Сапалы жылуизоляция Газоблоктың бойындағы ұсақ қуыстар қандай да болсын ауаға төзімді ең бастысы жылусақтағыш қасиеті жоғары. Газоблоктан үй қабырғаларын тұрғызу құрлыс нормасының талаптарына сай келеді. Тұрғын үй мен қатар қоғамдық ғимараттар салуға да рұқсат етілген. Құрғақ газоблоктың жылуөткізгіштігі 0,12 Вт/м•°С құрайды. Газоблоктың салмақ көлемі аз болған сайын оның жылуды сақтау сипаты жоғарылай түседі. Қазіргі кезде жеке үй құрлысы мен коттедж тұрғызуда конструктивті-жылусақтағыш 400-ден 600 кг/м көлемге ие газоблоктерді қолданылуда. Олардың жеңілдігі – төзімділік пен жылусақтағыштық қасиетінің молдығы негізге алынуда.
Газоблок беттерінің тегіс әрі дәл геометриялық өлшеміне қарай өте жұқа қалау технологиясына пайдалану тиімді. Осындай қалау технологиясымен салынған үйлердің қабырғалары монолитті қабырғалардың мықтылық қасиетіне жақындауда. Кірпіштер арасындағы саңылау бар жоғы 1-3мм шамада, сондықтан «суық саңылауын» болдырмайды, газоблок бойынан жылу жоғалмай сақталады. Газоблоктың жылуды жіберіп алуы төмен болғандықтан оның жылу инерциясы аз болады. Кірпіштен салынған үйге қарағанда, газоблоктан салынған үй аз уақытта тез жылынады.