Кілт сөздер: қазақ халқы, этнография, қоғам, құқықтық мәдениет, ұлттық тәрбие, ислам, мәдениет
Кіріспе. Қазақ тарихымен тікелей астасып жатқан дәстүрлі құқық мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұралар қатарына кіреді. Бұл рухани мұралар тамыры қазақтың ұлт болып ұйысуына дейінгі кезеңдерден бастау алады да, одан кейінгі тарихи кезеңдерде дамыды, түрленді және қажеттіліктерге сай жетілдіріліп келді.
Этнографиялық мәліметтерге қарағанда, дәстүрлі құқықтық мәдениет пен ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауында күнделікті тіршілік, көшпелілік өмір мен қаракет, ру-тайпалық жүйе секілді халықтың болмыс-бітімі мен тұтастығын тікелей көрсететін жайттар тұрды. «Ұлы дала, қуаң табиғат, көшпелі өмір салт маңдайға жазылған соң, сол жазмышқа көндігудің бірден-бір кепілі – адамдар бір-бірін жатсынбай, біріне-бірі арқа сүйеп өмір сүруі. Бұл қажеттілікті терең сезінген көшпелілер «Адамның күні – адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен. Сондықтан да, әрбір көшпелі қазақ туыстық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-этикалық критерийі деп білген» [1, 37 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |