Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет11/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
18 
2.
 
 
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТІРЕК ТОРАПТАР 
 
 
 
2.1 Геодезиялық тірек тораптары, олардың мағынасы, сҧлбасы және 
қҧрастыру принципі 
Геодезиялық тірек торабы – орналасуы координаталар мен биіктіктердің 
ортақ жүйесінде анықталған арнайы белгілермен және орталықтармен 
бекітілген жер бетіндегі пункттер жүйесі.
Геометриялық негізі бойынша пландық, биіктіктік және кеңістіктік 
геодезиялық тораптар деп бӛлінеді. 
Пункттердің пландық координаттары триангуляция, полигонометрия 
және трилатерация әдістерімен анықталады. Биіктік нивелирлік тораптарда 
түктелердің биіктіктерін геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу 
әдістерімен алады. Кӛбінесе жұмыс нәтижесінде координаттарды да,
биіктіктерді де анықтайтын геодезиялық тораптар кездеседі, мұндай торлар 
жобалы-биіктік тораптар деп аталады. 
Қазіргі уақытта геодезиялық тірек тораптарын құруда GPS-
технологиясы кеңінен қолданылуда. 
Кеңістіктік тораптарында пункт орны ӛлшеулерді ӛндеу арқылы пункт 
орны үш ӛлшемді анықталады. Геодезиялық тораптар шағын және үлкен жер 
беті аудандарында құрыла береді. 
Бүкіл жер шарын жауып тұрған Ғаламдық геодезиялық торап, іргелі 
астрономиялық-геодезиялық торап (ІАГТ), жердің жасанды серігін (ЖЖС) 
қолдана отырып ғарыштық геодезия әдістерімен құрылады. 
Ұлттық геодезиялық тораптар мемлекеттік геодезиялық торап 
(пландық), мемлекеттік нивелирлеу торабы (биіктік) және мемлекеттік 
гравиметриялық торап болып бӛлінеді. 
Барлық үш түрдегі мемлекеттік геодезиялық тораптар жеке-жеке 
құрылады, бірақ олар бір-бірімен тығыз байланысты және де бір-бірін 
толықтырып отырады. 
Мемлекеттік геодезиялық тораптар келесі ғылыми және инженерлік-
техникалық есептерді шешуге арналған: 
1. Бірыңғай геоцентрлік координаттар жүйесін бекіту, ол инерциалды 
астрономиялық координаттар жүйесімен, Жердің пішінін және сыртқы 
гравитациялық алқабын зерттеумен, полюстер қозғалысын анықтаумен және 
Жердің әр дәуірде біркелкі айналмауымен байланысты. 
2. Құрлықты, континентальды шельфті, теңіз акваториясын және 
әлемдік мұхитты картографиялауды, ғарыштық кеңістікті зерттеуді
координаттарды анықтаудың және табиғатты зерттеудің ғарыштық 
тәсілдерін игеруді, үлкен масштабты түсірістерді және инженерлік-
техникалық жұмыстар мен зерттеулерді меңгеруді геодезиялық қамту. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет