Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық


Анықтама. Жақтарының біреуі кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштар болатын көпжақ пирамида деп аталады



бет487/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   503
2. Анықтама. Жақтарының біреуі кез келген көпбұрыш, ал қалған жақтары төбелері ортақ үшбұрыштар болатын көпжақ пирамида деп аталады.

Пирамиданың табаны, төбесі, бүйір жағы, бүйір қыры, биіктігі деген элементтері 183-сурет көрсетілген.



183-сурет 184-сурет

Пирамиданың кесінін салуды оның табанын кескіндеуден бастауға болады. Содан кейін пирамиданың төбесін және оның бүйір қырларын кескіндейді.

Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болып, пирамиданың төбесі осы көпбұрыштың центріне проекцияланатын болса, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады. (184-сурет)



Дұрыс пирамиданың барлық бүйір қырлары тең; оның барлық бүйір жақтары – бірдей тең бүйірлі үшбұрыштар.

Дұрыс пирамиданың бүйір жағының төбесінен жүргізілген биіктігі осы пирамиданың апофемасы деп аталады. -апофема (184-сурет)

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы мына формуламен есептеледі:

мұндағы - дұрыс пирамиданың табанының периметрі, -апофемасы.

Бұл формула былай оқылады: дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның табанының периметрі мен апофемасының көбейтіндісінің жартысына тең болады.



Пирамиданың толық бетінің ауданы мына формула бойынша есептелді: .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет