География мұҒалімінің заманауи әдістемелік дайындығы е. С. Нуркеев



Дата24.04.2017
өлшемі103,28 Kb.
#14964
ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМІНІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ

Е.С. Нуркеев

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

nurkeev.e@mai.ru

Қазіргі мектеп жаңа білім беру парадигмаларымен келісілген реформалар кезеңін өткізуде, ондағы басымшылық қоғам дамуының адекватты тенденциялары, тұлғаның қызығушылығына берілген. «Өмір бойына білім» парадигмасының орнына «Өмір бойы білім алу» парадигмасы келді. Оның іске асырылуы сапалы кәсіби дайындау үдерісін интенцивтендіретін педагогикалық инновацияларды іздеуді талап етеді.

География мұғалімін әдістемелік дайындаудың мазмұнында оқушы тұлғасының дамуына бағытталған, оқытудың жаңа технологияларын меңгеруге аса мән берілуі керек. Студенттерді әдістемелік дайындаудың негізгі кемшіліктері арасында білімнің формалдылығын, нақты жағдайларда алған теориялық білімдерін қолдану біліктілігі мен әдістемелік ойлау деңгейінің дамуының жеткіліксіздігі, оларды практикалық ортаға, яғни әдістемелік құзыреттілікке ауыстыруды айтуға болады.

Мұғалімді әдістемелік дайындаудың функционалдық бағытының бірі кәсіби бағыттылығы, ал екіншісі әдістемелік дайындықтың білім беруге бағыттылығы, бұл оқылатын пәннің мазмұнын игеруді қамтиды, нәтижесінде болашақ мұғалімнің тұлғалық сапасында өзгерістер жүреді. Сонымен, болашақ мұғалімді әдістемелік дайындаудың жүйесінде білім беру мен кәсіби дайындау мақсаттары тең дәрежеде іске асырылуы қажет, олар өз кезегінде өзара бір-бірін толықтыруға және байытуға міндетті [1, 34-38 бб.].

Болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың білім беруге бағыттылығынан шығатын тағы бір мәселе жоғары да көрсетілген мәселемен тығыз байланысты. Педагогикалық практика уақытында студенттердің кәсіби іс әрекетті орындауының ерекшеліктерінің анализі олар оны әр түрлі әрекеттің жиынтығы ретінде орындайтындығын көрсетті. Әр сабақ студент үшін жалпы негіздің нұсқасы ретінде емес, ал әрекеттің жаңа пәні түрінде сипатталады. Студенттердің педагогикалық практикасының жетекшілерімен пікірлесу нәтижесі сабақ конспектілерін дайындау кезеңінде (әдістемелік әрекеттің жобалық-конструкциялық аспектісі) студенттер әрекетінің негізгі ориентирі мектеп оқулығының кезектегі параграфтың мазмұнынын жеткілікті зерделеп алу, оны қосымша әдебиеттерді тарту арқылы оқушылар үшін қызықты ету болып табылатындығын көрсетеді. Сонымен бірге сабақтың анализі барысында студент өткізген сабағы мен алынған нәтижелер бойынша пікірін білдіреді, егер ол "жоспарындағы барлық тапсырмаларды орындатып үлгерсе", оқушылар дәптерлерін жүргізіп, картамен жұмыс жасаса сабақты қанағаттанарлық деңгейде өткізгенін айтады. Сабақпен қанағаттанбауы үнемі "сабаққа дайындалғандардың барлығын айтып үлгермегендігімен" түсіндіріледі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы, олардың өзіндік ойлануын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс жасаудың тәсілдері туралы сұхбаттасу студенттерге белгісіз жаңа, өздерінің оқыту процесі туралы көзқарастарынан керемет дүние ретінде қабылданады. Бұл студенттердің жоғары оқу орнындағы оқу-танымдық әрекетте қабылдағандарын, содан кейін мектеп практикасына ауыстырылатындығын көрсетеді.

География мұғалімінің заманауи әдістемелік дайындығы - бұл оның кәсіби дайындығы құрылымындағы көпкомпонентті біртұтас жүйе. Әдістемелік дайындық - мұғалімді кәсіби дайындаудың ең маңызды бөлігі. Мұғалімнің кәсіби әрекеті үшін әдістемелік дайындық шешуші болып табылады, себебі әдістемелік іс-әрекет оқу-тәрбие процесінің әртүрлі формаларымен, әдістерімен, құралдарымен қамтамасыз ететін білім беру, пән құралдары арқылы дамыту мен тәрбиелеу бойынша іс-әрекет болып табылады. Әдістемелік іс-әрекет мұғалім еңбегінің жалпы көлемінде жетекші орын алады, оның процесінде мазмұны қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен анықталатын білім берудің, даму мен тәрбиелеудің негізгі тапсырмалары шешіледі. Әдістемелік дайындықтың екінші маңызды белгісі - әдістемелік іс-әрекетке дайындықтың қалыптасуы. Үшінші - жалпы мұғалімді кәсіби дайындыққа қатысы бойынша оның интеграциялау қасиеті.

Кәсіби дайындық жүйесіндегі қарым-қатынас және корреляция оның ақпараттылығы мен нәтижелілігі идеясында дайындықтың мазмұны география мұғалімінің кәсіби іс-әрекетін перспективті түсіну мен заманауилығын көрсететін, оқытудың нәтижелеріне жетуді қамтамасыз етуге міндеттілігі айтылады. Кәсіби педагогикалық дайындықтың құндылықтық-мақсаттық ориентациясы адамның кәсіби дамуының алдыңғы көрсеткіштері ретінде, интегралдық тұлғалық қалыптасуына бірлесіп әрекет етуде болып табылады. Педагогикалық білім беруде құзыреттілік тәсілді іске асыру мақсаты қазіргі маманды кәсіби дайындауда кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы ретінде беріледі.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нақты жағдайларында туындайтын кәсіби проблемалар мен типтік кәсіби тапсырмаларды білімін, кәсіби және өмірлік тәжірибесін, құндылықтар мен бейінділіктерді қолданып шешу қабілетін анықтайтын интегралдық мінездемесі түсіндіріледі. «Қабілеттілік» бұл жағдайда «бейімділік» ретінде емес, ал «біліктілік» ретінде түсінділеді [2, 7-14 бб.].

Құзыреттілік іс-әрекетте, кәсіби тапсырмаларды шешуде үнемі көрініс береді. Көрініс бермеген құзыреттілікті «көру» мүмкін емес. Құзыреттіліктің табиғаты, ол адамның құндылықтарымен бірлігінде ғана көрініс беруі мүмкін, яғни берілген іс-әрекет түріне терең жеке қызығушылық жағдайында ғана.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі моделінде, «5В011600-география» педагогикалық білім беру мамандығы дайындығы бағыты бойынша құзыреттіліктердің бірнеше топтардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл топтар талаптың екі қатарына жіктеледі: академиялық дайындық және кәсіби дайындық талаптары. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзырлығының қалыптасуы құзырлықты меңгеру мен қолдану кезеңдеріндегі іскерлік үдерісін қамтуы қажет. Сол іскерліктер байланысы оқытушылар мен тәрбиеленушілер арасында өзара ықпалдасу жүйесі арқылы жүріп отырады [3, 400-404 бб.].

Жоғары оқу орнының білім алу жүйесіндегі маманның кәсіби құзырлығының қалыптасуын біз кәсіби іскерліктің қалыптасуы мен дамуының кезеңдік міндеттерін кәсіби міндеттерді шешуге теориялық және практикалық мүмкіндігі мен дайындығының бірлігінен көрінетін нәтижеге бағытталған қозғалыс циклдері ретінде түсінеміз. Жоғары оқу орны оқытушысының ең жоғарғы міндеті - студенттердің өз кәсіби құзырлығын тұрақтандыру, толықтыру, трансформациялау механизмдерінің жұмысын басқару мүмкіндігінің кезең-кезеңімен қалыптасуына психологиялық-педагогикалық жағдайлар тұғызу. Жағдайларды жақсарту кезеңдері - студент іс-әрекетін оқытушының басқаруы, кәсіби құзырлылық механизмдерін оқытушы мен студенттің біріге басқаруы, өзіндік кәсіби даму үдерісін болашақ маманның өзі басқаруы деп атап көрсеткен жөн.

Құзыреттіліктер кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі түрінде жүзеге асатын нақты біліктіліктер жиынтығымен сипатталады (ұйымдастырушылық, технологиялық, интеллектуалдық, коммуникативтік). Студенттің әдістемелік дайындығының нәтижесі ретінде қарастырылуы мүмкін, методикалық ойлаудың функционалдық құрылысымен анықталатын, кәсіби іс әрекеттің барлық түрін тиімді орындауға оның дайындығы мен қабілетінен көрінетітін география мұғалімін кәсіби дайындаудың құзыреттілікті моделінен шыға келе, біз «география мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігі» категориясын реттей аламыз.

География мұғалімінің әдістемелік құзыреттіліктерін біз әдістемелік тапсырмаларды шешу бойынша продуктивті іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік пен дағдының, тұлғалық сапалардың жиынтығы ретінде қарастырамыз. Әдістемелік әрекеттің түріне байланысты географияның қазіргі мұғалімінің әдістемелік құзыреттіліктерін көрсетуге болады (кесте 1).

«Географияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша бағдарламада әдістемелік құзыреттіліктердің түрлері мен сипаттамалары бірінші орынға, содан соң олардың қалыптасу құралдары қарастырылады, содан кейін құзыреттілікті дамытатын және нақты тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін, оқу пәні бойынша оқу материалдарын сұрыптау жүргізіледі.

Болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығының жаңартылған құзыреттілікті-бағытталған жүйенің реті әдістемелік дайындықтың мақсатын нақтылауды ғана емес, сонымен қатар әдістемелік пәндердің блогындағы оқытудың мазмұнын нақтылауды, бірінші кезекте орталық пән «Географияны оқыту әдістемесі», сонымен қатар оқу процесін түзетуді және студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруды ұсынады.

Кесте 1: География мұғалімінің әдістемелік құзыреттіліктері





Әдістемелік іс-әрекет

Іс-әрекеттің мәні

Құзыреттілік атауы

1

Танымдық

Оқытылатын пәннің мазмұнын, оның даму тенденциясын зерттеу

Гносеологиялық

2

Жоба-құрушылық

Білім беру процесін жобалау

Жобалаушылық

3

Үйретуші практикалық

Білім беру процесін іске асыру мен оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін басқару

Үйретушілік

4

Бағалық-түзетушілік

Сабақтағы оқу жағдайларының анализі, пән бойынша білім алушылардың дайындығына нормативтік талаптардың олардың сәйкестігі көзқарасы тұрғысынан оқыту жалпы іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау мен анализдеу.

Өзінің кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін анализдеу мен бағалау (өзіндік анализ, өзін-өзі бағалау).




Диагностикалық, рефлексивтік

5

Ғылыми-зерттеушілік

Әдістемелік проблеманы қою және шешу, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің әдістерін меңгеру

Зерттеушілік

География мұғалімін әдістемелік дайындау жүйесінің элементі ретінді оқытудың мазмұнын анықтаудың талаптары оқу процесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық жағдайларын есепке ала отырып және әдістемеліктің, фундаменталдылықтың, теориялық кіріктіру деңгейінде оқытудың мазмұнын құрылымдаудың, практикалық бағыттылықтың талаптарын қосады.

Анықталған талаптар құрылымның негізгі элементтерін («негіз», «ядро», «іздеу-зерттеу»), мазмұнның жаңа элементтерін және оларды іске асырудың мүмкін жолдарын қамтып қосқан «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұнының теориялық моделін әзірлеуге мүмкіндік берді. География мұғалімі іс-әрекетінің ерекшеліктері туралы теориялық көзқарастарды кіріктіруші ретінде, мектептік географиялық білім берудің қазіргі мақсаттарының жетістігіне бағытталған, шығармашылық, рационалдық, жүйелілік ретінде географияны оқыту әдістемесінің мазмұнының жаңа компоненттері болып «География мұғалімінің кәсіби-әдістемелік іс-әрекеті» мазмұны блогы болуы керек. География мұғалімін әдістемелік дайындаудың жүйесінің компоненттерінің мазмұндық және мақсаттық анықтауларды зерттеулердегі анықталған талаптар мен концептуалды тәсілдер, оқу әдістемелік кешендерді құрастыруда болашақ мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігін дамытуға бағыттылықты мақсатты түрде ескерілу керек [4, 59-69 б.б.].

Бұл оқытудың үлгісінде оқытушының негізгі мақсаты - студенті «қалай оқуға» үйрету, әр студентке оның өзіндік мүмкіндіктерін ұғынуға, таңдалған мамандықтың өз жолының траекториясын таңдауға көмектесу.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Душина И. В., Таможняя Е. А. (2010), Пути об новления методического мастерства учителя географии в период модернизации образования//География в школе– 2010 –№3.–С. 34–38.

2. Радионова Н. Ф., Тряпицына А. П. (2006), Перспективы развития педагогического образования: компетентностный подход / Человек и образование // Академический вестник Института образования взрослых Российской Академии образования. – 2006. – № 4, 5. – С. 7–14.

3. Нуркеев Е.С. (2016), «Жаратылыстану пәндері саласындағы ғылым мен білімнің даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары// Алматы «ОНОН», 2016. - Бет 400-404.

4. Таможняя Е. А.(2010), Формирование методических компетенций учителя географии в ходе работы с новым учебно-методическим комплексом по дисциплине «Теория и методика обучения географии» «// Препода-ватель XXI век. – М.: «Прометей» МПГУ, 2010. – № 2. – С. 59–69.

Резюме

Статья посвящена проблеме модернизации методической подготовки учителя географии в условиях проектирования стандартов нового поколения. В статье рассмотрены основные направления реализации компетентностного подхода в методической подготовке учителя географии. Среди них – конкретизация целей, уточнениe содержания обучения в блоке методических дисциплин, корректировка учебного процесса и организации учебно-познавательной деятельности студентов.



Ключевые слова: система методической подготовки, компетентностный подход, методические компетенции, методическое мышление.

Abstract:

The article is dedicated to the problem of modernizing methodological training of geography teachers in the conditions of designing new generation standards. The article examines the main directions of implementing the competence approach in methodological teaching training. Among those directions are renewing objectives, refreshing the education content in methodological subjects, specifying the teaching process and the organization of students’ research.



Keywords: methodological teaching training system, competence approach, methodologi- cal competencies, methodological thinking

Аңдатпа

Мақала жаңа ұрпақтың стандарттарын жобалау жағдайында география мұғалімін әдістемелік дайындау модернизациясының проблемаларына арналған. Бұл мақалада география мұғалімін әдістемелік дайындаудағы құзыреттілік тәсілді іске асырудың негізгі бағыттары қарастырылған. Олардың ішінде - мақсаттарды нақтылау, әдістемелік пәндер блогындағы оқытудың мазмұнын айқындау, студенттердің оқу процесі мен оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруды корректировкалау. Жаңа жағдайларда педагогтан білім беру саласындағы маман ретінде таным саласындағы, тәрбиелеу мен оқытуда жоғары деңгейдегі мобильділіктің, жылдам өзгермелі дифференцияланған оқыту жүйесіне бейімделу қабілеттіліктің, шығармашылық іс әрекеттілікке, жинақталған әдістемелік тәжірибені жеткізіп шығара алу қабілеттіліктігінің жоғары деңгейі талап етіледі. Қазіргі таңда оқулықтағы ақпаратты жеткізуші және оның меңгерілуін қадағалаушы маман емес, ал оқушы тұлғасының қалыптасуы жағдайы ретінде дамытатын және тәрбиелейтін ортаны құруға қабілетті мұғалім дайындығының әдістемелік жүйесінің мәселелерінің өзектілігі артуда. Сонымен, мемлекет пен қоғамға бүгінгі күні кәсіби педагогикалық іс әрекетке функционалдық дайындығы бар мұғалім ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың шығармашылықты өзін-өзі іске асыруы үшін жағдай жасау мен анықтауға қабілетті, шығармашыл тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім қажеттілігі туралы сөз қозғалған.



Тірек сөздер: әдістемелік дайындық жүйесі, құзыреттілік тәсіл, әдістемелік құзыреттіліктер, әдістемелік ойлау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет