Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет33/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
47 
дӛңгелектің айналу орталығының және лимб бӛлігі сақинасы орталығының 
проекцияларының сәйкес келмеуі.
Эксцентриситеттері сызықтың және бұрыштың элементтерімен 
сипатталады. Алидада эксцентриситеті есептік индексінің жылжуына алып 
келеді. 
 
4.2 Электронды теодолиттер. Роботталған тахеометрлер
Микропроцессорлық техниканың дамуы геодезиялық аспаптардың, 
соның ішінде жоғары дәлдікті теодолиттің жетілдірілуіне алып келеді. 
Микропроцессорлар мәліметтерді ӛңдеу және беру үшін, сонымен қатар 
ӛлшеу процесін басқару және түзетулерді есептеу қызметін атқарады. 
Микропроцессорларды қолдану қызмет кӛрсететін адамдар санын азайту 
және ӛлшеулер уақытын қысқарту арқылы жаңа аспаптардың үнемділігін 
қамтамасыз етеді. 
Соңғы уақытта әлемдегі нарықты жоғары дәлдікті электронды 
теодолиттердің және электронды тахеометрдің кӛптеген түрлері пайда 
болды. 
Дағдылы шынылы лимбті есептік жүйелердің орнына электронды 
тахеометрлерде бұрыштық жүйелері қолданылады. 
Мысалы, кодты теодолиттерде лимб концентрациялық мӛлдір немесе 
мӛлдір емес бӛлікті дисктен тұрады. Әрбір бӛлікке қарсы люминисценттік 
диод орналасқан, оның сәулесі лимб тесігінен ӛтіп, фотодиод арқылы 
электрлік сигналға түрленеді. Бұрышты ӛлшеудің электрлік жүйесінде 
айналмалы бӛліктері бар лимб қолданылады. Олар қара-ақ жолақтардан 
тұрады, ол арқылы люминесценттік диод және фотодиод арқылы сәуле 
электронды сигналға айналды.
Алғашқы жоғары дәлдікті электронды теодолиттің бірі - “Вильд 
Хербург” (Швейцария) фирмасының Т 2000S теодолиті. 
Аспаптың техникалық сипаттамалары:
Фокустау – автоматандырылған; кӛрінісі –тура; бағыттау дәлдігі –0,9”, 
горизонталь және вертикаль бұрыштарды ӛлшеу дәлдігі –0,5”, жұмыс 
температуралар диапазоны –20
0
–тан +50
0
С-қа дейін, салмағы 12,7кг. 
Wild 3000 сериялық теодолиттерді жоғары сапалы кӛру дүрбісімен және 
екі осьті компенсатормен жабдықталған. Олар геодезия мен ӛндірісте жоғары 
дәлдікті ӛлшеулер жүргізуге арналған (12 сурет). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет