2.Негізгібөлім. Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс жасауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, екінші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі. Ал үшінші, төртінші сөйлемде осы мәліметке қатысты ойыңыз орын алады. Одан кейінгі сөйлемдерде жалпы ойды қорытындылау керек.
3. Қорытынды. Басты ескеретін мәселе – жаңа ой жазудан аулақ болу. Мұнда бастапқы көзқарасыңа қайта оралып, оны басқа сөйлеммен жеткізуге тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін топтап жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.