Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Абай – ұлттық болмысымыздың тіні



Pdf көрінісі
бет248/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Абай – ұлттық болмысымыздың тіні
Ұлы Абайдың тұтас шығармашылық келбеті, қалдырған 
мұрасының бүгінгі қазақ қоғамының қажет етіп отырған 
қазынасы, оның эстетикалық, философиялық, тәрбиелік, жал-
пы мәдени-танымдық мәні (рөлі) хақында едәуір зерттеліп
білім-түсініктер, түйін-тұжырымдар қалыптасып қалғанын ба-
тыл айта аламыз. Көркем сөз иесін тану екі тарамда жүретінін 
де жақсы білеміз. Яғни абайтанудың алдыңғы айтылған қыр-
ларымен қатар, тілін, 
идиостиль 
деп аталатын көркемдік си-
патын, яғни суреткерлік мәнерін зерделеу жапсарласа жүре-
тін қарекет екендігін бүгінгі зерделі халайық жақсы аңғара-
тынын да айтамыз.
Абай мұрасының тілі мен көркемді кестесі жалпы тұр-
ғыда, кәнігі тәсіл өлшемдермен біршама танылып-таныты-
лып қалғаны да белгілі. Абай тілін сөз етуде біздің 30-35 
жыл бойы жариялап келе жатқан монографиямыз бен 30-
дан астам мақаламызда ұлы суреткердің қазақ әдеби тілін 
даму барысындағы орны, қызметі, өлеңдері мен прозасының 
лексика-грамматикалық сипаты және көркемдік өрнегі талда-
на баяндалған болатын. Бірақ бұнымен «Абай тілі» атты та-
ным саласы аяқталмайды әрі қарай бұл таным тармағының 
да өрісі кеңдік пен тереңдік параметрлерімен ұлғая беру-
ге тиіс. Мұны тіл мамандары жақсы біледі. Бұл саладағы 
ғылыми ізденістердің едәуір қиындығы мен жауапкершілігі 
ме әлде дұрыс ұйымдастыра алмай келеміз бе – абайтанудың 
лингвистикалық қырларына көптеп бара алмай жатырмыз. 
Әрине, көркем әдебиет үлгілерінің, оның ішінде орны мен 
суреткерлік келбеті ерекше тұрған ұлы Абай поэзиясы мен 
«Қара сөздерінің» тілдік-көркемдік сипатын әр қырынан та-
ныту үшін сол қырлардың өзін, олардың ескі-жаңа түрлерін 
біліп алуымыз керек. Бұрыннан қалыптасқан зерттеу жолдары 
(аспектілер) мен теориялық негіз-бағыттарын қайталап, тек 
мысалдармен көбейтіп, әркім өз тілімен жаза беру абайтану-
дағы лингвистикалық ізденістердің кеңеюі, түрленуі, жаңа та-
быстары болып саналмайтындығын да баса айтамыз.
Ғылымның барлық салаларындағыдай, оның «тілтаным» 
атты тармағында да әр кезеңде жаңа бағыттар, жаңа жүйелер 


545
болып жатады. Солардың бірі – XX ғасырдың орта тұсында 
сұлбасы көрініп, соңғы ширегінде едәуір айқындалып келген 
соңғы бағыт – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет