Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай туысы Бөжейдің асын өткізуге тікелей атсалысып, азаматтық танытты.
|
Енді туыстар арасындағы сол сызатты қалпына келтірудің бір жолы – соңғы асына көмектесіп, кісілік таныту.
|
Бұл әрекетті мен оның есейгендігі деп түсінемін.
|
Асы келген уақытта Абай әкесіне өзі қолқа салды. Бұл ас жалғыз Жігітекке ғана сын еместігін айтып, әкесінен рұқсат сұрады.
|
Ең алдымен, үлкендерден бата алды, аналарымен ақылдасты, досының ризашылығына бөленді.
|
Сонымен бірге досы Ерболдың ризашылық білдіруі де тегін емес: «Абай, бөтен сөзім жоқ. Тек бағана әкеңмен сөйлескен сөзіңді есіткелі өзіңе дән ырза боп, достығыма сүйсініп ем...».
|
Бұл жерде «кісіні досынан таны» деген қағиданың өміршеңдігі байқалады. Ерболдың ризашылық білдіруі тегін емес еді. Әкесі келіспегендік сыңай танытқанымен, баласының алған бетінен қайтпайтынын түсініп, кейін шегінді.
|
Баласының «атаның баласы емес, адамның баласы екенін» іштей ұққандай болды.
|