Г. И. Нестеренко



бет3/8
Дата27.05.2017
өлшемі2,55 Mb.
#17057
1   2   3   4   5   6   7   8

5.Дәрістік кешен.
Тақырып 1. Әлекметтік микроэкономика пәні және оның әдістемесі.

Дәрістің мақсаты: Әлеуметтік микроэкономика пәні және оның әдістемесімен танысу, оқып үйрену және білу.

Дәріс мазмұны: 1. Әлеуметтік микроэкономика пәнінің теориялық негіздері.

2. Ресурстар шектеулі проблемасы және оларды таңдау қажеттілігі.

3. Экономикалық моделдер.

4. Позитивті және нормативті түрде талдау.


1. Экономикалық теорияның микро және макроэкономика болып бөлінетіні белгілі. Макроэкономика бүкіл шаруашылық туралы ғылым болса, микроэкономика тұтынушылар мен фирмалар туралы ғылым.

Микроэкономика – төменгі деңгейдегі, яғни кәсіпорын, фирмалар, жұмысшы көздері және тұтынушылар арасындағы экономикалық процестердің іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

Оның негізгі ұғымдары шектеулілік, таңдау, баға, сұраным, ұсыным, өндіріс, құн болып табылады.Осыған орай микроэкономиканың негізгі көңіл бөліп зерттейтіні – баға және оның шаруашылық әлеміне тигізетін әсері.
2. Нарыққа бағдарланған болсын, орталық жоспарлаушы болсын кез-келген қоғам сиректілік проблемасын шешуі қажет. Игіліктер шектеулі болғандықтан әрбір қоғам алдында негізгі экономикалық проблемалар туындайды – қолдағы шектеулі қорларды адамдар арасында ең жақсы түрде тарату. Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? – деген сұрақтар қоғам алдында туындайды.

Нарықтық жүйеде сиректілік проблемасы екі түрлі шешім қабылдау принциптері негізінде шешіледі. Біріншісі оптимизация принципі және альтернативті шығындар принципі. Осы екі принцип микроэкономикалық теорияның негізін құрайды.


3. Микроэкономикада тұтынушылар мен фирмалар шешімін үйлестіру кезінде экономикалық моделдер қолданылады. Экономикалық модель дегеніміз- ол экономикалық оқиғаларды ұғу үшін пайдаланылатын ықшамдалған ұғымдар, диаграммалар немесе формулалар. Бұл моделдерде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы арақатынастар беріледі. Айнымалылардың екі түрі – экзогенді және эндогенді айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылар сырттан беріледі, ал эндогенді айнымалылар модел ішінде құрылады.
4. Көптеген жағдайда экономикалық проблемалардың шешуі теория мен моделдердің көмегімен табыла бермейді. Шешімге әрбір адамның саяси көзқарасы, пікірі мен өзіндік құнды бағдарлары әсер етеді. Осындай талдаудың екі түрі – позитивті және нормативті талдау бар.

Позитивті талдаудың нормативті талдаудан айырмашылығы, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сол күйінде түсіндіреді, сипаттайды. Позитивті талдауды қолдана отырып экономистер «егер», «онда» деген тұжырым жасайды.

Нормативті талдау ненің жақсы, ненің жаман екендігі туралы тұжырым жасайды немесе ол бағыт-бағдар беру сипатында болады.

Позитивті талдауды қолдана отырып экономистер ғалым ретінде, нормативті талдауды қолдана отырып саясатшы ретінде көрінеді.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Н. Қ. Мамыров

Қ.С Есенгалиева

М.Ә.Тлеужанова «Микроэкономика» Алматы, Экономика 2004

2.Құдайбергенова «Микроэкономика» Алматы -2007

3.А.С. Селищев “Микроэкономика”СПб Питер, 2002 1 бөлім, 1 тарау 14-43 беттер.

4.Р.М. Нуреев “Курс микроэкономики”, Норма, М., 2004, 1 тарау, 1-44 беттер.

5.Ю.В. Тарануха, Д.Н. Земляков “Микроэкономика” М. ДИС, 2002, 1 тарау, 7-27 беттер, 2 тарау, 27-50 беттер.

6. Н. Грегори Мэнкью “Принципы микроэкономики” СПб, 2003г. 26-92 беттер.

Тақырып 2. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері.

Дәрістің мақсаты: Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздерін оқып үйрену және білу.

Дәріс мазмұны:

1.Сұраныс және ұсыныс. Сұраныстың бағалық икемділігі.

2. Сұраныстың табыстық икемділігі

3. Сұраныс икемділігі және түсім өзгеруі

3. Бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар. Сұраныстың қиылысқан икемділігі
1. Сұраныс дегеніміз – заттың бағасы мен оның көлемінің арасындағы қатынас. Заттың сатып алынатын бағасы мен оның көлемінің арасындағы тәуелділікті QD=QD(P) белгілесек, онда оны сұраныс функциясы деп атайды. Сұранымға бағадан басқа сатып алушылардың ақшалай табысы, саны және тұрғындардың ұнатуы сияқты факторлар әсер етеді.

Ұсыным бұл нарықта тұрған немесе жеткізуге болатын тауарлардың жиынтығы. Баға мен ұсыным арасындағы график түріндегі қатынас ұсынымның қисық сызығы деп аталады. QS=QS(P) – ұсыныс функциясы. Ұсынысқа бағадан басқа әсер ететін факторларға мыналар жатады: ресурстар бағасының өзгеруі, бағаның өзгеруін күту, технологияның өзгеруі, салықтар мен дотацияларды өзгерту және т.б.

Сұраныс және ұсыныс моделінде тепе-теңдік сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде. Нарықтық тепе-теңдік жағдайында сатушылар ұсынатын тауар саны мен тұтынушылар сатып алғысы келетін тауарлар саны сәйкес келетін баға тағайындалады.

Нақты жағдайларды зерттеген уақытта сұраныстың не себепті және қандай мөлшерге өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициенті қолданылады.

Ep= (Q/Q)/(P/P) – бағалық икемділік коэффициенті.

Сұраныстың баға бойынша икемділігі келесі факторлардан тәуелді:


  • алмастырушы тауарлардың бар болуы, яғни тауардың алмастырушылары неғұрлым көп болса, онда бұл тауардың сұранысы соғұрлым икемдірек болады;

  • бағаның өзгерісіне бейімделу уақыты,яғни ұзақ мерзімдік периодта сұраныс икемдірек болады;

  • өнімге бөлінген тұтынушы бюджетінің үлесі.

2. Экономистер үшін икемділіктің тағы бір маңызды түрі – сұранысның табыстық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі деп сұраныс жиынтығының тұтынушының табысының өзгеруіне жауап ретінде сандық өзгеру шамасын айтады.

Ey=(Q/Q)/(Y/Y) – табыстық икемділік коэффициенті

Q- сұраныс көлемі

Y- тұтынушының табысы.

Мысалы, икемділік коэффициентінің 3-ке тең болуы, тұтынушы табысының 1 пайызға өсуіне байланысты оның тұтынылатын тауарларының саны 3 пайызға өскенін көрсетеді.

Тұтынушының табысының өсуіне байланысты оған деген сұраныс өсетін тауарлар нормалды немесе кәдімгідей тауарлар деп аталады. Нормалды тауарлардың табыстық икемділігі оң шама (сұраным икемді). Тұтынушының табысының өсуіне байланысты оған деген сұраныс кемитін тауарлар сапасыз төмен тауарлар деп аталады. Төменгі тауарлардың икемділігі теріс шама (сұраным икемсіз).

Сұранымның табыстық икемділігін білу саудамен айналысатын фирмалар үшін өте маңызды. Икемділікті бағалау арқылы өнім өндіру көлемі мен оның қорын реттеп отыруға болады.

3. Сұраныс пен ұсынысты талдай келе, оларға әсер ететін тағы бір көрсеткіш – жалпы түсімді де талдаудың маңызы зор. Жалпы түсім сатып алушының төлейтін, сатушының алатын ақшалай сомасы.

Сурет 1 Сұраным икемсіз болған жағдайдағы жалпы түсімге баға өзгерісінің әсері.

Жалпы түсімге сұранымның өзгерісі қалай әсер етеді? Бұл сұрақтың жауабы сұраным икемділігіне байланысты болады. Егер сұраным икемсіз болса, бағаның өсуіне байланысты жалпы түсім де өседі. Берілген суретте бағаның 1 долл. 3 долл. өсуіне байланысты сұраным мөлшері 100-ден 80-ге азайғаны және түсімнің 100-ден 240 долл. өскені көрініп тұр.

Егер сұраным икемді болса, бағаның өсуіне байланысты жалпы түсім азаяды. Мыс. бағаның 4 долл. 5 долл. өсуіне байланысты сұраным мөлшері 50-ден 20-ға азаяады және жалпы түсім 200-ден 100 долл.түседі.

Сурет 2. Сұраным икемді болған жағдайдағы жалпы түсімге баға өзгерісінің әсері.


Сұраным икемділігінің түсім мөлшеріне әсерін былай қорытындылауға болады:

а) сұраным икемсіз болған жағдайда, бағаның өсуі жалпы түсімді көбейтеді, ал бағаның төмендеуі жалпы түсімді азайтады.

б) сұраным икемді болған жағдайда, бағаның өсуі жалпы түсімді азайтады, ал бағаның төмендеуі жалпы түсімді көбейтеді.

в) сұраным икемділігі 1-ге тең болса, бағаның өзгеруі жалпы түсімге әсер етпейді.


4. Кейбір товарларға сұраным басқа тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты болады. Мыс. сарымай мен маргарин бірін-бірі оңай ауыстырады. Маргаринге бағаның өсуіне байланысты, майға деген сұраным өседі. Немесе газдың өсуіне байланысты, электр қуатына деген сұраным өседі. Бір тауардың бағасының өсуіне байланысты, басқа тауарға деген сұранымның өзгеру шамасы сұранымның қиылысқан икемділігі арқылы өлшенеді. Сұранымның қиылысқан икемділігі бір тауардың бағасының 1%-ке өсуіне байланысты, оны ауыстыратын келесі тауардың сұранылатын санының неше %-ке өскенін көрсетеді.

Exy=(Qx/Qx)/(Py/Py) – қиылысқан икемділік коэффициенті

Мұндағы: Qx – х тауары көлемі

Py – у тауары бағасы

Мысалы, екі тауар арасындағы Exy=0,3 Бұл шама нені білдіреді? У-тауары маргарин бағасының 10 пайызға өсуі, Х тауары – майды сатып алу көлемінің 3 пайызға өсуіне әкеледі.

Сұраныстың қиылысқан икемділігі оң, теріс және ноль шамасында болуы мүмкін. Бірін-бірі ауыстыратын тауарлар үшін сұранымның қиылысқан икемділігі оң шама. Ал бірін-бірі толықтыратын тауарлар үшін сұранымның қиылысқан икемділігі теріс шама. Себебі бір тауарға бағаның

өсуіне байланысты, оны толықтыратын келесі тауарға сұраным азаяды. Ал егер екі тауар бір-бірін не ауыстырмаса, не толықтырмаса, яғни бір-бірімен байланыссыз тауарлардың қиылысқан икемділігі 0-ге тең.

Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауар бір-бірін ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп аталады.

Егер бір тауардың бағасы жоғарылаған, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауар бір-бірін толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп аталады.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Н. Қ. Мамыров

Қ.С Есенгалиева

М.Ә.Тлеужанова «Микроэкономика» Алматы, Экономика 2004

2.Құдайбергенова «Микроэкономика» Алматы -2007
1.А.С. Селищев “Микроэкономика”СПб Питер, 2002 1 бөлім, 1 тарау 90-107 беттер.

3.Р.М. Нуреев “Курс микроэкономики”, Норма, М., 2004, 1 тарау, 42-50 беттер.

4.Ю.В. Тарануха, Д.Н. Земляков “Микроэкономика” М. ДИС, 2002, 1 тарау, 7-27 беттер, 2 тарау, 96-120 беттер

5.Г. Вечканова Микроэкономика. СПб. Питер, 2005, 6 изд. 73-85 бет.


Тақырып 3. Тұтынушының талғамының теориясы.
Дәрістің мақсаты: Тұтынушының талғамының теориясын оқып үйрену және білу.

Дәріс мазмұны:

1. Бюджет сызығы.

2. Талғамсыздық қисығы. Ауыстырудың шекті нормасы.

3. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Бұрыштық тепе-теңдік.

4. Бағаның және тұтынушы табысының тепе-теңдікке әсері. «Баға-тұтыну» және «Табыс-тұтыну» қисығы.

5. Табыс икемділігі және ауыстыру икемділігі. Гиффен товарлары


1. Нарықтық жағдайда өндірістегі өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Сондықтан тұтынушылардың сұранысын зерттеп, олардың қандай заттарды және қандай бағамен сатып алғысы келетінін білудің маңызы зор. Сонымен тұтынушылардың нарықтағы іс-әрекеті тұтынушылар таңдауы теориясы арқылы зерттеледі.

Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады: 1-ші кезеңде бюджеттің шектеулігі, 2-ші кезеңде тұтынушының талғамы тауарлар жиынтығын таңдауға қалай әсер ететіні анықталады. 3-ші кезеңде тұтынушы қаражаты жететін және оған көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталып, тұтынушының тепе-теңдік жағдайы зерттеледі.

Адамдардың қажеттілігі шектеусіз, бірақ осы қажеттілікті қанағаттандыруға жұмсалатын шығындар тұтынушылардың табысымен шектеліп отырады. Айталық, тұтынушының айлық табысы 1000 долл және осы табысы азық-түлікке және киімге жұмсалсын. Берілген графикте тұтынушының қолындағы 1000 долларға сатып алатын товарларының жиынтығының әртүрлі варианттары көрсетілген.



киім бірлігі




азық-түлік бірлігі

Азық-түлік өнімінің шартты бірлігі 10долл, киімнің шартты бірлігі 2долл.болсын. А нүктесі киімнің 500 бірлігін сатып алуды, ал С нүктесі азық-түліктің 100 бірлігін сатып алуды, ал В нүктесі киімнің 250 бірлігін және азық түліктің 50 бірлігін сатып алуды көрсетеді.


А,В,С нүктелерін қосатын сызық бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу сызығы деп аталады.



Бюджеттік шектеу сызығы тұтынушының қолында бар қаражаты және берілген баға деңгейінде сатып алуға мүмкін болатын тауарлардың жиынтығын көрсетеді.

У


I/PY Рх *Х + РУ= 1

I/Pх Х


У

Х


У

Х


PХ- Х тауарының бағасы

PУ-У тауарының бағасы

Х- Х тауарының бірлігі

У – У тауарының бірлігі

I – тұтынушы қаражаты

Бюджет сызығының өзгеруіне тұтынушының табысы және баға әсер етеді. Тұтынушының табысының өсуіне байланысты бюджеттік сызық оңға, ал төмендеуіне байланысты солға жылжиды (Сурет 2). Ал егер бір тауардың бағасы өзгеріп, екіншісі өзгеріссіз қалса, L1 сызығы L2 және L3 сызығына қарай айналады. L2 сызығы У-тауарының бағасы өзгермеген жағдайдағы Х-тауарының бағасының өскендігін көрсетеді (Сурет 3).


2. Бюджет сызығы тұтынушының табысына байланысты сатып алуға мүмкін болатын тауарлардың жиынтығын көрсетеді. Бірақ тұтынушының тауарлар жиынтығын таңдауы тек табыс мөлшеріне байланысты емес, сонымен бірге оның талғамына байланысты болады. Тұтынушы А,В,С нүктелерінде көрсетілген Х және У тауарлары жиынтығының 3 вариантының бірін өзінің талғамына байланысты таңдап алады. Тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әкелетін нүктелер жиынтығы талғамсыздық қисығы деп аталады.

У




Х

Тұтынушының талғамы графикті түрде талғамсыздық қисығы арқылы көрсетіледі. Талғамсыздық қисық сызығы неғұрлым жоғары орналасса, ол соғұрлым тұтынушы үшін тиімді, өйткені тұтынушы қашанда тауарлардың мол санын иемденуге ұмтылады. U1< U2< U3


2. Талғамсыздық қисық сызықтары қиылыспайды. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін екі талғамсыздық қисық сызықтары қиылысады деп қарастырамыз.

У

А және В нүктелері бір талғамсыздық қисық сызығының бойында орналасқандықтан, бұл екі нүктеде тұтынушының талғамы бірдей қанағаттандырылуы керек және С мен В нүктелері де бір сызықтың бойында орналасқандықтан, С мен В нүктелеріндегі



тауарлар жиынтығы да бірдей пайдалылық әкелуі қажет. Яғни А мен С нүктелеріндегі пайдалылық деңгейі бірдей деп есептелінеді, ал шын мәнінде тұтынушы С нүктесіндегі товар жиынтығын таңдауға ықыласты. Бұл тұжырым тұтынушының таңдау теориясына қарама-қарсы, яғни талғамсыздық қисық сызықтары ешқашан қиылыспайды.

3. Талғ. қисық сызығы ойыс болады. Бұл ауыстырудың шекті номасымен түсіндіріледі және ол келесі графикте бейнеленген.



У

Х

Тұтынушы А товар жиынтығынан В товар жиынтығына ығыса отырып, Х тауарының бір бірлігі үшін У-тауарының 6 бірлігінен бас тартады. Ал В нүктесінен С нүктесіне ығыса отырып, Х-тауарының келесі 1 бірлігі үшін У-тауарының 4 бірлігінен бас тартады.


Осылай неғұрлым Х-тауары саны көбейген сайын, соғұрлым Х-тауары үшін құрбандыққа шалатын У-тауары көлемі азая түседі.Бұл игілік қоры неғұрлым көбейген сайын пайдалылықтың азаюын бейнелейтін шекті пайдалылықтың өшу заңын дәләлдейді.

Бір тауарды иемдену үшін тұтынушы құрбандыққа шалатын келесі тауардың көлемін өлшеу үшін ауыстырудың шекті нормасы (MRS) қолданылады.

MRS = - У / Х

У – У тауары бірлігінің өзгеруі

Х – тауары бірлігінің өзгеруі

MRS – Х тауарының қосымша бір бірлігін алу үшін тұтынушының бас тартатын У-тауарының максималды саны.

Мысалы А-тауар жиынтығынан В-тауар жиынтығына ауысудың шекті нормасы 6-ға тең, келесі ығысу 4-ке, келесісі 2-ге тең. Осылай ауысудың шекті нормасы кемімелі болады.
3. Нарықта алуан түрлі тауар түрі ұсынылады, бірақ тұтынушы өзінің табысының шектеулі болуына байланысты сол тауарлардың ішінен өзіне қажетті шектеулі тауар бірлігін таңдауға мәжбүр болады. Бұл жердегі тұтынушының басты мақсаты - әр түрлі тауар бірлігінің ішінен неғұрлым жоғары пайдалылық әкелетін тауарлар жиынтығының бір вариантын таңдап алу. Бюджеттік шектеу сызығы мен талғамсыздық қисық сызығын талдай отырып, тұтынушының сатып алатын тауарларының көлемі туралы шешімін анықтауға болады.

У

Х

И3 талғамсыздық қисығының тұтынушыны қанағаттандыруы жоғары, ал И1 үшін ол төмен. И3 талғамсыздық қисығы бойындағы нүктедегі тауар жиынтығы тұтынушы үшін жоғары пайдалылық әкеледі, бірақ бюджеттік шектеуге байланысты оған қол жеткізу мүмкін емес.


В және А нүктелеріндегі тауарлар жиынтығына қол жеткізу үшін тұтынушы бірдей шығын жұмсайды, бірақ тұтынушы үшін А нүктесіндегі тауарлар жиынтығын таңдау тиімді. Яғни А нүктесінде тұтынушы таңдауы ең жоғары деңгейде қанағаттандырылады немесе тұтынушы үшін тепе-теңдік орнығады.

Тұтынушының тепе-теңдік шарты мынадай: MRS=Px\PY немесе екі тауардың бағасының қатынасы мен шекті ауыстыру нормасы тең болуы қажет. Осы шарт орындалған жағдайда тұтынушының қанағаттануы максималды мәніне жетеді.

Мысалы, А нүктесінде тұтынушының қанағаттануы максималды мәніне жетеді. Шартты тексереміз:



У

Х

Кейбір жағдайда товардың белгілі бір түрлерін тұтынушы мүлдем пайдаланбайды. Графикте тұтынушы киім алмай, тек азық-түлікке қаражатын жұмсаған жағдайдағы АВ бюджет сызығы және U1U2 U3 талғ. қисық сызықтары көрсетілген.


Бұндай жағдайдағы тұтынушының тепе-теңдігі бұрыштық тепе-теңдік деп аталады. Бұрыштық тепе-теңдік жағдайындағы MRS=Px\Py шарты орындалмайды.

4.



У

Х

Бастапқыда Х- тауары бірлігінің бағасы 1долл, у – тауарының бірлігінің бағасы 2 долл, ал табыс 20 долл. болсын. Максималды пайдалылық әкелетін тауар жиынтығы В нүктесінде көрсетіледі.


Бұл нүктеде тұтынушы 12 Х-тауар бірлігінен және 4 У-тауар бірлігінен тұратын тауарлар жиынтығын алады.

Енді Х-тауары бағасы 2 долларға өссін. (Px=2 Py=2). Бюджеттік сызық сағат тілімен айтылып, 2 есе тарылады. Тұтынушы үшін тепе-теңдік енді U1 талғамсыздық қисық сызығының бойындағы А нүктесінде орнығады. (Px/Py=1 MRS = 4:4 =1). Ал егер Х-тауарының бағасы 0.5 долларға түссе, (Px=0.5 Py=2) бюджеттік сызық сағат тіліне қарама-қарсы айналады. Тұтынушы үшін теп-теңдік U3 талғамсыздық қисық сызығының бойындағы С нүктесінде орнығады. (Px/Py=0.5:2 MRS=5:20). А,В,С нүктелерін қосатын “Баға-тұтыну” қисығы бағаның әртүрлі мәніндегі тұтынушыға барынша жоғары пайдалылық әкелетін тауарлардың жиынтығын көрсетеді.

Енді тұтынушының таңдауына табыс өзгерісінің әсерін қарстырамыз. Табыс 10долл, Рх=1долл Ру=2долл болсын. Бұл жағдайда тұтынушының тепе-теңдгі А нүктесіндегі тауар жиынтығымен қанағаттандырылады.

У

Х

Табыстың 20долл өсуіне байланысты теп-теңдік В нүктесінде орнығады, ал табыстың 30 долл өсуіне байланысты тепе-теңдік 7 У-тауары бірлігінен және 16 Х-тауары бірлігінен тұратын С нүктесіне жылжиды.

А,В,С нүктелерін қосатын «Табыс-тұтыну» сызығы төменгі солдан жоғары оңға қарай орналасады, себебі табыстың өсуімен бірге Х және У-тауарлары да өседі.


5. Тауардың бағасының түсуі екі түрлі нәтиже береді. Біріншіден, товардың арзандауына байланысты тұтынушының сатып алу қабілеті өседі. Мыс. азық-түлік бағасының 2 есе арзандауына байланысты, тұтынушы қалған ақшасына азық-түлік пен киімнің қосымша бірлігін сатып алады. (табыс тиімділігі) Екіншіден, тұтынушы арзансыған товар түрін көп тұтынады да, қымбатсыған товар түрін тұтынуды қысқартады. Мыс. азық-түлік бағасының 2 есе арзандауына байланысты, тұтынушы азық-түлік товарын көп тұтынады (ауыстыру тиімділігі)

Табыс тиімділігі мен ауыстыру тиімділігі талғамсыздық қисық сызықтарының көмегімен түсіндіріледі.



У


Х

Бастапқы бюджеттік сызық RS нүктелерімен көрсетілген және тұтынушы үшін тепе-теңдік U1 талғамсыздық қисық сызығының бойындағы А нүктесінде орнығады.


Ауыстыру тиімділігі Х тауары бағасының арзандауына байланысты оны тұтыну көлемінің өсетіндігін көрсетеді. Бірақ Х пен У тауарларының жиынтығынан алатын пайдалылық өзгермейді, яғни ауыстыру тиімділігі бастапқы U1 талғамсыздық қисығының бойындағы А нүктесінің С нүктесіне ығысуын көрсетеді. Осы А және С нүктелеріне сәйкес F,E кесіндісі ауыстыру тиімділігін бейнелейді.

Табыс тиімділігі бастапқы U1 талғамсыздық қисық сызығына қарағанда жоғары орналасқан U2 талғамсыздық қисығының сызығына ауысуды бейнелейді. Тұтынушы табыстың өсуіне байланысты U2 талғамсыздық қисығының бойындағы В нүктесіндегі тауар жиынтығын қалайды. Х-тауарының ОУ-ден OF2-ге көбюі, яғни EF2 кесіндісі табыс тиімділігін бейнелейді.

Кейбір тауарлар түріне табыс тиімділігі әсер етпейді. Табыстың өсуімен байланысты сұраныс азаятын мұндай төмендегі тауарлар Гиффен тауарлары деп аталады (бұл құбылысты бірінші болып зерттеуші экономист Роберт Гиффен есіміне байланысты).


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет