Геодезия туралы жалпы мәлімет, пәннің мақсаты, міндеттері және оның басқа пәндермен байланысы Геодезия грек тілінен аударғанда «жерді бөлу»


Қазақстан Республикасында топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті ұйымдастыру



бет2/3
Дата31.01.2022
өлшемі42 Kb.
#130283
1   2   3
Байланысты:
Лекция 1 Геод туралы

Қазақстан Республикасында топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті ұйымдастыру
Геодезиялық қызметтердің орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді:

Жер үсті геодезиясы – геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі. Өлшеу кезінде жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады. Бұл қызмет еліміздің аумақтарының барлық жерінде жүргізіледі.

Аэрогеодезия – аспаннан, әуеден ұшақ арқылы жердің бетін суретке (фотоға) түсіреді де, арнаулы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді. Мысалы, адам аяғы баспайтын жерлерде: тайгада, шөлде, таулы жерлерде және т.б., сонымен қатар, жол құрылыстарын жобалағанда, орман шаруашылығында қолданатын тиімді түсіру әдісі.

Ғарыштық геодезия – ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотоға түсіріп, оны арнаулы әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі.

Жер асты геодезиясы (маркшейдерия) – жер астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін арнаулы геодезиялық жұмыстар. Мысалы, шахтада, карьерде, метро және т.б.

Су асты геодезиясы – кейінгі кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргізіле бастады. Олар теңіздің, көлдердің, өзендердің түбін, оның рельефін зерттейді.

Жоғарыдағы көрсетілген әрбір жұмыстардың орындалуы геодезиялық қызметтер деп аталады. Қазақстан Республикасында Министр кабинетінің қаулысы бойынша 10 - қаңтар 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды. Осы Қазақстан Республикасының ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография - геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады. Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы (МГҚБ) топография - геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалуының сапасын бақылап отырады. Алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет