Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Жұмыс жасайтын мүшелер мен жүйлердің қызметін реттейтін дәрілер



бет57/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Жұмыс жасайтын мүшелер мен жүйлердің қызметін реттейтін дәрілер
Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер


Аналептиктер
Бұл дәрілер сопақша мида орналасқан тыныс алу орталығын, қан айналысын қоздырады, қалпына келтіреді, сондықтан тыныс алуды қалыптастырады, бірақ көп мөлшерде қолданса, сіреспе тудырады. Аналептиктер организімнің өте жауапты ағзаларыдың (тыныс алу, қан айналу) жұмыстарын қалыптастырады, сондықтан бұл дәрілер жедел жәрдем дәрілері деп аталады.
Кофеин натрий бензоат-Coffeinum natrii benzoas; шығу түрі: амп.10% -2 мл N10, тері астына күніне 1-2 рет
Фармакологиялық әсері: орталық мидағы қоздыру процессін қоздырады, адамның ой және дене жұмысының қабілетін күшейтеді, шаршағанды басады, ұйқыны азайтады, тыныс алуды қалыптастырады, жүрек жүйесіне әсер етеді, соғуын күшейтеді.
Қолдануы: дәрілермен уланғанда, шок, коллапс, ой және дене жұмысынан шаршағанда, интоксикацияларда, бас ауырғанда, бас сақинасында.
Жағымсыз әсері: ұйқы бұзылады, жүрек қағады, ОЖЖ-ны қоздырады, құсады.
Қарсы көрсеткіштері: ұйықтамағанда, психикалық қозуда, гипертония ауруында, атеросклерозда, глаукомада.
Коразол – Corazolum; шығу түрі: 10 % -1 мл N10 ампула б/е, т/а, венаға жіберіледі. Синтетикалық аналептик – тыныс алу орталығын қоздырады, көп мөлшерде сіріспе туғызады.
Қолдануы: - шок, коллапс, асфиксия, наркоздан кейін шығуды тездету үшін.
Қ арсы көрсеткіші: жүректің органикалық ауруларында, сіріспеде, туберкулезде, гипертонияда.
Кордиамин (никетамид)–Сordiaminum; шығу түрі: - ампула 25%- 2 мл. N10 Тікелей тыныс алу жолдарын қоздырады, жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер етеді.
Қолдану тәсілі: Көктамыр ішіне енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 10 мл 0,9 % ерітіндісіне араластырады және 1-3 минут ішінде енгізеді. Тері астына тәулігіне 1-3 рет мынадай бір реттік дозада тағайындалады: 1 жасқа дейінгілерге – 0,1 мл; 1 - 4 жастағыларға - 0,15 – 0,25 мл; 5 – 6 жастағыларға – 0,3 мл; 7 – 9 жастағыларға – 0,5 мл; 10 – 14 жастағыларға – 0,75 мл.
Қолдануы:  коллапста және асфиксияда (оның ішінде жаңа туған нәрестелерде), операциялық араласулар кезінде және операциядан кейінгі кезеңдегі шок жағдайында
- қан айналымының жедел және созылмалы бұзылуында
- қантамырлары тонусының төмендеуінде, жұқпалы аурулар кезінде және сауығу кезеңінде тыныс алудың бәсеңдеуінде
- ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілермен уланғанда (кешенді ем құрамында)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет