Г. М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 3


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия



Pdf көрінісі
бет57/100
Дата29.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151230
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100
Байланысты:
Жограы геодезия оку куралы

Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
78 
14 сурет – Нивелир Н-05 және инварлы рейка 
1990 жылы “Wild” Швейцария фирмасы шығарылған бірінші 
автоматтандырылған сандық нивелир NA–2000 шыққан. Келесі нивелир түрі 
NA– 3000. Нивелир ішінде автоматты түрде рейканың кӛрінісі – ара 
қашықтығы және нүкте биіктігі ӛңделеді, ӛлшенген нәтижесі дисплейге 
шығып, нәтижелері жинақтау құралында сақталады. Электрондық 
нивелирдің дәлдігі 0,4 мм/км. Жұмыс ӛлшемі болып бір және екі жақты 
инварлы штрих-коды бар рейкалар табылады (15 сурет). Жоғарғы дәлдікті 
нивелирлердің жұмыс ӛлшемі болып үшметрлі инварлы ленталары бар 
біржақты, штрихты рейкалар (РН-05) жатады. Лентаның бір жағында 0-ден 
60жарты дециметрге дейін белгіленген негізгі шкала, ал екінші жағында 60-
119-ға дейін жарты дециметр- қосымша шкаласы жасалынған. Штрихтар әр 
0,5см сайын салынған және әр жарты дециметр сайын белгіленген (14 сурет). 
15 сурет– Нивелир NA– 3000 және штрих-кодты рейка 


Г.М.Қырғызбаева Жоғарғы геодезия 
79 
Дала жұмыстарын бастамай тұрып және бітіргенге дейін инварлы 
рейкаларды компараторда эталонын жасайды, оның нәтижесінде негізгі және 
қосымша шкалалардың метрлік интервалының ұзындығын біледі. 
7.3 Жоғарғы дәлдікті нивелирлеу әдісі 
I және II кластық нивелирлеу біріктіру әдісімен ортадан жүргізіледі. 
І кластық нивелирлеу тура және кері жүріспен екі қос таяқ кӛмегімен, 
олар нивелирлеудің екі жеке сызықтарын жасайды – оң және сол, олар бір 
бірімен 0,5м кем емес орналасады. Кӛздеу сәулесінің минимал биіктігі - 0.8 
м, максимал ұзындығы - 50 м, станциядағы нивелирден рейкаға дейінгі 
арақашықтықтардың теңсіздігі - 0,5 м, секция бойынша - 1,0 м. II кластық 
нивелирлеу тура және кері жүріспен бір таяқ кӛмегімен орналасады. Кӛздеу 
сәулесінің минималдық биіктігі -0,5, станциядағы нивелирден рейкаға дейінгі 
арақашықтықтың теңсіздігі - 1м, секция бойынша - 2м, кӛздеу сәулесінің 
максимал ұзындығы - 65м. 
Ӛсімшелердің айырмасы тура және кері жүрісте : шекті қатесі I класта -
L
мм
3
; II класта - 
L
мм
5
(5 кесте). 
І және ІІ кластық нивелирлеу кезінде тура және кері жүрістерді күннің 
әр уақыт мезгілінде жүргізеді, бір трассаның бойында, бір типтес ауысымды 
нүктелері бойында жүргізеді. Тура және кері жүрістерде штативтер саны 
бірдей және жұп болу керек. 
I және II класс нивелирлеуі 25-30 км-лік учаскемен «сегіз» сұлбасы 
бойынша жасалады. 
ІІ кластық нивелирлеудің тура жүрісінде станциядағы бақылау тәртібі 
келесідей: 
Тақ станция 
Жұп станция 
1.
Артқы 
рейканың 
негізгі 
шкаласынан сынақ есеп
2.
Алдыңғы 
рейканың 
негізгі 
шкаласынан есеп. 
3.
Алдыңғы 
рейканың 
қосымша 
шкаласынан есеп. 
4.
Артқы 
рейканың 
қосымша 
шкаласынан есеп. 
1. 
Алдыңғы 
рейканың 
негізгі 
шкаласынан есеп 
2. Артқы рейканың негізгі шкаласынан 
есеп. 
3. Артқы рейканың негізгі шкаласынан 
есеп 
4.Алдыңғы 
рейканың 
қосымша 
шкаласынан есеп. 
Тақ станцияларда кері жүрісте бақылау алдыңғы рейкалардан, ал жұп 
станцияларда артқы рейкадан басталады. Кері жүрісте рейкалардың орнын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет