. 1815 жылы оның жеке өзінің шығармалары жарыққа шығады. 1821 жылы Францияға қайта оралады. Оппозициялық журналдар үшін мақалалар , публицистикалық брошюралар жазады. 1830 жылғы шілде ревалюциясынан кейін, алдымен Триеантегі содан соң Римге жақын маңдағы шағын қалашықтағы француз консулының лауазымын алады, мүнда оның өмірінің соңғы он жылы өтті.

1814 жылдан Реставрацияның соңына дейінгі жылдар, Стендаль үшін қоғамдық - философиялық және әдеби эстетикалық көзқарастарының пісіп жетілген кезең болды. Бұл жылдары ол публицистік және сыни еңбектерімен, философиялық – психологиялық шығармаларымен, «Гайдының, Моцарттың және Метастазионның өмірі» (1817), «Италиядағы кескіндеменің тарихы» (1817), «Рим Неаполь және Флоренция» (1817), «Махаббат туралы» (1822), «Роесинидің өмірі» (1824), «Расин мен Шекспир» (1823-1825), «Римдегі серуен» (1829) атты өнер жайлы кітаптарымен төл жазбаларымен әйгілі болды.

Оның әдеби қызметінің келесі кезеңі, «Арманс» (1827) романы, «Ванина Ванини» новелласы (1829) «Қызыл және қара» романы (1837), италян хроникалары, «Пармалық шіркеу» (1839) секілді көркем туындыларды жасау болды. Оларға қандай да бір жағдайлармен аяқталмай қалған және өлгеннен кейін жарияланған автобиографиялық повестер «Эгоистің естеліктері» (1932) мен «Анри Брюлордтың өмірі»(1835), «Аюсьен Левин» (1834 - 1836), «Ламель» (1830-1842) және т.б. романдары да қосылады.

Стендаль өз заманындағы қоғамды жаздырушы республикашыл; өзінің бас пайдасын бостандық, теңдік туралы мылжың сөздермен бүркемелеген арсыз бен пайдакүнем билеген демократияға күмәнмен қараушы демократ, ел басына күн туғанда күнәғабатқан және қайтпас қайсар, кең пейіл, ер жүрек көтерілісші туралы арман мен шаршағандық, жырақта жатып бәрін ұмытуға деген ұмтылыстың арасында шапқылаған адамға күңірене қараған гуманист.

«Қызыл мен жасылда» ол таусылмас, талантты қала кедейінің тарихын сипаттайды. Дүниеге келуге кешігіп қалған қарапайым адам Шюльен Сорельге өз заманының жанды қыспаққа алған ахуалында бақыт елесінің артынан қуып жүру бұйырған екен. Ол өзінің мақсатына жету үшін есеппен болатын өмірін діншілдікке бет бұруға мәжбүр. Ол дүниеқоңыздардың, дүмше діндарлар мен құлқынының құлы болған бейшаралардың арасында солардың бірі болуы үшін өзін жарым - жан ете алмағандықтан жеңіліп қалды. Сорельдің ішкі жан дүниесіде күн сайын оның болмысының мейірімді, адал құлшыныстары мен атаққұмарлық бұйырып отырған жүгенсіз қажеттіліктердің арасында аяусыз күрес жүріп жатады жатады. Жеке бастағы адамгершілік қасиетің пайдакүнемдіктің сынына қарсы көтерілісі оған қарапайым құбылмалы адамға айналып кетуіне мүмкіндік бермейді де, соңында ондай жаман қасиеттің жойылуына алып келеді. «Қызыл және қара» - мерілсіздік кезеңінде болмай қоймайтын қаһармандықсипаттағы трагедия.

«Люсьен Левен» - Стендальдың ең алды, ең снентикалық және сонымен бірге ең әшкерелегіш кітабы, жас жігіттің «Июль монархиясы» деген шаруа бар саяси балаганның түкпірлері де таза орындарды іздеп жүріп адасып жүруі туралы повесі.

Өмірдегі лайықты кәсіп туралы армандаған республикашыл, мейірімді жүректі, адал, нәзі, ол өзін қоршаған өмірден қатты реніш табады.

Стендальдың соңғы аяқталған романның жағылуына Фарнезе әулетінің өмірінің сәттері түрткі болды. Жас Фабрицио дель Донгомен оның апасы Сансеверина таза пәк жандардың нәзік достығында пайда болатын бақыт культіне сиынады. «Паршалық мекенде» Стендальдың өзінің лирикалық құмарлығы оның тамаша еркін жандарды дәріптеулері мен айнала қоршаған қараңғылықпен бұзылған өмірдің күңіреністердің қай тұстарына болмасын айқындау болып шығады.

Көзі тірісінде Стендаль аз ғана тұлғалар тарапынан мойындалды, алайда олардың арасында П.Мериме, О.Бальзак, П.В. Гете, А.С. Пушкин болды. Оның өсиетеріне француз жазушыларының әрбір ұрпағы ден қояды (Э.Заля, Франс. Р.Роллан. Л. Аргагон).

Джорж Гордон Байрон

(1788 – 1824)
Ағылшын ақыны, ревалюциалық романтизмнің көрнекті өкілі. Кедейленген текті әулеттен шыққан. Оның балалық шағы Шотландияда өтті. 1798 ж. Байрон лорд лауазымы мен Ноттенгеммирграфтығындағы жер иелігін мұралыққа алды. 1801 жылы Лондон маңындағы Харнаудағы жабық аристократиялық мектепке түсті. Ол мұнда өлең жаза бастайды. Кембридж университетінде білім алды. 1809 жылы лордтар палатасының мүшесі болды.

1809 жылы Байрон өзінің алғашқы саясатына шықты. Екі жылдың ішінде ол пиренейлік соғыстеатрын көрді, испан халқының француз басқаншыларына ерлікпен қарсылық көрсеткендігінің куәсі болды, түрік басқыншыларының езгісіне шыдауға мәжбүр болған кіші Азиямен, Грекиямен және Албаниямен танысты. Өзі көрген елдер мен Напалеонның күйреуін жақындатқан оқиғалардан алған әсерін, Байрон 1812 жылы пайда болған «Чайльд Горольдтың сапары» атты дастанының алғашқы екі өлеңінде баяндады.

Сонымен бірге Байронның 1810 жылдардағы ревалюциялық - романтикалық поэзиясы үшін сатиралық бағыттылық өткір әшкереушілік тән. Өзінің бүкіл рухымен «Чайль Горльде» жақын «Минерванның қарғысы» (1812) атты тамашасаяси дастаны осы сипатымен ерекшеленеді. Мұнда ақын ағылшын саясаткерлерін, олар грек халқының мүдделерін қорғауды желеу етіп, осы халықтың жасаған мәдениет қазыналарын тонап жатқандығын, грек өнерінің қажет тұтар заттарын қиратып жатқандығын айыптайды. Ешбір жексұрын, пәлеқорлықтан да лас жалақорлықтан да тартынбаған өзінің саяси дұшпандары мен зиялы тобырдан әбден мезі болған Байрон 1816 жылы Англиядан біржола кетеді.

Швецарияда ол Чайльд Горольд туралы дастанның жалғасын жазуды қолға алады және «Манфред» атты драмалық дастанымен жұмыс істейді (1817). Соңғысы, Байрон барлық кәдімгі адамдардан жоғары тұратындай жалғыз басты күшті тұлғаға деген өзінің қызығушылығына сыни көзқараста болған дегенге негіз бола алады. Швейцарияда ол ХІХ ғасырдың тағыбір ұлы ағылшын ақыны Шеллимен дос болады.

1817 жылы Байрон Италияға кетеді, ол онда Карбонарий болады. Сол жылдары ол өзінің «Марино Фальеро» және «Фоскари екеуі» (1821) атты трагедияларын жазады. Бұларда тарихи сюжетке қарамастан заманауилықтың жаңғырығы тола, онда көтерілістің өткір саяси проблемалары халықтың қоғамдық күрестегі рөліқойылады. 1821 жылы Байрон құдай жолындағы күрес тебіренісі мен жігерлі гуманизмге толы «Каин» атты хикаятты жазып шығады. Өзінің «Күміс ғасыр» (1823) атты тамаша саяси сатирасында ақын еуропалық қоғамның зиялы қауымына қарсы бірлесе әрекеттер жасау үшін Верона конгресіне жиналып адамгершілікке жат келісімге келген Еуропалық билеушілерді масқаралады.

Саутидің «Сот елесі» атты дастанына, пародия ретінде жазған осы аттас сатиралық дастанында (1822) Байрон ағылшын королі Георг ІІІ – ні және оның сарай ақынын аяусыз келемеждейді.

Байрон сондай - ақ «Шығыс дастандары» деп аталып кеткен «Гаур» (1813), «Абидостық қалыңдық» (1813), «Көрсар» және «Лара» (1814), «Коринфті қоршау» (1815), «Бензада» (1816) секілді дастандардың да авторы .

Шығыс дастандары драматизм гетолы, онда тежелуі апатқа алып келетін күшті «қатерлі» құмарлықтар бейнеленеді. Бұларға шығыстың айқын көріністі табиғаттың сұлу бейнесі мен шығыс сапарынан алынған жеке беріп тұрады.

Феодалдық реакция мен «алтын қапшықтың» имандылықтан жұрдай, рақымсыз билігіне қарсы күресіп жатқан халықтардың досына айналу арқылы ішқұсалық пен мұң – шерден айыққан адам туралы. «Чайльд Горльдтың сапары» атты датаны – жаңашылдығы терең туынды болып табылады. Байронға дейін ешкім дежаңа ғасырдың басының осындай бейнесін беруге ондағы, онда Еуропа халықтарының тағдыры жайлы әңгіме мен өзіне және өзінің ортасына көңілі толмайтын, жаңа адамдарды жаңа тарихи болашақтарды іздеуші жас жігіт туралы әңгімені біріктіруге талпынған жоқ.

«Сапар» - бұл белгілі біршамада – Байрон дәуірінің ағылшындық өмірінің энциклопдиясы. Саясат, философия, тарх, тұрмыс, әдет –ғұрыптар, ғылымдардың жағдайы осынау көп салалы дастанда өз бейнелерін тапты.

«Дон Жуан» атты өлең романы Байронды бүкіл жер жүзіне әйгілі етті. Әйтсе де бұл туынды да ол ХҮІІІ ғасырдың өмірін сипаттаған болса да, алайда мұнда ол өз заманының оқиғаларын мңзейді.

«Дон Жуан» романы екі жүзді ақымаққа қарсы бағытталған әйтсе де оның қаһарманның романтикалық көтерілісшіге шқандай дақатысы жоқ. Иопан ақсүйектерінің әдет - ғұрыптары мен теңіз қарақшысы арасындағы өмірдің экзотикалық бейнелері. Лондонның ақсүйектер саланы мен соғыс даласы, құлдар базары, түрік сұлтанының гаремі, Екатерина ІІ-нің сарайы – романның ауқымы міне осындай. «Дон Жуанда» Байронды реализмге жақындата түскен «адам және орта» проблемасы пайда болады. Адамның ортаға тәуелділігі қоршаған шындықтан асып түсе алмайтын кәдімгі адамның мысалында ашылған. Сонымен бірге Байрон жағдайларға бағынудың қажеттілігі кез-келген адамға тән зұлымдыққа қарсы тұрушылық пен әділеттілік сезімін жоққа шығармайтындығын көрседі. Өз қаһарманның бейнесі арқылы да лирикалық шегіністерінде де, Байрон адамның оны қоршаған дүниеге қатысты блсенді, шығармашыл рөлінің мүмкіндігін дәлелдейді. Романның көңілді толықтырып идеясы міне осында.

1823 ж. Байрон грек патриоттарының түрін езгісіне қарсы ағаттық күресіне қатысу үшін италияны тастап шығып Грекияға кетеді. Грек халқының қаһармандық күресіне Байрон «Сулкаттарға арналған жыр», «Кофолониядағы күнделіктен», «Грекия туралы соңғы сөздер» атты өлеңдерін арнады. Безгектен қатты ауырып қалған ақын, лагерьді тастап кетуден бас тартады да қан майданда қаза табады. Оны еске алу Грекияда ұлттық аза болып аталып өтті.

Александр Сергеевич Пушкин

(1799 – 1837)
Орыс ақыны, жаңа орыс әдебиетінің негізін қалаушысы. Александр Сергеевич Пушкин Мәскеуде, ақсүйек отбасында дүниеге келді.

1811 жыл Петербургке жақын маңдағы Патша селосы лицейіне оқиға түседі. Мұнда оның бостандық сүйгіш арманы оянады, осыдан оның ақындық даңқы бастау алады. Лицейде ақын жүрген жылдары 120 – дй өлең жазған. Өз күшін барлық жанрларда – элегияларда, балладаларда сынап көрді. Лицейлік лирикада достық, махаббат, табиғат, өмірден ляззат алу сарындары басым болды. 1817 жылы маусымда Пушкин лицейді тәмәмдап Петербургке ауысады. Мұнда ол сыртқы істер коллегиясына Коллеги хатшысы шенінде жұмысқа қабылданды. Осы уақытта ол әдеби ортада жақсы танымын болып қалған еді. Пушкиннің Петербургте жазған еркіндікті аңсаған өлеңдері. («Еркіндік» 1817, «Ауыл» 1819 және т.б.). Қос жазбалық көшірмелерде көптеп таралады. Зиялы ұрпақтың бағдарламасы «Чадаевқа» үндеуінде көрініс тапты (1818):бейбіт «үміттер мен байсалды даңққа» «өзімшілдікпен» жігерлі күрес қарсы қойылды.

«Ауыл» («Деревня») өлеңінде орыстың сұлу табиғатының шаруасының аянышты жағдайын, ізгімен зорлық зомбылық бейнелері бір - біріне қарама - қарсы қойылды. Өзінің әдеби қызметінің алғашқы кезеңінде Пушкин өзінің лиикалық өлеңдері мен әйгілі болған еді. Олардың ішіндегі ең тамашаларының бірі – салтанаты мақалда жазылған «Патша ауылындағы естеліктер» өлеңі болады. Пушкин орыс жауынгерлерінің ерліктерімен Ресейдің 1812 жылы отан соғысындағы жеңісін жырлайды.
Өзені басынудан қорық о дұшпан!

Перзенттері қозғалды Ресейдің,

Өре түрегелді жас та нәрі де; өжеттеніп барады ұмтылып,

Көкіректерін кек оты кернеген.


Бұл өлеңде жас ақынның отансүйгіштік сезімі айқын білініп тұр.

Лицейді бітірген алғашқы жылдарында - ақ Пушкин ізгі мен басыбайлықты масқаралаған өзінің саяси өлеңдерімен билеуші топтардың наразылығын туғызады. 1820 жылы оны Ресейдің оңтүстігіне (Екатеринословқа одан кейін Кишеневқа, Одессоға) жер адарып жіберді.

1820 жылы «Руслан мен Людмила» дастаны жарияланды. Оның «дүнияу» негізі бір жағынан сүйсіне мадақтауға кезінсе екінші жағынан ауыр сынға кезікті. Өзінің сюжеті коминаризиясы мен баяндау мәнері бойынша жаңа әдеби кезеңді ерекшелеп тұрған лиризмнің көрінісін бірден айшықтап тұрды. Осы дастаннан орыс әдебиетінің жаңару жолы бастау алады.

Пушкин ақындық шығармашылықтың әр алуан түрлерінің арасындағы шартты шекараларды батыл түрде жайып отырды. Ол әртүрлі жанрлардың ерекшеліктерін үйлестіре білді. Осылайша ол орыс поэзиясының дамуындағы жаңа жолды ашып берді.

Пушкиннің шығармашылығын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Біріншісі (1813-1816) тәжірибені игеру кезеңі болады. Екінші кезең (1817-1820) – Пушкиннің ақындық даналығының байқалу, оның шығармашылығының ауқымының кеңейуі, өзіндік сарынды (стильді) іздестіру кезеңі болды. Үшінші кезеңде (1820-1824) – Пушкиннің романтизмі пайда болып дамиды, ол кейін дағдарыстық кезеңге тап болады. 1825 жылы Пушкиннің «Шындықтың ақыны» ретінде даму кезеңі басталады, тарихи оқиғалардың да, заманауи оқиғалардың да мәніне бойлауға, адамның мінез - құлқының жасырын серпіндерін байқауға олардың дара ереншеліктері мен тектік көріністерінің бірігуіндегі ерекшеліктерді бейнелеуге мүмкіндік беретін жаңа көркем жүйе қалыптасты.

1824 жылы Пушкин қызметтен босатылып, ата - анасының Ненавтың иелігі – Михайловеное селосына жер аударылды. Мұнда ол көп оқиды, тарихты зерттейді, халық ертегілері мен жырларын жинайды.

Михайловскиде болған кезеңі - ақынның қарбаласқа толы шығармашылық кезеңі болды. Пушкин мұнда жүріп көп оқыды. Мұнда ақынның «Андрей Шенье», «Бұлыңғыр күн сөнді», «19 қазан», «Қысқы кеш», «Әлі есімде, ғажайып сол бір сәт» және т.б. өлеңдері дүниеге келді.

Мұнда Пушкиннің «Оңтүстік дастандары» деп аталып кеткен «Кавказ тұтқыны», «Адайынды қарақшылар», «Вадим», «Бақшасарай фонтаны» және «Сығандар» атты дастандары дүниеге келді. «Оңтүстік дастандары» атауының екі ұдайы мәні бар:біріншіден, олар ресейдің оңтүстігінде айдауда аяқталған «Сығаннан» басқасы); екіншіден олар «Вадимнің» экзотикалық оңтүстігімен көрінісі Еділ даласында болатын «Ағайынды қарақшыларды» сипаттайды.

«Кавказ тұтқыны», «Әңгіме» тақырыпшасымен басылып шықты, ал «Бақшасарай фонтаны» мен «Сығандар» - ешбір тақырыпшасыз басылып шықты. «Әңгіме» сөзіне сын пікір жазушыларда («Дастан» сөзімен бірге) жиі кездеседі. Княз Вяземский Пушкиннің әдеби жанрлардың шекараларын романтикалық тұрғыдан елемегенін атап көрсете отырып «Сығандар» туралы мақалада Пушкиннің өз сөзімен былай дейді: «Кавказ тұтқыны», «Оңтүстік дастандарының» ішіндегі сюжеті бойынша «Шығыс сығандарымен» белгілі бір ұқсастығы бар жалғыз дастан: еуропалық тұтқынды оған ғашық жергілікі әйелді босатуы және отанында қалған ғашығына бола оның махаббатын қайтаруы.

Баста редакциясында «Бақшасарай фонтаны» басынан басталатын жалғыз ғана дастан, алайда алғашқы жазылған ақынның өмірдерлігін жария етуінен, туындының тақырыбына жол тауып берсек оның жеке басының қайғы мұңы жайлы әңгімесінен тұратын лирикалық кіріспе бөлім арнаудың үзіндісін табамыз.

Орындайын мен тілегіңді,

Уәде еткен айтайын әңгімемді.

(Көптен бері мұңлы хикаяның)

Сыры ашылды маған алғаш рет.


«Сығандар» Алеконың Земфира ой пікірімен кейінгі тағдыры соңына дейін айтылмай қалады, бірақ дастанының басы аяқталмай қалған пластикалық образды құрайды: Алеконның жалғыз арбасы көшпенділердің көңілді түнеу орнының адамдары жок, тастанды орта мен түнеріп келе жатқан күннің бейнесі.

Декабристер көтерілісін басын жаныштағаннан кейін Николай I-ші Пушкиннің құпия қоғамының мүшесі болып табылатындығы туралы мәліметтерді таппаған соң, ақынды айдаудан кері қайтарады.

ХIХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдарының екінші жартысы Пушкин релизмінің - дастандарда («Граф Нулин», «Полтава», «Колонадағы үйшік», «Мыс салт атты»), драммаларда («кішкентай трагедиялар»), прозаларда («Ұлы Петрдың Арабы», «Белкин әңгімелері», «Капитан қызы», «Қарғаның мәткесі» және т.б.) гүлденген шағы болды.

«Полтава» дастаны (1828) романтикалық кезең дастандарынан ерекше дастанның жаңа түрін білдірді.

«Сараң рыцарь» трагедиясы ескі феодалдық адамдардың арасындағы табиғи байланыстарды бұзатын, әкенің балаға деген махаббатынан жұрдай ететін, оны адамдардың бақытсыздығынан жинаған зұлым шалға айналдырған буржуазиялық заманның басталып жатқандығы туралы әңгімелейді.

Пушкинның басты мақсаты – мейрімділік сезімін ояту. Осы мақсатпен «Балкин әңгімелері» мен «Мыс салт атты», «Қарғаның мәткесі» мен «Капитан қызы» және басқа туындылар жазылды.

Өз парызына қызмет етудің, пәктік пен қарапайымдылықтың биік үлгісі Маша Миронова болып табылады. Пушкин қаһарманның махаббат мұңына көптеген жолдарды арнайды. Әңгіменің «Капитан қызы» деп аталуы тегін емес.

Николай I-ші «Мыс салт аттыны» басып шығаруға рұқсат береді. Пушкин өлгеннен кейін,дастан оның қағаздарының арасынын табылып, Муновскийдің түзетулерімен жарияланады, ол дастаннан көтеріліс көрінісін алып тастаған болатын.

Евгений Онегин романы (1823-1831) – ұлы ақынның «жанды тебірентер ең үздік туындысы», ол реолизмнің озық дәстүрінде жазылған орыс өмірінің шынайы энциклопедиясы.

«Евгений Онегин» романы логикалық айқындылығы мен және туралығымен ерекшеленеді. Пушкин өзінің әңгімесін былай құрды: бұл оған шындықты кеңінен қамтуға, өмірлік маңызы бар проблемаларды қоюға және лирикалық бағыт пен этикалық бағыттың толықтай бірігуіне қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Пушкин романында ерекше «Онегиндік» шумақты ойлап тапты, бұл әңгіменің шекелеген орындарынан дербес минатюраларды құруға мүмкіндік береді.

Онегиннің бейнесінде жоғары зияткерлік мәдениеті бар адамның әлемі түйсігінің екі ұдайылығы ашылған. «Ақсүйектер»ортасына теріс ниеттегі Онегинде сонымен бірге орманның сипаты ерекшеліктері бар орынды суреттердің сезімен Пушкин «селқостықтан» келер қауіпті айқын сезді. Өзінің «селқостығында» тәкаппар Онегинде «мақсат» болған жок. Онегиннің скептикалық салқынқанды әлемге түйсігіде, ленскийдің албырт романтикалық идиализміде жалғандық екі жүздік,қуыс кеуделік әлемінен шығарып жолды көрсете алар емес. Романның идеалы орыс әдебиетіндегі ең көркем әйел бейнесінің бірі Татьянаның характерінде көрініс тапқан.

1834 жылы Пушкинның еңбегі «Пугачев тарихы» жарияланды.



Оноре де Бальзак

(1799-1850)
Тур қаласында туылған. Оның әкесі Бернар Франца Польса шара отбасынан шыққан кеиіннен цересин болды. өз аты - жөнін ол дауысты етіп ақсүйектер Бальзак деп атады. Онере отбасыннан тыс ланион мен претриондық монақтардың коледжінде тәрбиеленді 1814ж отбасы парижге көшіп келді мұда Бальзак құқық мектебінде жалғастырды Сонымен ол Сорбанада әдебиетттен дәрістер тыңдады.

Жастық шағында Бальзак өз жолын философияда ден білді алайда философия нақты адамдар мен шексіз алуан түрлілікті айрықша қырағылықпен әрі серіктікпен ойында сақпап отырды Плебеи жер жыртушының немересі ортақ қол шенеуінің балалы жоғары құқықтың білімнен гөрі орта құқықтың блім алған және адвокат пен нотариустың кеңселерінде іс - тәжірибиелік мектептен өте отырып ол әдебиетпен шұғылдануға уақыт табуға тырысты алайда оған қол жеткізе алмады. Ол өзін жұмыспен басып отырды алайда өзінің аса зор денсаулығының арқасында өз жоспарын жүзеге асыруға жиырма жылын жұмсады да 1850ж елу бір жасында қайтыс болды.

Бальзакқа атын алып берген алғашқы туынды, 1799 жылы Беретандағы көтерілісті басып жазуға арналған «Муаны» (1829) атты тарихи романы болды. Бальзак шынайы қаһарман етіп халық өкілдерін қарапайым жауынгерді беинелейді. «Шуануар» Балзақтың шығармашыл өміріндегі жаңа кезеңді ашады. Ол өз романдары бірікен сон бірін жаза берді 1830жылы ол оларды үлкен цикілдерге біріктіре бастайды.

Бальзактың жүздеген туындыдан және мыңдаған кеиіпкерден тұратын бәрін қамтушы заманауи дәуірнаманы –«Адами комедияны» құру әрекеті әлем мен қоғамдағы жалпылама байланыстарды сезінуден әлемнің бірлігіне көз жеткізуден туындаған. Оның бүкіл өмірі оның жоспарына кіріп соған бағындырылды: менің оқиғаларымның басты оқиғалары - бұл менің туындыларым

Жалпы жоспары 1834 жылы жетілген ол мағынаға бай атауы 1840 жылы ойлап табылған Адели ролидия «үлкенді кішілі» ғұрыптар этюдтері мен «философиялық этюдтерге» қарай дами отырды бұрын сонды болмаған бірыңғай көркем көрініс болып құрала берді.

Бальзак өзінің «Адами комедиясында» әдеп ғұрыптар туралы этюдтер «Философиялық этюдтер» «Аналитикалық этюдтер» деп үш бөлімге бөлді. «Әдеп ғұрыптар туралы этюдтерді» Бальзак және айлақтық париждің әскери саяси және ауылдық өмір көріністеріне бөлді

Бальзактың «Адам комедиясында» елеулі орынды «Шегірен былғары» атты роман алып жатыр Оның алғашқы басылымы екі кітап болып 1831жылы Парижде шықты. Бальзақтың көзі тірісінде роман жеті рет басылып шықты. Бальзақтың өзі туындының философиялық негізін ол (философиялық ертегі) біздің қазіргі заманымыздың біздің өміріміздің, біздің әзілшілдігіміздің формуласы болып қала бермек деп айқындап берген. Адам өмірі жайлы бұл драмалық әңгіме автор үшін оның шығармашылығын бүтіндей кезеңінің философиялық қорытындысы болды «Шелрен былғары» Бальзақтың философиялық туындыларының бүтіндей ариалы романдардың повестер мен әңгімелердің бастамасы Шегрен былғары романында тұлғаның өзімшілдіктері мен құмарлықтарын қанағатандыру жолында тағдырдың жазғанынан құтыла алмайтындығының символы ретінде көрінеді

Роман қаһарманы кедеи ақын Рафаэльдің тағдырының тақырыбы. Бальзақтың «Жоғалған елестер» және Куртизалардың сән салтанаты мен қайыршылығы романдарында терең әрі толық дамытылды. Сонымен бірге шерген былғарыда кең айқындалған көптеген өре проблемалар «Адам комедиясының» бұдан кейінгі туындыларында өзінің көлемді көрінісін тапты Рофаэьдің тағдырындағы шешуші рөлді өзінің жатып ішер және өзімшіл арсыз философиясымен бірге оның ақсүйектер тобының шыққан кумашыл досы Распиньяк атқарады. Бұдан кеиін Растиниян «Горио әкей» романында өздеріне білінбеитін комидианттар» Курнизанналардың сән салтанаты мен қайырымшылдығы» романында және Бальзақтың бірқатар туындыларында көріне отырып «Адам комедиясының» басты кеиіпкерлерінің біріне айналды

«Шегрен былғарыда» қолданылатын типтеу тәсілдерінде «Адами комедияның» кейінгі туындыларында Бальзақтың көркем әдістің негізгі белгілері айқындала бастайды олар гипербала бояуларды қанықтыру образды күшейту дараландыру өнері мәнерлі тұрмыстың ұсақ - түйек шеберлігі арқылы үлкен қорытынды үйлестіру

«Жоғалған елестер» романы арқылы (1837-1843) Бальзақтың шығармашыл жасыныңортасы белгіленді

Тек шәкірттік тәрбилер ғана емес сонымен бірге «Гобсен» «Шегрен былғары», «Евгения Гранде» «Горио әкей» сенілді танымал үздік туындылар да болса, олда «Куртизоналардың сән салтанаты мен қайыршылығы» «Кедей туыстар» «Шаруалар» болды. Автордың суреттелетін оқиғаларды терең әрі бай етіп негіздеуге тырысуынан роман көбеиіп күрделене түсті. Бальзақтың жоспарының ауқымдылығы жағдайында осынау сегіз жыл өзге де ондаған туындыларға соның ішінде «Церар Биратонның тарихи» «Нуенгеннің банкирлік үйі» «Жаман іс», «Бойдақтың өмірі» «Шет аймақтық муза» секілді елеулі туындыларға да арналған болатын

Бальзактың қай романы ең жақсы? Андре Моруа ең тамаша деп «Жоғалған елестерді» атады Алайда Бальзақ шығармашылығында биік шыңдар өте көп оның үстіне автордың өзі де қарама - қарсы қоюға жол бермейді, ол өзінің барлық этюдтерін «ноғаш туралы біртұтас романның басы» мойындалуына қол жеткізді. «Бүкіл әлемдік табыстың сыры шыншылдықта деп жазды Бальзак.



Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет