Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет186/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

қашан 
есімдігі де сыңарсыз қолданыл-
ған. Әдетте 
қашан 
есімдігі мезгіл бағыныңқы сөйлем ішінде 
қолданылады және оның қатысуы таза факультативті: 
Қашан 
әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты 
өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сеніп те қалған екен 
(166-9).
Сірә, мезгіл бағыныңқының құрамында 
қашан 
есімдігінің 
қолданылуы орыс тілінің әсері болар ма деп жорамалдаймыз. 
Өйткені біздің байқауымызша, бұл қолданыс Абай, Ыбырай 


442
прозаларында, «Дала уалаяты газетінің» тілінде және Алек-
торов, Лютш, Васильев тәрізді орыс ғалымдары мен ағарту-
шылары құрастырған материалдардың тілінде ғана ұшыраса-
ды да фольклорлық шығармаларда да немесе Абай мен 
Ыбырайдың өлеңдерінде кездеспейді. Мысалдар келтірейік: 
Қашан жұмыстың қалай істеуін білсең, жылдамырақ һәм 
артықша қылып істеп бітіресің 
(«Дала уалаяты газеті». - 1894, 
20 февраль.- №8). 
Қашан деңізде жүзген кемеге қарасаңыз 
әуелі мұның үстіндегі сырғауылдың ең ұшы көрінеді 
(Сонда, 
1895, 2 апрель. - №13).
Бұл нұсқаларда жалғыз 
қашан 
емес, басқа да есімдік не-
месе есімдікті тіркестердің орыс тіліндегі модель бойынша 
пайдаланылған жайларын байқап қаламыз: 
Келесі бейсембіде 
үйге қайтып, әке-шешеммен бірге базарға бардым. Кімі мал 
сатады, кімі киім, кімі шуға, кімі темір нәрселер сатып жа
-
тыр 
(Ы. Алтынсарин, «Начальное руководство»). Мұндағы 
кімі 
есімдігі орысша 
кто 
есімдігімен жасалатын сөйлемдердің 
үлгісімен қолданылып тұр. Әйтпесе қазақ тілінің нормасы 
бойынша 
біреуі 
деген белгісіздік есімдігі айтылар еді. Сондай-
ақ 
қай уақытта соған жеткенде, аттан түсіп, сол інге кіріп 
кетеді 
(Лютш, 39) деген сөйлемдегі 
қай уақытта 
тіркесі 
де орысша 
когда 
есімдігінің орнына факультативті түрде 
қолданылып тұр. Әйтпесе қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің 
бағыныңқы сыңарының түрлі мағыналық сырларын қатыстық 
есімдіктері емес, есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары мен 
компоненттердің бір-бірімен мағыналық-логикалық қарым-
қатынасы белгілейді.
* * *
Verba dicendi – сөйлеу етістігі «де» арқылы күрделі кон-
струкция құру тәсілі Абай прозасында жиі пайдаланылған. 
Әсіресе 
де
-нің өткен шақтық көсемше тұлғасы 
(деп) 
мен 
есімше тұлғасы 
(деген) 
жиі қолданылған. 
Де 
дәнекерлігімен 
келген конструкциялардың өзі екі түрлі: бірі және жиі түрі – 
төл сөзді құрылымдағысы,
69
екіншісі қарапайым құрмалас 
сөйлем құрылысындағысы.
69
Жазба әдеби тіл тарихымызда 
деп 
тұлғасының төл сөзді дәнекерлеуші ретінде 
қолданылуы және оның орналасу тәртібі жайын бұл мақалада сөз етпейміз. Ол өз 
алдына бөлек талданады.


443
Сонда мен ойлаушы едім: «Әй, Құдай-ай, бізден басқа 
халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз» деп 
(153). 
Көзді, мұрынды [Құдай тағала) ауызға жақын жара
-
тыпты, ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, 
ішіп-жесіп деп 
(196-27).
Абай прозасындағы 
деп-
пен
 
жасалған құрмаластардың бір 
ерекшелігі – дәнекерші элементтің өз орнында (дәнекерленуші 
екі компоненттің орталығында емес) тұрмай, сөйлемнің ең 
соңында тұратындығы, яғни басыңқы мен бағыныңқының 
орын алмасып келуі
70



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет