Берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін, егер мүмкін болса, әуелі оларды қысқартады, одан кейін барлық бөлімдердің Е.К.О.Е. табады, әр бөлім үшін тиісті толықтауыш көбейткішін анықтайды да, бөлшектің екі мүшесін де осы көбейткішке көбейтеді.
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірудің
дербес жағдайлары.
1-жағдай. Бөлімдердің ешбір қосының ортақ көбейткіштері болмайды.
Бұл жағдайда бөлімдердің барлығы да өзара жай сандар болатындығы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай сандардың ең кіші ортақ еселігі олардың көбейтіндісіне тең. Олай болса, бұл қарастырылып отырған жағдайда бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін әр бөлшектің екі мүшесін де қалған бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісіне көбейтсе болғаны.
Мысал. ; ; . Бөлімдердің Е.К.О.Е. 8
Достарыңызбен бөлісу: |