Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет56/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

С импатолитиктер
Адренорецепторларға әсер етпейді, медиатор норадреналиннің бөлінуін, адреномиметиктердің әсерін азайтады, сондықтан жүрек жұмысы әлсірейді, жүрек соғуының күші азаяды, қан тамырлары кеңейеді, қан қысымы төмендейді.
Резерпин – Reserpinum шығу түрі: таб 0,001, 0,0025 N10 күніне 1 таб 1-2 рет
Қолдануы: гипертония ауруында, тыныштандыру үшін (невроз, психозда).
Жағымсыз әсері: көз қызарады, іседі, диспепсиялық жағдайлар, бас айналады, әлсіздік, жүрек жұмысы әлсірейді, үйқы бұзады, асқазан бездерінің секрециясын көбейтіп, асқазан және ұлтабар ауруларын туғызады.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан жарасында, іш өткенде, асқазан спазмасында қолдануға болмайды.
Раунатин (раувазан) - рауфольфия өсімдігінің алкалоиды, шығу түрі: таб 0,002, N10, 1-ші күні бастапқы доза әдетте түнге қарай 1 таблетканы құрайды, 2-ші күні – тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан; 3-ші күні – тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан, содан кейін жалпы дозаны тәулігіне 4–6 таблеткаға жеткізеді. Ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 6 таблетка. жеңіл және орташа дәрежелі артериялық гипертензияда қоланады.
Октадин (Изобарин) - Octadinum шығу түрі: таб, 0,025 N50 1 таб 1 рет
Допегит (Метилдофа)- Dopegitum шығу түрі: таб 0,25 N50 1 таб 2-3 рет.


Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтартар
Бақылау сұрақтары

1. Адренорецепторлар туралы түсінік, қайда орналасқан?


2. Адренергілік синапсқа әсер ететін дәрілер, қандай топқа бөлінеді?
3. α адренорецепторларды қоздыратын дәрілердің қолдануы көрсетіңіз?
4. β адренорецепторларды қоздыратын дәрілердің қолдануы көрсетіңіз ?
5 α, β адренорецепторларды қоздыратын дәрілердің фармакологиялық әсерлері?
6. Адреномиметиктердің негізгі жағымсыз әсерлерін атаңыз?
7. Симпатомиметиктердің фармакологиялық әсерлері?
8 Симпатомиметиктерді қоданылатын жағдайлары?
9. Симпатолитиктердің фармакологиялық әсерлері?
10. Симпатолитиктерді коданылатын және қолдануға болмайтын жағдайлары?
11. Анаприлин, норадреналин,эфедрин , сальбутамол препараттарына рецепт жазу?
12. Гипертония ауруын емдеуге қолданатын препараттарды атаңыз?
13. Анаприлин препаратының қолдану көрсеткіштері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет