Полисемия – сөздердің көп мағыналығы. Сөздердің тура, ауыспалы мағынасы.
Синонимия – заттас сөздер.
Омоним – аттас сөздер.
Антоним – қарама-қарсы атау.
Архаизм – ежелгі көне сөз.
Неологизм – жаңа сөз.
Диалектизм – оқшау, жергілікті сөз.
Идиома – айрықша, айшықты сөз.
Историзм – тарихи сөз.
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін талдау үлгісі Қансонар кезінде бүркітші аңға шығады, түлкі көбіне тастан табылады. Аңға шыққанда атың жақсы болса, тату жолдасың болса, үлкен ғанибет. Сонымен бірге ықшам киім болған абзал. Аңшы аңның ісіне назар аударады. Бүркітші тау басында, қағушы, яғни аңды үркітуші ойда жүреді. Аңды көрген соң, бүркітші бүркітінің томағасын сыпырады. Көзінен томағасы алынған құс аңды көре сала, биікке самғай көтеріледі. Төмен ұшса, түлкі құтылып кетуі мүмкін, сондықтан жоғары шарықтай ұшады. Бүркітті көрген аң одан құтыла алмасын білген соң, бір орнында тұра қалады. Аспаннан төнген құсқа айбат шегіп, аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрайды. Қырық пышақ тісімен айбат шеккенде, ол бүркітке осал жау емес. «Сегіз найзасын» жазып жіберіп, құс төне түседі. Биіктен тастай сорғалап төмен құлайды. Сөйтіп, екеуі жеке батырлар шайқасқа шыққандай айқасады. Жер тағысы мен көк тағысы адам үшін қызыл қанға осылайша батысады.
Аппақ қарда қара бүркіт, қызыл түлкі, сұлу қыздың шомылғанындай бейне береді.
Мұндай табысқа бүркіт те, иесі де мәз. Түлкі терісінің құны үйірімен үш тоғыз тұрады. Қанжығаң қанды болса, көңілің жайланады. Осындай табысқа таудан жиде тергендей кенеле берсең, құмарың арта түседі, жалғандағы ең қызық іс осы – аң аулау. Оның мәнісіне үстірт қарасаң, еш уақытта ұқпайсың. Бұл өлеңді тек аңшылар ғана ұға алады.