Геометриялық денелер бетінің аудандарын есептеу
1. Бет ауданы. Призма бетінің ауданы
2 . Пирамида
Қиық пирамида
1. Анықтама. Көпжақ бетінің ауданы деп оның барлық жақтарының аудандарының қосындысын айтады.
Призма бетінің ауданын табайық (182-сурет)
Призманың табандары– тең көпбұрыштар
болғандықтан, олардың аудандары тең болады.
Сондықтан
мұндағы -призманың бүйір бетінің ауданы.
ауданын есептеу үшін ереже қорытып
шығарамыз.Кез келген призма берілген болсын
Оның бір бүйір қырына тиісті нүктесі 182-сурет
арқылы өтетін осы қырға перпендикуляр жазықтығын жүргіземіз. Егер жазықтығы призманың барлық бүйір қырларын қиып өтетін болса, онда табылған көпбұрыш призманың перпендикуляр қимасы деп аталады.
Призманың бүйір жақтары болып табылатын параллелограмдардың табандары ретінде призманың бүйір қырларын аламыз. Бұл параллелограмдардың биіктіктері – перпендикуляр қиманың қабырғалары. Барлық бүйір жақтардың аудандарын қосып, призманың бүйір бетінің ауданы перпендикуляр қима периметрінің бүйір қырға көбейтіндісіне тең болады деген қорытынды жасаймыз. Дербес жағдайда, тік призманың бүйір бетінің ауданы оның табанының периметрінің призманың биіктігіне көбейтіндісіне
тең болады, яғни Сонымен мұндағы -призма табанының қабырғалары.
Достарыңызбен бөлісу: |