Г.М.ҚырғызбаеваЖоғарғы геодезия 19
3. Литосфераның және Жердің су қабатының динамикасын, глобалдық
және аумақтық сипаттағы геотектоникалық процестерді болжауды,
литосфералық плиталар мен жеке аумақтар шегінде жер қозғалысын
зерттеуді геодезиялық негіздеу.
4. Координаттар мен уақыт тасымалдаушы жер серіктерін, ғарыштық
объектілерді, оның ішінде Ай және алыс радионегіздерді бақылаудың аса дәл
жүйесін эталондау.
Негізгі геодезиялық тірек тораптарын құру барлық басқа геодезиялық
және картографиялық жұмыстарға ықпал етеді. Оларды жоғары дәлдікті
астрономиялық, гравиметриялық, бұрыштық және сызықты ӛлшеулер
жүргізу, пункттер арасындағы ӛсімшелерді ӛлшеу, ЖЖС және ғарыштық
объектілерді бақылау нәтижелерін ары қарай ӛңдеу арқылы құрайды.
Мемлекеттік геодезиялық тораптар қалалық және ірі шаруашылық–
ӛндірістік аумақтарда, сонымен қатар шикізат базалары мен пайдалы
қазбаларды ӛңдеудің ірі аумақтарында басты жобалық негіз болады.
Мемлекеттік
геодезиялық
тораптар
триангуляция,
трилатерация,
полигонометрияның 1 және 2 разрядты, техникалық нивелирлеу түрінде
берілетін геодезиялық жиілету тораптарына негіздеме ретінде қолданылады,
ал олардың негізінде теодолиттік жүріс, микротриангуляция түріндегі
түсірістік негіздеме тораптары дамытылады.
Мемлекеттік геодезиялық тораптың жалпы қабылданған принципі
«жалпыдан жекеге кӛшу» принципі болып есептеледі, яғни ӛте ірі және дәл
құрылымдардан кіші және аз дәлдікті бӛлшектік құрылымдарға, жоғарғы
кластан тӛменгі класқа кӛшуге негізделеді.
Мемлекеттік геодезиялық торап полигондар түрінде құрылады және
астрономиялық-геодезиялық тораптар әдісіне сүйенеді. Онда ӛлшеулер
жоғарғы дәлдікте орындалған. Бұл торап бастапқы болады және оның
негізінде 2-ші ретті геодезиялық тораптар құрылады.
2.2 Мемлекеттік геодезиялық тораптарды қҧру сҧлбасы Мемлекеттік геодезиялық тораптар 1,2,3 және 4 класстарға бӛлінеді,
олар ӛз араларында бұрыштардың және арақашықтықтың дәлдігімен,
тораптың қабырға ұзындығымен және әрі рет-ретімен дамуымен
ажыратылады. Негізгі құру әдістері - триангуляция, полигонометрия,
трилатерация және Жер серіктік бақылаулар.
1 класс астрономиялық-геодезиялық торабын құруда Красовский
бағдарламасы қолданылады. АГТ полигональды астрономо-геодезиялық
торап түрінде құрылған. Ол периметрі 800 км полигон жүйесін құрайды,
әрқайсысының ұзындығы 200 км меридиан және параллель бағыттарында