Қалқанша безі гормондарының препараттары және оның антогонистері Қалқанша безі 3 гормон өндіреді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин, тироксин мен трийодтиронин белок, көмір сутегі, май алмасуын күшейтеді және орталық жүйке жүйесінің, миокардтың қоздырғыш қабілетін жоғарлатады ал кальцитонин қандағы кальцидің мөлшерін азайтып, сүйекте жинақталуын көбейтеді.
Қ алқанша безінің іштен туа пайда болған кемшілігінде кретенизм ауруы, ал жасы толған уақытта пайда болса мексидемаауруын туғызады, бұл ауруда адам семіреді, ісік пайда болады, ақыл-ойында кемшіліктер болады. Қалқанша безі гормондары көп бөлінсе базедовауруы пайда болады, ол ауруда қалқанша безі ұлғаяды, адамдар жүдейді, тез шаршайды, тахикардия, бұл аурудың негізгі белгісі бадырақ көздік пайда болады.