Г. А. Шумикеева. 29 қараша 2013 ж. Ашық ТӘрбие сағаты тақырыбы: Елбасы ел мақтанышы



Дата20.06.2018
өлшемі29,18 Kb.
#43893
«БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ» МКҚК
«Бекітемін»_________

директор БЖШҮ

Г.А.Шумикеева.

29 қараша 2013 ж.

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: Елбасы - ел мақтанышы

Өткізген: «Қазақтың қолданбалы өнері» үйірмесінің жетекшісі

Сариева. Ж.М.


Ақтөбе қаласы, 2013ж.

Мақсаты:
Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөз-

дері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, слайдтар, үнтаспа.


Барысы: 
Құрметті балалар! Бүгінгі «Елбасы - ел мақтанышы» атты тәрбие сағаты еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? (оқушылардан жауап)

Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды. 

- Ал елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер? (Оқушылар

өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді елбасының туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне назар аударайық (үзінді ). 
Отбасылық жағдайы (слайд) 
Жұбайы - Сара Алпысқызы. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар:

Дариға-саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар»ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.

Әлия – «Элитстрой» құрылысын басқарады.
Елбасымыздың қызмет жолы:  (слайд) 

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 
1973-1977жж – Қарметкомбинатының партком хатшысы. 
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы. 
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 

1995 жылы сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігі 2000жылға дейін ұзартылды.

1999 жылы қаңтардың 10-ында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 

2005 жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауыс алып,

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 
Елбасының лауазымдық мәртебесі: (слайд)


  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті  - Елбасы

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы

  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы

  • Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының төрағасы 

  • Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы

  •  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарады

  • Экономика ғылымының докторы, академик 

  • «Ғасыр адамы»

  • Әнұранның авторы, жазушы 

  • Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы 

  • Алымды да, алғыр басшы Көреген саясаткер 

1-оқушы Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн


Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Ел тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Еліміздің абырой-беделінің артуына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік көшбасшылармен арада қалыптасқан жеке достық қарым-қатынастары оң ықпал етеді. Мемлекет басшылары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, дінаралық диалогты жолға қою салаларындағы ғаламат еңбегін мойындайды.Осы уақыт аралығындағы елбасының көреген саясатының арқасында қазақ елі қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: 

- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет; 


- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті; 
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды; 
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет; 
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан

Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. Енді

назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз

туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. 



Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: (слайд). 
«Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті:

«Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 


Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті:

«Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 


Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті:

«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді». 

Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.  Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: 
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамың! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы – менің арманым! 
Күн тұрғанда тұратын, 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана
Осы – менің мұратым! 
О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім. 
Балалар енді халқымыздың елбасына арнаған жыр-шумақтарына кезек берелік.

Гүлдене бер, Отаным,


Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Міне осындай егеменді еліміз,


Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,


Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Естімейік енді елдің жылағанын,


Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,


Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..

Отан дейміз кең байтақ астананы,


Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,


Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

  • Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар заты жоқ мемлекет емес, Бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған – мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.

  • ... Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

  •  «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». 

  • Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.  

  • Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. 

  • Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. 

  • Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

  • Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

  • Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары.

  • Ұлттық намыс – ұлы ұғым.

  • Бірлік – біздің қасиетті туымыз.

  • Конститутция – кемел келешектің кепілі.

  • Дарынды ұрпақ – қарымды ұрпақ.

  • Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кемел ғылымда.

Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету) 

Қорытынды бөлім:
- Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар? 
1. Білім алу. 
2. Отанды сүю. 
3. Ана тілін сүю, құрметтеу. 
4. Ұлтжанды азамат болу. 
5. Ұлттық рухымыз берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу. 
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу. 

Педагогтың қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” 


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет