Газоблок дегеніміз не?


Газоблоктың автоклавта өңделуі



бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі71,66 Kb.
#93442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Газоблок дегеніміз не

Газоблоктың автоклавта өңделуі
Автоклавты өңделу кезеңінде – газоблоктың қасиеті одан сайын жетіліп, мығымдана түседі. Бөлінген қалыптағы газоблоктар арнай автоклав камераларына орналастырылады. Одан соң жоғары қысымды қаныққан су буымен (12 кг/см) 190°С температурада 12 сағат бойына өңделеді.
Автоклавты қатаюдан өткен газоблок өте төзімді, әрі отырыс бермейді, бірыңғай құрылымды болып, құрылыстың түрлі нысандарына қолдануға ыңғайлы, әрі дыбыс жұтылымы мен жылусақтағыштық қасиеті де жоғары. Автоклавты қатаюда газоблоктың жылу өткізгіштік коэфиценті – 0,09-0,18 Вт/(м•°С) көрсеткіште болады. Газоблоктың бойындағы мұндай жылу сақтағыштық қасиет Ресейдің климаттық жағдайында сыртқы қабырғаны ені 375-400мм газобетонмен бір ғана реттік қабатпен тұрғызуға әбден болады. Және қосымша жылыту қабатын жүргізу қажет емес.
Газоблокты автоклавсыз дайындау әдісі де бар. Мұндай жағдайда қатаю табиғи қалыпта өтеді. Газоблоктың автоклавсыз өндірісінде заманауи технологиялық жабдық қажет етілмейді. Газоблоктың автоклавсыз қатаюының мығымдылығы кем болады. Автоклавсыз қатаюдан өтпеген газоблоктың отыруы 3- мм/м, автоклавтылар – 0,3-0,5 мм/м. Автоклавты газоблоктың төзімдігі - 28-40 кгс/м?, ал автоклавсыз газоблоктардыкы - 10-12 кгс/м?.
Автоклавты өндіріске қарағанда, автоклавсыз өндіріс сирек болады. «АЗАГ» заводынан өндіріліп шығатын автоклавты өңделуден өткен газоблоктер, технологиялық процестің міндетінен өткен сенімді құрылыс материалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет