Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 60
жиіліктерінде ӛлшейді немесе белгілі бір диапазонда толық фазалық циклдер
санын табады.
Жоғары
жиілікті
бағыттаулардың
кері
әсерін
азайту
үшін
светодальномердегі фазалық ӛлшеулерді тӛмен аралық жиіліктерінде
жүргізеді. Ол үшін негізгі масштабтық жиілік генераторларынан басқа,
генератордың жиілік генераторы болады. Негізгі және гетерогендік жиіліктер
айырымы аралық жиілікті береді. Негізгі масштабтық жиіліктердің әртүрлі
светодальномерлерінің мәні 4 – 750 Мгц аралығында, ал аралық жиіліктер 15
– 100 Кгц-ті құрайды.
Ӛлшеулердің импульстік әдісінде сигналдар қысқа импульстер сериясы
ретінде жіберіледі, ал олардың қажет қашықтыққа дейін ӛту уақыты тікелей
ӛлшенеді. Аз уақытты және жоғары когерентті жарық импульстерін
шығаратын оптикалық кванттық генераторлар жоғары дәлдікті импульстік
лазерлік дальномерлерді шығаруға болады.
Жарық сәулелі қашықтықты ӛлшегіштер объектілерді электромагниттік
толқын кӛмегімен оқшауландырып және олардың таралу уақытын анықтау
принциптеріне негізделген. Бұл жағдайда электомагниттік энергия жарық
ағынын береді. Электромагниттік тербеліс кӛзі ретінде жарықтың лазерлік
кӛздері және жартылай ӛткізгіш жарық диодтары пайдаланылады.
Светодальномерлердің пайда болуы сызықтық ӛлшеулерде революция
жасады, олар еңбекті кӛп қажет ететін механикалық базистік ӛлшеулерден
бас тартуға мүмкіндік береді.
5.3 Қашықтықты ӛлшеудің электрондық әдістері Қашықтықты ӛлшеудің электронды әдістерін іске асыратын аспаптарға
бүгінгі күнде кеңінен тараған электронды тахеометр жатады.
«Электронды тахеометр» деген термин алғаш рет 1971 жылы
светодальномер, бұрыштарды электронды ӛлшейтін сандық теодолит және
ӛлшеу нәтижелерін сақтау модулінен тұратын жаңа ӛлшеу аспаптары пайда
болғанда қолданылған. Бұлар – әлемге әйгілі Geodimeter –700 және Req Eita
14 компанияларының Geotronics AB (Швеция) және Opton (Германия)
аспаптары.
Қазіргі электронды тахеометрлер –күрделі оптикалық-электронды
аспаптар, олар алдыңғы қатарлылары фирмалардың электроника, оптика,
нақты механика, лазерлік техника, ақпараттық технологиялар аумағындағы
соңғы техникалық жетістіктерін жинақтаған. Бұл ӛлшеу нәтижелерін
автоматты түрде ӛңдейтін, бұрыштық және сызықтық ӛлшеулер жүргізуге
мүмкіндік беретін кӛп функционалды аспаптар болып табылады. Электронды
тахеометр электронды теодолит, электронды жоғары дәлдікті дальномер
және дала компьютерлерінің барлық мүмкіндіктерін біріктірген.