4. Газоблоктың қолданылу аумағы Алдымен қабырға тұрғызудан бұрын газоблок белгілі бір ғимаратты жылылауға арналған материал болған, бірақ көптеген жобалаушы мамандар мен құрлысшылар құрылысты салуда оның ыңғайлы әрі түрлі өңдеуге де ұсынақты, беріктігіне көз жеткізіп, құрылыстағы қолдану аумағы кеңейе түсті. Қазіргі кезде газоблокты шағын қабатты үйлерді тұрғызуға, ішкі қабырғалар мен сыртқы қабырғаларды қалауға, тіпті табалдырық пен түрлі құрылыстық нысандарға кеңінен пайдаланылады. Кей жағдайларда әлі де үй қабырғаларын жылылауға да пайдаланады. Биік қабатты үйлер құрылысында қабырғаны толтырып тұрғызу үшін каркасты негіз ретінде пайдаланады. Газоблоктан көлемді сауда орындары мен қоғамдық ғимараттарды, көпшілік демалыс орындарын салуға кеңінен пайдаланады. Ескі ғимараттардың қабаттарын жоғарылату үшін де, мансард салуға, дыбыстық қорғанысы мен жылылау үшін кез келген жөндеу жұмыстары мен іргеден ылғал келтірмейтін берік материал ретінде қолданылу аясы кең.