Г. Г. Сайдуллаева ядролық реакциялар



бет9/15
Дата23.05.2022
өлшемі268,81 Kb.
#144726
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
dokumen.pub 9786010402768
Кужаттармен бирлесип жумыс жасау
ТУРА ЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР



4.1. (d,p) жəне (d,n) жұлып алу реакциялары


Дейтрондардың əсерінен болатын реакциялар. Дейтрон-дардың əсерінен болатын реакциялар ядролардың құрылымын жəне спектроскопиялық қасиеттерін зерттеу үшін кең қолданы-лады. Дейтрондардың əсерінен болатын реакциялардың қимасы зарядталған бөлшектердің əсерінен болатын реакция қимасына қарағанда үлкен болады. Дейтрондардың əсерінен болатын ядролық реакциялардың ерекшеліктері дейтронның қасиеттеріне негізделген: дейтронның құрылымы, оның байланыс энергиясы аз болуына жəне дейтрондағы электр зарядының ассиметриялық таралуына байланысты.

Дейтронның байланыс энергиясы аз болғандықтан, дейтрон-дағы нейтрон мен протон көбінесе ядролық күш əсер етпейтін аумақта жүреді. Сондықтан құлайтын дейтрон ядромен соқты-ғысқан кезде толық жұтылуы керек емес, н əтижесінде құрамалы ядро пайда болады. Ықтималдығы жоғары процесс ол: алғашқы дейтрон құрамына кіретін бір бөлшектің ядрода жұтылуы, ал екінші бөлшек реакцияның өнімі болып табылады. Мұндай процесс, яғни дейтронның бір бөлшегі ядрода жұтылып, екінші бөлшектің ұшып шығуын жұлып алу реакциясы немесе стрип-пинг деп атайды.


Жұлып алу реакциясының механизмі құлайтын дейтронның энергиясына байланысты. Егер құлайтын дейтронның энергиясы кулондық бөгеттен кіші болса, онда протонға əсер ететін кулон-дық тебу күшінің əсерінен ядролық күш əсер ететін аймаққа тек нейтрон жете алады. Осы жағдайда соңғы ядромыз нейтронды қармап алу нəтижесінде пайда болады, ал протон кулондық тебу күшінен жəне дейтронның құлауынан алынған артық кинетикалық энергиямен ұшып шығады. Кулондық əрекеттесу нəтижесінде дейтрондағы ауырлық центрі мен заряд центрінің сəйкеспеуінен дейтронның электрлік ыдырауы болуы мүмкін, ол кезде бірмезетте нейтрон мен протон босап шығады. Бұл ыдырау табалдырығынан асатын құлайтын дейтрон энергиясында да орындалады.


40
Кулондық бөгеттен жоғары энергиялар аймағында (бөгет


биіктігі, мысалы, 20 Ne үшін 2,8 МэВ-қа, 40 Ca үшін 4,8 МэВ-қа тең) жұлып алу реакциясы, негізінен, дейтронның бір бөлшегінің ядромен тікелей əсерлесуіне негізделген. Дейтрон өлшемі үлкен болғандықтан, екінші бөлшегіміз ядролық күш əсер ететін аймаққа мүлдем кірмеуі мүмкін, яғни дейтронның бір бөлшегін қармап алу мен бөлшекті босату қатар жүреді. Осындай тікелей ауысудағы босатылатын бөлшектердің бұрыштық таралуы тура айқындалған құрылымды сипаттайды, егер бастапқы ядролық күйі, спині мен жұптылығы белгілі болса, соңғы қалдық ядроның күйін, спині мен жұптылығын анықтай аламыз.


Ауытқу теориясы негізінде жұлып алу реакциясын кулон-дық өрістегі ауыр ядроларда дейтронның ыдырау реакциясына қолданған əдіспен қарастырайық. Анық болу үшін енді (d,p) реакциясы жөнінде айтамыз, алайда алынған нəтижелер (d,n) реакцияларына да қолданылады, жеңіл ядроларда дейтрондар-дың энергия аймағында шамамен 10 MэВ кулондық əрекеттесуді ескермеуге болады. A(d,p) жұлып алу реакциясы кезінде жүйе-нің толық кинетикалық энергиясының өзгеруі мына қатынас арқылы анықталады:





Q E p Ed S n 0 EB

(4.1)

Жұлып алу реакциясы нəтижесінде негізгі немесе əлсіз қозған күйдегі ядроның пайда болуы көп қызығушылық туды-


рады. Егер В ядросы негізгі күйде пайда болса EB 0 , онда Q


реакциясы шамамен 6 МэВ болады. А ядросының нуклондар саны В ядросы түзілуі кезінде өзгермейді деп санайық, онда жұтылған нейтрон мына энергияға тең деп есептейміз:





En E B S n E d 0 E p

(4.2)

Бұл энергия оң немесе теріс болуы мүмкін. Егер En >0 ол


виртуалды күй, яғни в ядросы нейтрон шығару реакциясына қатысты тұрақты емес.


41



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет