Г. М. Бергарина №3 кезектен тыс педагогикалық кеңес шешімі



бет12/12
Дата30.11.2023
өлшемі158,81 Kb.
#194143
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Перспектива КІШІ топ ЖАҢА
Test 1, код
Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту.
Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:
Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздердің дұрыс айтылуын,зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуынескеру.
Байланыстырып сөйлеу.
Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беру.

Көркем әдебиет

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.



Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



Сурет салу

Дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.
Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту.



Мүсіндеу

Қуыршаққа арналған әшекейлерді (қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Фланелеграфта доптарды, шарларды, гүлдерді орналастыру.



Құрастыру

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.



Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.
Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.
Ән айту.
Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау.
Заттық әлем.
Баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.
Табиғат әлемі.
Аулаға ұшып келетін құстармен таныстыру (торғай, көгершін, қарға), оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет