Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Акжидек, аю бүлдірген жапырағы – FoliumUvae-ursа



бет88/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Акжидек, аю бүлдірген жапырағы – FoliumUvae-ursа
Шығу түрі: қорабта 100 гр қайнатып ішу қажет, 20,0-200 мл, 1 ас қасықпен күніне 3-4 рет.
Дала қырықбуын шөбі – Herba Equiseti arvensis; 20,0-200 мл,1 ас қасықпен күніне 3-4 р.
Аққайын бүршігі – Gemma Betulae; 10,0-100 мл, 1 ас қасықпен күніне 3-4 рет.
Ит бүлдірген жапырағы – Folium vitis idaei; 20,0-200 мл, 1 ас қасықпен күніне 3-4 рет.
Несеп жүргізғтін жинақ ( Мочегонный сбор) – Species diureticus, корабта 100 гр.


Жатыр бұлшық етіне әсер ететін дәрілер
Жатыр кіші жанбаста орналасқан қуыс орган, жатырдың бұлшық еттерін миометрий деп атайды, толғақ кезінде миометрийдің жиырылуы, нәрестенің туу жолдарымен өтуін қамтамасыз етеді. Фармакологиялық заттармен миометрийдің ритмикалық жиырылуын күшейтіп немесе әлсіретуге болады. Миометрийдің тонусын және жиырылу күшін қоздыратын дәрілер немесе токомиметиктер деп аталады.
О кситоцин – Oxytoсinum; шығу түрі: амп 1 мл (5 ЕД) N5, көк тамырға 5%- 500 мл глюкоза ерітіндісімен, немесе бұлшық етке 0,5 –1 мл,
Окситоцин – гипофиздің артқы бөлігінің гормоны, миометридің тонусын жоғарылатып, ритмикалық жиырылуын қоздырады, жатырдың окситоксинге сезімталдығы жүктілік басында төмен болып, толғақ және босану кезінде жоғарылайды.
Қолданылуы: толғақ кідіргенде оны туғызу үшін немесе толғақтың әлсіздігіне, толғақты қоздыру үшін, босанғаннан кейін гипотоникалық қансырауды тоқтату үшін.


Д езаминоокситоцин – Desaminooxytocinum; шығу түрі: таб. 50 ЕД N10, таблетканы жақ түбіне қолданады, әбден сіңгенше.
Әсері: жатыр бұлшық етін қоздырады, сүт бездерінің секрециясын күшейтеді.
Қолданылуы: толғақтың әлсіздігінде, емшекте сүт аз болғанда.
Питуитрин – Pituitrinum; шығу түрі: амп 1 мл (5 ЕД) N10, тері астына, бұлшықетке 0,2-1 мл. көктамырға 500мл 5% глюкоза ерітіндісімен еңгізеді.
Питуитрин – гипофиздің артқы бөлігінің гормоны, құрамында 2 гормон бар, окситоксин және вазопрессин, сол себептен питуитрин жатырдың жиырылуын туғызып қоймай (вазопресиннің әсерінен) қан қысымын жоғарылатады, несеп жиналуына әсер етеді, соңғы әсері толғақ әлсіздігінде жағымсыз әсер болып саналады.
Қолданылуы: толғақ әлсіздігінде, босанғаннан кейін болатын қансырауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет