Шардарада орталығы емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасысы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталығы кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар.
Ащысай өзені – Сырдария алабындағы Құркелес өзенінің оң саласы. Түркістан облысы Шардара, Сарыағаш аудандарының жеріндегі өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1060 км². Белтаудың оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Ақмола аулынан оңтүстікке қарай 20 км жерде Құркелеске құяды. Арнасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ болып келеді, өзен табанын батпақ сор басып жатыр. Басты саласы – Ақсай. Қар еріген кезде өзеннің деңгейі көтеріледі. Жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. Желтоқсанның аяғында суы қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Егін суғаруға пайдаланылады.
Бадам өзені - Арыс алабындағы өзен.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Ордабасы аудандары аумағында. Ұзындығы 141 км, су жиналатын алабы 4329 км2. Қаржан (Қоржын) тауынан бастау алып, Арыс өзеніне құяды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Көктемде тасиды. Жылдық орташа ағыны 4,51 м3/с. (Қараспан каналы тұсында). Өзен бойындағы Бадам бөгені мен каналдар арқылы Сайрам, Ордабасы аудандарының егістігі мен бау-бақшалары суғарылады,Шымкент қаласының кәсіпорындары сумен қамтамасыз етіледі. Өзеннің пайдалануға болатын энергет. қоры мол.