Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет17/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб

Шумақ: 26
Тармақ: 106
Бунақ: 3 бунақты
Өзге емес, //өзім айтам //өз жайымда,//
Жүрегім //жалын атқан// сөз дайында.//
Тереңде //тұнып жатқан// дауыл күйді //
Тербетіп,// тулатып //бір қозғайын да... //
Буын саны: 11 буынды
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы (ааба)
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, а
Өкінем ұқсата алмай келемін деп. а
Күніне жүз ойланып, мың толғанам, б
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. а
Тіл байлығы:
Антоним: қайғыру – сүйіну
оңды – солды
Синоним: жерім, елім.
дүние, өмір, кең мекен.
дос, жолдас.
Идиомалық тіркестер: жалын атқан, тұнып жатқан, алақұйын заманалар, адамзат сапарының, жүз ойланып, мың толғанам, өмірдің алтын сарай аспанына, от өмірім, ақылдың алтын оты, өлеңнің өткірі, сұңқар үнім т.б.
Көркемдегіш құралдар:
Теңеу: Торқадай жамылып ап топырағын, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Серінің семсеріндей сертке таққан, Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай ,Мерт болған балапанның қанатыңдай? Өртке тиген дауылдай өлеңімді.
Эпитет:
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.
Ежелден еркебұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Метафора:
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Екі көз – екі жүлдыз маңдайдағы,
Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,
Жүзім – жаз, көңілім – көктем, кең пейілді,
Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,
Берейін өмірімнен өлең жасап
Метонимия:
Жақсының жүрегіне ғашық едім.
Гипербола:
Көңлімде көл жасаман тамшыменен.
Символ:
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Кейіптеу:
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Риторикалы сұраулар:
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?!
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!
Япырмай, сен де бір күн сөнермісің
Қап-қара түнек болып маңайдағы?!
Қайталаулар:
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!
Градация:
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Тәрбиелік мәні:
Әр қаламгердің туындылары сол қаламгердің мінез-болмысынан хабар беріп тұрады. Қасым қандай қиыншылықты басынан өткізсе де, өлеңдері нөсердей селдетіп, алмас семсердей жарқылдап, оттай лаулап, жалындай шарпиды. Лирикалық қаһарманның өмірі үлгі мен өнегеге, мән мен мағынаға толы. Өлеңдегі адами қасиеттер, болашаққа деген нық сенім мен ақын үміті, рухани пафос кімді де болса рухтандырмай қоймайды.


Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін оқушыға ең алдымен, әдеби эссе құрылымын меңгерту маңызды. Эссе құрылымы қалай болады? Нені ескеру керек?
1. Кіріспе. Бұл бөлімді үш не төрт сөйлеммен жеткізуге болады. Алғашқы сөйлемнен-ақ оқырманды баурап алуға тырысу керек. Тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет