Г. И. Нестеренко



бет4/8
Дата27.05.2017
өлшемі2,55 Mb.
#17057
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Н. Қ. Мамыров

Қ.С Есенгалиева

М.Ә.Тлеужанова «Микроэкономика» Алматы, Экономика 2004

2.Құдайбергенова «Микроэкономика» Алматы -2007

3.А.С. Селищев “Микроэкономика”СПб Питер, 2002 1 бөлім, 1 тарау 122-142 беттер.

4.Р.М. Нуреев “Курс микроэкономики”, Норма, М., 2004, 1 тарау, 120-127 беттер.

5.Ю.В. Тарануха, Д.Н. Земляков “Микроэкономика” М. Днс, 2002, 1 тарау, 7-27 беттер, 2 тарау, 50-57 беттер

6. Н. Грегори Мэнкью «Принципы микроэкономики». Спб. Питер, 2003

7.С. Н. Ивашковский «Микроэкономика» М, Дело 2002 36-68 б.


4- тақырып. Өндіріс теориясы.
Дәрістің мақсаты: Өндіріс теориясын оқып үйрену және білу.

Дәріс мазмұны:

1. Өндіріс функциясы және изокванталар

2. Өндірістің айнымалы факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдері.

Олардың графиктік кескіндері.

3. Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы

4. Өндіріс масштабының тиімділіктері


1.Кез-келген фирманың шаруашылық әрекетінің негізі - өнім өндіру немесе өндіріс. Тіршілік барысында өндірістік процестерде өндіріске бірнеше факторлар жиынтығы қатысады. Егерде бір өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторлары қолданылатын болса, онда өндіріс процесін шартты түрде келесі өндіріс функциясы арқылы жазуға болады.

У = f (x1.x2…xn)

Өндірісті ұйымдастыру барысында өндіріс процесі тиімді болуы қарастырылады, сондықтан өндірістік функция - өндірістік шығындардың берілу құрылымы бойынша өндірілетін өнімнің максималды құрылымын көрсетеді.

Өндіріс шығындары тек қана L-еңбек және К-капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:

У = F (L, К)

У -өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.

Бұл өндіріс функциясы қолда бар капитал мен еңбек ресурстарын қолдана отырып, шығаруға болатын өнім көлемін көрсетеді.
Өндіріс факторларының әртүрлі бірігуіне сәйкес өндірілетін өнім көлемі

Капитал шығыны

Еңбек шығыны

1

2

3

4

5

1

20

40

55

65

75

2

40

60

75

85

90

3

55

75

90

100

105

4

65

85

100

110

115

5

75

90

105

115

120

Кестеден әрбір кезектегі өнім көлемі капитал мен еңбек шығынының өсуіне байланысты көбейіп отырғанын көруге болады. Бұл мәліметтердің жазықтықтағы графигі изокванта деп аталынады. Изокванта – бұл бірдей өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының бірігуінің әртүрлі варианттарын көрсететін қисық сызық.

капитал 1

шығыны E
3 A B C

У3 = 90

У2 = 75

У1 = 55

1 2 3 4 5 еңбек шығыны

Мысалы, У1 изоквантасында еңбек пен капиталдың 55 өнім бірлігін өндіруге пайдаланылатын әртүрлі бірігулері көрсетілген. У2, У3 изокванталары арқылы өндірістің 75 және 90 көлеміне сәйкес еңбек пен капиталдың әртүрлі бірігулері бейнеленген. Өндірістің әртүрлі көлеміне сәйкес бірнеше изокванталардан тұратын жиынтық изокванталар картасы деп аталады.
2. Өндіріс факторларының біреуі тұрақты (К), біреуі айнымалы (L) болған жағдайды қарастырамыз.
Бір айнымалы фактормен байланысты өндіріс нәтижесі

Еңбек шығыны

L


Капитал шығыны, К

Өнім көлемі, У

Орташа өнім, APL

Шекті өнім, MPL

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10


10

10

10



10

10

10



10

10

10



10

10


0

10

30



60

80

95



108

112


112

108


100

-

10

15



20

20

19



18

16

14



12

10


-

10

20



30

20

15



13

4

0



-4

-8

Еңбек ресурстары 0–ге тең болған жағдайда өнім көлемі де 0-ге тең. Еңбек шығындарының 8-ге дейін өсуіне байланысты өнім көлемі де өседі. Осы нүктеден кейін еңбектің әрбір қосымша бірлігі тиімсіз бола бастайды, өнім көлемі азаяды. Бұл шекті өнімділіктің азаю заңын бейнелейді.

Жалпы өнім басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған факторлардың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім.

Орташа өнім жалпы өнім мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады.

Еңбектің орташа өнімі былай анықталады: APL= У/L (еңбек өнімділігі)

Капиталдың орташа өнімі : AРК = У / К (қор қайтарымы)

Шекті өнім еңбек немесе капитал шығынының келесі бір бірлікке өсуіне байланысты қосылып отыратын қосымша өнім көлемін көрсетеді. Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасыман анықталады.Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнімі былай есептеледі:

МPL= У/L МРК = У / К


3. Өндірілетін өнім көлемін сақтап отыру бір өндіріс факторының өзгеруімен байланысты оның орнын келесі өндіріс факторымен ауыстыруды қажет етеді. Осы ауыстыруды өлшеу үшін технологиялық ауыстырудың шекті нормасы қолданылады.

Еңбекті капиталмен технологиялық алмастырудың шекті нормасы –еңбектің қосымша бір бірлігін пайдалануға байланысты капиталдың қысқару көлемін көрсетеді. . Ол келесі формуламен есептеледі:

MRTS = - K / L


К
5
4 K=2
3

K=1


2

K=2/3


1 K=1/3

1 2 3 4 5 L



Капиталдың азаюына байланысты еңбек шығыны өскен сайын, еңбектің өнімділігі азая бастайды да, капиталды қолданудың тиімділігі өседі. Осыған байланысты MRTS изоквантаның бойымен төмен түскен сайын мөлшері төмендейді.




Яғни капиталды еңбекпен көп ауыстырса, еңбек өнімділігі төмендейді, ал еңбекті капиталмен көп ауыстырса, капиталдың тиімділігі азаяды. Сондықтан өндіріс үшін тиімділікті барынша максималды мәніне жеткізетін екі фактордың бірігуінің анағұрлым пайдалы вариантын таңдап алу қажет. Осындай вариантқа сәйкес нүкте үшін мынадай шарт орындалады.

MRTS = МPL/ МРК


4. Өндіріс факторларының өсуімен байланысты өндіріс көлемі де ұлғаяды. Бірақ өндіріс факторлары масштабтарының ұлғаюы өндіріс көлеміне әрқалай әсер етеді. Мысалы, өндіріс факторларын пайдалану екі есе өскен кезде, өндіріс көлемі екі еседен көп өссе, бұл өндіріс масштабы өсуінің оң әсері деп аталады. Ал өндіріс факторларының екі есе өсуіне байланысты, өндіріс көлемі екі еседен аз ұлғаятын болса, өндіріс масштабы өсуі теріс әсерлі деп саналады.Өндіріс факторларының 2-есе өсуіне байланысты өндіріс көлемі де 2 есе ұлғайса, өндіріс масштабы өсуінің әсері тұрақты саналады.



6 Р

80

5


4 70

A

3



60

2 40


30

1 20


10

O 5 10 15 20 25 30 L



ОА сызығы бойында өндіріс масштабы өсуінің оң әсері көрсетілген. Мысалы 5-еңбек бірлігі мен 1 капитал бірлігіне 10 өнім бірлігі сәйкес келеді. Осы 2 фактор 2-есе өскен жағдайда, өнім 3-есе өсіп тұр.



АР сызығы өндіріс масштабы өсуінің теріс әсерін көрсетеді.Мысалы өндіріс факторларының 50 пайызға өсуіне байланысты (еңбек бірлігі 20-дан 30-ға, киім бірлігі 4-тен 6-ға) өнім 30 пайызға өсіп отыр (70-тен 80-ге). Өндіріс масштабы өсуінің оң әсерінде изокванталар бір-біріне жақын, ал теріс әсерінде алшақ орналасады.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Н. Қ. Мамыров «Микроэкономика» Алматы, Экономика 2004, 5 тарау, 169-212 бет.

2.Ивашковский «Микроэкономика» М, Дис, 2002 4 бөлім, 7 тарау, 166-191 беттер

3.А.С. Селищев “Микроэкономика”СПб Питер, 2002 1 бөлім, 5 тарау, 170-183 беттер.

4..М. Нуреев “Курс микроэкономики”, Норма, М., 2004, 5 тарау, 158-183 беттер

5..В. Тарануха, Д.Н. Земляков “Микроэкономика” М. Днс, 2002, 4 тарау, 70-81 бет.


Тақырып 5. Өндіріс шығындары.
Дәрістің мақсаты: Өндіріс шығындарын оқып үйрену және білу.
Дәріс мазмұны:
1. Шығынның түрлері. Изокоста және ең кіші шығындар принципі

2. Қысқа және ұзақ мерзімдегі әртүрлі шығындар арасындағы байланыс


1. Шығынның мынадай түрлері бар: бухгалтерлік шығындар, экономикалық шығындар, жалпы шығындар (ТС), тұрақты шығындар (ҒС), айнымалы шығындар (VC), орташа шығындар (АС), шекті шығындар (МС).

Фирманың басты мақсаттарының бірі шығынды аз мөлшерде жұмсай отырып, барынша мол өнім алуға мүмкіндік беретін өндіріс факторларының тиімді бірігуін таңдап алу. Мысалы, айнымалы екі факторды еңбек пен капиталды аламыз. Еңбектің бағасы жалақы мөлшеріне (W), ал капиталдың бағасы арендаға төленетін ақыға (r) тең болсын. Сонда жалпы шығын (TC) жұмысшы күшіне жұмсалған шығын (WL) мен капиталға жұмсалған шығынның (rК) қосындысына тең: TC=wL+rK. Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады.



Изокоста деп еңбек пен капиталдың бірдей шамаларынан тұратын нүктелер жиынтығын немесе жалпы шығынның бірдей мөлшеріне сәйкес келетін еңбек пен капиталдың бірігуін айтады.

Енді, графикте көрсетілгендей Q1 өнім көлеміне қол жеткізу керек. Қандай жағдайда Q1 өнім көлемін өндіру минималды шығындар жұмсаумен іске асады? Егер фирма капитал мен еңбек сатып алуға С0 шығынды жұмсаса, бұл жұмсалған шығын мөлшері Q1 өнім көлемін алуға жетпейді. Капиталдың К1 бірлігі мен еңбектің L1 бірлігіне немесе капиталдың К3 бірлігі мен еңбектің L3 бірлігіне сәйкес С2 шығын мөлшері Q1 өнім көлемін алуға артық жұмсалады. Q1 өнім көлеміне барынша аз шығын жұмсап К2 капитал бірлігін және L2 еңбек бірлігін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Q1 изоквантасы мен С1 изоквантасының қиылысуында шығын барынша минималды мәніне жетеді. Фирма белгілі бір өнім көлемін өндіру үшін шығынын барынша азайтқан жағдайда мына шарт орындалады:

МPL/ PL = МРК/ PК

МPL - еңбектің шекті өнімі

PL – еңбектің бағасы

МРК – капиталдың шекті өнімі

PК – капиталдың бағасы
Өндіріс шығындарын тұрақты және айнымалы деп бөлу уақыт факторына байланысты. Көптеген тұрақты шығындар ұзақ уақыт мерзімінде айнымалы шығынға айналады. тұрақты шығындардың өзгеруіне байланысты, қысқа уақыт мерзіміндегі орташа шығындар ұзақ уақыт мерзіміндегі орташа шығындардан өзгеше болады.

Алдымен өндіріс масштабы өсуінің әсері тұрақты болған жағдайды қарастырамыз.



АС АС1 АС2 АС3

10

1000 1500 2000 2700 3000 Q


Сурет 2. Қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығы
Фирма Q1 өнім көлемін өндіру үшін орташа шығыны 10 долл. тең, көлемі жағынан кіші зауыт тұрғызады (орташа шығыны АC1 қисығымен көрсетілген). Ал зауыт Q 2 өнім көлемін өндіру үшін көлемі жағынан орташа зауыт тұрғызу вариантын таңдайды. Өндіріс масштабы өсуінің әсері тұрақты болғандықтан бұл жағдайда да орташа шығын 10долл. тең (AC2). Ал Q3 өнім көлемін өндіру үшін зауыттың үшінші вариантын таңдайды (AC3). AC1; AC2; AC3– көлемдері әртүрлі өнеркәсіп орындарының қысқа уақыт мерзіміндегі орташа шығындары.

Өнім шығару көлемі 0‹Q‹1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім көлемін ең төменгі деңгейдегі шығындармен өндіруге болады. Егер 1500‹Q‹2700 болса, онда ұтымды өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q > 2700 болса, үшінші өнекәсіпте өндірген тиімді болады.

Ұзақ уақыт мерзімінде өндіріс көлемі өзгеріп отырған жағдайдағы орташа шығын штрихталған қисықтармен көрсетілген. Өйткені бұл қисықтар кез-келген өнім көлеміне сәйкес келетін ең төменгі деңгейдегі шығындарды көрсетеді.

АС

АС1 АС2 АС5

Q*


Q

Сурет 3. Ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығы


Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда жоғарыдағы суреттегідей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығын аламыз және ол орта мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап өтеді.

Q* - шамасына дейін өндірістің өсуі оң әсерлі болады, орташа шығындардың жоғарылауы өндіріске теріс әсерін тигізеді.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1. А.С.Селицев «Микроэкономика», Спб Питер 2002, 6 тарау, 201-223 бет.

2. Қ. Мамыров «Микроэкономика» Алматы, Экономика 2004, 5 тарау, 215-250 бет.

3.Ивашковский «Микроэкономика» М, Дис, 2002 4 бөлім, 7 тарау, 166-191 беттер

4.Р. М. Нуреев «Курс микроэкономики» Изд-во Норма, Н 2004, 192- 221 бет.

5.Н. Грегори Мэнкью «Принципы микроэкономики» Спб Питер, 2003, 300-316 бет.


Тақырып 6. Жетілген бәсекелестік нарығы.
Дәрістің мақсаты: Жетілген бәсекелестік нарығындағы қысқа уақыт мерзімінде пайданы максималдауды

оқып үйрену және білу.



Дәріс мазмұны:
1. Қысқа уақыт мерзімінде фирманың пайдасын максималдауы

2. Қысқа уақыт мерзімінде өндірісті тоқтату

3. Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы және өндіріс саласының ұсыныс қисығы
1. Фирма – бұл өз өнімдерін сатуда және қызмет ету барысында пайданы жоғарғы деңгейге жеткізуді көздейтін кәсіпорын. Яғни, фирманың ең негізгі шарттарының бірі кез-келген мерзімде қандайда бір өнімді сатуда пайданы жоғарғы деңгейге жеткізу.

Бәсекелес сатушылар өз өнімдерін бәсекелестік нарығында көпшілік тұтынушыларға ұсынатын болса және нарықта мынадай шарттар орындалатын болса, онда жетілген бәсекелестік түрі кездеседі:

- егер көптеген бәсекелес сатушылар өздерінің стандартты өнімдерін көптеген тұтынушыларға сата алатын болса;

- кез-келген мерзімде фирма нарық барысында шығарылған өнімдерінің сатудан кем дегенде 1 пайыз өніміне ие болатын болса;

- фирманы өз бәсекелестерінің өндірістік шешімдері ойландырмайтын болса;

- салаға ену және шығу кедергілері жоқ болса.

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез-келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

Қысқа мерзімдегі фирманың табысы мен шығындары



Өнім көлемі

Q


Баға

P


Жалпы табыс

ТR


Орташа табыс

AR


Жалпы шығын

TC


Пайда

П


Шекті шығын

MC


Шекті табыс

MR


0

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10


40

40

40



40

40

40



40

40

40



40

40


0

40

80



120

160


200

240


280

320


360

400


0

40

40



40

40

40



40

40

40



40

40


50

100


128

148


162

180


200

222


260

305


360

-50

-60


-48

-28


-2

20

40



58

60

55



40

-

50

28



20

14

18



20

22

38



45

55


-

40

40



40

40

40



40

40

40



40

40

Жалпы табыс (ТR) сатылған өнім көлемі мен оның бағасының көбейтіндісіне тең: R = P*Q

Орташа табыс 1 өнім бірлігін сатудан алынған табысқа тең: AR= ТR / Q.

Шекті табыс (MR) өнім көлемінің 1 бірлікке өсуіне сәйкес келетін табыс мөлшерінің өсуін көрсетеді.

Еркін бәсеке жағдайында фирма нарықтағы бағаға үстемдік жасай алмайды, өнімнің кез-келген санын бірдей бағамен сатады. Яғни жетілген бәсекелестік нарығында тауардың қосымша бір бірлігін сатудан алынатын табыс бағаға тең болады. MR = P және AR = P.

Пайда жалпы табыс пен жалпы шығынның айырмасына тең: П = ТR -TC

Шекті табыс және шекті шығын түсініктерін пайдалана отырып, фирманың тепе-теңдік нүктесін немесе фирманың пайдасын максималдау нүктесін анықтауға болады.

Осыдан фирманың пайдасын максималдау шарты шығады: MR (q)=MC(q).

MR (q) > MC (q) болған жағдайда фирма үшін өндірілетін өнім көлемін өсіру тиімді, себебі әрбір қосымша өндірілген өнімнен алынатын табыс шығыннан үлкен. MR (q) < MC (q) болған жағдайда, өндірілетін өнім көлемін қысқартқан тиімді.

Жетілген бәсеке нарығында MR = P болғандықтан фирманың пайдасын максималдау шарты мынадай P = MC (q).
2. Көп жағдайда фирма түсетін табысы жұмсалатын айнымалы шығындардан кіші болған жағдайда өнім өндіруін тоқтатады: R

R/Q

R/Q – жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы – фирманың орташа табысын (AR) көрсетеді.

VC/Q – жалпы айнымалы шығынның өнім көлеміне қатынасы фирманың орташа айнымалы шығынын (AVC) көрсетеді.

ARP

Бұл жағдайда фирма өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды.


3. Фирманың ұсыным қисығы бағаның әртүлі мәніне сәйкес фирманың өндіретін өнімінің көлемін көрсетеді.

Фирма баға мен шекті шығын тең болған жағдайға дейін өнім көлемін өсіреді., ал баға орташа айнымалы шығындардан кіші болған жағдайда өнім өндіруді тоқтатады. Яғни фирманың ұсыным қисығы орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары жатқан шекті шығын қисығына сәйкес келеді. Графикте ол штрихталған МС қисығы арқылы көрсетілген. (сурет 1).

Өндіріс саласының ұсыным қисығы бағаның әртүрлі мәніне сәйкес өндіріс саласының өндіретін өнімінің көлемін көрсетеді. Өндіріс саласының өнімі сол саладағы фирмалардың өндіретін өнімдерінің қосындысынан тұрады. Мыс, графикте (Сурет 2) салада 3 фирма өнім өндірген жағдай көрсетілген. Р1-ден төмен баға деңгейінде фирмалар өнім өндірмейді, себебі Р1 баға деңгейіне минималды орташа айнымалы шығын сәйкес келеді. Р1 мен Р3 баға аралығында 3-ші фирма өнім өндіреді. Оның ұсыныс қисығы МС3 шекті шығын қисығына сәйкес келеді. Р2 баға деңгейінде жалпы саланың ұсыным қисығы 3 фирманың ұсыным қисықтарының қосындысынан тұрады. 1-ші фирма – 2 өнім бірлігін, 2 фирма – 5 өнім бірлігін, 3 фирма – 8 өнім бірлігін өндіреді. Яғни жалпы ұсыным қисығы 15 өнім бірлігінен тұрады. Р3 баға деңгейінде (4 өнім бірлігі + 7 өнім бірлігі + 10 өнім бірлігі) салада 21 өнім бірлігі ұсынылады. МС1; МС2; МС3 фирмалардың ұсынымын көрсетсе, S – қисығы саладағы ұсыным қисығын бейнелейді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет