Газоблоктан салынған үйдегі жайлылық пен экологиялық қауіпсіздік Газоблокты технологиялық тұрғыдын дайындап жасап шығаруда тек экологиялық таза компонентер қолданылады. Дайын инертен материалы таза, қоршаған ортаға ешқандай залалды қоспаларды шығармайды және денсаулыққа мүлде зияны жоқ. Өз бойындағы қуысты құрлымына сай «демалғыш» қабілеті бар, сондықтан табиғи ағаш материалымен ұқсас келеді және өлшемі жағынан да жақын әрі төзімділігі ұзақ, монтаждауда жеңіл тиіп, өз өлшемін жоғалтпайды, температураның оқыс өзгерісі мен ылғал әсер етпейді, ең бастысы қалпын жоғалтпайды. Қуыстар арқылы газоблок әрдайым газ бен бу бөлуін алмастырып отырады. Бумен залалды заттар сыртқа шығарылады, ал даладан үй ішіне таза ауаны ауыстырады, сондықтан газоблоктан салынған үйлер еркін әрі жеңіл демалады.
Газоблоктан тұрғызылған қабырғадан әрқашан жылу білініп тұрады. Материалдың төмен жылу өткізгіштігіне байланысты адамнан жылуды аластатпайды, қайта жылудың болуын сақтайды. Артық ылғалды сыртқа теуіп, газоблок «дем алады», сондықтан газоблокты қабырғада бүліну мен зеңге, саңырауқұлақтануға ұшырау мүлде болмайды.