Тұрар Рысқұлов ауылы — Түркістан облысы Түлкібас ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауылдық округі орталығы. Облыс орталығы - Шымкент қаласынан 98 км-дей солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 15 182 адам (7130 ер адам және 8052 әйел адам) болса, 2009 жылы 17 311 адамды (8403 ер адам және 8908 әйел адам) құрады.
Спорт, музыка мектептері, 1 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 4 орта мектеп, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, М.Х. Дулати атындындағы мәдениет үйі, аудан кітапхана, мешіт, орталығы аурухана, емхана, туберкулез, тері аурулары диспансері, санитар-эпидемиологиялық стансасы жұмыс істейді.
Ауылда 4 мектеп, атап айтқанда, №1 Ломоносов атындағы мектеп-гимназия, Абай атындағы мектеп-лицей, "Құралай" жалпы орта мектебі, Пушкин атындағы жалпы орта мектебі бар. Және 2010 жылы Ильясова Фарида Азмеданқызы басшылығымен "Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат тұсауын кесті. 2012 жылы мектеп-интернаттың алғашқы түлектері Ұлттық Бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша аудан көлемінде бірінші орынды иеленіп, Жұранов Тұрлыбек пен Асқаров Әлімжан "Алтын белгі" иегері атанды.
|