Газоблок дегеніміз не?



бет10/11
Дата07.02.2022
өлшемі71,66 Kb.
#93442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Газоблок дегеніміз не

Азырақ сандар жөнінде
Газоблоктың түрлі пішіндерінің жалпы салмағы 300 ден 1200 кг/м шамасында. Шағын қабатты үйлер үшін көбіне 400-ден 600кг/м салмақтағылары қолданылады. Газоблоктың төзімділігі – 10-50 кг/см, жылу өткізгіштігі – 0,09-0,14 Вт•м°ree;С. Ауытқу геометриясының параметрі шамалы грані +/- 1 мм.
3. Газоблоктың пенобетонмен салыстырмасы
Газоблокты басқа да қуысты кірпіш түрлерімен шатастырулар бар. Солардың бірі – пеноблок. Бұл екі құрылыс материалының айырмасы олардың өндірілуінде. Екіншіден ішкі құрылым компонентері мен соңғы өнімнің жасалған сипаттамасында жатыр. Пенобетонның негізгі шикізаттық құрамы газоблоктың құрамымен ұқсас келеді. Пеноблокты өндіргенде де су, цемент, известь қолданылады. Жасалу құнын арзандату үшін кварцтік құмның орнына көбіне өндірістік қалдықтарды, оның ішінде, шлактар, күл қоқыстарымен домен пештерінің шлактарын қолдану бар. Қуысты көпіршіктерді тудырушы материалдар тағы да өндіріс қалдықтары. Көпіршіктерді туғызу үшін сулфиттік және сабынды көпіршіктер мен тері илеу өнеркәсібінің былғары илеу сығындылары т.б. қолданылады.
Пенобетон өндіру үшін күрделі құрылымы бар құрылғылар қажет емес. Автоклавты өңдеу материалы қарапайым жағдайда табиғи қалыпта ауада «жетеріне» жетіп өңделмейді. Пенобетонның қарапайым тәсілмен, қолдан жасаумен өңделуі сапасыз өнімнің шығарылуына жол беріледі. Пенобетонның өнеркәсіптік өңделуі автоклавты қолдануды қосумен жүргізіледі. Автоклавты өңдеу оны құрылыста қолданудың маңызын арттыра түсіп, бағасын көтере түседі. Автоклавты пенобетонның бағасы газоблоктың бағасымен салыстыруға болады.
Пенобетонды технологиялық жолмен құрамын толықтай талап бойынша сақтай отырып, дайындап шығарғанмен, ол көпке шыдай бермейді, төзімсіз келеді. Оны дайындау да күрделі. Шикізаттың түрлілігі мен өндіріс қалдықтарының қолданылуы материалдың экологиялық қауіпсіздігін төмендетеді. Газоблоктар мен пеноблоктар сырт қарағанда ұқсас болғанмен жылуды сақтау мен бөлуде түрлі айырмашылыққа ие болады. Газоблоктың жылуды сақтау дәрежесі жоғары. Газоблокты қабырғаның 400 мм қалыңдығы жылуды сақтауға жеткілікті. Ал, пеноблоктың жылусақтауы -600мм деңгейге жетпейді.
Пенобетонның тағы бір айырмашылығы пайдалану процесінде көп отырып, қабырғада жарықшақтардың пайда болуына әсер етеді. Ал газоблок қай уақытта болмасын өзінің пішінін өзгертпейді де сапасын сақтайды. Газоблокты пайдалану процесінде небәрі әрі кетсе 0,3 мм/м шамасында отыруы мүмкін. Ал пеноблоктың газоблокқа қарағанда отыруы он есе көп 2-3 мм/м құрайды. Сондықтан пенобетонның ылғалдануы газоблоктан бірнеше есе жоғары. Пеноблокты дайындауда техникалық тұрғыдан мықты геометриялық пішін мен тегіс бетті етіп шығару мүмкін емес. Пеноблокты қалағанда жұқа тігісті қалау технологиясын ұстануға болмайды. Әр кірпіштің арасына сылақ толтырылған көп орын қалдыруға болмайды ол «суық белдеулер» болып, пеноблоктардың жылусақтау қасиетін одан сайын төмендетеді.
Газоблоктар дайындайтын ірі кәсіпорындар газоблоктармен қатар қосымша түрлі стандарттағы элементтерді де дайындап өндіреді. Типтік өлшемді пеноблоктар шамалы. Қосымша типтік пеноблоктардың құрылыстық элементтері өндірілмейді. Кейде пеноблоктарды өндірушілер пеноблоктардың ылғал мен суды бойына сіңірмейтінін, ылғалды тартпайтынын оны суға батпайтынымен салыстырып көрсетіп дәлелдеулері бар. Материалдың суға батпай көп су бетінде қалқып тұруының себебін оның ылғалды бойына тартпайды деп көрсетеді. Пеноблоктағы көпіршектер бірімен бірі ішкі қоспада бірі мен бірі тығыз бірілікте бола алмайды, ал газоблокта олар өзара қуысты болып тығыз орналасады. Сондықтан су газоблокқа тез кіреді.
Ылғалды ортада шынайы көрсеткіштерге нақты көз жеткізу қиын, ал тәжірибеде суда пеноблоктың қалқуы – шынайы көрініс. Әрине бірақ суды жұқтырғанмен шындық жағдайында оның тез бойына сіңірмеуі нақты газоблоктың ылғалды тұтастай жинамайтыны белгілі. Пенобетонның бойындағы қуыстардың бір деңгей де болмай түрлі-түрлі ірілікті құрауы ылғалды жинап әкелуіне одан соң оның ұзақ сақталуына әкелетіні айқын. Сондықтан пеноблоктың қолданудағы сипатында ылғалды ұстауы шапшаң әрі үлкен қуыстарын кіріп тұрақтауы көбірек.
Пенобетонның бағасы газоблокқа қарағанда 20-25% -ға арзан, себебі пеноблоктағы ингредиенттер арзан. Сондықтан пеноблокты сатып алуда сапасыз материалдарға тап болу көп кездеседі. Себебі қолдан жасалған әрі сапасыз құрамы құрылыс материалы болып саналмайды. Газоблок дыбысты жақсы тұтады. Аязға беріктігі – 100 циклды құрайды. Яғни пеноблокқа қарағанда газоблоктың аязға беріктік сапасы үш есе (35 циклден аса).
Газоблок пен пеноблокты бірі бірінен сырттай тез-ақ айыруға болады. Газоблок ақ түсті болып келеді, әрі бір жарым есе пеноблоктан жеңіл сонымен қатар түзу геометриялы болып келеді. Көп болса, 1мм-дей болар болмас ауытқу болуы мүмкін. Арасын кесіп қарағанда ұсақ қуыстар біркелкі өлшем мен пішінді құрайды. Пеноблоктар сұр-қара түсті әрі ауыр келеді. Ауытқуы паралелді жақтарға 10 мм дейін шамада. Кесіп қарағанда арасындағы қуыстары түрлі өлшем мен пішінді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет