Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет20/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
жақсылық 
сөзі 33, 
жаманшылық сөзі 
18 рет, 
дос
сөзі 60, 
достық 28 
рет қолданылса
дұшпан 
18-ақ рет, 
өмір 
113, 
өлім 
26 рет аузына үйірілген болар. Әрине, бұл – сырттай қарағанда 
көзге түсетін сандық өлшем бойынша топшылағанымыз. 
Сөз қолданыстың өзге де факторларын есепке алсақ, бұл 
тұжырымымыздың жібі бостау көрінер, дегенмен статистика 
мәліметінің де (сөз санына қараудың да) маңызы барын ескеру 
қажет.
Статистиканың мәліметі Абай кезеңіндегі қазақ әдеби тілі 
нормасынан да хабар береді. Мысалы, Абайда 
әйел 
сөзі 8 рет, 
қатын 
41 рет, 
ұрғашы 
сөзі 4 рет қолданылған екен. Демек, күні 
кешеге дейін Абай заманында әдеби норма ретінде көрінетін 
вариант 
қатын 
сөзі екен, арабтың 
әйел 
сөзі әдеби нормаға енді-
енді ене бастағанға ұқсайды.
Абай – әлеумет, халық, ұлт мүддесін кеңінен сөз еткен ақын. 
Оның әлеуметтік тақырыптарға баруы өзіне дейінгі барлық 
ақындардан асып түседі. Өз заманын, заманындағы қазақ 
қоғамын, сол қоғамдағы саяси-әкімшілік, заң-сот құрылысын, 
экономикалық тұрмыс-тіршілігін тарихшыларша баянда-
майды, ақын болып суреттейді. Суреттеу арқылы жаманына 
күйінеді, жақсысына сүйінеді. Сондықтан ақын заманының 
әлеуметтік картинасын беретін, сол кездегі жалпыхалықтық 
тілде актив қолданылған сөздер Абай тілінен де кең орын 
алған. Олар: 
болыс, болыстық, шаруа, сайлау, сайлану, шар, 
партия 
(«жік», «топ» мағынасында), 
ұлық, атшабар, бай, 


70
жарлы, жалшы, кедей, жалға жүру, сауда, саудагер, сату, 
бақал, бақалшік, кәсіп, ұрлық, қу, қулық 
т.т. Бұлардың ішінде 
«айлакер» мағынасындағы әлеуметтік топ атауы 
қу 
сөзі 37 рет,
тағы бір әлеуметтік топ атауы ретінде XIX ғасырда жанданған 
тентек 
сөзі 17 рет, Абай заманында етек алған құбылыс атауы 
ұрлық 
сөзі 18 рет бір ақынның тілінде кездесуі оның тілінің за-
ман айнасы болғандығын танытады.
Бұл сөздердің көбі XIX ғасырдың II жартысындағы Абай-
дан өзге суреткерлерде де қолданылған заман неологизмдері 
(жаңа сөздері). Бұларды Абай тек заман келбетін суреттеу 
үшін емес, осы құбылыстарды атай отырып, «түзетпек едім 
заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып» деп өзі айтқандай, зама-
нын түзету үшін қолданған. Бұл ретте ақын, әсіресе болыс
атшабар, қу, ұры-қарыларға «қырғидай тиеді», олардың ат-
тарын атап қоймайды, портреттерін береді, қылықтарын ше-
бер тілмен сынайды, олардан қалың жұртты безіндіреді, за-
манын сөйтіп түзетпек болады. Ақынның одан басқа шарасы 
жоқ: қаруы – тілі, соны жұмсайды. Осы себептен ақын тілінде 
саяси-әлеуметтік, экономикалық салалардың атаулары кеңінен 
орын алған, олар тек атауыш қызметін емес, суреттеу қызметін 
атқарып, ақынның сөз қолдану шеберлігін де көрсетеді.
Абай тілінің өз заманындағы лексикалық нормадан шыға-
тындығын мынадай фактілер дәлелдейді. Бұл күнде әдеби нор-
ма болып саналатын немесе жарыспалы тұлғалардың ішінде 
жиірек қолданылатын сөздер Абайда жоқ болып шығады. 
Мысалы, қазірде терминдік дәрежеге көтеріліп, активтен-
ген 
адамгершілік 
сөзі Абайда жоқ, оның орнында 
адамдық, 
адамшылық 
варианттары қолданылған. Сондай-ақ қазіргі 
әдемілік 
сөзі жоқ, бұл мағынаны Абай 
әдемішілік 
деп береді. 
Осы қатарға 
жаманшылық, әурешілік, бұзақышылық 
сөздерін 
жатқызуға болады, яғни Абай тілінде 
жамандық, әурелік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет