Г. И. Нестеренко


Баяндама мен рефераттар тақырыптары



бет8/8
Дата27.05.2017
өлшемі2,55 Mb.
#17057
1   2   3   4   5   6   7   8

Баяндама мен рефераттар тақырыптары:

1. Микроэкономикалық теория, оның мақсаты мен бағыттары.

2. Негізгі экономикалық түсініктер. Позитивті және нормативті түрде талдау.

3. Сұраныс теориясының негіздері.

4. Ұсыныс теориясының негіздері.

5. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері. Сұраныстың табыстық икемділігі.

6. Сұраныс және ұсыныс икемділігі.

7. Тұтынушы таңдауы теориясы. Талғамсыздық қисығы.

8. Тұтынушы таңдауы теориясы. Бюджеттік шектеу сызығы.

9. Тұтынушы таңдауы теориясы. Баға-тұтыну және табыс тұтыну қисығы.

10. Тұтынушы таңдауы теориясы. Тұтынушының тепе-теңдік шарты.

11 Өндіріс теориясы. Өндіріс функциясы және изокванталар.

12. Өндіріс теориясы. Жалпы, орташа және шекті өнімдер.

13. Өндіріс теориясы. Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы.

14. Өндірістік шығындар.

15. Өндіріс масштабы өсуінің оң және теріс әсерлері.

16.Жетілген бәсекелестік нарығы. Қысқа уақыт мерзімінде фирманың пайдасын максималдауы.

17. Жетілген бәсекелестік нарығы. Ұзақ уақыт мерзімінде фирманың пайдасын максималдауы.

18.Монополистің максималды пайда нүктесі.

19.Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары және баға дискриминациясы.

20.Мемлекет тарапынан монополияны реттеу.

21. Монополиялық бәсекелес фирманың баға мен өнім көлемін анықтау.

22. Олигополия теориясы. Олигополия кезіндегі ойын теориясы.

23. Олигополия теориясы. Курно моделі.

24. Олигополия теориясы. Олигополия кезіндегі баға белгілеу.

25. Өндіріс факторларының нерығындағы сұраныс пен ұсыныс.

26. Өндіріс факторлары нарығы. Еңбекке деген фирманың ұсыныс қисығы.

27. Сыртқы әсер теориясы. Сыртқы оң әсерлер.

28. Сыртқы әсер теориясы. Сыртқы оң әсерлер.

29. Қоғамдық игіліктер.

30. Жеке және жалпы тепе-теңдік.
Емтихан сұрақтары

1-7және 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


1. Микроэкономика нені оқытады:

А) жұмыссыздық деңгейін;

B) баға қалыптастыруды;

С) ресурстарды оңтайлы орналастыру;

D) ресурстарды оңтайлы орналастыру және баға құрау;

Е) инфляция деңгейін.


2. Не, қалай,кім үшін өндіру керек сұрақтары микро және макро деңгейлерде шешіледі. Микроэкономикалық деңгейде көрсетілген сұрақтардың қайсысы шешіледі:

А) толық жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі;

В) не және қалай өндіру;

С) экономикалық дамуды қолдау;

D) инфляциядан арылу;

Е) инфляцияның қандай деңгейі болуы мүмкін.


3. Нарықты эконмикада не өндіру проблемасы немен байланысты:

А) экономикадағы мамандандыру деңгейін анықтауменен;

В) өндіріс құрал жабдықтарымен тұтұну заттарын өндіруді тандау;

С) үкіметтін қарамағындағы жүйені дамыту;

D) жетілдірілген бәсекелестік нарығын дамыту;

Е) еңбек бөлісу.


4. Нарықтық экономикадағы кім үшін өндіру керек проблемасы төмендегідей шешіледі:

А) тұтұнушылар тауарлардың бағасын өз мүдделеріне қарап ұсынады және тиімсіз тауарларды сатып алудан бас тартады;

В) өндірушілер өндіріс ресурстардың бағасын өз мүдделеріне қарап анықтайды;

С) тұтұнушы қажеттілігімен сәйкесінше табысты бөлу негізінде;

D) тұтұнушы ыңғайлы баға деңгейін сақтай отырып пайданы өсіруді ұстау бәсеке негізінде;

Е. бәсекелес монополия негізінде.

5. Қай термин адамдардың төлем қабілеті мен қалауын көрсетеді:

А) қажеттілік;

В) сұраныс;

С) қалау;

D) ұмтылу;

Е) ұсыныс.


6. Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысы тұтұну сұранысынын төмендеуімен байланысты болмайды:

А) өнімді өндіруші сала пайдасынын төмендеуі;

В) өнім ұсынысынын азаюы;

С) сала өндірісінің азаюы;

D) осы саладағы қолданылатын ресурстардың бағаларының өсуі;

Е) сұраныстын азаюы.

7. Сұраныс заңы нені көрсетеді:
А) сұранысқа байланысты ұсынысты жоғарылату бағанын төмендеуіне әкеледі;

В) егер тұтұнышылардын табысы өссе олар әдетте тауарларды көбірек сатып алады;


С) сұраныс қисығы оң иіледі;

D) егер тауар бағасы төмендесе жоспарланған сатып алу көлемі өседі;

Е) орташа шығындар өскен жағдайда.
8. Х тауарына сұраныс қисығынын өзгеруін немен түсіндіруге болады:

А) Х тауардың ұсынысы бір себептен төмендеді;

В) Х тауарына баға өскенде оған байланысты тұтұнушылар осы тауарды аз сатып алады;

С) тұтұнушылардың талғамдары Х товарына қызығушылықты тудырады сондықтан ол товарды кез келген бағада бұрынғығы қарағанда көп сатып алуға қалайды;

D) Х тауарына баға төмендеді, сондықтан түтынушылар көп сатып алды;

Е) тұтұнушылардың қалауына байланысты болады.


9. Кажетті Х тауарың өңдіру үшін материалдар бағасы өссе:
А) сұраныс қисығы жоғары және оңға ығысады;

В) ұсыныс қисығы жоғары және солға қарай ығысады;

С) сұраныс және ұсыныс қисықтары жоғары қарай ығысады;
D) ұсыныс қисығы төмен және оңға қарай ығысады;

Е) технологиянын өзгерісінен туындайды.


10. Нарықтық сұранысқа не әсер етпейді:

А) тұтұнушылардын табысы;

В) өз ара байланысты тауардың бағасы;

С) ресурстардың бағасы;

D) тұтұнушылардың саны;

Е) өндірушілердің саны.


11. Егер сұраныс төмендесе сұраныс қисығы қалай өзгереді:

А) төмен және солға;

В) сағат тілі бағытымен;
С) жоғары және оңға;

D) сағат тілі бағытына қарсы;

Е) өзгеріссіз қалады.
12. Қандай фактордың өзгерісі сұраныс қисығының қозғалуына әсер етпейді:

А) тұтынушылардың талғамы мен қалауы;

В) ұлттық табыстың мөлшері мен бөлінуі;

С) товардың бағасы;

D) тұтұнушылардың саны немесе қайтарылуы;
Е) ауыстыратын товардың бағасының өзгерісі.
13. Бір нарықта тауарды төмен бағамен сатып алу және екінші нарықта осы тауарды жоғары бағамен сату-бұл:

А) пайда табу мақсатында жасалған әрекет;

В) жоғарғы баға деңгейі нарығында ұсынысты арттыру құралы;

С) белгілі нарықтардағы бағалардың өзгерістері себебінен;

D) жоғарғы баға деңгейі нарығында сұранысты көбейту құралы;

Е) тұтұнушылардың табыстарының көтерілу құралдары.


14. Технологияны жетілдіру қисықтарды қалай қозғайды:

А) сұраныс қисығын жоғары және оңға;

В) сұраныс қисығын төмен және оңға;

С) ұсыныс қисығын төмен және оңға;

D) ұсыныс қисығын жоғары және солға;

Е) жалпы өндірістік шығындарды көбейтеді.


15. Тауарлар мен қызметтердің нарығы тепе-тендік жағдайда болады, егер :

А) сұраныс ұсынысқа тең болса;

В) баға шығындары мен пайданың қосындысына тең болса;

С) технологияның деңгейі біртіндеп өзгерсе;

D) ұсыныстың көлемі сұраныстың көлеміне тең болса;

Е) сұраныстың көлемі ұсыныстың көлеміне тең болса.


16. Егер товар ұсұнысы мен сұранысы көбейсе:

А) баға өседі;

В) жалпы тауар саны көбейеді;

С) баға бір деңгейде қалады;

D) қоғамның байлығы өседі;

Е) баға төмендейді.


17. Егер товардың бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінен төменірек жатса нарықта қандай жағдай қалыптасады:

А) молшылық;

В) тапшылық;

С) жұмыссыздық артады;

D) жұмыссыздық кемиді;

Е) инфляция артады.


18. Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті неге тең болады:

А) бағаның төмендеу процетінің сұраныс көлемінің өсу процентінің қатынасымен;

В) жалпы ақшалай түсім процент өзгерісінің сұраныс көлемі процентінің өсу қатынасымен;
С) жалпы ақшалай түсімнің азайю процентінің баға ның өсу процентіне қатынасымен;
D) сұраныс көлемінің прценттік өзгерісінің баға проценттік өзгерісі қатынасымен;

Е) жалпы табыс процентінің өзгерісінің сұраныс көлеміне қатынасымен.


19. Тауар бағасы төмендеп , ал сұраныс мөлшері тізүлік функция бойынша өссе:

А) ілкіде жалпы ақшалай түсім өсіп, икемділік бірге тең болғаннаң кейін түсім азаяды;

В) сұраныстың табыстық икемділігі азаяды;

С) сұраныс заңы бұзылады;

D) ауыстырылатың товарладың тұтынуын көтереді;

Е) ресурстар өнімділігің төмендетеді.


20. Сұраныс жоғарылау болған кезінде сұраныстың бағалық икемділігі неге өседі:

А) тұтұнушылардың табыстары өседі;

В) сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды;

С) бағаның жалпы деңгейі өседі;

D) тұтұнушылар алмастыру товарларды сатып ала алады;

Е) бағаның жалпы деңгейі өседі.


21. Х тауарының өндірушісі өз тауардың бағасын 5 процентке азайтса ол сату көлемін 4 процентке өсіреді. Х тауарына қандай сұраныс болғаны?

А) икемді;

В) икемсіз;

С) жартылай икемді;

D) абсолютті икемді;

Е) абсолютті икемсіз.


22. Егер товар бағасы бір процентке төмендесе ол сұраныс көлемін 2 процентке көбейтеді, бұл қандай сұрныс болғаны:

А) икемсіз;

В) икемді;

С) жартылай икемді;

D) абсолютті икемсіз;
Е) абсолютті икемді.
23. Егер тауар бағасы 1,5 доллардаң 2 долларға дейін өссе, ал сұраныс көлемі 1000-наң 900-ге дейін азайса, баға икемділігі коэффициенті неге тең болғаны:

А) 3,00;


В) 2,71;

С) 0,37;


D) 1,5;

Е) 2,5.
24. Көрсетілген тұжұрымдардың қайсысы тауарлар сұранысының икемділігін сипаттамайды:

А) икемділіктін бағалық коэффициенті бірден кіші;

В) баға өскенде сатушының жалпы түсімі азаяды;

С) тұтұнушылар баға өзгерістеріне үлкен мән береді;

D) сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгерісі бағаның салыстырмалы өзгерісіне қарағанда көбірек болады;

Е) икемділіктің бағалық коэффициенті бірден көбірек болады.
25. Келесі тұжырымдамалардың қайсысы тауарға икемсіз сұранысты сипаттамайды:

А) алмастырушы тауарлар көп мөлшерде болады;

В) тұтынушылар оларды сатып алуға өз табыстарының азырақ бөлігің жұмсайды;

С) бұл тауар тұтұнушылар үшін бірінші кезекте қажетті тауарлар болады;

D) сұраныс мерзімі уақыт бойынша алғанда өте қысқа болады;

Е) толықтыратын тауарлар көп мөлшерде болады.


26. Баға 5 процентке кемігенде ол ұсыныс көлемін 8 процентке азайтса , бұл қандай ұсыныс болғаны:

А) икемсіз;

В) жартылай икемді;

С) икемді;

D) абсолютті икемді;

Е) абсолютті икемсіз.


27. Егер тауар ұсынысы икемсіз болып оған сұраныс азайса сатушының жалпы түсімі:

А) көбейеді;

В) азаяды;

С) егер сұраныс икемді болса азаяды;

D) егер сұраныс икемсіз болса азаяды;

Е) өзгермейді.


28. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы нені көрсетеді:

А) тік сызықты;

В) көлденең сызықты

С) қисық сызықты;

D) теріс иілуі бар түзу сызықты;

Е) оң иілуі бар тік сызықты.


29. Егер тауарға баға өзгеруіне қарамастан жалпы пайда өзгермесе, онда бағалық икемділік коэфициенті:

А) 1 жоғары;

В) 1 төмен;

С) 0 тең;


D) 1 тең;

Е) 0 жоғары.


30. Икемсіз сұраныс нені білдіреді:

А) бағаның 1% төмендеуі, сұраныс көлемінің 1% аз мөлшерде қысқаруына әкеледі;

В) бағаның 1% өсуі, сұраныс көлемінің 1% көп мөлшерде қысқаруына әкеледі;

С) кез келген баға өзгерісі жалпы пайданың өзгерісіне әкелмейді;

D) бағаның 1% өсуі сұраныс көлеміне әсер етпейді;

Е) бағаның 1% өсуі ұсыныс көлеміне әсер етпейді.


31. Кез келген тауар бірдей бағада сатылса, осы тауарға сұраныс қандай:

А) абсолютті икемсіз;

В) абсолютті икемді;

С) икемді;

D) икемсіз;

Е) икемділік нолге тең.


32. Төмендегі белгілердің қайсысындағы табыс бойынша икемділік коэфициенті алғашқы қажеттілік тауарларына жатады:

А) нолден төмен;


В) нолден жоғары,ал бірден төмен;

С) бірден жоғары;

D) бір;

Е) екі.
33. Келесі тұжырымдардың ішінде біреуі дұрыс емес:



А) әсерсіздік нүктесіндегі әр бір нүкте екі тауардың әр түрлі комбинациясын білдіреді;

В) бюджеттік сызықтағы әр бір нүкте екі тауардың әр түрлі комбинациясын білдіреді;

С) әсерсіздік қисығындағы барлық нүкте тұтынуды қанағаттандырудың бірдей деңгейін білдіреді;

D) әсерсіздік қисығындағы барлық нүкте ақшалай табыстың бірдей деңгейін білдіреді;

Е) әсерсіздік қисығындағы барлық нүктелер табыстың әр түрлі деңгейін білдіреді.
34. Тұтынушының табысының жоғарлауы график түрінде неде көрінеді:

А) бюджет сызығының иілуінің өзгеруімен;

В) бюджат сызығының оңға параллель қозғалуымен;

С) бюджет сызығының солға параллель қозғалуымен;

D) бюджет сызығының иілуінің төмендеуі;

Е) бюджет сызығының иілуінің жоғарлауымен.

35. Табыс эффектісі төмендегі жағдайда орын алады:

А) адамдардын табыстары азайса олар бұл өнімді аз сатып алады;

В) таулар арзандағанда тұтынушы басқа тауарларды алу көлемін азайтпай бастапқы тауарды көбірек сатып алады;

С) адамдардың табыстары өскен сайын кейбір тауарларды сатып алу көлемі азаяды;

D) адамдардың табыстары өскен сайын олардың табысының көбірек бөлігін олар жинайды;

Е) кейбір товарлардың сатып алу көлемі өседі.

36. Келтірілген жалпы пайдалылық өлшемдердің қайсысы шектелген пайдалылықтың азаю заңын сипаттайды:

А) 200, 300, 400, 500;

В) 200, 450, 750, 1100;

С) 200, 400, 1600, 9600;

D) 200, 250, 270, 280;

Е) 9600, 1600, 400, 2000.

37. Келтірілген шекті пайдалылық өлшемдердің қайсысы шектелген пайдалылықтың азаю заңын сипаттайды:

А) 200,150,100,50;

В) 200,300,400,500;

С) 200,200,200,200;

D) 200,250,270,280;

Е) 200,1500,500,650.

38. Х тауарының бағасы 1,5 руб., ал У тауарының бағасы 1 руб. болса, тұтынушы У тауарының шектелген пайдалылығын 30 ютил деп бағалайды және ол Х және У тауарларын сатып алудан өзінің қанағаттандыру деңгейін жоғарылатқысы келеді, сонда Х тауарының шектелген пайдалылығын ол қандай өлшемде алуы қажет?

А) 15 ютил;

В) 20 ютил;

С) 30 ютил;

Д) 45 ютил

Е) 55 ютил.

39. Тұтынушы табысы 8 долл. болсын делік, ал А тауарының бағасы 1 долларға, В тауарының бағасы 0,5 долларға тең болғанда, төменде көрсетілген тауарлар комбинациялары қай бюджеттік сызықтың бойында жатады?

А) 8А және 1В;

В) 7А және 1В;

С) 6А және 6В;

Д) 5А және 6В;

Е) 10А және 8В.

40) Шектелген пайдалылықтың азаю заңы көрсетеді:

А) байлық заттарының шектелген пайдалылығының бағаларға қатынасы, бірінші кезектегі қажетті тауарлардың сондай көрсеткішінен кемірек;

В)тауардың әр келесі өлшемінің пайдалылығы сатып алынатын тауарлардың саны өскен сайын азая түседі;

С)барлық тауарлар үшін шектелген пайдалылықтын бағаға қатынасы бірдей болады;

D) сатып алынатын тауарлардың пайдалылығы тұтынушы табысының өсуіне қарай азаяды;

Е)сатып алынатын тауарлардың пайдалылығы өседі.

41. Тұтынушы тепе-теңдігі жағдайында:

А) сатып алынатын тауарлардың саны көбейеді;

В) сатып алынатын тауарлары жалпы пайдалылығы арытады;

С) тауарларды шектелген пайдалылығы олардың бағасына пропорционалды болады;

D) жалпы пайдалылық сатып алынған тауардан жоғары, тауардын шекті пайдалылығы бағаға пропорционалды;

Е) жалпы пайдалылық азаяды.

42. Шектелген табыстың қандай жағдайында жалпы пайдалылық өседі:

А) азайғанда;

В) көбейгенде;

С) шамалап көбейгенде;

D) өседі болмаса кемиді, бірақ оң мәнінде болады;

Е) өседі болмаса азаяды, бірақ теріс мәнінде болады.

43. Тұтынушының тәртібі қай жағдайда өсуге ұмтылады:

А) Жалпы және шектелген пайдалылықтың айырмасында;

В) Жалпы пайдалылықты;

С) Орташа пайдалылықты;

D) шектелген пайдалылықты;

Е) шектелген пайдалық азайғанда.

44.Егер екі тауар алматыруының шектелген нормасы тұтынушы үшін азайса, оның әсерсіздік қисығы:

А) координатаның басына қарай иіледі;

В) координатының басынан қашықтайды;

С) теріс көлбеулі түзу сызық;

D) горизонталды сызық;

Е) вертикалды сызық болады.

45. Алмастыру эффектісі әр уақыттада болу керек:

А) оң;


В) теріс;

С) тең;


D) табыс эффектісінен көп;

Е) алмастыру эффектісінен аз.


46. Өндірістік факторларының барлық вариантары мен өндірлетін өнім көлемінің арасындағы байланыс анықталады:

А) өндіріс мүнкіндіктерінің қисығымен;

В) өнім шығарудын жалпы көлемінің қисығымен;

С) өндірістік функциямен;

D) икемді ұсыныспен;

Е) икемсіз сұраныспен.


47. Не изоквантада, не изокостада жатқан кез-келген нүкте көрсетеді:

А) өндірілетін өнімнің көлемін;

В) өндірілген өнімнің ақшалай көрінісің;

С) ресурстардың физикалық көлемдерінің комбинациясын;

D) шығындардын сомасын;

Е) табыстардын сомасын.


48. Изокванта көрсетеді:

А) өнімнің жалпы көлемінің қисығын;

В) өндіріс функциясын;

С) ресурстардын осы санымен шағарылатын әр түрлі өнім көлемдерін;

D) орташа өнімнің қисығын;

Е) шектелген өнімнің қисығын.


49. Төменде көрсетілген анықтамалардың қайсысы экономикалық шығындар деген ұғымдарға жатады:

А) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне және кәсіпкерлерге төлемдер;

В) тек қана өндірістік ресурстарға ресурстар үшін жұмысшыларға,

С) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне және кәсіпкерлерге төлемдер минус нормалдық пайда;

D) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне және кәсіпкерлерге төлемдер плюс нормалдық пайда;

Е) бухгалтерлік шығыңдар минус көмескі шығыңдар.


50. Шығыңдар экономикалық мағынада:

А) айқын және көмескі шығыңдар сонын ішінде нормалдық пайданың жиынтығынан;

В) айқын шығындардың қосындысынан, бірақ көмескі шығындарды қоспайды;

С) көмескі шығындардан, бірақ.айқын шығындарды қоспайды;

D айқын шығындарды да көмескі шығындарды да қоспайды;

Е) алтернативтік шығындарды қоспайды.




51. Төменде келтерілген тұжырымдардың дұрысы қандай?

А) бухгалтірлік шығымдар плюс экономикалық шығымдар нормалдық пайдаға тең;

В) экономикалық пайда минус бухгалтерлік пайда айқын шығындарға тең;

С) бухгалтірлік пайда минус көмескі шығындар экономикалық пайдаға тең;

D) экономикалық пайда минус көмескі шығымдар бухгалтерлік пайдаға тең;

Е. айқын шығындар плюс көмескі шығындар бухгалтерлік пайдаға тең.


52. Фирманың тұрақты шығындары бұл:

А) ресурстарды сатып алу кезегіндегі бағалардың шығыны;

В) өндірістің қолайлы жағдайындағы өнімнің кез-келген көлеменің өндірістік шығындарының минималды денгейі;

С) өнім өндірілмеген жағдайда да фирманың төлейтін шығыңдары;

D) көмескі шығындар;

Е) айқын шығындар.


53. Экономикалық пайда:

А) ұзақ мерзімінде бәсекелестік нарық жағдайында болмайды;

В) нормалдық бухгалтерлік пайдаға эквивалентті болады;

С) фирманың жалпы шығындары жалпы табыстан көбірек болғанда;

D) шектелген табыс шектелген шығындардан көп болғанда;

Е) шектелген табыс шектелген шығындардан аз болғанда.


54. Қысқа мерзімдегі шектелген шығындардың қисығына қатынасты төмендегі көрсетілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

А) орташа шығындар минималды болғанда шектелген орташа шығындарға тең болады;

В) орташа шығындар төмендегенде шектелген шығындар орташа шығындардан кем болады;

С) өндірілетін өнімдер көлемі оңтайлы мөлшерден көбірек болғанда шектелген шығындар орташа шығындардан көп болады;

D) шектелген шығындардын мөлшеріне өндіріс факторлары бағаларының өзгерісі әсер етпейді.

Е) шектелген шығындар орташа шығындардан кем болады.


55. Қысқа мерзімде өз пайдасын көбейтетін фирма өндірісін қандай жағдайда тоқтатады?

А) баға орташа жалпы шығындардың минимумынан кем;

В) нормалдық пайда жалпы салалықтан кем;

С) жалпы табыс жалпы шығындардан кем;

D) жалпы табыс жалпы айнымалы шығындардан кем;

Е) жалпы табыс жалпы айнымалы шығындардан көп болады.


56. Орташа жалпы өндірістік шығындар өндірістін қандай көлемінде төмен болады?

А) AVC= ТFС;

В) пайда жоғары болғанда;

С) МС = AVC;

D) МС= AТС;

Е) АТС >МС.


57.Фирманың оңтайлы өндіріс көлемі жөнінде шешім қабылдағанда төменде көрсетілген шығындардың қайсылары ескерілмейді?

А) орташа айнымалы шығындар;

В) бухгалтерлік шгығындар;

С) орташа тұрақты шығындар;

D) шектелген шығындар;

Е) айқын шығындар.


58. Өндіріс көлемі өсіп AVC кемісе:

А) МС кемиді;

В) ТFС кемиді;

С) ТС кемиді;

D) МС< AVC;

E) MC >AVC.


59. Төмендегі тұжырымдардың қайсысында жетілген бәсекелестіктін шарттары орындалмайды:

А) шектелген табыс шектелген шығындарға тең болғанда фирма тепе-тендік жағдайда;

В) шектелген шығындардын қисығы орташа шығындардын қисығымен АТС-ның минимумы арқылы өткенде;

С) фирма өнімі сұранысының қисығы теріс көлбеу болса;

D) орташа және шектелген шығындардың қисығы U– формасында болғанда;

Е) бағалар айнымалы болғанда.


60. Қысқа мерзімде пайдасын көбейтіп болмаса шығындарын азайтын бәсекелестік фирма өндірісін жалғастырмайды:

А) өнім бағасы минималды орташа шығымдардан кем болғанда;

В) орташа тұрақты шығындар өнім бағасынын жоғары болғанда;

С) өнім бағасы орташа айнымалы шығындардың минимумынан кем болғанда;

D) өнім бағасы шектелген шығындардан кем болғанда;

Е) өнім бағасы шектелген шығындардан көп болғанда.


61. Егер шектелген шығындар орташа шығындардан өндіріс көлемін бірден кейін де көбірек болу, пайда көбірек алынса фирма:

А) оң пайда алады;

В) орташа шығындар қисығының минимумының оң жағында жататын нүктеге сәйкес келетін өндіріс көлемін таңдайды;

С) өндірісті тоқтатады;

D) орташа шығындар қисығының минимумының оң жағында жататын нүктеге сәйкес келетін өндіріс көлемін таңдайды, оң пайда табады;

Е) өндірісті жалғастырады.


62. Бәсекелестік фирманың ұсыныс қисығы қысқа мерзімдерде – бұл:

А) шектелген шығындардың қисығы;

В) тауар бағасының сызығы;

С) орташа шығындар қисығының төменгі бөлігі;

D) орташа айнымалы шынындардың қисығының жоғарғы жағында жатқан шектелшен шығындардын бөлігі;

Е) орташа айнымалы шынындардың қисығының төменгі жағында жатқан шектелшен шығындардын бөлігі.


63. Төменде келтірілген аттардын қайсысы жетілдірілген бәсекелестіктің шарттарына сәйкесрек келеді?

А) болатын;

В) шаштараздың қызметінің;

С) автокөліктің;

D) фирмалардың акциялары мен облигацияларының;

Е) еттің.


64. Шектелген табыс нарық бағасынан төмен болмайды:

А) монополистік бәсекелестіктерде;

В) монополистерде;

С) картелдің қатынасушыларында;

D) жетілген бәсекелестікте;

Е) олигополистерде.

65. Бәсекелес фирманың өніміне сұраныстың қисығы:

А) теріс көлбеу;

В) бағаның берілген деңдейінде горизонтальды сызық;

С) ұсыныстың белгілі бір көлемінде вертикальды сызық;

D) 1/п көлбеуі; п- саладағы фирма саны;

Е) бағаның белгілі бір деңгейінде вертикалды сызық болады.


66. Егер өнімнің бағасы оның өндірілуіне кеткен орташа шығындарды қайтаруға жетпесе, фирма не жасайды?

А) шапшаңырақ өндірісті тоқтатады;

В) P=MC болғанға дейін егер P>AVC болса, тауарлар өндірісті жалғастырады;

С) жаңа технологияны таңдайды;

D) жанама шығындарды азайтады;

Е) жанама шығындарды көбейтеді.


67. Бәсекелестік фирмаға қарағанда монополист:

А) өз өніміне кез келген бағаны тағайындайды;

В) пайданы шектелген табыс пен шектелген шығындардың теңдігінде көбейтеді;

С) өнімнің кез келген көлемін шығарып, оны кез келген бағамен сатады;

D) нарық сұранысының белгілі бір қисығында пайданы көбейтетін бағалар мен өндіріс көлемін таңдайды;

Е) жоғары бағамен өнімнің кез келген көлемін шығарады.


68. Табиғи монополияның мысалына не жатады?

А) ОПЕК – мұнайдың халықаралық картелі;

В) IBM компаниясы;

С) “Центркредит” банкісі;

D) Қалалық метрополитен;

Е) Валютаның алмастыру пункті.


69. Баға алалығы – бұл

А) әр түрлі сатып алушыларға бір өнімді әр түрлі бағамен сату;

В) ұлтына немесе жынысына байланысты еңбек ақының айырмашылығы;

С) тұтыну тауарларына жоғары бағалар тағайындау арқылы еңбекшілерді қанау;

D) жоғары сапалы тауарға бағаны қымбаттату;

Е) бірдей бағамен сату.


70. Бәсекелес фирмаларға қарағанда монополия талпынады:

А) өнім өндіруді азайтып, бағаны жоғарырақ тағайындауға;

В) пайданы көбейтуге;

С) сұраныс қисығының икемсіз бөлігіне с!йкес келетін бағаны белгілеуге;

D) MR=P жағдайында өнімнің көлемін таңдауға;

Е) MR>P жағдайындағы шығару көлемін таңдауға.


71. Пайдасын өсіретін монополист өз өнімінің бағасын қандай жағдайда кемітеді?

А) орташа шығындар төмендегенде;

В) жарнама шығындары өскенде;

С) шектелген табыс шектелген шығындардан көбірек болғанда;

D) шектелген табыс айнымалы шығындарға тең болғанда;

Е) шектелген табыс орташа шығындарға тең болғанда.


72. Монополист пайданы көбірек алу үшін шығарудың қандай көлемін таңдайды?

А) шектелген шығындардың өнім бағасына тең болғанда;

В) шектелген шығындар орташа шығындарға тең болғанда;

С) шектелген табыс шектелген шығындарға тең болғанда;

D) шектелген табыс жалпы шығындарға тең болғанда;

Е) шектелген табыс жалпы шығындардан кем болғанда.




  1. Монополиялық фирма қандай жағдайда өз пайдасын көбейтеді?

А) орташа шығындар орташа табысқа тең болғанда;

В) шектелген шығындар шектелген табысқа тең болғанда;

С) шектелген шығындар өнімнің нарықтық бағасына тең болғанда;

D) монополист өнімі сұранысының икемділігі жартылай болғанда;

Е) шектелген табыс шектелген шығындардан көп болғанда.
74. Егер фирманың монополиялық үстемділігі болса:

А) шектелген табыс тауар бағасымен тауар сұранысы икемділігіне тәуелді болады;

В) нарықтық сұраныстың белгілі бір қисығында пайданы көбейту үшін баға мен шығару көлемін таңдайды;

С) бәсекелестік фирмаға қарағанда бағаны өсіріп, барлық тұтынушылар молшылығын өзі иеленеді;

D) шектелген табыс тауарлар бағасы мен тауар сұранысы икемділігіне байланысты болады;

Е) бәсекелестік фирмаға қарағанда тауарлар бағасын арзандатады.




  1. Монополиялық фирма пайданы көбейту үшін:

А) шектелген табыс шектелген шығындардан көбірек болса, өнім шығаруды арттырады;

В) шектелген шығындар шектелген табыстан төменірек болса, бағаны көтереді;

С) өз тауары сұранысы қисығының икемсіздеу бөлігіне сәйкес келетін өндіріс көлемін таңдайды;

D) өз өніміне шығару көлемін сақтай отырып, бағаны өте жоғары өсіреді;

Е) шектелген шығындармен салыстырғанда бағаны төмендетеді.


  1. Монополиялық фирманың бәсекелестік фирмадан айырмашылығы:

А) өз өніміне кез келген бағаны тағайындай алады;

В) пайданы көбейтуге тырысады;

С) бәсекелестік фирмамен салыстырғанда жоғарғы тиімділік негізінде жоғары пайда алады;

D) өнімнің әр өлшемін шығарудан, өнім бағасынан кемірек қосымша түсім алады;

Е) бағаны бұрынғы деңгейде қалдыруға тырысады.


  1. Баға алалығы - бұл

А) жоғары сапалы тауарларға бағаны көтеру;

В) әр түрлі сатып алушыларға бірдей өнімдерді әр түрлі бағамен сату;

С) алушыларға көрсетілетін қызметтердің айырмашылығы;

D) әр түрлі алушыларға бірдей өнімдерді бірдей бағалармен сату;

Е) бірдей өнімдерді жоғары бағалармен сату.
78. Монополист өндіруші электронды қондырғы шығарып, MR=180$, MC=100$, ATC=200$ болатындай өнім көлемін сатады. Пайданы көбейту үшін фирма не жасайды?

А) бағаны көтеріп, шығару көлемін көбейтеді;

В) бағаны көтеріп, шығару көлемін азайтады;

С) бағаны көтеріп, бұрынғы шығару көлемін сақтайды;

D) бағаны арзандатып, шыфғару көлемін азайтады;

Е) шығындарды азайтып, шығару көлемін көтереді.


79. Жетілген және монополистік бәсекелестік нарықтарының қандай жалпы белгілері болады?

А) іріктелген тауарлар шығарады;

В) нарықта көптеген сатып алушылар мен сатушылар болвды;

С) әр фирма өз өнімі сұранысының горизонтальды қисығын иеленеді;

D) бірыңғай тауарлар шығарылады;

Е) сирек тауарлар өндіріледі.




  1. Ұзақ мерзімді интервалдар:

А) жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

В) монополистік бәсекелестік жаңғайында жұмыс жасайтын фирмалар нольдік экономикалық пайда алады;

С) нарыққа кірудің кедергілері фирмаларға оң экономикалық пайданы табуға мүмкіндік бермейді;

D) жетілген бәсекелестік жағдайында жұмыс жасайтын фирмалар монополистік бәсекелестік жағдайында да нольдік экономикалық пайда табады;

Е) фирмалар өз пвйдаларын тауарларды іріктеу арқылы атқарады.
81. Екі фирманың өзара әрекетін Курноның дуополия моделіне жатқызуға болады, егер:

А) фирмалар өзінің әріптесі де белгілі бағаны ұстау стратегиясын жүргізсе;

В) әр фирма өзінің бәсекелесі бағаны өзгертпей, бұрынғы деңгейде қалдырады есептесе;

С) фирмалар өндіріс көлемін келіскен деңгейде қаласа;

D) фирмалар жасырын келісімдер жасаса;

Е) нарықта көп фирма болса.


82. Өз шығаруы мен бағасын келіскен фирмалармен салыстырғанда Курноның дуополиялық фирмаларында:

А) бағалар жоғары және шығару төменірек;

В) пайда жоғары және шығару көбірек;

С) пайда төменірек және баға арзандау;

D) пайда және шығару азырақ;

Е) баға төмен, шығару көбірек.


83. Төмендегі көрсетілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

А) олигополистік баға соғысында барлық фирмалар ұтылғанмен жекеленген фирмалар мақсатында бағалар төмендейді;

В) олигополистік фирмалар кейбір бәсекелестік жағдайларда бағаларды тіпті шығындар және сұраныс өзгерген жағдайларда да өсіруден бас тартады;

С) жасырын келісімнің бір формасы баға жетекшілігінде десек, онда бір фирма бағаны тағайындап, ал қалғандары соны қолдайды;

D) бағалар соғысында тек қана олигополистік фирмалар емес сатып алушылар да ұтылады;

Е) баға соғысында фирмалар ұтады.




  1. Олигополистік жағдайында ойындар теориясын қолданғанда:

А) фирмалар кез келген стратегияның қортындысын әр түрлі бәсекес болған жағдайда талдайды және бағалайды;

В) фирмалар қарсылас жақтарының әрекеттерін ескермейді;

С) фирмалар бәсекелестер де өздерінің стратегиясын қабылдайды деп есептейді;

D) фирмалар өз бәсекелестерінің стратегиясын талдамайды, бағаламайды;

Е) бір фирма бағаны төмендетіп, ал екіншісі оны елемейді.
85. Фирма шығындарды азайту үшін:

А) шектелген физикалық өнімдер теңескенге дейін ресурстарды жалдай береді;

В) ресурстарды алуға кеткен шығындар теңескенге дейін ресурстарды жалдай береді;

С) өндірістің қосымша өсуі теңескенге дейін ресурстарды жалдай береді;

D) әр ресурстың құнына қосымша өнім теңескенге дейін ресурстарды жалдай береді;

Е) өнім өндірісінің қосымша шығындарына қарамай, ресурстарды жалдай береді.


86. Өндіріс факторының шектелген өнімінің ақшалай көрінісі:

А) өнімнің әрөлшемінің сатылу бағасы;

В) өндіріс факторының қосымша өлшемін пайдаланғандағы жалпы түсім мөлшерінің өзгерісіне тең;

С) өндіріс факторларының әр өлшемін пйдаланғандағы өндіріс көлемінің өзгерісіне тең;

D) жетілмеген бәсекелестік жағдайында анықтау мүмкін емес;

Е) өндіріс көлеміінің жалпы өндірістің шығындарға қатынасы.


87. Бәсекелестік фирма өз пайдасын өсіруге ұмтыла отырып, қосымша жұмысшыларды төмендегідей жағдайларда жалдайды:

А) жалпы түсім жалпы шығындардан аз болғанда;

В) еңбектің шектелген өнімі еңбек ақы ставкасынан кем болғанда;

С) ақша түрінде алынған шектелген өнімнің мөлшері азайғанда;

D) ақшамен анықталатын еңбектің шектелген өнімі еңбек ақы ставкасынан көбірек болғанда;

Е) еңбектің шектелген өнімі еңбек ақы ставкасына тең болғанда.


88. Бәсекелестік фирма жағдайында ресурстың шектелген өнімі ресурстың бағасына тең болғанда:

А) өнім аз шығындармен өндіріліп, бірақ онда максималды пайда алу міндетті емес;

В) максималды пайдаға алынып, бірақ өнім минималды шығындармен өндірілу міндетті болмағанда;

С) максималдық пайда минималдық өндірістік шығындарда алынады;

D) максималды пайда алу міндетті емес, болмаса шығын минималды деңгейде болады;

Е) минималды пайда алынады.


89. Ресурстар сұранысы неге тәуелді болады?

А) осы ресурспен өндірілетін өнімнің бағасына;

В) ауыстыратын ресурстар бағасына;

С) түпкі өнімнің баға деңгейіне;

D) осы ресурспен өндіілетін өнімнің бағасына, ауыстыратын ресурстар бағаларына;

Е) ұсыныс көлеміне.


90. Еңбек сұранысына төмендегілердің қайсысы әсер етпейді?

А) түпкі өніме сұраныс;

В) еңбектің шектелген өнімінің басқа ресурстардың шектелген өнімдеріне қатынасы;

С) өндіріс технологиясы;

D) инфляциялық құбылыстарға байланысты номинальды еңбек ақы қатынасы;

Е) жалпы өндірістік шығындардың мөлшері.


91. Еңбек ақысының шектелген шығындары:

А) өнім көлемі өскен жағдайдағы айнымалы шығындардың өсуі ;

В) өндірілетін өнімнің өсуі жағдайындағы тұрақты шығындардың өсуі;

С) монополистер үшін абсолют икемсіз;

D) еңбектің жалпы шығындарының өсуі;

Е) еңбек сапасына байланысты болмайды;


92. Қызметкерлердің минималды еңбек ақысын мемлекеттік өсіру неге әкеледі?

А) төмен еңбек ақы алатын қызметкерлерді жұмыпен қамтамасыз етуді өсіруге;

В) нарықта жұмыс күшінің сиреуінің өсуіне;

С) еңбекті каиталмен ауыстыруға;

D) минималды еңбек ақы алатын топтардың шектелген өнімділігінің азаюына;

Е) жұмыссыздық проблемасын шешуге.


93. Фирма үшін егер ол бағаға әсер ете алмайтын болса, жалдау факторының шектелген шығындары қалай өзгереді?

А) факторлардың орташа шығындарынан көбірек;

В) фирманың қосымша фактор өлшемін пайдаланғандағы табысы;

С) тұрақты;

D) шектелген табысқа теңестірілуі қажет;

Е) айнымалы.


94. Бәсекелестік нарықта сұраныс қисығының шектелген өнімділік теориясына сәйкесті не болады?

А) еңбек ақының шектелген шығындарының қисығымен беттеседі;

В) еңбектің шектелген өнімінің қисығымен бетеседі;

С) ақшамен анықталатын еңбектің шектелген өнімінің қисығымен беттеседі;

D) өндірілетін өнімнің құнымен байланысты болмайды;

Е) өндірілген өнімнің құнына байланысты болады.


95. Фирма үшін еңбек ұсынысының қисығы:

А) еңбек сұранысының қисығымен қиылыспайды;

В) оң көлбеулі болады;

С) абсолютті икемсіз ұсынысты көрсетеді;


D) абсолютті икемді ұсынысты көрсетеді;

Е) теріс көлбеулі келеді.


96. Еңбек ақы ставкасы өскенде:

А) еңбек сұранысы икемді болса, жұмыспен қамтамасыз ету қысқарады;

В) еңбек сұранысы икемсіз болса, жұмыспен қамтамасыз ету қысқарады;

С) еңбек сұранысы икемді болғанда жұмыспен қамтамасыз ету өседі;

D) еңбек сұранысы икемсіз болғанда жұмыспен қамтамасыз ету өседі;

E) еңбек сұранысы икемсіз болса, жұмыспен қамтамасыз ету қысқарады.


97. Облигацияның проценттік ставкасы қандай жағдайда төмендей түседі?

А) олардың шығарылу мерзімі қысқа болғанда;

В) болашақ қатеpлік көбейгенде;

С) ликвидтік төмен болғанда;

D) инфляцияның күтісі көбейгенде;

Е) жұмыссыздықтың күтісі көбейгенде.


98. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда жер рентасы қалай өседі?

А) жер бағасы төмендегенде;

В) жерге сұрангыс өскенде;

С) жерге сұраныс азайғанда;

D) жер ұсынысы өскенде;

Е) жер құнарлылығы төмендегенде.


99. Жер ұсынысы:

А) абсолютті икемсіз;

В) жартылай икемді;

С) абсолютті икемді;

D) икемді;

Е) икемсіз.


100. Проценттік ставканың өсімі неге әкеледі?

А) несие қаражаттарының сұранысының өсуіне;

В) несие қаражаттарының ұсынысының өсуіне;

С) несие қаражаттарының ұсынысының азаюына;

D) несие қаражаттарының ұсынысының көлемінің өсуіне;

Е) несие- қаражаттардың кету мөлшерінің өсуіне.


101. Тепе- теңдік проценттік ставкасы теңестіреді?

А) номинальдық және нақтылы проценттік ставкаларды;

В) несие қаражаттардың сұраныс және ұсыныс көлемдерін;

С) тұтыну мен жинақты;

D) жинақ пен инвестицияларды;

Е) тұтыну жинақтан көбірек болуын.


102. Жер иелері рентаны қай жағдайларда алмайды?

А) жерге салық болса;

В) жер участоктарының сұранныс пен ұсыныс қисықтары қиылысқанда;

С) жердің ұсыныс қисығы абсолютті икемсіз;

D) ұсыныстың қисық сызығы сұраныс қисығының оң жағында табылса;

Е) сұранныс қисығы икемсіз.


103. Бірінші жылы баға деңгейі өзгермейді, номиналды процент ставкасы 6%, екінші жылдағы инфляция қарқыны 3% құрады, егер реалды процент ставкасы екінші жылы бірінші жылдағыдай қалса, онда екінші жылы процентік ставкасы қалай өзгереді?

А) 9% өседі;

В) 3% өседі;

С) 3%қысқарады;

D) 6%- ке өседі;

Е) 7%-ке өседі,


104. Фирманың инвестициясын қабылдау туралы шешім қаралса, мынаған назар аударады?

А) номиналдық процент ставкасына;

В) реалды процент ставкасына;

С) реалды процент ставкасын қоса алғанда номиналды процент ставкасына;

D) жоғарыдағы факторлардан басқалары;

Е) реалды процент ставкасынан жоғары номиналды процент ставкасына.


105. Егер номиналды процент ставкасы 10% құраса; ал инфляция қарқыны жылына 4 % деп анықталса, онда реалды процент ставкасы неше құрайды?

А) 14%;


В) 6 %;

С) 2,5%;


D) –6%;

Е) 7%.
106. Сыртқы әсерлер неге байланысты?

А) нарықтық тепе- теңдік тұрақты болмайды;

В) өндіріс қоршаған ортаға шығын әкеледі;

С) өндірушілер нарықтық билікті орналастырады;

D) игіліктің нарықтық бағасы сыртқы шығындар мен табыстарды көрсетпейді;

Е) өндіріс қоршаған ортаға шығын әкелмейді.


  1. Сыртқы әсерлерді туғызуға себеп не болып табылады?

А) зиян өндірістердің болуы;

В) экономикаға мемлекеттің араласуы;

С) меншікке бекітілген құқтардың болмауы;

D) фирмаларда нарықтық биліктің болмауы;

Е) зиянды өндірістердің болмауы.


  1. Теріс сыртқы әсерлер тиімділікті төмендетуге әкеледі?

А) теріс сыртқы эффектің салдарынан туындайтын игіліктің тұтынуын азайтады;

В) қоғамдық шектелген шығындар жекелеген шығындардан көбірек болады;

С) өндірушілер шығару көлемін өте жоғары көтереді;

D) табыстарды ортаны ластайтын фирмалардан ластамайтын фирмаларға қайтадан бөледі;

Е) сыртқы әсерлердің қоғамдық пайдалылығы өседі.
109. Ластанудың бірнеше көзі болған жағдайда қоғамдық тиімділіктің талаптары қандай жағдайда орындалады?

А) барлық фирмаларға ортаны ластаудың стандартты деңгейіне жеткізу тапсырылады;

В) барлық фирмаларға ортаны ластау бірдей пропорцияда болуын тапсырады;

С) тазалауға кететін шектелген шығындарға байланысты барлық фирмалар өз ластау мөлшерін азайтуға тиісті;

D) қоршаған ортаны көбірек ластайтын фирмалардың ластау мөлшерін қысқарту тапсырылады;

Е) қоршаған ортаны ластаудың белгіленген нормасын қысқарту міндетеледі.


110. Сыртқы әсерлердің салдары төмендегідей жолдармен реттеледі?

А) оң сыртқы әсерлерді көбейту;

В) теріс сыртқы әсерлерді көбейту;

С) Пигу салығын көбейту арқылы;

D) ластау мөлшерін азайту арқылы;

Е) оң және теріс сырқы әсерлерді пропорционалды өзгерту арқылы.


111. Өзен суын ластайтын фирма барлық шығындарды төлейтін болса, не байқалар еді?

А) өндіріс көлемінің өсуі;

В) өндіріс көлемінің азаюы;

С) шектелген әлеуметтік шығындардың қисығы жекеленген шектелген шығындардың қисығынан жоғары өтеді;

D) шектелген әлеуметтік шығындардың қисығы жекеленген шектелген шығындардың қисығынан төмен өтеді;

Е) өндіріс көлемі артады.




  1. Көрсетілгендердің қайсысы таза қоғамдық игілікке жатады?

А) қоғамдық кітапханалар;

В) қоғамдық парктер;

С) автокөліктердің қоғамдық тұрақтары;

D) жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарды бөлектейтін қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы;

Е) қоғамдық көліктер.


  1. Игілік бәсекелессіз болса, онда оның тұтынуынан болуы мүмкін:

А) қоғамдық көзқарас бойынша кейбір тұтынушылар оңтайлы;

В) осы игілікті тұтыну пайдасынан алатын тұтынушылар қоғамдық көзқарас бойынша оңтайлы емес;

С) осы игілікке төлеуге тиісті қоғамдық көзқарас бойынша оңтайлы емес;

D) қоғамдық көзқарас бойынша кім болмасын, олардың осы игілікті тұтынуы ешкімге пайда алуға кедергі болмайды;

Е) өте төмен салық бағасы кезінде.

114. Бәсекелестік нарықтар қоғамдық игіліктердің оңтайлы көлемін беруді қамтамасыз ете алмайды?

А) қоғамдық игіліктер жекелеген фирмалардың игіліктеріне қарағанда көбірек шығындарды қажет етеді;

В) қоғамдық игіліктің саны бірдей дәрежеде бәріне қажет болмайды;

С) билетсіздер проблемасы болады;

D) қоғамдық игіліктермен қамтамасыз ету бұл үкіметтің міндеті болады;

Е) қоғамдық игілікпен қамтамасыз ету жекелеген фирмалардың проблемалары болады.
115. Экономисттер қоғамдық игіліктерді қалай анықтайды?

А) тұтынушыларға бұл игіліктер жекелеген игіліктермен салыстырғанда өте арзанға түседі;

В) бұл игіліктердің берудің шығындары жекелеген игіліктерге қпарағанда өте көбірек болады;

С) билетсіздерді қорғау шығындары төменірек болады;

D) бұл игіліктер аз мөлшерде шығарылады;

Е) бұл игіліктер көп мөлшерде шығарылады.


116. Билетсіздер кім?

А) қоғамдық игідліктерді басқаларға қарағанда көбірек тұтынады

В) берілген қоғамдық игілікті пайдаланбауға басқаларды итермелейді;

С) заңдардағы осал тұстарды пайдаланып салық төлемейді;

D) тұтынылатын қоғамдық игіліктің құндылығын азайтылған шығындар мен салық төлеу арқылы азайтады;

Е) басқаларды берілген қоғамдық игіліктерді пайдалануға шақырады.


117. “Билетсіздердің” проблемасы қандай жағдайда төмендейді?

А) пайданы алушылардың саны көбейсе;

В) пайданы алушылардың қатарына төлемеушілерді азайту жеңілдетіледі;

С) пайданы алушыларды анықтау қиын болады;

D) пайданы алушылардың саны азаяды;

Е) пайданы алушылардың қатарынан төлемейтіндерді шығару қиындайды.


118. Төмендегі факторлардың қайсысы рентаны іздеу барысында алынған пайданы ұлғайта алады?

А) ақша мөлшерінің ұлғаюы және алу мерзімінің аяқталуы;

В) тиімділікті көтеру барысындағы заңсыз табыстарды ашу жағдайындағы алуды өсіру;

С) фирмалардың пара беру мүмкіндігін төмендету;

D) мемлекеттік қызметкерлерді сайлау өткізудегі салғырттық;

Е) сайлаушылардың жалпы шығынын өсіру мүмкін.

119. Таза қоғамдық игіліктің өндіріс көлемі тиімді болады мынадай жағдайда:

А) бірде – бір тұтынушы оның тұтынуымен шектелмейді;


В) өндіріс игілігінің қоғамдық шектелген шығындары оның тұтынуыныкң қоғамдық шектелген пайдасына тең;
С) өндіріс игіліктерінің жеке шектелген шығындары оның тұтынуының қоғамдық шектелген пайдасына тең;

D) игіліктер өте төмен шығындармен өндіріледі;

Е) игіліктер өте көп шығындармен өндіріледі.
120. Қоғамдық игіліктерді берудегі нарық мүмкіндіктерінің шектеулі болуы неге байланысты?

А) жекелеген өндірушілердің игілікті шығарудағы қабілетінің жоқтығынан;

В) қоғамдық игіліктер нарығындағы бәсекелестіктің жоғарылығынан;

С) тұтынушылардың бұл игіліктер үшін төлемеуінен;

D) бұл игіліктерді мемлекеттің реттеуімен;

Е) қоғамдық игіліктерді тұтынушылардың табыс деңгейімен.



10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).


11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)

Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:

    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау

  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
«Білімді бағалау схемасы»





Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Апталар

%

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

1

15

++

+

++

+

+

+


+

+

+


+

+

+


+

+

+


+


+

+


+

2

Дәріс сабағына қатысу

0,5

15

+

+


++

+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


++

+

+


+

+


+

+


+

+


+

+


2

Жеке жұмыс (реферат)

2

8




+




+










+













+







3

Бақылау жұмысы (тест)

4

12













+













+













+

4

Коллоквиум 1


5

5



















+

























5

Коллоквиум 2


5

5








































+




7

Емтихан




40




8

Қортынды




100

Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (7-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:




Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.



Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет –3 кітапхана, 2-ғимарат,3-этаж,309аудиторияда және «Экономикалық теория және бизнес» кафедрасы 2-ғимарат,2-этаж,201,203, 207аудиториялар .


13.Сабақ кестеге сәйкес 2-ғимаратта өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет