Әдістері:теориялық-қисындылық, нақты-тарихылық, топтастыру-жүйелеу, салыстырмалы-құқықтық, логикалық, талдау әдістері жұмыстың өзегін құрайды. Сол секілді мақалада елімізге белгілі ғалымдардың тұжырымдары негізге алынды. Бұл айтылғандар зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздерін құрайды. Дегенмен ең алдымен мақалада тарихи-құқықтық талдау басшылыққа алынып отыр. Мақаланың кейбір тұстары осынысымен де құнды. Өйткені тарихи-құқықтық талдаудан өткен ғылыми ізденістер саны отандық тарихнамада мейлінше азшылықты құрайтындығы белгілі. Мұның өзі ғылыми ізденістердегі пәнаралық ұстанымдардың қажеттілігін де аңғартады.