2012 —2014 аралығында Wikibilim қоғамдық қоры Google Аудармашыға қазақ тілін қосу бойынша жұмыс атқарды.
2014 жылдың 12 желтоқсанында қазақ тілі Google онлайн аударма жүйесіне қосылды. Сонымен бірге аударма сервисінің қазақша нұқсасы да жарық көрді: https://translate.google.kz.
Мәлімдемеге сәйкес, Google аудармашы пайдаланушылары түзетулер енгізу арқылы аударма сапасын жақсартуға және лингвистикалық сараптама жасауға көмектесе алады.
Төмендегі тілдердің барлығы бір-біріне аударыла алады. Тізім 2014 жылдың желтоқсанына қарай берілген: ағылшынша, албанша, арабша, армянша, африкаанс, әзірбайжанша, баскша, беларусша, бенгалша, болгарша, боснияша, валлияша, мажарша, вьетнамша, галисияша, грекше, грузинша, гуджарати, датша, жапонша, зулусша, иврит, игбо, идиш, индонезияша, ирландша, исландша, испанша, итальянша, йорубаша, қазақша, каталанша, каннада, корейше, креолша (Гаити), қытайша (дәстүрлі, қарапайым), қхмерше, лаосша, латынша, латышша, литваша, македонша, маори, малагасиша, малайша, малаяламша, мальташа, маратхиша, монғолша, мьянмаша, немісше, непалша, голландша, норвегше, орысша, өзбекше, парсыша, пенджабша, полякша, португалша, румынша, себуано, сербше, сесетоше, словакша, словенше, сомалише, сингалше, суахили, сунда, тәжікше, тайша, тагалша(филиппинше), тамилше, телугу, түрікше, украинша, урду, финша, французша, хаусаша, хмонгша, хорватша, хинди, чехше, чичеваше, шведше, эсперанто, эстонша, яваша.
2. Sanasoft.co linguistic technologies
Sanasoft.kz
Sanasoft.co linguistic technologies - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі машиналық аударманың көптілді сынақтық жүйесі. Қазіргі кезде аударма жүйесі әзірлеме деңгейінде, онлайн сервис түрінде танысу үшін ұсынылып отыр. Аударма алу үшін мәтін енгізу керек және бастапқы тілді және аударылатын тілді көрсету керек. Аударманың сапасы бастапқы мәтіннің күрделілігіне тікелей тәуелді: мәтін қарапайым болса, аударма дәлірек алынады. Бұдан басқа бастапқы мәтінде орфогрфиялық және синтаксистік қателер болмауы керек. Сөйлемдерде жаргондық, шет тіліндегі сөздер, ауызекі сөздер болмағаны дұрыс. Ондай сөздерді синониммен ауыстыру ұсынылады.
Бұл енді дамып келе жатқан қазақстандық сайт болып табылады. Тек үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) қолдайды. Аудару сапасы өте төмен, бастапқы мәтін 1000 әріптен аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |