Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет249/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мәтін лингвистикасы 
немесе 
мәтін теориясы 
болатын.
Бұл жаңалықтың аталуы бірнеше түрлі ғылыми әдебиетте 
жоғарғы екеуінен басқа 
мәтін құрылымы, мәтін граммати-
касы, мәтін стилистикасы, мәтін герменевтикасы 
(көне 
мәтіндерді түсіндіріп талдау) деген атауларды да кездестіреміз. 
Бірақ, сайып келгенде, 
мәтін лингвистикасы 
(тілтанымы) 
деген жалпы атауы жиірек ауызға түседі (қаламға ілінеді).
Бағыттың негізгі зерттеу нысаны – мәтін (текст). 
Мәтін 
де-
ген терминнің жалпы мағынасы түсінікті: мәтін – шығарманың 
хатқа түскен немесе ауызша айтылған нұсқасы. Ол шығарма, 
әрине, тек көркем әдебиет үлгісі болуы шарт емес, кез келген 
үлгі: ғылыми еңбектер, публицистикалық шығармалар, газет-
журнал беттеріндегі жазбалар, ресми құжаттар т.т. – барлығы 
да хатқа түсіп немесе ауызша айтылып, оқырмандар мен 
тыңдаушыларға ұсынылады. Көркем әдебиет үлгілерін талдап, 
зерттеуде әдебиеттанушылар мен тілтанушылардың қолға ала-
тын нысандары мен көздейтін мақсаттары екі бөлек болады. 
Әдебиетшілер көркем шығарманың өзін, яғни мазмұнын, иде-
ясын, жанрлық ерекшеліктерін, авторлығын, заманын, әдеби 
ағыстарға қатысын т.т. осы сияқты қырларын зерттейді. Ал 
тіл маманы сол шығарманың мәтінімен жұмыс істейді. Ашып 
айтсақ, шығарманың мәтін арқылы қолданысқа түскен сырын, 
яғни оқырманға қалайша жеткенін немесе жеткізу көзделгенін 
зерделейді. Ежелгі философия дүниесінен келе жатқан «автор 
(жазушы) – мәтін – оқырман»
 
деген үшемдік таным немесе 
дискурс – тіл мамандарының «еншісі». Міне, осы жерде линг-
вистика әлемінде жаңа ізденістер, жаңа объектілер дүниеге 
келеді. Бұл орайда мәтінді (яғни шығарманы) оқырманның қа-
былдауы, бұған қажет «аялық білім» (шығармада айтылғанды 
біліп-тануға қажет қоры, біліп-тануға келгендегі шама-шарқы) 
деген категорияны сөз етуге тура келеді. Жалпақ тілмен 
айтқанда, жазушының (ақынның) шығармасын (не оның жеке 
бір бөліктерін) оқырман түсінуі (қабылдауы) үшін сонда сөз 
болатын шындықты, яғни әлеуметтік, рухани, мәдени дүниені 


546
біршама жақсы білуі керек. Сол сияқты белгілі бір сөздер адам 
баласы тіршілігінің белгілі бір саласының «мәдени коды» бо-
лып келеді, яғни сол саладағы таным мен тәжірибенің белгісі 
(көбі ұлттық белгісі) болады. Демек, белгілі бір дәуірдегі 
жазушының (ақынның) шығармасын, айтпақ идеясын оқыр-
мандары түгел немесе саралай түсіне ала ма, түсіне алды ма – 
осыны зерделеу де мәтін лингвистикасының шаруасы.
Осы тұрғыдан келгенде, Абай мұрасын мәтін теориясы-
мен зерттеу, таныту – алдағы ізденіс бағытымыз болмаққа 
керек. Әрине, мәтін теориясы тек дискурс мәселелерімен 
шектелмейді. Мұның ішінде мәтіннің өзінің белгілерін 
айқындап алу, мәтіннің ұлттық және жеке авторлық сипатын 
дұрыс тану, мәтіннің тұтастық, жұмырлық белгісін түзетін 
тілдік бірліктерді айқындау, автордың модальдық (көзқарастық) 
реңктері, «автор бейнесі», канондық мәтін, яғни мәтін тексто-
логиясы сияқты толып жатқан жеке тақырыптар туындайды.
Бұл айтқандарымызды бір-екі мысалмен түсіндіріп 
көрелік. Алдымен, дискурс, яғни автор (Абай) – мәтін (өлең-
дері) – оқырман (өз тұсындағы және қазіргі) дегенге назар 
аударсақ, Абайдың көп өлеңдерін өз тұсындағы оқырман-
тыңдармандардың қабылдау-түсіну қабілеттері, яғни «аялық 
білімдері» қандай болды? Мысалы, «Қансонарда» деп баста-
латын өлеңін алайық, мұндағы тұрмыс-салттық реалийлер 
Абай кезеңінде ауыл адамдарына жақсы таныс еді, әрине, 
бұл өлең мәтіні тек тақырыбының таныстығымен ғана құнды 
емес, көркемдігімен, мәтіндегі суреттің жұмырлығымен, 
осы жұмырлықты, айтпақ идея тұтастығын көрсетіп тұрған 
тілдік құралдармен құнды. Мәтіннің семантикалық немесе 
тақырыптық өрісіндегі сөздер топтасқан: 
бүркітші, аңшы, 
қағушы, тастан табылатын түлкі, бүркіт, жақсы ат, тату 
жолдас. 
Бұлардың бәр-бәрін мүмкін қазіргі қалалық жастар көз 
алдына келтіре алмас, ал ақынның осы өлеңді ұсынған кездегі 
оқырмандарының (тыңдармандарының, жаттаушыларының) 
білетіндері («аялық білімдері») тамаша болған.
Бұл жерде мәтіннің көркемдігі, тұтастығы – өз алдына 
әңгіме: біршама үлкендеу өлең мәтіні бастан-аяқ бір ұйқаспен: 
барыс жалғаулы сөздермен шегенделген 
(аңдығанға
 
– 
адамға, 
аспанға 
– 
қашқанға...).


547
Ал Абайдың «Сегіз аяғын» өз замандастарының бәрі түгел 
түсініп, қабылдап оқыды (тыңдады) деу – қиындау. Қазақ 
поэзиясының қазақ құлағы үйренген өлеңдік құрылымының 
мүлде бұрынғыдан басқаша екендігін, өлең тармақтарының 
өлшемі мен ырғағы және ұйқасуы жағынан ерекше 
түзілуін, интонациялық бітімі мен синтаксистік құрылым 
тәртібі де соны болғанын есептемегенде, ақынның айтпақ 
идеясы, мақсаты қандай дегенді бірден аңғару да қарапайым 
(көбі тіпті сауатсыз болғаны – өз алдына) тыңдарманға, 
оқырманға оңай еместігін түсіну қиын емес. Бұл өлең – сырт 
қарағанда, бірде ақынның «толғауы тоқсан қызыл тіл», яғни 
өлең, поэзия туралы, енді бір қарағанда, санасыз, ойсыз, жа-
рымес айналасындағылардың жағымсыз портретін беретін 
сияқты көрінеді, ал, түптеп келгенде, менің танымымша, 
«Сегіз аяқ» – суреткер тұлғасының трагедиясы, атап айтқанда, 
қоршаған қауымның «баяғы жартас – бір жартас болып, қаңқ 
еткенімен түкті байқамайтындығын», яғни поэзиясымен, 
ақылымен, білімімен заманынан, замандастарынан түсіністік 
көре алмаған ақын жанының бақсының моласындай жалғыз 
екенін білдірген имандай сыры. Ақын поэзиясының осындай 
үнін дәл таныған Шәкәрім:
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан, –
деп бір түйіп алып, әрі қарай бұл танымын дәлдеп тарқатады 
емес пе:
Кім жалғыз бұл жалғанда есті жалғыз, 
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?!
Өлеңімен жұбатты өзін өзі, 
Еңбегі – еш, іші – беріш, жүзі – сары,
 Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң, 
Патша қойса, не кетер қазақ шары?
Демек, кейбір өлеңдерінің мәтінін ұғуға айналасының ба-
сым тобының әлі аялық білімдері (білім-таным қоры) жоқ 
екенін Шәкәрім ғалым, Шәкәрім философ жақсы айтқан. Мұны 
Абайдың өзі де жақсы білген:


548
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
 Біреуі олай, біреуі бұлай қарап, 
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ, 

деп күңіренсе де, айтпақ сөзін айта берді (өлеңін жаза берді). 
Шәкәрімше түйсек:
Не қылса да шыдады, білдірмеді,
Сол десеңші сабырлы қазақ нары!
Жоғарыда аталған тақырыптардың тағы біреуін мысалдар-
мен көрсетелік. Айталық, мәтін түзімі, оның тұтастық, 
жұмырлық белгісі дегенге көңіл аударсақ. «Әуелде бір суық 
мұз – ақыл зерек» деп басталатын шағын өлеңі – «жұп-жұмыр», 
«тұтас ой шоғыры». Бұл шоғырлықты (мәтін тұтастығын) екі 
тұстан іздеуге болады. Әуелі семантикалық тұтастық, яғни 
өлеңде ұсынылған идеяның тұтастығын, жалғастылығын 
әр шумақта, тіпті өлеңнің әр жолында айтылған тақырыбы, 
мазмұны: ақыл, жүрек, қайратты бірдей ұстау идеясы 
тұтастырып тұр:
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
 Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 
Бұл – қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл – білім-білік (интеллекті), жүрек – жүрек қалауы 
(эмоция), қайрат – осы екеуін жөнін біліп үйлестіріп отыратын 
ынта, күш-жігер.
Келесі жолдарда осы идеяны, яғни «ақыл, қайрат, жүректі 
бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деп және 
«біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін 
білмек» деп әрі қарай ұластырады. Ой (идея, тақырып) 
желісі ұласу арқылы өлең тұтастығы жасалады. Бұл – вер-
бальды емес (тіл сөз арқылы емес), ой желісі арқылы пайда 
болған семантикалық тұтастық. Мәтін теориясында мәтіннің 
тіл бірліктері: сөз, сөз тіркестері, сөйлем құрылымы арқылы 
жасалатын вербальды тұтастық деген де бар. Бұл орайда да 
Абай шеберлігі мәтін тұтастығын қолмен қойғандай айқын 
көрсетеді. Дәлдеп айтсақ, бұл шағын өлеңдегі есім сөздердің 
барлығы дерлік дерексіз (абстракт) ұғым беретіндер: 
ақыл, 


549
тоқтаулық, шыдамдылық, қайрат, ашу, күлкі, әлек, ғылым. 
Тіпті 
жүрек 
деген нақты зат атауының өзі абстрактіленіп, 
дерексіз атау ретінде келіп тұр. Өлеңді бастан-аяқ , біртұтас 
дүние етіп, «цементтеп» тұрған – ұйқас, бұл 12 жолдық өлең 
бір ғана ұйқаспен жасалған (
зерек – жүрек – керек – бөлек – 
демек – әлек – білмек
). Бұл да – вербальдық (тілдік) тұтастық. 
Бұл өлеңді біз оның төрт-төрт жолдан тұратын үш шумақ етіп 
жазылғанына қарамастан, 12 жолдық (тармақтық) шумақсыз 
өлең деп танимыз, өйткені алғашқы шумақтың ұйқас суреті 
ааба


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет