Г. К. Мукушова компьютерлік аудармашы бағдарламаларға талдау


Сурет 5. Perevod.nur.kz онлайн аудармашысы



бет6/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,83 Mb.
#34237
1   2   3   4   5   6

Сурет 5. Perevod.nur.kz онлайн аудармашысы

5. <Мета> аудармашы (http://translate.meta.ua/ru/). Мета көп тілді онлайн-аудармашы келесі тілдерді қолдайды:

- украин

- орыс

- ағылшын

- поляк

- неміс

- латыш

- қазақ

-француз

Артықшылықтары:

Егер аударылатын мәні арнайы бір салаға қатысты болса, онда бұл аудармашыда Бизнес, Инернет, Заң, Туризм, Музыка, Спорт, Авто, Авиация, Қаржы, Биология, Информатика, Физика, Химия, Техника, Электрония сияқты 31 саланың бірін таңдауға болады. Үнсіз келісім бойынша жалпы лексика сөздігі қолданылады.

Аудару сапасы мәтінді қатесіз жазғанға тәуелді. Сондықтан мұнда орфографияны тексеру функциясы бар. Бірақ, өкінішке орай, бұл функция тек украин, орыс және ағылшын тілдері үшін ғана қолданылады. Сондай-ақ мұнда транслитерация қызметі жұмыс жасайды, яғни сөздердің жазылуын кириллицадан латиницаға және керісінше аудара алады.

Егер қажетті символдар пернетақтада болмаса, аудармашының виртуалды пернетақтасын қолдану мүмкіндігі бар.

Сурет 6. <Мета> аудармашы



Мәтінді автоматты аудару бағдарламаларын салыстыру кестесі



Атауы

Функционалды мүмкіндіктері

Қолдайтын тілдері

Шектеулер

Google Translate

Онлайн аударудың тегін сервисі, мәтіндерді, web-парақтар мен құжаттарды аударуды жүзеге асырады. Транслитерация қызметі. Мәтіннің айтылуын тыңдау мүмкіндігі. Жеке сөздерді аударған кезде сервис ондайн-сөздік ретінде қызмет жасайды.

Азиялық және европалық

90 тіл, 2250-ден астам бағыт



шектеусіз

Sanasoft.co

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі машиналық аударманың көптілді сынақтық жүйесі.

3 тіл

1000 әріптен аспау керек

Pragma 6.x

Мәтіндік құжаттарды бір тілден басқа тілге аудару үшін арналған көп тілдік аудармашы. Бұл Trident Software атты украин өндірушісінің өнімі болып табылады. 8 тілді қолдайды: ағылшынша, қазақша, орысша, украинша, немісше, француз, поляк, латыш. 4 арнайы саланың бірін таңдау мүмкіндігі бар: Информатика, Техника, Құқық және спорт.

8 тіл, 56 бағыт

шектеусіз

Perevod.nur.kz

Тегін онлайн аудармашы төрт тілді қолдайды:

- қазақ

- орыс

- ағылшын

- неміс.

Бір тілден екінші тілге аудару барысында тілдердің филологиялық ерекшеліктерін ескереді. Саланы таңдау мүмкіндігі бар: Информатика, Техника, Құқық және спорт. Жеке сөздігі бар.


4 тіл

шектеусіз

<Мета> аудармашы

Арнайы 31 тақырыптық саланың бірін таңдауға болады. Орфографияны тексеру функциясы бар. Транслитерация қызметі жұмыс жасайды, виртуалды пернетақта қолдану мүмкіндігі бар.


8 тіл

шектеусіз



Онлайн-аудармашыларды тестілеу

Жоғарыда аталған қызметтердің мәтінді аудару сапасын бағалау үшін, информатикадан ағылшын тілінде мәтін енгізіліп, қазақшаға аударылды.

Түпнұсқа:

In 1944 Prof Howard Aiken in collaboration with IBM constructed an electromechanical computer named Mark 1 which could multiply two 10 digit numbers in 5 seconds. This machine was based on the concept of Babbage’s Analytical engine and was the first operational general purpose computer which could execute preprogrammed instructions automatically without any human intervention. In 1945, Dr. John Von Neumann proposed the concept of a stored program computer. As per this concept the program and data could be stored in the same memory unit.

Аудармасы:

1944 жылы IBM компаниясымен бірлесіп профессор Говард Айкен Марк 1 атты электромеханикалық компьютер құрастырды, ол екі 10 таңбалы сандарды 5 секунд ішінде көбейте алатын еді. Бұл машина Бэббидж аналитикалық машинасының тұжырымдамасына негізделіп жасалған және кез келген адамның араласуынсыз автоматты түрде алдын ала нұсқауларды орындауға мүмкіндігі бар бірінші жедел, жалпы мақсаттағы компьютер болды. 1945 жылы доктор Джон фон Нейман компьютерде сақталатын бағдарама тұжырымдамасын ұсынды. Осы тұжырымдамаға сәйкес бағдарлама мен берілгендер жадтың бір блогында сақтала алады.


Осы мәтін жоғарыда аталған аудармашы бағдарламалар арқылы аударылып, нәтижелері салыстырылды.


1. Google Translate

1944 жылы IBM компаниясымен бірлесіп Профессор Говард Айкен 5 секунд екі 10 таңбалы сандарды көбейту мекен Марқа 1 атты электромеханикалық компьютерді салынды. Бұл машина Babbage Аналитикалық қозғалтқыштың тұжырымдамасына негізделген және кез келген адамның араласуынсыз автоматты түрде алдын ала нұсқауларды орындауға мүмкін бірінші жедел жалпы мақсаттағы компьютер болды. 1945 жылы, доктор Джон фон Нейман сақталған бағдарлама компьютерде тұжырымдамасын ұсынды. Осы Тұжырымдаманың бір-ақ бағдарлама мен деректер сол жады блогында сақталған болуы мүмкін.

Түсініктеме:

Google Translate қызметі берілген мәтінді санаулы секундта аударды, аудару нәтижесінде грамматикалық дұрыс байланыспаған сөйлемдер пайда болды. Сөйлемдердің басы мағыналы аударылғанымен, екінші бөліктерінде сөздердің орындары ауысып, мағыналары жоғалып тұр. «Марк 1» компьютер атауы «Марқа 1» деп аударылған. Көбінесе сөйлемдегі сөздердің орындары дұрыс қойылмаған және жалғаулары дұрыс емес. Берілген сөйлемнің жалпы мағынасын түсінуге болады, бірақ қолданушыға көптеген өңдеу жұмыстарын жасауға тура келеді.



2. Sanasoft.co linguistic technologies

1944 Prof Howard Aiken ынтымақтастық IBM салды жүру Атап жүруге electromechanical computer атады 1 қай екі 10 саусақ сандар 5 seconds could көбейтіп жатыр. Бұл машина ашты түсінік Analytical машинаға Babbage’ бастапып жатыр және болды бірінші шапшаң жалпы purpose computer қай preprogrammed оқулар automatically әлдеқандай адам қол сұғулар could атқарып жатыр. 1945, Докторып жатыр. Дәретхана түсінікке дайындап алу бағдарлама computer Von Neumann ұсынды. Қалай бұл түсінік арқылы бағдарлама және бастаулар could бірдей жад бірліктер сақтады.


Түсініктеме:

Sanasoft.co linguistic technologies сервисіндегі аударма нәтижесі өте төмен деңгейде. Мұнда тек түпнұсқа сөйлеміндегі сөздер қандай ретпен тұр, сол ретпен әр сөздің аудармасы ғана берілген. Сөздердің арасында мүлдем байланыс жоқ. Сөйлемдерді оқып, жалпы мағынасын түсіну қиын. Сондай-ақ, ағылшынша атаулардың транслитерациясы жасалмай, ағылшын тілінде қалған. Қазақша аударылған сөздердің өзінде грамматикалық қателер бар, мысалы, «бастапып», «докторып». Кейбір «electromechanical», «computer», «preprogrammed» сияқты термин сөздер аударылмаған. Мүлдем мағынасы дұрыс аударылмаған сөздер кездеседі, кейбір сөздер тіптен жоғалып кеткен, мысалы «Марк 1». Сервистің мәтінді аудару деңгейі өте төмен деңгейде.


3.
Pragma 6.x

1944 жылы профессор Говард Айкен ынтымақтастық IBM салып электромеханикалық компьютер аты Марк 1 алатын көбейту екі 10-значных санының 5 секунд. Бұл машина негізделген тұжырымдамасын талдау қозғалтқыштың Бэббиджа және бірінші жедел компьютер, жалпы мақсаттағы, ол автоматты түрде орындауға бағдарламаланған нұсқаулықтың қандай да бір араласу. 1945 жылы Джон фон Нейман тұжырымдамасын ұсынды сақталатын бағдарламасының компьютер. Осы концепция, бағдарламалар мен деректер сақталуы мүмкін бір жады блогында.


Түсініктеме:

Өкінішке орай, сервис ұсынған салалардың ішінде «Информатика» бөлімі таңдалса да, аударма нәтижесі қуантпайды. Бұл сервис алдымен мәтінді орыс тіліне, содан кейін қазақ тіліне аударатыны байқалды, бұған дәлел кейбір сөздер орыс тілінде аударылмай қалған. Мысалы, «значных» сөзі сол күйінде қалып қойған, «Бэббиджа» сөзі орыс тіліндегі жалғауда тұр. Сөйлемдер арасында грамматикалық байланыс жоқ. Қазақ тіліндегі пунктуациялық ерекшеліктер ескерілмейді, тыныс белгілері қажет емес орындарда қойылған.
4. Perevod.nur.kz

1944 жылы профессор Говард Айкен ынтымақтастық IBM салып электромеханикалық компьютер аты Марк 1 алатын көбейту екі 10-значных санының 5 секунд. Бұл машина негізделген тұжырымдамасын талдау қозғалтқыштың Бэббиджа және бірінші жедел компьютер, жалпы мақсаттағы, ол автоматты түрде орындауға бағдарламаланған нұсқаулықтың қандай да бір араласу. 1945 жылы Джон фон Нейман тұжырымдамасын ұсынды сақталатын бағдарламасының компьютер. Осы концепция, бағдарламалар мен деректер сақталуы мүмкін бір жады блогында.


Түсініктеме:

Бұл сервистегі мәтін аудармасы Pragma 6.x сервисіндегі аударма нәтижесімен сөзбе сөз дәл келеді.
5. <Мета> аудармашы

бас 1944 профессордың Howard aiken ара ынтымақтастықта мен Ibm constructed electromechanical аталған компьютерді белгіле- 1, нешінші екі 10 digit нөмірлер ара 5 секундта көптей алды білді. сол машина бас талдағыш қозғағыштың Babbage ұғымында негізде- болды және бол- мақсаттың бірінші шұғыл ортақ компьютерімен, нешінші жаз- нұсқауларды автоматша without көрінген адами кірістір- орындай ал- біл-. Ара 1945, dr. John von Neumann сақта- бағдарламалық компьютердің ұғымын ұсынды. Себебі үшін сол ұғымды бағдарлама және деректерлер баяғы есінде бол- құрылымда сақта- бола алды.

Түсініктеме:

<Мета> сервисінде мәтін өте төмен деңгейде аударылды. 31 арнайы салалардың ішінен «Информатика» таңдалғанымен, нәтижесінде еш жақсару байқалған жоқ. Аудармашы-бағдарламаны лексикалық талдау нәтижесінде оның терминдер қоры жеткіліксіз екені анықталды. Сондықтан кебір атаулар транслитерацияланбады, арнайы терминологиялық сөздер аударылмады, мысалы «Howard aiken», «Ibm», «constructed», «digit» және т.б. сөздерін алуға болады. «Марк» атауы мүлде жоғалып кетті. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мүлде байланыспайды, дефистер орынсыз қойылған. Сөйлем мүшелері грамматикалық түрде дұрыс байланыспайды.
Қорытынды

Әрине, мәтінді 100 пайызға дәл аударып беретін компьютерлік аудармашылар жоқ, бірақ олардың арасында бастапқы мәтін мағынасын кейде интуитивті түрде түсінуге болатындай аударатын қызметтер кездеседі. Қолданушылар көбінесе аудармашы бағдарламалардың көмегіне тек аударылуы қажет мәтіннің мағынасын түсіну мақсатында ғана жүгінетінін ұмытпау керек. Аудармашы бағдарламаларды қолданғанның өзінде оған қолданушының өңдеулер жасауына тура келеді. Сондықтан, кейде, егер адам мәтіннің көп бөлігін өзі аударатын болса, аудармашыны пайдаланудың мәні бар ма деген сұрақ туындайды.



Аудармашы сервистерде жасалған аудармаларға талдау жасау нәтижесінде кейбір бағдарламалардың грамматикалық қателері болғанымен, потенциалы бар екенін байқауға болады. Ал кейбір аудармашыларда аударылған мәтіннің мағынасын түсіну нөлдік деңгейде. Көптеген онлайн-аудармашылардың жасайтын қателігі - көп мағыналы сөздердің дұрысын таңдай алмауы. Қандай да бір сала таңдалғанның өзінде де, аудару нәтижесінде еш өзгеріс көрінбейді. Таңдалған онлайн-аудармашылардың арасында берілген тапсырмамен басқалардан қарағанда жоғарырақ деңгейде нәтиже көрсеткендердің қатарына Google Translate, Pragma 6.x сервистерін жатқызуға болады. Бұл бағдарламалар аудармаларында грамматикалық қателер болғанымен, мәтіннің жалпы мағынасын бере алды. Олармен салыстырғанда Sanasoft.co linguistic technologies, <Мета> аудармашы сервистері жай ғана мәтіндегі сөздерді аударып береді, сөйлем мүшелерінің арасында мүлде байланыс жасалмайды, сондай-ақ терминдік қоры жеткіліксіз. Алайда, аудармашы бағдарламалардың сапасы төмен болғанымен, олардың Интернетте көп таралғанына қарағанда, пайдаланушылардың бұл сервистерді жиі қолданатынын көруге болады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. А. Л. Семенов. Современные информационные технологи и и перевод. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.

  2. Убин И. И. Лингвистически основы создания автоматического переводного словаря. – М., 1989.

  3. Ахо А., Ульман Дж. Теория синтаксического анализа перевода и компиляции. М.: Мир, 2008

  4. Хантер Р. Проектирование и конструирование компиляторов. М.: Радио, 1984.

  5. Молчанов, А.Ю. Системное программное обеспечение. – М.; СПб.; Нижний Новгород: Питер, 2003. – 395 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет