Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет53/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Адреномиметиктер
α - адреномиметиктер
Бұл топтың негізгі әсері қан тамырларын қысады, қан қысымын көтереді.
Норадреналин гидротартрат - Noradrenalinum hydrotartratis “Б” шығу түрі: 0,2% 1 мл амп N10, 5%-500 мл венаға жаймен тамшылап глюказа ерітіндісімен
Қолдануы: қан қысымы төмендегенде, жүрек тоқтағанда, хирургиялық операцияда, уланғанда, жүректік шокта.
Жағымсыз әсері: бас аурады, жүрек қағады, тоңады, дем алу нашарлайды.
Қарсы көрсеткіштері: жүрек әлсіздігінде, атеросклерозда, қан айналымның кемшілігінде.
Мезатон - Mesatonum “Б” шығу түрі: 1%-1 мл N10 амп. т/а 0,5-1мл күніне 1-2 рет
ә сері: α адренорецепторларға әсер етеді, қан тамырларын тарылтады, қан қысымын жоғарлатады. Қолдануы: артериялық гипотензияда, шок жағдайында (оның ішінде жарақаттық, уыттылық)
Фетанол - Fetanolum 1% - 1 мл амп.б/е 1-2рет, әсері мезатонға ұқсас.
Н афтизин (санорин, нафазолин) - Naphthуzinum, шығу түрі: 0,1%, 0,05% - 10 мл флакон мұрынға тамшы., 2-3 тамш. күніне 3-4 рет
Қолдануы: тұмауда, ринит, гайморит, коньюктивит, мұрын, тамақ ауруларында.
Галазолин - Halazolinum (ксимелин) - шығу түрі: 0,1% - 10 мл флакон мұрынға тамшы., 2-3 тамш. күніне 3-4 рет, аэрозоль, гель мұрынға жағу, шашу үшін.
Називин – Nasivinum, шығу түрі: 0,1% - 10 мл флакон мұрынға тамшы., 2-3 тамш. күніне 3-4 рет, спрей мұрынға шашу үшін.
β - адреномиметиктер
Бұл топ дәрілері жүректің соғуын күшейтеді, бронх бұлшық еттерін босатады, шырыш қабатының ісігін басады.
И задрин - Isadrinum (Новодрин, Эуспиран) шығу түрі: таб 0,005 N20 1 таб күніне 3 рет тіл астына. 1% -25 мл. ингаляциялық жолмен қолданады. Әсері β – адренорецепторларды қоздырып бронхты кеңейтеді, жүректің жиырылуын жиіелетеді
Қолдануы: демікпеде, созылмалы бронхит,өкпе эмфиземасында және атриовентрикулярлы блокаданы басу үшін..
Ж ағымсыз әсері: ауызды құрғатады, тахикардия, жүрек аритмиясын туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет