Г. Е. Сабденова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, доцент, т.ғ. к., Қазақстан, Алматы А. Н. Усерова



бет5/10
Дата04.10.2020
өлшемі41,66 Kb.
#64023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Талқылау. Бұрын тарих, этнология, педагогика, философия, әдебиет, т.б. ғылым салаларында бұл мәселе біршама көтерілгенімен, оның көпшілік аспектілері тарихи-құқықтық талдаудан толымды түрде өте қойған жоқ. Мәселенің жекелеген қырлары құқық ғылымы саласында арнайы сөз етіліп, жеке қарастырылмаған. Сондықтан да осы мәселеге қатысты бірлі-жарым айтылған тұжырымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, ғылыми түрде негізделуі қажет деген ойдамыз. Тәлім-тәрбие қай кезде де кез келген қоғамның басты міндеті болған. Әсіресе оған бұрыннан-ақ гуманитарлық ғылым салалары өз үлестерін қосып келеді. Қазір де тәлім-тәрбиеге және құқықтық санаға маңыз беріп, ата-бабаларымыздың ұрпақтарын тәрбиелеудегі тәсілдерін орнықтыру көкейкесті мәселе болып отырғандықтан берілетін ұсынымдардың маңызы зор деп санауға болады.

Қазіргі таңда пәнаралық зерттеулер ғылымның барлық салаларына еніп келеді. Сол себепті отандық тарих пен мәдениеттегі барлық мәселелерді кешенді түрде қарастырған абзал. Сонда ғана біз отандық тарих ғылымы мен этнографияның түйінді мәселелерін наұты шешуге қол жеткізе аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет