537
«
Көкке бақтық
Алла деп, Тамаша етіп құдіретін» деген жол-
дарында келтіреді. Бұл – Лермонтовтың
И я гляжу на небеса.
С покорною душой
деген тармақтарының аудармасы. Бұл
жердегі көктің өзі – аспан емес, Құдай ғой, оны Алла деп Абай
өзі анықтап тұр, ал Алламыз –
нақтылы зат емес, сондықтан
көкке қарадым
деп шын ақын айта алмас еді.
Абайдай ұста
әйел, қатын, ұрғашы
синонимдерінің де
мағыналық бояуларын орынды пайдаланады:
әйел
мен
ұрғашы
сөздерін көбінесе жалпы әйелзат туралы әңгіме болған сәттерде
келтірсе,
қатын
сөзін нақтылы біреудің әйелі туралы айтылған
орайда жұмсайды: «
Әйел
жақсы болмайды көркіменен...»,
«
Әйел
адам гүлмен тең» деген
жолдарда жалпы әйелзат сөз
боп тұр. Ал: «
Түңлікбайдың қатыны,
атың Шәріп» десе,
нақты кісі Түңлікбайдың жұбайын ауызға алып отыр. Тегі, бұл
синонимдік қатардың ішіндегі
әйел
сөзінің әдеби норма бо-
лып қалыптасуы кейінірек болғанда, оған бұл сөздің «жоғары
стильде»,
яғни сыпайылық, жалпылық мағынада дифферен-
циациялануы себеп болғаны байқалады. Абайда да
қатын
сөзі 40-тан
астам рет кездессе,
әйел
сөзі одан әлдеқайда кем
(7-8 рет) ұшырасады, соған қарамастан бұл – синонимдік қатар
түзуге, оның ішінде семантикалық реңкі айқындалып, стильдік
жүк арқалауға жетіп тұрған элемент. Мұндай сәл реңктері бар
синонимдерді ажыратып кәдеге асыруға Абай бейім тұрады.
Тіпті
Алла, Құдай
сияқты семантикалық үстеме реңксіз «таза»
синонимдердің өзін ретіне қарай жұмсауға (таңдауға) барады:
ислам діні сөз болған жерде
Құдай
мен
Тәңірі
сөздерінен гөрі
қаламына
Алла
сөзі тезірек оралады, ал әңгіме жалпы Құдіретті
күш, Жаратушы жайында болса,
Құдай
«өтімді» (сондықтан
да болар, Абай бұл сөзді 160 рет қолданған), ал түркі
халықтарының «өз Құдайы» –
Достарыңызбен бөлісу: