Берілген бірнеше бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру деп осы бөлшектерді шамаларын өзгертпей бөлімдері бірдей боларлықтай етіп, түрлендіруді айтады.
Бұл үшін барлық бөлімдердің еселік санын берілген бөлшектердің ортақ бөлімі етіп алып, әр бөлшектің алымын да, бөлімін де бөлімнің табылған еселікке жетпей тұрған көбейткішіне көбейтсе болғаны.
Мысалы: , , бөлшектерін былайша жазуға болады:
= , = , = , k = a1b1c1
Бұл бөлшектердің әрқайсысын түрлендірудің мәнін бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей санға көбейтуде екендігі өзінен-өзі түсінікті; бұдан бөлшектің шамасы өзгермейді (бөлшектің негізгі қасиеті бойынша).
Бөлшектерге амалдар қолданғанда есептеуді оңай ету және ықшамдау мақсатымен оларды ең кіші ортақ бөлімге келтіреді ал берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі осы бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |